Күні:. Пән: «Қазақ тілі және әдебиет» Мұғалім: А.Ахметова
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы «Шұғаның белгісі» хикаяты.
Сабақтың мақсаты: Шұғаның белгісі шығармасын меңгерте отырып Бейімбет Майлин туралы білімдеріңді тереңдету,шығармадағы кейіпкерлерді талдай отырып,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу
Сабақтың міндеттері:
Білімділік. оқушыларды қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Бейімбет Майлиннің шығармаларымен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, шығарманың мазмұнын толық білу, идеясын ашу:
Дамытушылық: жазушының жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту, шығарманы оқыта отырып іздендіру:
Тәрбиелік: адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Б.Майлиннің портреті, салайд,сабақтың эпиграфы.
Сабақтың түрі: Зерттеу конференция сабағы
Пән аралық байланыс: тарих,ән күй
Сабақтың әдісі: Ізденіс сабағы
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Амандасу ә)Түгендеу б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Эпиграфы:
Өнер алды-қызыл тіл,
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай,талмай,үйрен,біл
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл-асыл қазына,
Байлығын-білсең ол сенің
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің дей отырып сөз өнерін, тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.
Студенттер, біз бүгін үш бәйтерегіміздің бірі Бейімбет Майлиннің өмірі және Шұғаның белгісі хикаяты туралы айтамыз.
Сабағымыздың мақсаты: Шұғаның белгісі шығармасын меңгерте отырып Бейімбет Майлин туралы білімдеріңді тереңдету,шығармадағы кейіпкерлерді талдай отырып,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу. Бүгінгі сабағымыз қалыптан тыс сабақ. Зерттеу конференция сабағы.Әрине бұл сабаққа біз топтармен танысып қойыңыздар.
І топ – «Зерттеушілер тобы»
ІІ топ – «Өнерпаздар тобы»
ІІІ топ – «Ақындар тобы»
ІҮ топ – «Ізденушілер тобы»
алдын –ала дайындық жүргіздік. Сынып төрт топқа бөлініп өз тапсырмалары бойынша жұмыс жасады. Сол Қазір дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар..
Достарыңызбен бөлісу: |