Сұрақтар
|
Жауаптар
|
Информатика пәнінің мектепте оқытылуы жөніндегі мәселелер қандай қолданбалы ғылыми - зерттеу бағдарламалары бойынша жүргізілетінін жазыңыз.
|
- “Жалпы орта білім мазмұнын жаңартудың ғылыми - әдістемелік негіздері” (1992-1996ж.);
- “Білім мазмұнын жаңарту Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын жүзеге асыру” (1997-1999 ж.);
- “Қазақстан Республикасындағы жалпы білім мазмұнын жетілдірудің ғылыми - әдістемелік негіздері”(2000-2002ж.)
|
Информатика пәнін ғылыми - әдістемелік жағынан қамтамасыз ету мәселесімен айналысқан мамандарды жазып өтіңіз.
|
Лабораторияда 1990 - жылдардан бастап жоғарыда аталған бағдарламаларға сәйкес информатика пәнін ғылыми - әдістемелік жағынан қамтамасыз ету мәселесімен Ж. Қараев. С. Рах, К. Халықова, Ж. Ешеева, М. Кенжебаева, М. Құрманбаев, Қ. Аганина т.б. мамандар айналысты.
|
Информатика пәнін оқытудағы кезеңдеріне тоқталып. Анықтама беріңіз.
|
Бірінші кезең - пропедевтикалық. Бұл кезеңде, төменгі сынып оқушыларын компьютермен алғаш таныстыру өтеді, қарапайым компьютерлік ойындар мен жаттығулар бағдармаларын қолдану арқылы оларда ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.
Екінші кезең - базалық курс, информатика пәні бойынша оқушылар дайындығының жалпы білім денгейімен қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде оқушылар ақпараттық технология құралдары мен әдістерін менгеріп, компьютерді қолдана білу біліктілігі қалыптасады.
Үшінші кезең - информатика саласы бойынша көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы оқу бағдарламалары бойынша, қызығушылықтары мен бағыттарына қарай кәсіптік даярлыққа дейін білімдерін жалғастырады.
|
“Информатика” пәні бойынша орта жалпы білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында ұсынылғандай информатикалық білім мазмұнында қандай бөлімдерді қамтиды.
|
“Информатика” пәні бойынша орта жалпы білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында ұсынылғандай информатикалық білім мазмұны теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика бөлімдерін қамтиды.
|