2- тапсырма. А. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз: «Демографиялық жарылыс»



Pdf көрінісі
Дата28.03.2024
өлшемі215.85 Kb.
#496850
мәтін демографиялық мәселе және ЖЖП



2- тапсырма.  
А. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз: 
1. «Демографиялық жарылыс» деген не?
2. «Демографиялық жарылыстың » себебші факторлары қандай?
3. «Демографиялық жарылыс» қандай мәселелерді тудырады?
 
Қазіргі кездегі демографиялық мәселелер 
Ғаламдық тұрғыда демографиялық мәселе маңызды орын алады. Себебі планетадағы халықтың өсуі 
экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жағдайларымен анықталады.
Азия, Африка және Латын Америкасы елдердің көпшілігінде халық санының тез өсуі байқалады. 
Оның үстіне, бұл елдерде жастардың үлес салмағы өте жоғары. Оларда табиғи өсу (естественный прирост)
қарқыны кемиді деп күту қиын. 
ХХ ғасырдың 60-жылдарында дүние жүзінде халық санының өсу қарқыны өте жоғары болды.Осы 
кезенен халықтың өсімі шұғыл (быстро) артып, «демографиялық жарылыс» (демографический взрыв) 
ұғымы пайда болды. Демографиялық жарылыс - халық санының қысқа мерзім ішінде күрт өсуі. Дүние жүзі 
халқының бақылауысыз өсуі экономика саласында ретсіздікті тудырады. Соның салдарынан аштық және
қайыршылық (бедность, нищета) алады. Нәтижесінде, ол табиғат ресурстарының сарқылуына (истощение) 
және саяси тұрақсыздыққа әкеп соғады. 
Жер шары халқы қазір (2014 ж. БҰҰ деректері бойынша) 7,2 млрд-тан асып кетті. Халық санының 
өсуі нәтежесінде жұмысыздықтың көбеюі, қоршаған ортанның ластануы, қаладағы санитарлық жағдайдың
төмендеуі есебінен жұқпалы аурулардың көбеюі туындауда. Халықтың өсімі, негізінен, дамушы елдерге өте 
қарқынды болғандықтан, ол елдердегі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың тұрақсыздығы 
байқалады. Сонымен бірге халық санының өсуі азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының өнімін көбейтіп
жаңа жерді игеру, энергетика, отын, металл өндіру, машина жасау өнеркәсіп орындарының өркендеуін қажет 
етеді. Ғаламдық демографиялық жағдайы шиеленістіретін басқа да факторларға, кейбір ұтттардың табиғи 
өсімінің төмендеуі, минералды ресурстардың сарқылуы жатады. Халық санының жоғары өсу қарқыны 
Африка құрлығындағы мемлекеттерде көбірек кездеседі.
Қолданған ресурстар: 
1. 
Е.Ахметов,Т.Увалиев, Қ. Ахметов. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы 10 сынып, Алматы «Мектеп»
2006. 
2. 
http://pavlyxa.ru/poleznaya-informaciya/chislennost-naseleniya-zemli-v-2015-godu-rossii-stran-mira-planety- zemlya.html
 
3. 
http://www.statdata.ru/10-samih-bolshih-stran-mira-po-naseleniu
 
 
 В. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз 
1. 
Халықтың жыныстықжәне жастық құрамын не үшін сипаттайды?
2. 
Демографтар халықтың жас құрамын қандай топтарға бөледі? 
3. 
Халықтың жастық құрамы қандай типтерге бөлінеді? Типтерге сипаттама беріңіз. 
4. 
Жастық-жыныстық пирамида нені көрсетеді? 
 
Жас-жыныстық пирамида 
Жас-жыныстық пирамида- 
халықтың жас және жыныстық құрамын сипаттауға қолданылатын 
графика.
Халықтың жастық құрамын анықтаудың қолданбалы маңызы бар. Белгілі бір аумақтағы 
тұрғындарды жасы бойынша топтастыру нәтижесінде халықтың өсіміне және оның болашақта еңбек 
ресурстарымен қамтамасыз етілу мүмкіндігіне болжам жасауға болады. Әдетте, демографтар халықтың жас 
құрамын анықтауда бір жастағы, бес жастағы және он жастағы жас топтарын ажыратады. Жалпылама баға 
беруде ірілендірілген топтамалар (0-14 жас; 15-59 жас; 60 жастан әрі) жасалады. Жер шары халқының жастық 
құрамы тарихи кезеңдерде өзгеріп отырған. Мысалы, ХХ ғасырдың орта шенінде халықтың 34%-ын 0-14 
жастағылар, 58%-ын 15-59 аралығындағылар құраса, 60-тан асқандар үлесі 8% шамасында болған. Жастық 
құрамының қазіргі сипаты мынадай: 14 жасқа дейінгілер бүкіл халықтың 28%-ын құраса, 15-59 жастағылар 
62%-ын, ал жасы 60-тан асқандар үлесі 10%-ға тең. Демографиялық көрсеткіштердің әртүрлілігіне 
байланысты халықтың жастық құрамының аумақтық ерекшіліктері айқын байқалады. Осыған сәйкес
халықтың жастық құрамының үш типі анықталған: 
1. Алға басушы (прогрессивті) тип – халықтың жалпы санында балалардың үлесі жоғары. 
2. Тұрақты тип – балалар мен егде адамдар санының тепе-теңдігі. 
3. Кері кетуші (регрессивті) тип – халықтың жалпы санында егде адамдар үлесінің артуы. 
Халықтың жыныстық құрамын сипаттау үшін көбінесе ерлер мен әйелдердің халықтың жалпы 
санындағы үлес көрсеткіші пайдаланылады. Әдетте, дүниеге келетін ұлдар саны қыздарға қарағанда 
5-6% артық болады, бірақ физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты балалық шақта ұлдар өлімі 
қыздарға қарағанда жиірек болады. Осының нәтижесінде 15-20 жасқа келгенде, олардың саны 
теңеседі. 
Қолданған сілтеме: 
https://bilimland.kz/kk/content/structure/2070-duniezhuzi_xalqy%20-%20lesson=14088#lesson=14088
 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет