ISSN 2710-3994 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (30) 2022 https://edu.e-history.kz
65
https://doi.org/
10.51943/2710-3994_2022_30_2_65-76
ҒТАМР 03.20.00
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ПОЛЯКТАРДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАУ ТАРИХЫ
Р.А. Бекназаров
*
, Г.К. Кушкарова ,
Ж.Б. Бақтығали
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе.
*Автор
корреспондент
E-mail: r.beknazarov@gmail.com (Бекназаров), gulmira-alihan@mail.ru (Кушкарова),
baktygali1999@list.ru (Бақтығали)
Аңдатпа. Мақалада Қазақстан аумағына ХХ ғасырдың 30–40 жылдары депортацияланған
поляктар туралы, оның ішінде Ақтөбе облысына күштеп қоныстандырылған поляктар тарихына
алғаш рет тарихи-сараптамалық талдау жасалады. Авторлар депортация
және қоныстандыру
процестерінің жүргізілу барысына сипаттама бере келе, Ақтөбе облысы бойынша статистикалық-
салыстырмалы талдаулар жасады. ХХ ғасырдың 30 жылдары әлемдік державалар арасында
қайтадан территорияға байланысты шиеленістер туындай бастайды,
сол кезеңде шекаралық
аймақтарда орналасқан халықтар жер аудару, күштеп қоныстандыру саясаттарының құрбаны
болды. Әсіресе, Батыс Украина мен Батыс Белоруссиядан неміс
және поляк халықтарын жер
аудару қарқынды жүргізілді. Ақтөбе облысына қоныстандырылған поляктарға жасалған іс-
шаралар, еңбекпен түзету жұмыстарының іске асуы, түрлі саяси
істерге белсене қатысуы мен
кейін осы елдің азаматы ретінде партиялық істерге, тың игеру жұмыстарына белсене араласуы
көрсетілген. Қазіргі таңда жалпы Қазақстан бойынша 50 мыңнан астам поляктар өмір сүруде.
Достарыңызбен бөлісу: