Адам сусыз өмір сүре алмайды



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі364.48 Kb.
#483406
  1   2   3
Алмагул


Су-тіршілік көзі


Су- сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің қалыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.



Адам – сусыз өмір сүре алмайды.
Егер адам дене массасындағы судың 2%-ын жоғалтса, онда ол қатты шөлдей бастайды. Егер ол 10 пайызға дейін жоғарыласа, адамның көзіне түрлі нәрселер елестей бастайды, яғни галлюцинация басталады. Ал 12%-ын жоғалтса адам дәрігердің көмегінсіз қалпына келе алмайды. Егер, дене массасындағы судың 20%-ын жоғалтса адам өледі
Су – диета секілді әсер етеді.
Судың көмегімен артық салмақпен күресуге болады.Сусындардың ішінен тек суды ғана ішсе, рационның жалпы калориясы айтарлықтай төмендейді. Біріншіден, адам колориясы көп тәтті сусындар мен шырындарды ішуін тоқтатады. Екіншіден, су ішкеннен кейін шай мен кофе ішкендегідей тәттілерге тәбет аса тарта бермейді.
Судың құрамында ақуыз бар.
Теңіз суы айтарлықтай керекті негіз. Осындай 7 текше сантиметр судың құрамында 1,5 г ақуыз бен басқа да заттар бар. Ғалымдардың пайымдауынша, бір ғана Атлант мухитының өзіңде бүкіл жер шары бойынша бір жылда алынатын ақуыз бен қоректік заттар, яғни 20 мыңға жуық мөлшерде тағамдық құндылықтары бар.
Таза су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді. Қалыпты қысымда 100°С-та қайнайды да, 0°С-да мұзға (р=0,92 г/см3) айналады, сондықтан мұз су бетінде қалқып жүреді. Сонда оның көлемі 9 %-ға артады. Судың беткі қабатының мұзбен қапталып жатуы ондағы тіршілік иелерінің қыс мезгілінде де өмір сүруіне жағдай жасайды. Температурасы 4°С болғанда, тығыздығы 1г/см3 (судың ерекшелігі). Судың жылу сыйымдылығы өте жоғары, оны мына мысалмен түсіндірейік. Жаздың аптап ыстық күндерінде су жылуды сіңіріп, өзеннің маңайын салқындатып тұрады, сондықтан адамдар оның жағалауына дем алуға көптеп барады.




Су тіршілік көзі, табиғатта ең көп таралған зат. Су Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді, табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді.Тірі ағзалардың 60-70%-ы , ал өсімдіктердің 90%-ы судан тұрады. Су – тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады.Организмде судың жеткіліксіз болуы шөддеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-кан тамыр жүйесінің жұмысын қиналадатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет