2. Функционалдық мүмкiндiктердi дамытуды талдау



Дата24.02.2016
өлшемі144.46 Kb.
#14960


2. Функционалдық мүмкiндiктердi дамытуды талдау


Мемлекеттiк органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары және мiндеттердiң атауы

Мемлекеттiк органның 2014 жылға стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын iске асыру бойынша жоспарланған iс-шаралардың қол жеткiзуi

2014 жылы нақты орындау

(есеп кезеңдегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң нәтижелерiн жақсартуға бағытталған iс-шаралар)

Қол жеткiзбеу себептерi

1

2

3

4

1-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының тиімді әлеуметтік-экономикалық саясаты

1.1-мақсат. 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үш еседен аса артуын қамтамасыз ету

1.2.-мақсат. Мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету және бюджет тиімділігін арттыру

2-стратегиялық бағыт. Өңірлерді дамыту саясаты және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

2.1-мақсат. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуін қамтамасыз ету

2.2-мақсат. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік деңгейінің өсуін қамтамасыз ету

3-стратегиялық бағыт. Сәулетті, қала құрылысын, құрылысты және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту

3.1-мақсат. Тұрғын үй құрылысын дамыту

3.2-мақсат. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру

3.3-мақсат. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту

4-стратегиялық бағыт. Жер ресурстарын пайдалану мен геодезия және картография саласындамыту

4.1-мақсат. Жер ресурстары, жер заңнамасын сақтау туралы мәліметтер жүйесін қалыптастыру 4.1.1-міндет. Жер ресурстарының сапалық жай-күйі туралы ақпараттық қамтамасыз ету деңгейін арттыру

4.2-мақсат. Қазақстан Республикасының аумағын жергiлiктi жердiң қазiргi күйіне және топонимикаға сәйкес геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету

5-стратегиялық бағыт. Халықаралық экономикалық интеграция және сыртқы сауда қызметі

5.1-мақсат. Әлемдік сауда-экономикалық жүйеге интеграциялау арқылы республиканың экономикалық мүдделерін жылжыту мен қорғаудың тиімді және жедел жүйесін құру, сондай-ақ сыртқы сауданы дамыту

6-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік басқару жүйесін және квазимемлекеттік секторды дамыту

6.1-мақсат. 2015 жылға қарай корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу

6.2-мақсат. Ұсынылатын статистикалық ақпараттың сапасын жақсарту

6.4.-мақсат. Материалды-тауарлық құндылықтарды жеткілікті көлемде және мемлекеттік жүйедегі материалдық қорды жетілдіру (құпия)


1. Министрлік әзірлеген және (немесе) қабылдаған нормативтік құқықтық актілерде құқықтық мониторингілеу

Жартыжылдықта 1 рет

Мониторингтің нәтижелері ӘМ Министрліктің хатымен жіберілді:

Бірінші жартыжылдық: 2014 ж. 30.06. № 35-20/24-И;

Екінші жартыжылдық: 2014 ж. 30.12 № 35-20/73






2. Министрлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

Тұрақты негізде

2014 жылы комиссияның 6 отырысы өткізілді, нәтижесінде шетелдік курстарға 11 адам ұсынылды. Оның ішінде 10 адам өз біліктілігін жоғарлатты, 1 қызметші магистрлік бағдарламасына ұсынылды.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында 58 адам оқу өтті, онын ішінде 7 адам- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарын өтті, 31 адам – «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарын өтті, 20 адам-«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арртыру курстарын өтті.





3. Кадрлар ағымының тұрақты динамикасын қамтамасыз ету

Тұрақты негізде

Кадрлардың жиі ауысуына жол бермеу мақсатында қызметшілерді Министрлікте жұмыс істеуге ынталандыратын монетарлық емес әдіс қолданылады. 2014 жылы Министрлік қызметкерлерінің ішінен 43 адам ҚР мемлекеттік наградаларына, Министрліктің құрмет грамотасы мен мақтау хаттарына 133 адам ие болды. 16 адам «Еңбек ардагері» медалімен наградталды.






4. 2016 жылға қарай биліктегі әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі 30% өкілдігіне қол жеткізу бойынша шаралар қабылдау

Жыл сайын

2014 жылы кадр резерві тізімінен Министрлікке бос басшылық лауазымдарға 13 әйел адам қабылданды.

Министрліктің жоғары лауазымдарына 97 әкімшілік қызметкерлер тағайындалды, оның ішінде 43,3%-ы әйел.

2014 жылы министрлікте басшылық ететін лауазымдарда әкімшілік қызметкерлер әйелдердің үлесі 43,1 %-ын құрады.






5. Министрліктің қолданыстағы құрылымын талдау және Министрлік жүйесі ішіндегі міндеттер мен өкілеттіктерді нақты бөлу мақсатымен қажет болған жағдайда оны өзгерту

Тұрақты негізде

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы


6 тамыздағы № 875 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Жарлығын орындау мақсатында Министрліктің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 65-ж бұйрығымен 733 бірліктегі Министрліктің орталық аппаратының штаттық саны және құрылымы бекітілді.




6. «Б» корпусының жоғары тұрған бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына министрлікте жұмыс істейтін жастарды тағайындау

Тұрақты негізде

2014 жылы ҚР ҰЭМ-нің жастардың ішінен 62 жас мемлекеттік қызметшілер жоғары тұрған бос лауазымдарға тағайындалды.






7. «Б» корпусының кадрлық резервінен бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға жастарды қабылдау

Тұрақты негізде

2014 жылдың ішінде кард резердің тізімдерін қарастырып 66 адам бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға жұмысқа қабылданды.






8. Халықаралық қаржылық ұйымдарымен, рейтингтік агенттіктермен, елдермен өзара іс-қимыл жасау

Тұрақты негізде

011 «Астана қаласында Азия даму банкінің жыл сайынғы отырысын өткізуді қамтамасыз етуге қызмет көрсету» бюджеттік бағдарламаның аясында Астанада Азия даму банкінің жыл сайынғы жиналысын өткізуді қамтамасыз ету үшін 659.482 мың теңге сомасына қаражат бөлiнген болатын.

Бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде толық мөлшерде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бірлескен келісімді іске асыру бойынша тікелей нәтижесінде қол жеткізілген.

Сондай-ақ, 006 «Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама шеңберінде Еуропалық Қайта құру және даму банкімен және АДБ бірлесіп ҚР мемлекеттік органдарының зерттеулері түрінде техникалық көмек жобаларын жүзеге асырылды. Есепті кезеңде 12 зерттеу іске асырылды.

Тұрақты түрде Standard&Poor's, Moody's және Fitch рейтингтік агенттіктермен өзара қарым қатынас жүргізулуде. 2014 жылы рейтингтік агенттітердің 3 сапары ұйымдастырылды, 1 Conference-call өткізілді. 2014 жылдың қорытындылары бойынша ҚР рейтингтері өзгеріссіз, «инвестициялық сыныпта» сақталды.

2014 жылдың 17 наурызындағы №49 шартқа сәйкес ұлттық экономика министрлігі мен «ЭЗИ» АҚ бірлесіп Қазақстанды IMD рейтингіне енгізу жұмыстарын жүргізді.Осы зерттеу шеңберінде бірінші мақсатты іске асыру бойынша «2014 жылғы Қазақстанды IMD ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингіне енгізу» Қазақстан аумағында компаниялардың менеджерлерінен сауалнама алынып, ұлттық дерекнамадан статистикалық ақпарат жиналды. Оған қоса, Министрлік сайтында «Қазақстан Республикасы 2014-2015 Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін» сұрағы бойынша ақпарат жарияланды. Шығ. № 13-4/182 2014 жылдың 28 қарашасынан






9. Ақпаратты жинау және пайдалану жүйесінің еңбек сыйымдылығын реттеу және қысқарту, Министрліктің қызметкерлерін интернетке, заң және ақпараттық базаларына қол жеткізумен қамту, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер

Жыл сайын

Министрлік қызметкерлері толығымен «Заң» деректер қорына қолжетілімділігі бар, ал Интернет желісіне қолжетімділік Министрлік қызметкерлеріне Министрліктің ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарына сәйкес өтінім ұсынылғаннан кейін беріледі.

Министрліктің қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы сытып алынды:


  • комьютерлік планшеттер саны 147 данада;

  • оқшауланған принтерлер саны 3 данада;

  • МФУ саны 2 данада;

  • жазба үстелі саны 50 данада.




10. Министрліктің интернет-ресурстарын жетілдіру, оның өзекті жаңартылуы, сондай-ақ оның ішінде азаматтардың Министрлік басшылығымен «жанды қатынасына» мүмкіндік беретін арнайы веб-парақтар ашу

Тұрақты негізде

Қайта құрылған Министрліктің қызметі бағыттарын есепке ала келе, сайттағы ақпараттарды жаңарту жұмысы жүргізілді.

Министрліктің ресми интернет-ресурсының домен атауы economy.gov.kz. ауыстырылды.

Министрліктің ресми интернет-ресурсына ақпараттық материалдарды орналастыру және жаңарту регламентінің жобасы жасалды (келісілу үстінде)

Сайттың жүйелі ақпараттық толықтырылуы мен оның мазмұндық тартымдылығын қамтамасыз етуге ерекше көніл бөлінеді.

Солайша, «Казконтент» АҚ мәліметіне сүйенсек, 2014 жылдың қорытындысы бойынша интернет-ресурстың қолжетімділігі мен оның контенттік толықтырылуы 90% бағаланған.

Азаматтардың өтініштерін қабылдау мен қарау «Сұрақ-жауап» рубрикасы мен Министрдің жеке блогы арқылы іске асырылады. 2014 жылы «Сұрақ-жауап» рубрикасына түскен 180 сұраққа, Министрдің блогына жіберілген 360 сұраққа жауап қайтарылды.

Азаматтардың Министрлік басшылығымен «көзбе көз әнгімелесуді» қамтамасыз ету «Азаматтарды қабылдау» бөлігі арқылы жүзеге асырылады. Аталған бөлігінде азаматтарды қабылдау кестесі, статистикалық есептер мен азаматтарды қабылдау нәтижелері орналастырылған.






11. Ақпараттық ресурстарда Министрліктің қабылданатын шешімдерін жариялауды қамтамасыз ету

Тұрақты негізде

2014 жылы Министрліктің ресми интернет-ресурсында Министрлік қызметін реттейтін 267 заңға тәуелді кесімдер орналастырылған.






12. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Тұрақты негізде

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы №174 «Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы" Жарлығы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бірыңғай саясатын жүргізу мақсатында «Министрлік ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі саясатты, нұсқаулықтарды, қағидалар мен жадынамаларды бекіту туралы бұйрығы» әзірленді және бекітілді (бұдан әрі - Ақпараттық қауіпсіздік саясаты).

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы»  Жарлығына сәйкес Ақпараттық қауіпсіздік саясаты бойынша қосымшасында ҚР ЭБЖМ-ді ҚР ҰЭК атын ауыстыру бойынша өзгертулер енгізілуде.





13. Бюджеттік саясатты қалыптастыру және бюджетті жоспарлау кезінде мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау

Тұрақты негізде

Бюджет саясаты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жыл сайыны Жолдауында айтылған бағыттарын және Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында бекітілген тәсілдерін ескере отырып, қалыптасады.

Бюджет саясатының негізгі тәсілдері Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында көрсетілген.

Жоспардың іс-шараларын орындау шеңберінде мемлекеттік органдармен әрекеттесу арқылы жүзеге асырады.






14. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы, Еуразиялық экономикалық кеңес комиссиясы жанындағы Консультативтік комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарын өткізу

Тұрақты негізде

Қазақстан тарапы ЕЭК Алқасының жанындағы Консультативтік комитеттердін және ЕЭК Кеңесі жұмыс топтарының отырыстарына тұрақты негізде қатысады. Отырыстар барысында 2014ж. Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы шарт бойынша реттелмеген мәселелер және КО-мен ЕЭК қызметі қаралды.






15. Мемлекеттік басқару саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

Тұрақты негізде

Әкімшілік реформаның шеңберінде мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілікті бір орталықтан жүргізбеу бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.

Осылайша, қайта құрудың нәтижесінде министрліктердің саны 17-ден 12-ге дейін қысқартылды, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққақ қарсы күрес агенттігінен басқа барлық агенттіктер министрліктер құрамына өткізілді, комитеттердің саны 54-тен 40-қа дейін қысқартылды.

Бұдан басқа, 2014 жылғы 25 тамызда мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажыратудың негізгі қағидаттарын көздейтін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы қабылданды.

2014 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлықты іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңға Үкіметтің, министрліктерінің және олардың ведомстволарының өкілеттілігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізілді, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.

Сондай-ақ, 2014 жылғы 29 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды, оған сәйкес Үкіметтен орталық мемлекеттік органдарға 1606 функцияны,орталықтан облысқа 261 функцияны, мемлекеттік басқарудың облыстық деңгейінен аудандық деңгейге – 14 функцияны өткізу, сондай-ақ 2 функцияны алып тастау және мемлекеттік емес секторға беру көзделген.

Мемлекеттік басқарудың өңірлік деңгейін нығайту мақсатында жергілікті атқарушы органдарға 2025 штат бірлігі берілді.





16. Министрліктің мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне тартылған қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қағидаларын оқыту

Жыл сайын

Министрлік қызметкерлері үшін 2014 жылы тамыз айында «Мемлекеттік сатып алу туралы заңына өзгерістер енгізу туралы» жаппай оқыту жүргізілді.

Министрліктің 3 қызметкеріне 2014 жылы қараша айында ҚР қаржы Министріліге қарайтын «Электронды коммерция орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасы заңнамасымен жүргізілетін мемлекеттік сатып алу рәсімімен оқыту өткізді.





17. Министрлік басшыларының республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерімен Министрлік қызметінің негізгі мәселелерін түсіндіру бойынша кездесулерді ұйымдастыру

Жыл сайын

2014 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Министрліктің құзыретіне жататын мәселелерді түсіндіру бойынша 20 брифинг өтті.

2014 жылғы 20 желтоқсанда ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова ОҚК брифингінде Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуының 2014 жылдың 11 айындағы қорытындылары мен бірінші кезектегі шаралардың жол картасының іске асырылу барысы туралы баяндады.





18. Халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасында статистика саласындағы халықаралық семинарлар өткізу

Жыл сайын

2014 жылы статистика саласында 5 халықаралық семинар өткізілді.

Ағымдағы жылғы 30 маусымнан 4 шілдеге дейін Астана қаласында Азия және Тынық мұхит елдерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен бірге «ЖІӨ есептеуіне тікелей әсер ететін ҰШЖ-2008-ге өзгеріс» субөңірлік семинары өтті.

Ағымдағы жылы шілде айында Алматы қаласында Германия статистика кеңсесіндегі халықаралық сарапшының қатысуымен «Туризм статистикасын жетілдіру: алдыңғы халықаралық тәжірибе» тренингі өтті.

Тамыз айында Астана қаласында Исламдық ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастық аясында қызмет көрсету статистикасы бойынша кәсіпорындарды зерттеу семинары өтті.

Сонымен қатар, қыркүйек айында инновация, технология және ғылым статистикасы бойынша Турция статистикасы кеңсесі сарапшысының қатысуымен семинар өтті.

2014 жылдың 3-4 желтоқсанында Астана қаласында статистика директораты сарапшысы, сонымен қатар халықаралық сарапшының қатысуымен «Тұрғын үй иесінің қарыз алу есебі» тақырыбында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірге техникалық семинар өткізілді.





19. Қызметкерлердің халықаралық семинарларға және шетелдік статистикалық серіктестіктермен тәжірибе алмасу жөніндегі іс-шараларға қатысуы

Жыл сайын

2014 жылы СК 68 қызметкерлері шетел статистикасы саласында халықаралық іс-шараларға БҰҰ статистикалық комиссиясының 45-ші сессиясы (АҚШ), Еуропалық статистика конференциясының 62-ші пленарлық сессиясы (Франция), Ислам ынтымақтастық ұйымы статистикалық комиссиясының сессиясы (Түркия), Қаржылық статистика және ұлттық шот бойынша жұмыскерлер тобының отырысы (Франция), ТМД мемлекеттік статисткалық қызмет басшылары кеңесінің (Беларусь) қатысуымен және т.б. қатысты,

Есептік кезеңде СК 5 қызметкері тәжірибимен алмасты: өзара сауда статистикасы бойынша деректерді салыстыру мақсатында сарапшылардың отырысы (РФ), 2013 жылғы Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасының өзара сауда сатистикасы деректерін салыстыру бойынша семинар (Беларусь Республикасы), Кедейлік статистикасы бойынша ИЫҰ мемлекет-мүшесінің әлеуетін көтеру бойынша сарапшылар топтарының кездесу (Түркия) іс-шараларына қатысты.





20. Қазақстанның статистикалық әлеуетін нығайту бойынша Дүниежүзілік Банкімен жобаны іске асыру

Жыл сайын

2014 жылы «КАЗСТАТ» Ұлттық статистика жүйесін нығайту жобасы аясында барлық жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылды.



Әрбір іс-шара қорытындысы бойынша тиісті есептер құрылды.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет