2 апта бойы мектеп жүйесін, сабақ өту барысын бақыладым. Сабақ өту барысында қолданылатын оқу жоспарын, қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындауды және оқушылар жұмысын бағалауды үйрендім



Дата02.05.2024
өлшемі31.17 Kb.
#500305
Қорытынды есеп


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2-курс студенті Бегман Аяулымның 29.01.2024-10.02.2024ж. аралығында Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен өткен психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибенің қорытындысы
29.01.2024-10.02.2024ж аралығында химия-биололгия бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тәжірибеден өттім. Теориядан алған білімімді тәжірибеде қолдана алдым. Мемлекеттік стандарт бойынша оқу жоспарын ұйымдастыруды, педагогтардың міндеттері мен тәрбие жұмыстарымен таныстым. Жалпыға бірдей мемлекеттік стандарт бойынша оқу бағдарламасын ұйымдастыруды және сол бойынша жұмыс жасауды түсіне алдым. Оқу бағдарламасымен толықтай танысып, балалармен жұмыс жасауды үйрендім. Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді және сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларды меңгере алдым.
2 апта бойы мектеп жүйесін, сабақ өту барысын бақыладым. Сабақ өту барысында қолданылатын оқу жоспарын, қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындауды және оқушылар жұмысын бағалауды үйрендім. Жаңартылған білімге сай оқу мақсаты бойынша тапсырмалар құрастыруды үйрене алдым. Оқу дағдыларымен жұмыс жасауды меңгердім. Оқу тәжірибе барысында сыныптағы оқу тәрбиесімен таныстым. Балалармен дұрыс қарым-қатынас орнатуды және бағдарлай алуды үйрендім. Сонымен қатар тәрбие жұмыстарын жүргізе алуды, қызығушылығын анықтай алуды үйрендім.
Тәжірибе барысында сабақтан тыс қосымша пән бойынша іс-шаралар өткізілді. Пән бойынша пән мұғалімдерімен шеберлік сағаттарты өтті және тәжірибе алмастық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет