Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы Білім Министрлігі



бет1/8
Дата04.11.2023
өлшемі410.46 Kb.
#482373
  1   2   3   4   5   6   7   8
Азаматханқызы Нұрайлым 2 СӨЖ психология


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы Білім Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті



Факультеті: «Биология және биотехнология»
Кафедрасы: «Биоалуантүрлілік және биоресурстар»
СӨЖ
Тақырыбы: «Мотивация теорияларына талдау жасау: А.Маслоудың
қажеттіліктер пирамидасы, Д.Мак-Клелландтың мотивация теориясы,
Йеркс-Додсон заңы»

Орындаған: Азаматханқызы Нұрайлым
Мамандығы: Ғылыми биология
Тексерген: Адилова.Э.Т

Алматы 2023
Жоспары
Кіріспе
1. Мотивацияның теориялары
1.1 А.Маслоудың қажеттілік пирамидасы (иерархиясы)
1.2 Дэвид МакКлелланд мотивация теориясы
1.3 Йеркс-Додсон заңы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
СӨЖ мақсаты: Мотивация туралы толықтай мәлімет беру, Маслоудың қажеттілік теориясы, МакКлелландтың мотивация теориясы, Йеркс-Додсон заңы туралы толықтай түсіндіре кету.
Әр адамның қызығушылығы, құмарлығы жеке қызығушылық және олар қоршаған жағдайларға қарамастан ұзақ уақыт сақталады. Өз өмірінде адамдар қандай да бір сабақтарға, заттарға, білімге, басқаларды байқамай немесе жоққа шығара отырып, белгілі бір тартысқа ие.
Мотивация ұғымы адамның нақты бір мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялық жүріс-тұрыс «Адам нені қалайды?» «Ол неге ұмтылады?» деген сұрақтарына жауап береді. Адамның талабы әрқашан басым қажеттіліктердің жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүріс-тұрысының негізінде белгілі бір қажеттіліктер болады. Қажеттілік – бұл адам бастан кешіретін мұқтаждық қанағаттануы, адам тіршілігі, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшін өмірлік маңызы. Адам тіршілік етуі, дамуы және жетілдіруі, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін құралдар мен белсенділіктерді қажет етеді.
Мотивация – іс-әрекетке талаптандыратын жиынтық, әлеуметтік ішкі бағдарланулар, адамдарды сендіру.
Мотив – іс-әрекетке оятатын қажетттілікті ұғынумен байланысты адамның тілегі, алға ұмтылуы, сезімі. Психологияда мотивті психологиялық феномен деп қарастырылатын оның мәні жайлы бірнеше көзқарастар бар мотив, ниеттену, қажеттілік ретінде түсініледі.
Мотив (латын тілінде movere - қозғаушы, итермелеуші) - адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіліктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, мақсат ұғымдарымен үндес. Мотивті жүзеге асыру тұлғалық әрекетке бағыт береді. Табиғи және қоғамдық ортаның талаптары адамның мотивтерін жүзеге асыру кезінде ерік-жігер жұмылдыруды қажет етеді.
Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның ішінде болады, "арнайы " мінез-құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді, сонымен қатар оған параллель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алады, ол оны көтермелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады. Мотивация ұғымы бұл басқарушылық әрекет мәселесімен өте тығыз байланысты. Жаңа экономикалық қатынастар өткен кезеңдерге байланысты жұмыскерлерге жаңа талаптар қояды. Бұл тек қана таңдау емес, бұл кадрларды оқыту және орналастыру,және де жаңаша ойлау қабілеті.
Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді. Мотивацияны әрекетіміздің, ниетіміздің, қалауымыздың себепті ішкі түрткісі депте атасақ қате болмайды. Бұл сөз зат есім болғанда «Ниет түрткісі» сөзіне, етістік болғанда «Жігерлену» сөзіне жақын келеді. Жігерлену арқылы ниеті шабыттанып, іске кірісуге қозғау салынған адам бір түрлі бұлқынған ішкі қозғаушы күшке ие болады, өзінің көздеген мақсатына қарай кедергілерден тайсалмай белсенді жүру жігері кеудесін кернейді. Бұл барыста ниет шамасында өзгерістер болуы мүмкін, ол кейде күшейюі, кейде әлсіреуі мүмкін. Бірақ ниет шамасының қалай болуына қарамастан адамдар белгілі бір ниеттену тұрақтылығын сақтай алса, көңілінде сол іске деген құштарлығын өшірмей, сол мақсатқа қарай белсенді құлшынып, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын болады. Мотивациялық ниет істің ішкі қозғаушы күші болғандықтан, егер адамның қандай ниеті барын білсең, онда оның әрекетінің ауқымы мен беталысын анық шамалай аласың.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет