Тест
1.Ашық буынды сөз: А)алаң В) аз С) бұршақ Д) қала
2.Балалардың айтқан сөзіне қарап, қайсысы ғылыми жұмыспен айналысып жүргенін анықтаңыз.
А)Екеуміз киноға барамыз. В) Ертең атам келеді.
С) Бал араларының тіршілігін бақылап жүрмін. Д) Сен кеше келдің бе?
3.Біріңғай мүшеге тән емес қатарды көрсетіңіз.
А)тек күрделі сөздерден жасалады В) бәрі бір сөз табынан болады
С)сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Д) бәрі бір сұраққа жауап береді
4.Бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесін белгіле
А)әкенің өсиеті В) кітап оқу С) сегіз дәптер Д) қоңыр салқын жел
5.Нақ осы шақтағы етістікті көрсет
А)айтады В) айтып тұр С) айттың Д) айтасыз
6.Дұрыс жазылған сөзді тап
А)тоқыу В) жылыу С) жуыу Д) оқу
7.Ұяң дауыссызы бар сөз
А)алтын В) көктем С) вагон Д) құрсау
8.Тасымалдауға болмайтын екі буынды сөзді көрсетіңіз
А)ала,орақ,ауа В) таза,көл,көк С) ару,екі,қар Д) ырыс,бірлік,үш
9.Сөйлемдегі бастауышты белгіле: Біздің үйге қонақ келді.
А)біздің В) үйге С) қонақ Д) келді
10.Тиісті жерге сызықша қойылатын сөйлемді тап.
А)Қасқыр жыртқыш аң. В) Кешкі асқа келіңдер. С)Астанаға қыс келді. Д)Асан қобызын ала келіпті.
11.Сөйлемнің түрін анықтаңыз.Атай немересіне ертегі айтып берді.
А)құрмалас сөйлем В) лепті сөйлем С) жалаң сөйлем Д) жайылма сөйлем
12.Сөйлемнің басындағы қаратпа сөзден кейін қойылатын тыныс белгісін тап:
А)нүкте В) үтір С) сұрау белгісі Д) леп белгісі
13.Негізгі сөзді көрсетіңіз
А)суретші В) сауын С) сыйлық Д) жұмыс
14. «Аң» сөзіне жалғануы тиіс жұрнақты көрсетіңіз.
А)-ға В) –шы С) –мен Д) –ғы
15.Түбірлес сөздерді белгіле:
А)жұмысшы,құрылысшы В)балалық,балақай,балажан
С)сулық,суға,балапан Д)балалық,сулық,балалар
16.ІІ жақ тәуелдік жалғаулары бар сөздерді ата:
А)балалар,қағаздар,қойлар В)балаларың,қағаздарың,қойлары
С) балаларға,қағаздарға,қойларға Д) балалармен,қағаздармен,қойлармен
17.Күрделі етістікті белгіле:
А)жуып тұр В) жуды С) жумады Д) жуған
18.Болымсыз етістіктер қатарын көрсет:
А)сыз,теже,күл,үз,бол В)сыздың,тежедің,күлдің,үздің,болдың
С) сызба,тежеме,күлме,үзбе,болма Д) сызасың,тежейсің,күлесің,үзесің,боласың
19.Туынды сын есімдерді белгіле:
А)әдемі,жарық В) ұзын,жұмсақ С) қалың,жұқа Д)ақылды,өнерлі
20.Сан есімі бар сөйлемді көрсет:
А)Мен ерте тұрдым. В) Оның аты-Қасен. С) Қасен екінші сыныпта оқиды. Д) Ол кітап оқыды.
Тест
1.99999 саны мен 666 және 888 сандарының қосындысының айырмасы:
А)88886 В) 98445 С) 99666 Д) 88445
2.Төмендегі теңдіктердің қайсысы дұрыс?
А)65 м85см=6575см В) 2сағ 2мин6 сек=7326сек С) 3 тәул2сағ=75 сағ Д) 8ц5кг=11ц
3.Аквариумның ұзындығы 16 дм, ені 7 дм,биіктігі 7дм.Аквариумның көлемін есепте.
А)800дм3 В) 931дм3 С) 400дм3 Д) 750дм3
4.Бірінші қосылғышы 632-ге тең,екінші қосылғышы х-тің 6-ға бөліндісіне тең,қосындысы 638 болатын өрнектегі х-тің мәні:
А)х=270 В) х=24 С) х=36 Д) х=16
5.Мыңдығы -6,бірлігі-8,ал жүздігі мыңдығынан 3 есе кіші, ондығы 0-ге тең болатын санды анықта.
А)6280 В) 6208 С) 8680 Д) 6780
6.98 санына қалдықсыз бөлінетін санды көрсет:
А)6 В) 8 С) 4 Д)2
7.ИЛ-86 ұшағы 350 жолаушы,ал ЯК-42 ұшағы 120 жолаушы таси алады.5 рейс жасағанда, ИЛ-86 ұшағы ЯК-42 ұшағына қарағанда қанша жолаушыны артық таси алады?
А)600 В)1500 С) 1750 Д) 1150
8.Еділбай қойынан 457 кг жүн күзелді.Бұл меринос қойларынан күзелген жүннен 4 есе кем.Меринос қойынан неше килограмм жүн күзелді?
А)1288 В) 1628 С) 1868 Д) 1828
9.Тіктөртбұрыштың ұзындығы 9 см, ал ені одан 3см-ге кем. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңыз.
А)18см В) 72см С) 27см Д) 30см
10.Етікші 4күнде 12 етік тікті.Ол 135 етікті қанша уақытта тігіп бітіреді?
А)405 В) 504 С) 507 Д) 408
11.Екі автомобиль бірдей жылдамдықпен қозғалады.Біріншісі 400 км, ал екіншісі 480 км жүріп өтті. Егер бірінші автомобиль екіншіге қарағанда 2 сағат кем жүрсе, әрқайсысы қанша уақыт жүрген?
А)9 және 12 В) 5және 9 С) 6және 8 Д) 10 және12
12.9 мыңды 12 ондыққа арттырса...
А)912 В) 90012 С) 9012 Д) 9120
13.105060 санын 20300-ге арттыр.
А)125360 В) 107360 С) 305900 Д) 125000
14.6 сағат 480 секундта неше минут бар?
А)600 В) 368 С) 240 Д) 3600
15.Дұрыс теңдікті көрсет:
А)906см=90м6см В) 906см=9м6см С) 906см=9дм6см Д) 906см=900дм6см
16.Есепте: 5ц609г=....г
А)500121г В) 500108г С) 500609г Д) 500151г
17.70000+9000+300+40 өрнегі қай санның разрядтық қосылғышы?
А)70934 В) 7934 С) 79340 Д) 79304
18.326745 санында он мыңдық нешеу?
А)7 В) 3 С) 2 Д) 6
19.280617 саны дұрыс белгіленген жазу
А)200000+80000+600+10+7 В)200000+8000+600+10+7
С) 200000+8000+6000+10+7 Д) 280000+60000+100+7
20. 10890 және 8910 сандарының айырмасын 3 есе арттырып,41-ге көбейт
А)247952 В) 247556 С) 243540 Д)243500
Достарыңызбен бөлісу: |