ACTIVote (тестілеу құрылғысы)
ACTIVote құрылғысы ACTIVboard –тың көмегімен баяндамашыға сұрақтардың жауабын алуға арналған құрылғы. Бұл қолданушының жауабын бірден қабылдайтын байланыс құрылғысы болып табылады. Сұрақтарды алдын ала сұрақ шеберінің көмегімен алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Екі жағдайда да кері байланыс қамтамасыз етіледі. Кері байланысты экраннан бірден көруге боалды, сонымен бірге жауапты электрондық кестеге экспорт жасап, оны кейінірек анализден өткізуге болады. ACTIVote құралын: көрсету, жасырын, атаулы режимдерінде жүргізуге қолдануға болады.
ACTIVote құрылғысын Тіркеу
ACTIVote құрылғысын пайдаланғанда ACTIV board тақтасына радиобелгі жіберіп оны қабылдайды. Осы себепке байланысты алдын ала ACTIV board орналасқан бөлмеде ACTIVote құрылғысын тіркеуден өткізу керек. Тіркеуден өткізілгеннен кейін құрылғыны аудиторияда сұрақтардың жауабын алу үшін қолдануға болады.
Ескерту. Тіркеуден өткен құрылғыны бір рет қолдануға болады. Тіркеуден өткен құрылғыны кез келген режимде пайдаланылады. Әр түрлі режимдерде құрылғыны қайтадан тіркеу шарт емес. Бірақта батареясын ауыстырған жағдайда құрылғыларды тіркеуден қайтадан өткізу керек.
ACTIVote құрылғысын тіркеуден өткізу үшін, қажетті команданы Меню > ACTIVote > Құрылғы орындау керек.
Ескерту. ACTIVprimary бағдарламасында алдымен «Мұғалімнің құралдар меню» батырмасын басып Меню > ACTIVote > Құрылғы командасын орындау керек.
Бағдарламаның Құрылғыны тіркеу терезесі:
Алғашқы рет ешқандай құрылғы тіркелмеген жағдайда, тізім жолы бос болады. Алдымен ACTIVote құрылғысын қолданылатын мемлекетті таңдап алу керек. Мемлекетті таңдау себебі, бұл елде осы бағдарламаның рұқсат алғанын көрсетеді. Рұқсат болғанда ғана құрылғыны тіркеуді жалғастыруға болады. Ал рұқсат болмаған жағдайда ACTIVote құрылғысы тіркелмейді. Егер де тізімде сіздің еліңіз көрсетілмеген болса, онда техникалық қолдау көрсететін қызметінен кеңес алу керек. ACTIVote жүйесінде радиобелгі қолданса, онда көрші мемлекетті таңдауға болады. ACTIV board және ACTIVote құрылғылары екі бөлмеде қатар жұмыс жасағанда бір-біріне кедергі жасамау керек. Бағдарламада құрылғыны тіркеуден өткізгенде радиокедергіні болдырмаудың екі амалы бар:
Канал – ACTIVote құрылғысын баптағанда, оны үш каналда қолданады. Тақта идентификаторы - ACTIV board құрылғысын баптауға мүмкіндік береді, 99 идентификатордың бірін анықтауға болады. Осындай жағдайда қатарлас бөлмелерде тақтаның индентификаторын әр түрлі каналдарды қою керек. Мысалға:
1-бөлмеде: канал = 1 және тақта идентификаторы = 1
2-ші бөлмеде: канал = 2 және тақта идентификаторы = 2
Бір мекеменің ішінде бірнеше тақталардың арасындағы қашықтық 20 метрден артық болса да, әр түрлі идентификаторлар қою керек және каналдың реттік нөмірлерін болуы шарт.
Құрылғыны тіркеу
Қажетті каналды және тақтаның индентификаторы таңдағаннан кейін келесі амалдарды орындау керек. Тіркеу батырмасын басыңыз Сары батырма жыпылықтайды, бұл бағдарламаның бірінші құрлғысын тіркеуден өткізуді күтіп тұрғанын көрсетеді. Тізімнің жоғарғы жағындағы қызыл түстің жанғаны , құрылғының ACTIV board-та тіркеліп жатқанын жөнінде белгі береді.
Бірінші ACTIVote құрылғысын алып, тіркеу батырмасын басып тұрыңыз: алдымен қызыл түсті батырма тез жанып қайтадан өшеді, келесі кезекте жасыл түсті батырма ұзақ уақыт жанады. Бұл мезетте ACTIVote құрлғысы тіркеуден өткенін
терезесінен көруге болады. Қайтадан тіркеу терезесінен батырмасы жыпылықтайды, бұл келесі құрылғыларды тіркеуден өткізуді күтіп тұрғанын білдіреді, оны жүзеге асыру үшін бірінші амалды қайталау керек. Әрбір құрылғыларға автоматты түрде (А1, А2, А3 және т.б.) атпен тіркеледі. Бұл аталу режимінде қолданылады.
Ескерту. Құрылғыны аталусыз қолдану мүмкін емес. «Құрылғың аты» аймағында шертіңіз де есімін жазыңыз. Бұл есім құрылғының иесін анықтайды.
Басқа құрылғыларды тіркеу үшін тіркеу бағдарламасына қайтадан оралып, қайтадан Тіркеу батырмасын басу керек. Құрылғыны тізімнен немесе тізімдегі барлық құрылғыларды тіркеуден алып тастауға да болады. Ол үшін батырмасын шерту керек. Ал нақты бір құрығыны өшіру үшін, батырмасын басу керек.
Батарея зарядының төмендігіне ескерту.
Тіркеу барысында бағдарлама әрбір құрылғының батарея зарядында деңгейін де бақылайды. Егерде құрылғының батареясының заряды төмен болса, онда бағдарлама тіркеу алаңынан келесі ескертуді көрсетеді.
Бұл жағдайда батареясы отырған құрылғының батареясын ауыстырғанша оны қолдануға болмайды. Тіркеу терезесінен батырмасын басып, нақты құрылғыны тізімнен алып тастаңыздар. Қосымша мәліметті батареяны ауыстыру бөлімінен қарауға болады.
Құрылғыны тіркеу бағдарламасынан шығу үшін батырмасын басқанда, тіркеу туралы ақпаратты сақтау жөнінде сұраныс шығады. Иә батырмасын басқанда тіркеу ақпараты сақталады. Бағдарлама жабылады да ACTIVote құрылғылары жасырын режимде қолдануға дайын болады. Тест батырмасын басыңыздар. Бұл жағдайда барлық тізімде тіркелген құрылғылар қызыл түспен ерекшелінеді. Әрбір құрылғыны жеке-жеке басып шығу керек. Құрылғыда орналасқан әріптің бірін басқанда сигнал ACTIV board-қа беріледі. Бұл сигналды алғаннан кейін құрылғыдағы қызыл түс кетіп, ақ түске ауысады. Егер де тестілеу кезінде батырма қызыл түспен белгіленіп тұрса, онда ACTIV board-пен байланыс дұрыс емес.
Егер де барлық құрылғылар тестіден өтсе, онда Тесті аяқтау батырмасын басыңыз. Бұл командадан кейін тағы да құрылғыны тіркеу терезесі ашылады, енді батырмасын басып бағдарламадан шығу керек. Табылмаған құрылғылар.
Тестілеуден өтпеген құрылғыларда ескерту шығады. Ескертуде бір немесе бірнеше құрылғының табылмағанын жөнінде мәліметтер беріп, оны құрылғылардың тізімінен өшіру жөнінде ұсыныс береді. Иә батырмасын басып, тізімнен табылмаған құрылғыларды өшіру керек.
Батарея зарядының төмендігіне ескерту
Батарея зарядының деңгейінің төмендігін ескерту ашылады.
Бұл жағдайда құрылғыны пайдалануға батареяны ауыстырмай қолдануға болмайды. Сонымен қатар, нақты құрылғыны тіркеу тізімінен белгілеп алып өшіру батырмасын басыңыз.
Қолданушылар арасында құрылғыларды таратуға ескертпе.
ACTIVote құрылғысын атаулы режимінде қолдану алдында, ACTIVote құрылғысын әрбір қатысушыға беру үшін, Деректер базасына қолданушылардың тізіміне қосыңыздар. Ендігі кезекте орналастыру кезінде «Барлық қолданушылар» бумасы өзгермеуі керек.
Атаулы режимді іске қосу: Меню > ACTIVote > Сеанс командасын орындау керек..
Ескерту. ACTIVprimary бағдарламасында қолданғанда «Құралдар менюінен алдымен мұғалім батырмасын басу керек» Меню > ACTIVote > Сеанс командасын орындау керек.
ACTIVote Сеанс бағдарламасының терезесі ашылады. Алғашқы рет бұл әрекетті орындағанда қолданушыларда ACTIVote құрылғысы болмайды. Әрбір қатысушыға ACTIVote құрылғысын тарату ұшін Қолданушылар батырмасын басу талап етіледі.
Ескерту. Оқыту мақсатында, егер де осы топтың тізімі болса, онда келесі әрекетке көшу керек. батырмасын басыңыз... Экраннан қолданушылар арасында құрылғыны тарату бағдарламасы ашылады.
Қолданушылардың деректер базасын таңдау.
ACTIVote параметрінде көрсетілген «Қолданушылар арасында құрылғыны тарату» бағдарламасы автоматты түрде қолданушылардың деректер базасын іске қосады. Басқа қолданушылардың ДБ ашу үшін, батырмасын басу керек немесе
осы уақыттағы қолданушылардың ДБ ашу керек. Егер де ДБ қолданыста болса, онда Барлық қолданушылар папкасын автоматты түрде таңдап алынады. Бұл папкадағы қолданушылар саны көп, оның ішінен қажеттісін таңдап алу үшін жеке папка құру керек.
Егер де, атаулы папка құрылған болса, онда жаңадан папка құруға болады. Ол үшін папка терезесін ашып, ашылған терезеден басқа папканы таңдауға болады.
Ескерту. Егер де басқа папка таңдап алынған болса, онда қатысушылардың тізімдері болуы мүмкін. Бұл жағдайда ашылған келесі ашылған папкалардың тізімінен, қажетті тізімдерді қарауға болады.
Тіркелген құрылғының ішінен қажетті аттарды таңдау
Егер де қатысушылардың саны тіркелген құрылғының санымен сәйкес келсе онда, Топты таңдау батырмасын шертіп, дайын папкадан қатысушылардың тізімін алуға болады. Мысалы:
Жеке тізімнен, қолданушыларды таңдап алып, таңдау батырмасын басу керек. Тізімнен топты таңдау үшін сонымен бірге Shift және Ctrl батырмаларын қолдануға болады. Мысалы: Тізімдегі барлық қолданушыларды өшіру үшін, қолданушыларды өшіру батырмасын басу керек. Ал топтан арнаулы себептермен тестілеуге қатыса алмай қалған адмды тізімнен алып тастау үшін, бағанын қолдануға болады. Бұл функция деректер базасынан тестілеуге қатыса алмайтындарды тізімнен алып тастауға мүмкіндік береді. Қатысушылардың тізімдері дайын болғаннан кейін, әрбір жеке қолданушының құрылғыларын тіркеуден өткізу керек. құрылғыларды тарату батырмасын басу керек. Осы мезетте әрбір қолданушының тізімдері жекелей 3 әріптен тұратын кодпен экранда пайда болады.
Айгерим
|
FDC
|
|
Арай
|
DCB
|
|
Камшат
|
FCD
|
|
Марат
|
BDB
|
|
Енді әрбір қолданушы өзінің кодымен ACTIVote құрылғысын тіркеуден өткізуі керек. Барлық қолданушылар бір мезетте тіркеуден өтулеріне болады. Бұл процедураны бір-бірден отырып жасау шартты емес. Төменде келтіліген сұхбат терезесі арқылы тіркеуді жүргізуге болады:
1. Әрбір қатысушыны өз құрылғылырында ортадағы батырмасын тіркеуден өту үшін басып тұру керек, қызыл және жасыл түстер қатарласа жанғанша. Естеріңізде сақтаңыздар,құрылғы радиожиілікте жұмыс жасайды, сол себепті оны ACTIV board бағыттауға болмайды
2. Енді әрбір қолданушы өздерінің есімдерінің тұстарында 3 қаріптен тұратын кодтарын жеке тіркеулері керек.
І. Қолданушы бірінші әріпті басқанда – қызыл индикатор өшеді, ал жасыл бұрынғысынша жанып тұра береді.
ІІ. Қолданушы екінші әріпті басқанда қызыл түс жанып, жасыл түсті индикаторы өшеді.
ІІІ. Қолданушы үшінші әріпті бақсанда – алдымен қызыл түсті индикатор, соңынан жасыл түсті индикатор өшеді. Бұл әрекеттерді орындап болғанан кейін, жасыл түсті индикатор жанады, бұл индикатордың жанғаны құрылғының сәтті тіркелгенін білдіреді.
Айгерим
|
FDC
|
|
Арай
|
DCB
|
|
Камшат
|
FCD
|
|
Марат
|
BDB
|
|
Егер де қолданушының есімі қызыл түспен белгіленіп тұрса, бұл құрылғы дұрыс тіркелмегенін көрсетеді. Бұл әріптің дұрыс тіркелмегенін білдіреді, сондықтан да әрбір тіркеу жолының ретін дұрыс орындау керек.
Айгерим
|
FDC
|
|
Арай
|
DCB
|
|
Камшат
|
FCD
|
|
Марат
|
BDB
|
|
Бұл тізім барлық қолданушылардың дұрыс тіркеуден өткенін, сонымен бірге атаулы режимде тест жүргізуге дайын екендігін білдіреді.
Имя пользователя
|
Устройство
|
Отсутствует
|
Айгерим
|
Распредены: А1
|
|
Арай
|
Распредены: А2(батарея разряжена)
|
|
Камшат
|
Распредены: А4
|
|
Марат
|
Распредены: А3
|
|
Жоғарыда көрсетілген кестедегі екінші қолданушының құрылғысы осы сеанста дұрыс жұмыс жасайды, ал келесі жолы оны міндетті түрді батареясын ауыстыру керек. Ендігі кезекте батырмасын басып атаулы режимде алдын ала дайындалған сұрақтарды пайдалан отырып тест жүргізуге дайын.
Тіркеу құрылғысының батареясын ауырстыру
Батареясы отырған құрылғының батареясын ауыстыру үшін, алдымен арнайы құрылғының көмегімен батареяны алып, оның орнына құрылғыға AAA өлшемді 3 жаңа батарея салу керек. Жаңа батареялардың дұрыс салынғанын тексеру үшін Құрылғыны тіркеу бағдарламасына кіру керек. Мұнда ACTIVote құрылғысын тіркеуден өткізу процедурасын толығымен орындау қажет.
ACTIVote режимдері
Көрсету режимі арнайы сұрақтарды қолдануға арналған. Арнайы сұрақтарды қолдану үшін көрсету режимі қолданылады. «Арнайы» сөзі сұрақтың алдын ала дайындалып қойылғанын білдіреді. Бұл сұрақ презентация өткізу кезінде қойылуы мүмкін.
-
Ескерту. ACTIVprimary бағдарламасында алдымен «Мұғалімнің құралдар меню» батырмасын басып, Меню > ACTIVote > Сеанс командасын орындау керек.
Көрсету режиміне кіру үшін Меню > ACTIVote > Сеанс
Тізбегін орындау керек. Ашылған терезеден Көрсету режимін белгілеп алып.батырмасын шерту керек.
Бұл командалар орындалғанан кейін ACTIVote құрылғысының батырмасын басуқанда, Тайм-аут панелі іске қосылады.
Жасырын режим арнайы сұрақтарды қолдануға арналған.
Ескерту. ACTIVote құрылғысын пайдаланбастан бұрын, төмендегі әрекеттерді орындау керек.
1. ACTIVote құрылғысы қосымша тіркелу керек.
Меню > ACTIVote > Сеанс командасын орындағаннан кейін, жасырын режим ді белгілеу қажет.
-
Ескерту. ACTIVprimary бағдарламасында алдымен «Мұғалімнің құралдар меню» батырмасын басып, Меню > ACTIVote > Сеанс командасын орындау керек.
Атаулы режим арнайы сұрақтарды қолдана отырып жүргізіледі.
Ескерту. Атаулы режимде ACTIVote құрылғысын қолдану үшін төменде келтірілген әрекеттерді орындау керек.
1. ACTIVote құрылғысы қосымша тіркеуден өткізу керек.
2. Деректер базасынан қолданушыларды тізімін алу қажет.
3. ACTIVote құрылғысы рет-ретімен иелеріне таратылуы керек.
Процедура
1. Меню > ACTIVote > Сеанс командасын орындаңыз.
Ескерту. ACTIVprimary бағдарламасында алдымен «Мұғалімнің құралдар меню» батырмасын басып, Меню > ACTIVote > Сеанс командасын орындау керек.
Сеанс ACTIVote терезесінен
1. Атаулы режимді таңдаңыз
2. Тізімде осы мезеттегі қолданушылардың есімдері көрсетіледі.
3. ОК батырмасын шертіңіз.
4. Флипчарт бетіндегі сұрақтарға жауап алу үшін негізгі құралдар панелінен ACTIVote құрылғысына шертіңіз.Осы мезетте экранда тайм-аут панелі іске қосылады.
Тайм-аут панелі
Аудитория тест жүргізуге дайын болғанда ACTIVote құралының батырмасын шерту керек, осы мезетте тайм-аут іске қосылады. Бірнеше секундтан кейін тайм-аут терезесінен хабар келеді. Жауап беру яғни уақыттың жүруін көрсетеді. Ал уақыт тест құрылған кезде қойылған.
1. ACTIV board аудиторияның барлық жауабын қабылдайды.
2. Белгілі уақыт өткенен кейін жабылып қалады.
3. Жауапты қабылдамаған болса болса Жауабыңыз қаблданбайды! Деген хабар береді.
Сұрақ шебері
Сұрақ шеберін Меню > ACTIVote > Сұрақ шебері(Мастер вопросов) командасы орындалғаннан кейін Сұрақ шебер бағдарламасының терезесі ашылады.
Сұрақ шебері – тестілеуге сұрақтар дайындайтын флипчарт. Алдымен құрылғының түрін тексеріп алыңыздар. Бұл шебер 4 қадамнан тұрады:
1 - қадам. Сыртқы бетті баптау
2 - қадам. Сұрақтарды баптау
3 - қадам. Флипчарт Параметрлері
4 - қадам. Флипчарт құру создания
1 - қадам. Сыртқы бетті баптау. Сыртқы бет Сұрақтар шеберін іске қосқанда автоматты түрде ашылады. Мәтіндік алаңға меңзерді қойып тақырыпты жазуға болады. Келесі сипаттама терезесіне меңзерді қойып қажетті сипаттама жүргізілетін тестке сипаттама беруге болады. Екі жолды толтырғаннан кейін таңбасы пайда болады да, келесі қадамға батырмасын басып өту керек.
2- қадам. Сұрақтар қою.
1. Бір санының тұсына меңзерді қойып бірініші сұрақты жазу керек. Егер де меңзер жоқ болса, Жаңа сұрақ батырмасын басып сұрақты енгізіңіз.
2. Келесі кезекте сұрақтың түрін таңдаңыз: 6 вариантты, дұрыс-дұрыс емес, иә-жоқ варианттарын таңдауға болады.
3. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсету керек.
4. Тайм-ауттың уақытын қою керек. Әрбір сұрақтарға әр түрлі немесе бірдей уақыт қоюға болады.
5. Соңынан Компоновка элементін таңдаңыздар. Компановканың келесі түрлерін таңдауға болады:
Қысқа сұрақ – ашық жауаптар
Ұзақ сұрақ қысқа жауаптар
Қысқа жауап – суретпен берілген жауаптар, қосымша белгілермен толықтырылған
Қысқа сұрақ + орташа кескін – қысқа жауап
Ұзақ сұрақ + үлкен кескін – қысқа жауап
Жауаптың компановкасын кез келген уақытта, жауаптарына кедергі келтірмей ауыстыруға болады.
4. Егер де бірдей компановка қолдану керек болса, онда жалауша қоюға болады.
3 – қадам. – Флипчарт параметрлері
Барлық сұрақтарды енгізіп болғанан кейін флипчарт бетіне стиль қойып, әріптердің түрін, түсін, өзгертуге мүмкіндік береді. Мәтіннің көлемін меңзерді жоғары немесе төменгі түрін таңдап алып қажетінше ұлғайтуға немесе кішірейтуге де болады. Диапазонның мәні – 20/18 -ден 28/26 пиксельге дейін. Келесі қадамға өту үшін батырмасын басу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |