2 Б. Майлиннің өмірі



бет1/3
Дата21.02.2016
өлшемі408 Kb.
#2
  1   2   3

Мазмұны



І. Кіріспе...........................................................................................................2


    1. Б. Майлиннің өмірі.........................................................................4


1.2. Ақындығы...........................................................................................7
1.3 Жырлағаным - кедейдің жыры........................................................8
1.4. Б.Майлин – суреткер.........................................................................14
ІІ. Негізгі бөлім: Б. Майлиннің прозалық шығармалары.....................16
2.1. «Шұғаның белгісі» қазақ

прозасының үздік үлгісі ... ..........................................................16
2.2. Майлин әңгімелері – ауыл

өмірінің көркем шежіресі...............................................................22
2.3. Замандас тұлғасы........................................................................... 26
ІІІ. Қорытынды........................................................................................... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................32


І. Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «Алыптар тобындағы» ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің алатын орнын анықтау. Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру. Бейімбет прозасының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу. Прозасын лексикалық жағынан қарау, поэтикалық көркемдегіш тілінің негізгі түрлеріне тоқталу. Оның ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүріне, әңгімелеріне шолу жасау.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, жеті тақырыпшадан, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

«Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік бе­лесіне енді шыға

бергенде үзіліп кетті».

Ғабит Мүсірепов.


Қалам қызметіне ерте (1912 жылдан) араласқан Майлиннің ширек ғасыр
ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық, шығармалары —
біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына.
Қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі жанрларын қалыптастырып, дамытуға
сіңірген ерекше еңбегін, бүгінгі қазақ аулының жаңа тарихындағы
жиырмасыншы-отызыншы жылдардьң көркем шежіресін жасауда атқарған
айрықша қызметін өз алдына қойғанда, Бейімбет Майлин өзінен кейін
қолына қалам ұстағандарға анық екі қырымен берді. Саңлак суреткер
өлшеулі ғана шығармашылық ғумырында өлшеусіз еңбек суйгіштігімен
«жаушылық — жазу, жақсы жазу, жақсы жаза алсаң, қалам құрғатпай жазу»
екенін тынымсыз іс - әрекетімен қолма-қол дәлелдеп кетті. «Әңгіме —
шеберлік мектебі» деп Федин айтқандай, құдіретті зергер әрі қысқа, әрі нұсқа
новеллалары арқылы шын мәніндегі әдеби шеберліктің мектебін ашып, осы
жанрдағы шынайы, тап-таза, мөп-мөлдір реализмнің үлгісін көрсетті.
Қараңғы ауылдағы әлі де шырышы бұзылмаған ескілікті, алуан түрлі әділетсіздіктерді көріп, білімі тайыз, саяси тәжірибесі шағын жас ақынның аз уақыт жете түсіне алмай, толғанған, тосырқаған, тіпті кейде: «Бұл қалай?» - деп күдер үзіп, торыққан да жайлары болады. Бұл ретте сол кездегі ұлтшыл интеллигенцияның да азын – аулақ әсері болуы ғажап емес. Бірақ ондай сезімдер мен әсерлерден ойшыл ақын, қайтадан өзінің бастапқы сарқылмас қайрат, талабына мінеді, мойымас мықты сенімінен енді еш қайтпайды.

Ақынның жиырмасыншы жылдардағы шығармалары оның қаламының жылма – жыл төселіп, талантының ұдайы өсіп отырғанын көрсетеді. Тақырыбының ұлғайып, сарынының молайып, ақындық үнінің барған сайын күшейе түскенін аңғартады.



1.1. Бейімбет Майлиннің өмірі
Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы
Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде
қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған. Екі
жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы болып жүрген
анасының қолында тәрбиеленеді. Жетіге жеткен соң өзі де сол байдың
қозысын бағып, кейін атының делебесін ұстайды. Бейнет пен жоқшылықтың
ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға
тербеліп отырып, оның:
Өмірімде көргенім күндік, құлдық,
Бұл жалғанда бар ме екен біздей мұңдық?—
деген гөй-гөйінің зар сырын жанымен ұғады. Әжесі көне жырларды көп
білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері
болса керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып өлеңге әуестенеді.

Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан


соң өзі есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген
татар мұғалімнен дәріс алады. Одан әрі іргелес көрші ауылдағы басқа бір
Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесіне түсіп, екі жыл (1910-1912) оқиды.
(«Шұғаньң белгісіндегі» бас кейіпкердің учитель болуы және Әбдірахман
атануы тегін емес-ті). Өз бетінше кітап оқып, көп ізденеді, қалаға барып,
білімін одан әрі көтеруге талаптанады.
1913-1914 жылдарда Майлин Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны
бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы Медресе - Ғалияда окиды. Сол жылдары
медресе шәкірттерінің әдеби үйірмесіне қатысып, өзі секілді талапкер
жастармен бірге «Садақ» атты қолжазба журнал шығарысады. «Садақтьң» әрі
редакторы, әрі белсенді авторы болған Бейімбет осы журналдың 1914 жылғы
үшінші нөмірінде өзінің тырнақ алды прозалық туындысы «Шұғаның
белгісін» жариялайды. Бұл «Ғалия» шәкірттері мен ұстаздарының арасында
авторының атын шығарып, талантын танытқан тамаша шығарма болатын.
Бейімбет Майлиннің медресеге сабақ беретін белгілі татар жазушылары
Мәжит Ғафуримен, Ғалымжан Ибрагимовпен шығармашылық байланысы,
медреседе өзімен бірге оқитын башқұрт ақыны Сайфи Құдашпен достығы осы
кезден басталады. Солармен ынтымақтаса жүріп, Бейімбет екі жылдай орыс

тілін үйренуге көп күш салады; Гоголь, Лев Толстой, Чехов, Горький


шығармаларымен түпнұсқадан танысады.
Бірақ денсаулық жағдайына байланысты Медресе - Ғалияның оқуын аяқтай
алмай, 1915 жылы дәрігерге көрінбек болып Троицк қаласына қайтып
оралады да, осы тұста «Айқап» журналында қызметте жүрген Сұлтанмахмұт
Торайғыровпен, Мұхамеджан Сералинмен танысады. Журналда бірнеше
өлеңдер жариялайды. 1916 жылы еліне келіп, 1919 жылға дейін қаламгерлік
кызметімен қатар ауыл жастарына ұстаздық етеді. Бұл бір орасан қиын, ойлы-
қырлы, бұралаң жолдары көп күрделі кезең еді. 1916 жылғы маусым жарлығы
кезінде елдің ер-азаматтары қылыштарын көкке қайрап, екі жақты езгіге —
патша жендеттерінің талауына, жергілікті жемқорлардың қанауына қарсы
ұлт-азаттық көтерілісіне аттанғанда, Бейімбет оларға сәт-сапар
тілеп, күрес адамдарын ашық айқасқа, берік сапқа тұруға шақырды
(«Қанды тұман»)

Ойбай-ау, қайдасыңдар? Аттаныңдар!

Бері кел, шашау шықпа, топтаныңдар!—

дей тұрғанымен, осы қозғалыс бірсыпыра жерлерде, сәтсіздікке ұшырағанда

кенет торығып, келер күннен үміт үзе жаздайды да, 1917 жылдың ақпанында

патшаның тақтан кұлағанына қуанып қайта жадырайды («Қазаққа»)

Келді теңдік, туды теңдік басыңа,

Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа

Туысқандық, құрдастыққа асыға

Алалықты араңдағы жой, қазақ!


Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма!

Бірлікпенен жұмыс атқар басыл да,

Азынаулақ миың болса басыңда,

Партия штат, дау-шарыңды қой, қазақ!

Ақпан революциясының нәтижесінде шынымен-ақ «келді теңдік, туды

теңдік» деп асығыс түйін түйгеніне қарамастан, осы өлеңдегі ел-жұртты

бірлікке шақырған акын үнінің асқақ рухы, азаматтық әуені әлі күнге

маңызын жойған жоқ. Әсіресе оньң туған халқына тіке тіл қатып

«Азынаулақ миың болса басыңда, бұрынғыдай байың, жарлың шашылма!

Алалықты араңдағы жой, қазақ! Партия, штат дау-шарыңды қой, қазақ!» деп

нені болса да ашық, айтқан ақылы — дәл бүгінгі сөз, жариялылық пен

демократия, қазіргі қайта құру кезіндегі ұраны секілді.


Бірақ ол тұстағы жағдай да, заң да жалпыға мәлім. Соған сәйкес ендігі
өмірі мен өнерін түгел және біржола Қазаннан кейінгі жаңа заманға ба -
ғыштаған Бейімбет Майлин 1919-1921 жылдары ауылдағы кеңес жұмысына
араласады. 1922 жылы Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп,
баспасөз қызметіне қызу кіріседі. Орталық газет бетінде жиі – жиі әңгіме-
очерктер жариялап, «Қызыл Қазақстан» журналында «Шұғаның белгісін»
жаңадан жөндеп бастырады, кітап баспасынан өлеңдер жинағын шығарады.
1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, «Ауыл» деген жаңа газет
шығарысады. Көптеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі «Раушан-
коммунист» повесі осы газет бетінде жарық көреді. 1925 жылы өлкелік
өкіметтің арнайы шақыруымен республиканьң сол кездегі астанасы
Қызылордаға келіп, қайтадан баспасөз және баспа орындарында (1934 жылға
дейін) әр алуан қызметтер атқарады. 1934—1937 жылдары «Қазақ әдебиеті»
газетінің бас редакторы болып істейді.
Осылармен қатар, ұйымдасқан күнінен бастап үздіксіз Қазақстан
жазушылар ұжымыньң құрамында болып келген Бейімбет ұлан-ғайыр әдеби
еңбекті ұйымдастыру, ұйым жұмысын басқару, жас әдебиетшілерді тәрбиелеу
ісіне жүйелі қатысып, үнемі ат салысып отырады. '
Бұл жылдарда Майлин - суреткер өз дәуірінің ұлы, өз заманының үні
болудың үлгісін көрсетті. Әсіресе оның шағын және орта көлемді эпика
түрінде ай сайын, апта сайын толассыз туып, мерзімді газет-журнал
беттерінде үздіксіз жарияланып жататын әдеби шығармалары
жиырмасыншы - отызыншы жылдардағы ауыл өмірінің әрі түзу айнасы, әрі
көркем шежіресі іспетті. Сол кездегі жаңа шаруа тұрмысы мен тіршілігінің
Бейімбет бейнелемеген сыры да, сымбаты да сирек шығар.
Осы жылдар ішінде жазушының өзі қалам тербеген барлық жанрда елу
бес кітабы жарық көріп, жалпы жұртқа кеңінен таралып еді.
Б. Майлин 1938 жылы дүние салды.


    1. Ақындығы

Бейімбет Майлин — ақын. Әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен

бастады және қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты.
Майлин — реалист. Оның поэзия, проза, драматургия салаларының қай-
қайсысында жазған шығармаларын алып қарасақ та, тұнып тұрған шындық,
ақиқаттан ауып басқан бір де бір адымы болған емес.
Ендеше, шыншыл суреткердің әдеби туындыларының болмыс-бітімін,
сыр-сипатын, қажет жағдайда тіпті күнгейімен қоса көлеңкесін сарапқа
салған тұста да оның өзіне ұқсамауға, яғни ақиқат шындықтан алшақтауға
болмайды.
Қазақ поэзиясының дамуына өзіндік үлес қосты дегенде біз қазақ өлеңін
көркемдік жағынан еуропалық биікке көтеріп, оның мазмұнды пішінін
тотыньң түгіндей құбылта құлпыртқан Абайдан әрі өрлетіп әкетті демейміз.
Әділіне келсек, Бейімбет өлеңдерінің өрімі — жеңіл түрі, ырғағы, ұйқасы...
— Абай реформаларынан көш кейін жатады.
Демек, кейбір зерттеулерде айтылып жүрген «Бейімбет — қазақ өлеңінің
асқан шебері» деген пікір ұшқары, ағат. Мазмұн мен пішін жағынан қатар
салмақтап байқасақ, оның суреткерлік шеберлігі әңгімелеріне қарағанда
өлеңдерінде бәсең, әлсіз.
Олай болса, Майлин поэзиясының қадір-қасиеті неде?
Екі нәрседе — жырлаған тақырыбында және бейнелеген образында біріншіден,
Бейімбет қазақ кедейінің тұрмысы мен тіршілігін қазақ поэзиясында өзіне
дейін болмаған аумақта, кең, терең және жан-жақты суреттеді.
Екіншіден, Бейімбет қазақ кедейінің мінезі мен мүсінін қазақ поэзиясында
өзіне дейін болмаған деңгейде дәл, тіпті типтік һәм символдық дәрежеде
(Мырқымбай) тарихи жағынан нақты және өрбу, өсу үстінде сомдап соқты.
Осы екеуінің устіне енді Бейімбет өлеңдері мен поэмаларының тұла
бойына күн шуағындай тарап, ұшқын атып, сәуле шашып жатқан әрі жылы,
әрі шымыр юморды (эзіл-әжуәні) қоссақ, жалпы Майлин ақындығыньң
өзгелерден окқшау тек өзіне ғана тән ерекшелігі белгіленді де, оның,
жоғарыда айтылғандай, казіргі қазақ поэзиясының дамуына қосқан улесі
анықталады.


    1. Жырлағаным - кедейдің жыры

Суреткердің өнері өмірімен, яки өз басынан кешкен ғумыр-

тіршілігімен тығыз байланысты. Ол өмірде нені жете таныса, өнері арқылы

жұртқа да соны танытады. Осы ақиқат тұрғысынан қарасақ, Бейімбеттің

дүниеге көзін ашқаннан көргені-баққаны көбіне ауыл өмірі. Төңкерістің

бұрынғы, төңкеріс қарсаңындағы және одан кейінгі қыр тіршілігі, дала

тұрмысы. Сондықтан оның ширек ғасыр бойы, сөз өнерінің қай жанрында

болсын, жазған шығармалары түгел ауыл өміріне арналуы тегін емес.
Осыны өзі де білген. «Жаңа әдебиет» журналының 1931 жылғы 6-7
сандарында ол өзі туралы: «Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл
туралы ғана болып келеді,— деп ашып айтты. Өндіріс өмірін суреттеуге мен
әлі күнге дейін кірісе алғаным жоқ. Өйткені әлі күнге дейін өндіріс өмірімен
таныстығым жоқ».
Бейімбеттің дала жырындағы — ауыл әуеніндегі өзіне дейінгілерден
оқшау ерекшелік те дәл осы арадан келіп шығады.
Сенің зарың — зарлайтыным өмірде,

Сенің арың — арлайтыным өмірде.

Сен жыласаң — көзден жасым тамшылар,

Сен қуансаң — қайғы, шерім аршылар.

Бейімбет Майлиннің «Кедейге» деген өлеңіндегі осы жолдар — оның

ақындық кредосы — қаламгерлік бағдарламасы. Ол өзінің онша ұзақ емес

өнер жолында осы мақсатынан бір сәт тайып, табан аударып көрген жоқ.

Өйткені оның өмірде де, өнерде де серті тұрақты, берік және мәңгілік ант

еді.

Кедей деп туғам, кедей деп өлем.



Не көрсем де кедеймен көрем.

Кедей қуанса, кедей жұбанса,

Бір елі көкке тимейді төбем.
Жырлағаным — кедейдің жыры.

Сырлағаным — кедейдің сыры.

Сырым да бір, жырым да бір,

Мен дағы сол кедейдің бірі.

«Ұлы күн».
Жоғарыда аталған жорық ақыны Махамбеттің дала тақырыбындағы

толғау жырында аһ ұрған арман, өкініш аралас өршіл романтизм сарыны


желі тартып жатса, Абайдан төгілген шалқыма сырда ауыл көшіп кеп қонып
жатқан сәнді де салтанатты жазғы жайлаудың мәре-сәре көңілді, көркем
көрінісі таза реалистік сипатта суреттелсе, Бейімбеттегі дала кейпі — ауыл
кескіні мүлде басқа: ол дала тіршілігіне, даладағы ауыл тұрмысына кезінде
әр шиеленістің бірден-бір себебі саналған таптық тұрғыдан, дәлірек
айтқанда, өзінің шықан тегі кедейдің көзімен қарайды. Мұның өзі заңды да.
Ең үлкен ерекшелік осында жатыр.
«Әдебиеттің таптығы» деген қатал да қиын қағида әдеби шығармашылықтың
шешуші шартына айналған жағдайда Бейімбеттің бұған басқа көзқараста
болуы мүлде мүмкін емес еді.
Ауыл өміріне кедей мүддесі мен мұратының тұрғысынан қараған Бейімбет
шығармаларының идеялық мазмұнында, сөз жоқ, қазақ қоғамындағы қилы-
қилы қайшылықтар, адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктер желі
тартып жатты.
1915 жылы жазған «Жазғы қалып» деген өлеңінде ақын қыс өтіп, жаз
жетіп, табиғат түлеп өзгергенмен ауыл өміріндегі атам заманнан келе жатқан
ескілік, кертартпа салт-сана, «жер дауы, жесір дауы — кесір дауы» әлі
өзгермей, «қыс болса, әмеңгерге жесір сатып, аянбай көз жасына белден
батып» жүрген «ақсақал, қарасақалдардың» әдептен тыс нысапсыз әдет-
ғұрпын аяусыз әшкерелейді.
«Ауылда» деген өлеңінде автор надан ортада үйден-үйге қыдырып «ет те
шай — тапқаны тек тамақ ішкен» қаракетсіз жалқауларды сынаса,
«Садақбайда» ел ішін алтайдай бүлдіріп, топ, жік партия құрып, жұртты орға
жықпақ болып жүрген саяси алаяқтарды түйрейді.
Майлин жырлаған қазақ ауылы екеу — төңкеріске дейінгі ескі ауыл,
төңкерістен кейінгі жаңа ауыл. Екеуінің де сыр-сипатын ақын тек қана кедей
дүрбісімен көреді, көрсетеді, таниды, танытады.
Ал кедей деген кім, кедейлік деген не? Мұны Майлиннен артық білген
ешкім тағы да жоқ. Мұны 1913 жыл медреседе оқып жүрген кезде жазған
алғашқы өлеңінен-ақ («Мұқтаждық») анық аңғаруға болады:

Ай, мұқтаждық, кесел болып тұрдың ғой!

Талапкерге қарсы тұзақ, құрдың ғой!

Қолды созып, бойды жазып жүргізбей,

Ауруы жоқ бір мүгедек қылдың ғой.

Ақынның түсінігінше, мұқтаждықтың ең кесірлі жері — талапты жастың

қалтасын қағып, түбінен «жел гулететіні» ғана емес, ілгері бассам деген аяғын

кері тартып, «жалындаған жүрегін сөндіретіні». Содан соң амал жоқ:


Шарасыздық күнге ұшырап байғұстар

Садаға ушін жанын байға жалдайды.

Бейімбет өзінің тұрақты тақырыбына осының бәрін тұрлаулы түрде

көріп-біліп, ұғып-түйіп, саналы түрде келді.


Ал енді бай деген кім, байлық деген не?. Майлин бұған да («Мал»,
«Байлыққа», «Қарынға») кедейдің көзімен қарайды. Бұл тұста да түйін-
тұжырым берік. Мәселен, «мал» —Майлиннің ұғымында Бальзактың
түсінігіндегі «ақша» секілді,— «санасызды санға қосқан», сөйтіп оның «өзін
патша, өзін би» еткен байлық. Малы .бардың қолында бәрі бар. Тілесе,
тіпті:

Малы барлар «Мекке» барар жалақтап,

Сөзін сыйлы, елді аузына қаратпақ.

«Мұсылмандық белгісі».



Дәл осы арада ақынның шыншылдығымен қатар сыншылдығы да айрықша

айшықпен көзге туседі. 1912 жылы он сегіз жасар Бейімбеттің Медресе-

Ғалиядағы қолжазба журнал «Садақта» тұңғыш жарияланған осы өлеңінде

Қазан төңкерісіне дейінгі әбден тозығы жеткен, тарих сахнасынан шығып

бара жатқан ескі ауылдың тоңмойын тұр-тұрпаты, ауылдағы малдылар мен

жалдылардың ала-құла топас сыр-сипаты, томырық мінез-құлқы, байлар мен

жалшылардың ала-құла ара-қатысы ащы сықақ, уытты мысқыл арқылы

біршама білгірлікпен суреттеле тұра, жалпы қазақтардың діншілдігі көбіне

жасанды екені, асылы, қазаққа ислам жөнді дари қоймағаны әжуамен

аңғартылады. Шіркін, несін айтасың, «біздің қазақ баласы — шын

мұсылман» деп қағыта қалжыңдап алады да, мұның мұсылмандығының түрі

күніне «бес намаздың жалғызын-ақ оқып ап», құдайға беталды құла түз

«құлдық» ұра беру деп күледі. Байлар бұл тұста да баяғы қалпы арамза,

алдампаз, алаяқ молдаға зекет ретінде «көтерем тай, қотыр қой» беріп, соңыра

«о дүниеге» барғанда бәрі түгел жұмақ төрінен бір-ақ шықпақ! Осыны аяусыз

сынға алған ақын өлеңінің аяғын астарлы кекесінмен бітіреді:

Барлық қазақ, иемденіп, жұмақты,

Басқаларға орын қалмай жүрмесін.

Майлин юморы мен сатирасы осылайша ақындығының алғашқы

адымдарынан бастап-ақ әрбір өлең жолдарының ара-арасынан шымыр-

шымыр қайнап шығып, күллі поэзиясының өнбойына шым-шым ете берген

еді.


Көне ауылдың қоғамдық қоршауы мен әлеуметтік ортасындағы кедергі-
кеселді, адам басындағы кесапат-келеңсідікті, керенау-кердеңдікті найзадай
түйрейтін осынау ащы да болса ашық, адал, ақжарқын күлкісін ақын өзінің
аңызға айналған әйгілі ұнамды кейіпкері Мырқымбай мінезін, қылығы мен
құлқын, әдеті мен ғұрпын, сайып келгенде, санасы мен салтын әзілдеген тұста
да іркіп көрген емес.
Мырқымбай - қазақ әдебиетінде бұрын - соңды мұншалық бедерлі
бейнеленбеген, дәлірек айтқанда, мұншалық жан-жақты жинақталмаған және
дараланбаған, ұтымды мүсінделмеген және мінезделмеген тың тип. Ол —
Төңкеріске дейін байдың малын бағып, шөбін шауып, ғұмыр-тіршілігін
құлдық пен қорлықта, азап пен бейнет астында өткізген_төңкерістен кейін ол,
өз еркі өзіне тиіп, енді малға ие, жерге қожа болып, адам санатына қосылған.
Келе-келе өмірге көзін ашып, оңы мен солын танып, енсесін көтере белін
жазып, қашаннан шерге толы көкірегіне енді азаттықтан туған қуаныш енген
соң аздаған жел бітіп, асып бара жатқан ерлік болмағанмен біршама ожар
ерлікке басып, төңірегіне тентектік көрсете бастаған жалаңаяқ жалшы — кейде
кеж, кердең, кейде томырық, тұйық, кейде оспадар, ожырай, өзінің оқығаны
жоқ, қараңғы, тұрмыстан тоқығаны да жоққа жақын көрбала, бірақ әйтеуір күш
біткен, ниеті дұрыс, пиғылы адал еңбек адамы — кедей. Дәл осындай
сауатсыз шаруаға тән сыр мен сипатты шындық шеңберінде өндіре, өрбіте
кейде тіпті өсіре баяндау арқылы Бейімбет ел аузында аңызға айналып
кеткен атақты образ-символын айшықтайды.
Мырқымбай —жиынтық кейіпкер — тип. «Мырқымбай» деген есімнің
өзінде әжуамен пернеленген астар бар, атына заты—болмысы, бітімі, мінезі,
қылығы, қимылы, қауқары түгел сыйып тұр. Мырқымбай десе
мырқымбай!..

Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!


Бай, бай, бай, бай!
Жүрмейсің жәй. Нең, бар еді?
Әй, құдай-ай!..

«Мыр қ ым бай ».

Бұл — Мырқымбайды тұңғыш көруіміз, заман ағымына, заң байыбына

жөндеп бара алмайтын парықсыз, доғал, сотқар баласының ат сұраған

ауылнайды жер-жебіріне жете балағаттап, анайы бейбастық, жасағанына

өкініп діңкесі құрыған әке не қыларын білмей:


Бай, бай, бай, бай!

Жарым ес-ай!

Құның ба ед! Бір шолақ тай!

деп ызаға булығып, зығыры қайнайды. Ал баласы бәрібір түкке түсінбейді.

— Әке-ау, мұның не?— деп аңырады,— Ауылнай құдай ма еді?

Әкімді құдай деп, шұлғимыз да отырамыз ба?

Осының өзінде кәдімгідей логика, керек десеңіз тіпті заңдылық бар.
Майлин бұл жерде де ақиқаттан аттамайды, шындықтың шекарасынан
шықпайды. Бұл тұстағы (1922) Мырқымбай бұдан бес жыл бұрынғы бай
мен болыс тепкісінің астында жатқан тулақ Мырқымбай емес, оянған көзін
ашқан, кеудесіне әжептәуір намыс біткен ширақ Мырқымбай. Бұл бүгінде
«өмір-күрес» екенін біршама ұққан, бірақ соның парқын дұрыстап түсіне
бермейді , күресу — қарсы келгенмен қалайда қарсыласу, қармаса беру, «атқа
мінген адам» көрінбесе «теке көзденіп» кету, омыраулау, ақылына көнбеу,
айтқанына жүрмеу деп біледі.
Күйгелек әке де қояр емес, өз-өзінен өжіктеп, баж-баж етеді;
Бар, шақырып кел!
Сары атты бер!
Қол қусырып, аяғына жығылсаң,
Ашуын тастадым дер!'

Тоңмойын бала торс ете, шалқасынан түседі;

— Бара алмаймын.

Оған пенде бола алмаймын!

Тентіретіп жіберсең де,

Бұл тіліңді ала алмаймын!

Баланьң дөкірлігі мен әкенің өкініші көрініс береді. Осы арқылы сол кездің

бір алуан ащы шындығы қолма-қол жария болады, адамдар арасындағы

алауыздық қыңыр қиястықтан, жөн білмейтін жетесіздіктен екені өлең-

диалогтен анық әрі әдемі аңғарылады. Осылайша, оқушының көз

алдында бір адамньң құлқы бір топ адамның мінезі, яки Мырқымбай

мырқымбайлыққа ұласады. Сонда Мықымбай — бір адамның кескінін ғана

емес, бүкіл бір әлеуметтік ортаның кейпі, сыры, сипаты. Мырқымбайдың

типтік бітімі де осы арада жатыр. Бейімбеттің жиырма шақты өлеңі мен екі

поэмасының әрқайсысында әр қырынан көрініп, кезеңді шындықты көркем

жинақтау арқылы мінезі мен мүсіні мейлінше мол тұтасып-тұлғалана

берген Мырқымбай келе-келе осылайша образ-символға айналған.
Мырқымбайға ыза болып күйіп-піскенмен, әкенің де баладан асып
баражатқан ештеңесі жоқ. Бала шорқақ болса, әке қорқақ, екеуі бір
сөлкебайдың екі жағы секілді. Әкенің балаға сары атты ауылнайдың
«жетегіне байласаң қайтеді?» деп зар қаққандағы халі мен қалпы жалпы
қоғам қамын ойлаған көшелілігі емес, қай заманда болмасын, әйтеуір
атқамінер атаулыдан ығып, ығысып қалған үркелектігі, үрейсіздігі, құр
қаудырлаған қауқарсыз қалбағайлығы.
Мырқымбай туралы өлеңдер топтамында сөз бен сурет, ой мен образ
осылай жымдасқан. Майлин поэзиясында өзіне тән мәнер мен машық,
өзгеден ерекше өрім мен өрнек бар десек, оны дәл осы арадан іздеген жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет