№1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы
1. Философияның пәні мен категориялары
2. Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм
3. Дұнетанымның негізгі тұрлері
1.Философияның пәні мен категориялары
Адамзаттың өмірінде айрықша орын алатын оның рухани қызметінінің үлкен бір саласы философия (шығыс халықтарында арабшалған түрде фәлсафа) деп аталады. Ол грек тілінде «phieleo» - - жақсы көремін, құштармын және «sophia» – даналық деген сөздерден құралған. Яғни даналыққа құштарлық деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия Ежелгі Шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда т.б елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топрағында қалыптаса бастаған. Философияның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Адам болмысы жөніндегі мәселелер кейінгі тарауларда кең түрде қаралатын болғандықтан, біз бұл жөнінде ой түзеуді осымен аяқтап, оның философияға қандай қатысы бар екендігіне ауысамыз.
Жоғарыда айтылған қағидалардан шығатын қорытынды – философияның ең негізгі, ең өзекті мәселесі – адамның дүниеге қатысы, оның дүниедегі ерекше болмысы, ол қатынастың мәні немесе табиғаты. Сонымен бірге адамның дүниедегі болмысы, қатынасы сыртқы әлемнің болмысымен қабысып, оның да өзіндік мазмұнын қамтиды.
2.Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм
Философия тарихында, әсіресе оның материалистік бағытында ойлаудың болмысқа қатынасы негізгі мәселе деп қарастырылылып келген. Бұл әсіресі, марксизмге тән еді. К.Маркс қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды деген қағиданы өз философиясының негізгі еткен, ал оның мазмұны: болмыс қандай болса, сана да сондай. Ф.Энгельс «Людвиг Фейрбах және неміс классикалық философияның ақыры» деген еңбегінде тап осылай деген. Оның ойынша, философияның ең көкейтесіті мәселесі не, ненің негізінде жатады: материя ойлаудың ба, жоқ ойлау материяның ба? Басқаша айтқанда, сана, ойлау тек бар нәрсені ғана немесе соның болуы мүмкін салдарын ғана бейнеледі. сыртқы дүние оның болуының себебі болып турады. Материализм материя бірінші, ал сана, ойлау екінші деп, оны өзінің дүниеге тұтас көзқарасының негізгі деп жарияланған тап осылай етіп түсіндіруге болады деген көзқарасқа сүйенетін. Яғни ол тұрғыдан сыртқы. Одан алғашқы, бірінші болатын дүниенің табиғатын түсінуге болады. Материализм үшін болмыс пен материя жалпы бір нәрсе, сондықтан материя бірінші, ал ойлау, сана екінші деп ойлаудың табиғатын түгелімен болмыстың табиғатымен түсіну кажет деген сөз. Оның үстіне ол - болмыс көбіне адамның болмысы емес, табиғаттың, әлемнің болмысы. Сол сияқты ойлау материяны, болмысты анықтайды дейтін көзқарас та жалпы алғанда себеп болып тұрған салдардың табиғатын, оның өзіндік өзгешелігін түгел болып тұрған нәрсе салдардың табиғатың, оның өзіндік өзгешелігін түгел тудырады дегенге саяды. Егер салдардың не нәрсе екендігін білгіміз келсе, онда себептің не нәрсе екендігін зерттеуміз керек.
Ойлаудың болмысқа қатынасы - философияның аса күрделі мәселелерінің бірі. Ол - адамның дүниеге қатынасың ішкі аса бір мәнді жағы. Материализм де, идеалистік деп есептелген кейбір бағыттар да оны көбіне тым қарапайым жадағай шешуге бейім болды.Мәселенің негізгі тіпті болмыс пен ойлаудың қайсысының бірінші, алғашқы екендігінде емес. Олардың бір тұтастықтың ішінде қандай орынға ие немесе қандай қызмет атқаратындығында. Ең алдымен қандай болмыс, адамнан тыс дүниенің болмысы ма, әлде адамның өзіндік болмысы ма?
Адам мен оның ойлауы сыртқы дүниенің табиғатының тікелей туындай ма, әлде табиғи дүние ойлаудың табиғатынан туындай ма, оның негізін табу мүмкін емес дейтін ойшылдар дуализм аталатын көзқарасты ұстанады. Оның мәні әлемнің екі негізі, субстанциясы бар – Р.Декарт: материя және ойлау, олар өзара байланысты, бірақ бірінен екіншісі туындамайды.
Идеализм
Идеалистер мынадай екі топқа бөленеді:
1.объективті идеалистер – бұлар адамнан тыс шындық дүние бар екендігі дәлелдейді. Ол дүниенің негізін белгілі бір күш, рух, идея құрайды.
2.Субъективтік идеалистер: бұлар адамнан тыс объективтік шындықтың бар екендігін теріске шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |