«Тағам технологиялары» факультеті «Тағамдық биотехнология» кафедрасы
«Жануарлар биотехнологиясы» пәні
Автор: а.ш.ғ.к., қауым профессор Каташева А.Ч.
№ 2 Дәріс Жануарлар биотехнологиясының жалпы
биологиялық негіздері
Дәріс жоспары:
- Жануарлардың сома жасушаларының биологиялық мәні.
- Жануарлардың ұрғашыларының репродукциялық жүйесі. Ұрғашылардың жыныс жүйесінің физиологиясы. Фолликулогенез жән овуляция
Мазмұн: Жасуша – тірі ағзаның негізі. Жануарлардың сома жасушаларының биологиялық мәні. Жануарлардың ұрғашыларының репродукциялық жүйесі.Ұрғашылардың жыныс жүйесінің физиологиясы. Фолликулогенез жән овуляция.
Жасуша – тірі ағзаның негізі. Жануарлардың сома жасушаларының биологиялық мәні
Малшаруашылықта ұрық дақылдардың зерттеулерінің негізінде жасушалы теория жатыр. Оның негізгі жағдайлары:
а) жасуша – тірі материяның негізі;
б) әр түрлі ұлпалардың, ағзалардың жасушаларының құрамы ұқсас;
в) жасушалардың көбеюі алғашқы жасушаның бөлінуінен басталады;
г) жасуша – жалпы ағзаның бір бөлегі. Оның бір белгілі құрамы және атқаратын жұмысы болады;
д) бір ағзаның жасушалары ұлпалардың, мүшелердің жүйелеріне кіріп бір бірімен тығыз байланысады.
Органикалық әлемде өмір ұйымдасудың екі түрі болады: жасушадан бұрын (вирустер) және жасушалы (прокариоттар, эукариоттар).
Эукариоттардың прокариоттардан айырмашылығы – эукариоттардың жасушаларында ядро бар, прокариоттарда жоқ. Эукариоттардың цитоплазмаларында әдейленген, бір белгіленген жұмыстарды атқаратын органеллалар бар. Эукариоттық жасушалар прокариоттық жасұшалардан үлкен.
Морфологиялық айырмашылықтан басқа прокариоттарда және эукариоттарда ұқсас қасиеттер бар: жасушаның сыртына және ішіне заттарды жеткізетін плазма болу; ақуыздың синтезі рибосомада өтеді; РНҚ синтезі және ДНҚ репликациясы; биоэнергетикалық үдірістер. Сонымен: жасұша – қабыршықпен қоршалған, реттелген, биополимерлердің (ақуыздар, нуклеинқышқылдар, липидтер, көмірсулар және т.б.) жүйелері, зат алмасу, энергетикалық үдірістерге қатысатын, жалпы барлық жүйелердің жұмыстарына көмектесетін.
Морфологиялық мән. Жануарлардың жасушасы плазматикалық қабыршықпен қоршалған цитоплазмадан, ядродан, органоидтерден тұрады. Цитоплазманың негізі – гиалоплазма – сулы негізгі зат. Гиалоплазма жасушаның құралымдарын біріктіріп олардың қарым-қатнасуына көмектеседі. Органеллалар – митохондриялар, Гольджи аппараты, рибосомалар, лизосомалар.
Молекулярлық мән. Жасушада әр түрлі заттар синтезделіп ыдырайды. Осы үдірістер ферменттердің көмегімен өтеді. Жануарлардың ұлпаларында 96 пайызы көміртек, сутек, оттек, азотқа келеді. 3,5 пайыз калий, кальций, натрий, фосфор және басқа микроэлементтер. Аз мөлшерде микроэлементтер бар. Жасұшада химиялық компоненттерді бейорганикалық (85 пайыз су, 1,5 пайыз минералдық тұздар) және органикалық (10 пайыз ақуыздар, 0,4 пайыз көмірсулар, 1,1 пайыз нуклеинқышқылдар, 2 пайыз липидтер) компоненттерге бөледі.
Физиологиялық мән. Жасушаның атқаратын негізгі жұмыстары келесі: зат алмасу, қозғалыс, көбею, қоздырғышқа жауап беру.
Зат алмасу. Жасушаның өмір сүру үдірістерінің негізінде зат алмасу жатыр (ассимиляция, диссимиляция).
Қозғалыс. Диссимиляция кезінде қуат босатылып шығады. Қуаттың жартысы жылуға айналады, жартысы қозғалысқа кетеді.
Қоздырғышқа жауап беру. Қоздырғыш себепкер шарттарға жылу, химиялық, электр және т.б. қуат түрлері жатады.
Көбею. Ол тірі ағзаның негізгі қасиеті. Жануарлардың жасұшаларының көбеюі бөліну жолмен өтеді. Бөліну екі әдісті болады:
а) тұра (амитоз);
б) күрделі (митоз).
Митозда ядрода терең өзгерістер өтеді.
Сүтпен қоректенетіндердің гонадалары жаратылысын жыныс белдік түрінде бастайды. Ұрық дамуын бастағанда оның алғашқы жыныс жүйелерінің екі түрін айырады – вольф және мюллер аңғарларын. Y-хромосомалардың болуымен байланысты ата бездер немесе ана бездер жаратылады. Ұрғашылардың жыныс мүшелері мюллер аңғарларынан, еркек жануарлардың жыныс мүшелері вольф аңғарларынан жаратылады.
Жыныс аппаратының биологиялық негізі – жануарлардың жыныс белгілерін жаратып, жұмыс істету.
Достарыңызбен бөлісу: |