2- дәріс. Шартты тексеру



Дата23.03.2024
өлшемі15.53 Kb.
#496322
2- дәріс . Шартты тексеру


2- дәріс. Шартты тексеру

Си тілінің басқару операторларына: құрама, шартты көшіру, таңдау, қайталану жатады. Құрама оператор бірнеше оператордың бірігуі арқылы жасалады және фигуралық жақшаның «{ }» ішіне алынып жазылады, ол Паскаль тіліндегі begin, екі операторлық жақшаларымен бірдей. Құрама операторлар көбінесе тармақталу және қайталану операторларында пайдаланылады.


Шартты көшіру операторы
Тармақталуы бар процестерді ұйымдастыру үшін шартты оператор пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді басқарылады.
Оның жазылу түрі:
Іf (шарт)
І-серия;
ЕlSЕ ІІ-серия ;
Егер IF сөзінен кейінгі жазылған шарт сақталса (ақиқат болса), онда 1- операторлар сериясы орындалады да, ЕLSЕ сөзінен кейінгі ІІ-серия операторлары орындалмайды. Егер командалар сериясы екі немесе одан да көп операторлардан (құрама оператор болса) тұратын болса, онда олар фигуралық жақшаға «{}» алынып жазылады. Тармақталу командасын блок- схема түрінде былай көрсетуге болады.
Қатыиас операциялары. ІF сөзінен кейін жазылатын шартты тексеру үшін қатынас операциялары пайдаланылады. C++ тілінде өрнектерді салыстыруға пайдаланылатын қатынас операциялары:
Кесте 1. Қатынас операциялар

=

Тең

! =

Тең емес



Үлкен

>=

Үлкен немесе тең



Кіші

<=

Кіші немесе тең

Қойылған шарттың тексерілу нәтижесі ақиқат болатын болса, онда өрнек нәтижесінің мәні 1-ге болады, кері жағдайда 0-ге болады.
Логикалық операциялар. IF сөзінен кейін жазылатын шарт екі немесе одан да көп болатын болса, онда логикалық қатынас белгілері (операциялар) пайдаланылады. Бағдарламалау тілдерінде пайдаланылып жүрген логикалық қатынас белгілерінің C++ тіліндегі жазылу түрі төмендегідей:
Кесте 2. Логикалық қатынас белгілері

және (and)

&&

А&&В

немесе (оr)

||

А|| В

терістеу(not)

!



Кей жағдайларда шартты оператордың ішінде шартты оператор орналасуы мүмкін. Мысалы,
IF(І-шарт)
1-оператор;
Else IF (2-шарт)
2-оператор; еlse
3-оператор;
Бұл жағдайда алдымен бірінші шарт тексеріледі, егер бірінші шарт ақиқат болса, онда бірінші оператор орындалады; ал, бірінші шарт жалған болса, екінші шарт ақиқат болса, онда екініші шарт орындалады; ал, бірінші және екінші шарт жалған болса, онда үшінші оператор орындалады.
Енді. шартты операторды пайдалануға арналған бірнеше мысал қарастырайық.
1-мысал. Екі сан берілген. Егер бірінші санның абсолюттік шамасы екінші санның абсолюттік шамасынан үлкен болса, онда 1-санды бес есе кішірейтіп. ал кері жағдайда, оларды өзгертпей жазатын алгоритм
#include
#include
using namespace std;
int main () {
int x,y;
cout<<"x,y-manin engiz"<cin>>x>>y; cout<if (fabs(x)>fabs(y)) {
x=x/5;
cout<<"x="<cout<<"y="<}
else {
cout<<"x="<cout<<"y="<}
system("pause");
}
2-мысал. a,b,c сандары берілген. a#include
using namespace std;
int main () {
int a,b,c;
cout<<"a.b.c enhiz"<cin>>a>>b>>c;
cout<if((aelse cout<<"shart orindalmaidi"<system("pause");
}
3-мысал. a,b,c сандары берілген. Ең үлкен санды анықтайтын бағдарлама құр.
#include
using namespace std;
int main () {
int a,b,c,d;
cout<<"a.b.c engiz"<cin>>a>>b>>c;
cout<if((a>b) && (a>c)) d=a; else if ((b>a) &&(b>c)) d=b;
else d=c;
cout<<"EN YLKEN SAN"<<' '<system("pause");
}
4-мысал. Енгізілген сандардың теріс сандарының қосындысын есептейтін прогрмма құр.
#include
using namespace std;
int main () {
int a,b,c,d;
cout<<"TERIS SANDARDIN KOSINDISIN ESEPTE"<cout<d=0;
for (int i=0; i<=6;i++) {
cin>>a; cout<}
cout<system("pause");
}


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет