Телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары Жалпы ережелер Осы Телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы»



бет1/2
Дата11.06.2016
өлшемі404 Kb.
#127799
  1   2


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының

2016 жылғы «___»_________

№ ___ бұйрығымен бекітілген

Телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-13) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желілерін құрайтын байланыс операторлары мен желілер иелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейді және мыналарды:

2. Заңда пайдаланылатын ұғымдардан басқа, осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:


  1. А абонентінің нөмірі – реттік ондық цифрлардан тұратын,[ITU-T E.164] көрсетілген үш құрылымның сипаттамасына, ұзындығына және нөмірдің жалғыздығына жауап беретін шақырылатын (бастамалаушы шақыру) абоненттің нөмірі. Нөмір шақырылатын абоненттің бір мәнді идентификациясын қамтамасыз етеді;

  2. арналар коммутациясы бар желі –ақпаратты жіберу кезінде бірнеше дәйекті қосылған арналардан тұратын, бірнеше транзиттық түйіндер арқылы (біріктіруді ажыратқанға дейін) байланыс сеансын ұйымдастыру үшін құрамды байланыс арнасы жасалатын (біріктіру) телекоммуникация желілері. Мұндай желінің мысалы ретінде шақыру тасымалдауы және біріктіру жасалуын ЖДА-7 дабылдар жүйесі қамтамасыз ететін әр түрлі деңгейдегі телефон желілері бола алады;

  3. байланыс арнасы – телефон трафигін арналар коммутация желісінде өткізу үшін немесе пакеттер коммутация желісінде сөйлеу сигналын жіберу арнасы үшін қосылған линиялармен жасалған цифрлық арна;

  4. байланыс операторы – байланыс қызметін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға. Байланыс операторлары желілерін иелену белгілері және телекоммуникация желілерінің түрлері бойынша сұрыпталады;

  5. билингтік жүйе – абоненттерге көрсетілетін телекоммуникациялық қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, және байланыс операторлары арасында оператораралық трафикті өткізу қызметі, сондай-ақ, оларды трафиктеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған сертификатталған қолданбалы бағдарламалық жасақтама. Бастапқы деректер билингттік жүйеде кезектегі өңдеу үшін, байланыс операторларымен көрсетілетін қызметтер жайлы телекоммуникация желілерінің коммутациялық жабдық құрамына кіретін деректерді өткізуді өлшейтін жүйеден түседі;

6) бір телекоммуникация желісін (байланыс құралдарын) екіншісіне қосу – екі телекоммуникация желісінің арасындағы технологиялық өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, бұл ретте осы желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасында қосылысты орнату және ақпарат беру мүмкіндігі пайда болады;

7) есептік мөлшерлемелер – кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу деректері не Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен және көлемде технологиялық үдерістің белгілі бір кезеңінде телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен құрылыстарды ұсыну және қызмет көрсету құнын қамтитын экономикалық талдау және қаржы есептілігінің деректері негізінде есептелген экономикалық негізделген шығындар мен табысты өтеуді қамтамасыз ететін баға (тариф);

8) қосылу (қосу) нүктесі – бір желінің екіншісіне қосылуы физикалық жүзеге асырылған орын (порт);

9) қосылудың (қосудың) стандартты нүктесі – үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып және қосылудың үлгілік шартына сәйкес бір желіден басқа желіге қосуға арналған телекоммуникация құралдары;

10) жергілікті телефон байланысының операторы – жергілікті телефон байланысы қызметін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

11) жүктеме – берілген уақыт интервалында шақырулар ағыны келіп түсу кезіндегі коммутациялық жүйе шығыстарының жиынтық уақыты;

12) коммутациялық жабдық – желідегі арналар коммутациясының технологиясымен автоматты телефон стансысы немесе желідегі ақпарат топтамалары коммутациясының технологиясымен телефон байланысы қызметтерін ұсынуға арналған бағдарламалық коммутатор;

13) қалааралық және халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісі – байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында желінің тиісті деңгейлерінде қалааралық және халықаралық трафикті өткізуге арналған, уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің байланыс операторының телекоммуникация желісі;

14) жалғау желіжолы – қосатын және қосылатын телекоммуникация желілері арасында әрекеттестікті қамтамасыз ететін, байланыс желіжолын және стансылық жабдықтың бір бөлігін қамтитын техникалық құралдар кешені;

15) қосатын оператор – басқа телекоммуникация операторларын және желілердің иелерін, сондай-ақ телекоммуникация провайдерлерінің қатынау тораптарын олардың өтініштері бойынша өз желісіне қосатын телекоммуникация операторы;

16) қосылатын оператор – қосатын оператор желісіне өз желісін және/немесе телекоммуникация провайдерлерінің тораптарын қосу туралы ұсыныспен өтініш жасайтын телекоммуникация операторы, желі иесі, телекоммуникация провайдері;

17) қосылу деңгейі – қосатын телекоммуникация желісінің иерархиясы және нөмірлеу жоспары бойынша анықталатын және басқа да телекоммуникация желісінің қосылуын жүзеге асыратын желінің деңгейі;

18) маршруттау нөмірі – ұялы байланыстың ауыстырылған абоненттік нөміріне шақыруларды жүзеге асыруға арналған ұялы байланыс және ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінде пайдаланылатын адрестік ақпарат;

19) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне аймақішілік деңгейде қосылу – бір телекоммуникация желісін екіншісіне қосу, бұл ретте қосылатын жергілікті телекоммуникация желісі (желінің фрагменті) «ab» меншікті аймақішілік қатынау кодына ие болады және қосатын телекоммуникация желісінің автоматты қалааралық телефон стансысына (бұдан әрі – АҚТС) қосылады;

20) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне жергілікті деңгейде қосылу – қосылатын желіге жергілікті желінің нөмірлеу ресурсы бөлінген жағдайда қосатын жергілікті телекоммуникация желісіне телекоммуникация желісін қосу;

21) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қалааралық деңгейде қосылу – бір телекоммуникация желісін екіншісіне қосу, бұл ретте қосылатын телекоммуникация желісіне (желі фрагментіне) «АВС» нөмірлеу аймағының коды немесе «DEF» коды немесе халықаралық және/немесе қалааралық байланыс операторының префиксі тағайындалады және қосылатын желі қалааралық транзиттік торапқа (бұдан әрі – ҚТТ) немесе қосатын телекоммуникация желісінің АҚТС-на қосылады;

22) топтамалар коммутациясы бар желі – берілетін ақпарат топтамалардың шектелген өлшеміне бөлінетін, әрі желі тораптары арасындағы байланыс арнасы топтаманы беру кезінде ғана бос болмайтын және ол жұмысын аяқтағаннан кейін босатылатын телекоммуникация желісі. Келуші топтама алдымен торап жадында сақталып алынады, содан кейін түпкілікті терминалға байланысты топтамалар қайтадан қосылатын арналардың біреуі арқылы ары қарай жіберіледі;

23) префикс – нөмірдің, желілердің және (немесе) қызметтердің түрлі форматтарын таңдауды жүзеге асыратын цифрлар мен белгілердің біреуінен немесе жиынтығынан тұратын сәйкестендіруші;

24) реципиент-оператор – байланыс желісіне абоненттік нөмірді көшіруді жүзеге асыратын ұялы байланыс операторы;

25) рұқсат етілмеген трафик – осы Қағидалармен белгіленген трафик

өткізу талаптарын бұза отырып өткізілген және Қосылу және өзара әрекет жасау шартының талаптарымен көзделмеген трафик, соның ішінде шақырылатын абонент нөмірі ауыстырылған трафик;

26) тактілік желілік синхрондау жүйесі (бұдан әрі – ТСЖ) – цифрлық телекоммуникация желісінің барлық элементтерін синхрондау сигналдарымен қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені;

27) телекоммуникация желісінің иесі – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің бір бөлігі және (немесе) бірыңғай телекоммуникация желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – желі иесі);

28) телекоммуникация операторы – телекоммуникация желісін меншік құқығымен немесе басқа да заттай құқықтармен иеленетін, оның жұмыс істеуін, дамуын қамтамасыз ететін және телекоммуникация қызметтерін және/немесе ақпараттық қызметтерін ақылы және/немесе тегін көрсететін байланыс операторы;

29) телекоммуникация провайдері – меншікті телекоммуникация желісі жоқ, телекоммуникация операторларының желілеріне және қызметтеріне қатынау қызметтерін ұсынатын және көрсетілетін телекоммуникация қызметтерінің түрлері бойынша жіктелетін ақылы немесе тегін телекоммуникация қызметтерін және/немесе ақпараттық қызметтерді телекоммуникация операторының желісі арқылы көрсететін байланыс операторы;

30) телекоммуникация провайдерінің қатынау торабы – пайдаланушылардан түсетін деректерді қабылдайтын және оларды телекоммуникация операторының желісі бойынша беру үшін дайындайтын жабдық;

31) телекоммуникация провайдерінің қатынау торабы – телекоммуникация операторының желісі бойынша телекоммуникация қызметтерін және/немесе ақпараттық қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін телекоммуникация провайдерінің техникалық құралдар жиынтығы;

32) терминал – түпкілікті абоненттік құрылғы;

33) трафик бірлігі – телекоммуникация желісі бойынша берілген телефон қосылысының секунды, минуты немесе ақпарат кбайты;

34) техникалық мүмкіндік – телекоммуникация желілерін (жабдығын) қосу және трафик өткізуге қажетті, телекоммуникация желісінің әрекет ету аймағында жұмыс істейтін техникалық құралдардың және байланыс құрылыстарының болуы, сонымен қатар телекоммуникация желілері мен жабдығы бос ресурстарының және функционалдық мүмкіндіктерінің болуы;

35) трафикті өткізуді реттеу – телекоммуникация желілерінде және олардың арасында трафикті өткізудің қандай да бір тәсілдері мен маршруттарын таңдайтын (немесе жоққа шығаратын) қағидаларды белгілеу;

36) тіркелген байланыс желісі – түпкілікті терминалдарында аумақтық тіркелген орналасу орны бар телекоммуникация желісі. Тіркелген телефон байланысы желісі жергілікті телекоммуникация желілері, қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желісі, тіркелген жерсеріктік байланыс желілері болып бөлінеді;

37) жылжымалы байланыс желісі – қызмет көрсетілетін аумақ шегінде тұрақты географиялық орналасу орны жоқ телекоммуникация желісі (ұялы, транкингілік, жерсеріктік телекоммуникация желісі);

38) ведомстволық байланыс желісі – мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктеріне сәйкес басқарушылық және ұйымдастыру мақсаттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің өндірістік және басқарушылық мақсаттарын қамтамасыз етуге арналған;

39) арнайы байланыс желісі – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің негізі ретінде пайдалануға болатын, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған;

40) корпоративтік байланыс желісі – заңды тұлғалардың басқарушылық және өндірісішілік мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған;

41) ұялы байланыстың ауыстырылған абоненттік нөмірі – осы абоненттік нөмірді сақтай отырып, оған қатысты абоненттік нөмірді бір ұялы байланыс операторынан екіншісіне ауыстыру рәсімі орындалған абоненттік нөмір;

42) халықаралық деңгейде қосылу – халықаралық коммутация орталықтары (бұдан әрі – ХКО) арқылы халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілерінің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;

43) шағын автоматты телефон стансылары – сыйымдылығы 128 нөмірден аспайтын автоматты телефон стансылары (бұдан әрі – АТС);

44) шақыруға бастамашының желісі – шақыруға бастамашы абонент қосылған байланыс операторының желісі;

45) IP-телефония операторы – топтамалар коммутациясы бар желі арқылы нақты уақыт режимінде телефон байланысы қызметін ұсынатын байланыс операторы;

46) IP-телефония – топтамалар коммутациясы бар желіні нақты уақыт режимінде телефон байланысын ұйымдастыру құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін технология;

47) «All Call Query» (барлық шақыруларға арналған сұрату) – ауыстырылған нөмір туралы ақпарат алу және шақыруды бұдан әрі бағдары бойынша маршруттау үшін шақыруды бастамашының желісі ауыстырылған нөмірлердің операциялық дерекқорына сұрау салуды жүзеге асыратын, ұялы байланыстың ауыстырылған абоненттік нөмірлеріне трафик өткізу үшін шақыруларды тікелей маршруттау әдісі.

3. Осы Қағидаларда мыналардың арасындағы ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимыл жасау тәртібі көзделген:

1) тіркелген байланыс операторларының бір – бірімен, жылжымалы

байланыс операторларының бір-бірімен, тіркелген байланыс операторларының жылжымалы байланыс операторларымен, егер олардың телекоммуникациялық желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылған болса;

2) ведомстволық, арнайы, корпоративтік телекоммуникация желілері иелерінің бір-бірімен және тіркелген және/немесе жылжымалы байланыс желісі операторларымен, егер олардың телекоммуникация желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылған болса;

3) тіркелген және/немесе жылжымалы байланыс желісі операторларының желілеріне телекоммуникация провайдерлерінің қатынау тораптары қосылған кезде олардың телекоммуникация провайдерлерімен, егер олардың телекоммуникация желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылған болса.

4. Осы Қағидалардың әрекеті желісі (жабдығы) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылған барлық байланыс операторларына және желі иелеріне қолданылады.

Бүлінген және авариялық ахуал кезінде техникалық қызметкерлердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру, сондай-ақ ведомстволық, корпоративтік, арнайы байланыс желілерінің және ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің АТС шақыруларын маршруттау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінде қосылысты орнату жүктемесінің және сапасының нормативтері осы Қағидаларға

2-қосымшада анықталған.

Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын АТС-ға қойылатын техникалық талаптар осы Қағидаларға 3-қосымшада анықталған.

Шағын АТС қосылу ерекшеліктері, шағын АТС қосылған абоненттік жиынтықтардың параметрлері осы Қағидаларға 4-қосымшада анықталған.

5. Байланыс операторлары, желілердің операторлары мен иелері арасындағы құқықтық қатынастар мен ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимыл және өзара есеп айырысуды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес олардың арасында жасалған Телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттесу шартымен (бұдан әрі – Қосу шарты) реттеледі.



  1. Телекоммуникация желілерін қосу және олардың

өзара әрекеттесу тәртібі
6. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылған телекоммуникация желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Бөлектелген желілердің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерімен түйісу кезінде олар ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің санатына өтеді. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде және бөлектелген желілерде бірмезгілде қосылатын сериялық нөмірлерді, GSM-шлюздерді, кез келген басқа да жабдықты пайдалану арқылы трафикті өткізуді ұйымдастыруға жол берілмейді.

7. Қосылатын желілерде мынадай:

1) Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін бірыңғай стандарттар негізіндегі желілік технологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, байланыс сенімділігін және басқарылуын қамтамасыз ету бойынша;

2) тұрақтылықты және ақпараттық қауіпсіздікті, жедел-іздестіру іс-шаралары функцияларын, байланысты қалпына келтіру бойынша төтенше жағдайлар кезіндегі жұмыстарды қамтамасыз ету бойынша;

3) техникалық реттеу және метрология жөніндегі тиісті уәкілетті орган аккредиттеген сертификаттау органдарында биллингтік жүйелерді сертификаттауды қамтамасыз ету бойынша;

4) қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне қойылатын талаптар сақталады.

8. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісін құрайтын барлық желілерге желілерді құрастыру, құрылымы, тактілік желілік синхрондау жүйесі, сигнал беру жүйелері, нөмірлеу жоспарлары, желілерді басқару және қолданылатын коммутация жабдықтарының түрлері бойынша қойылатын жалпы техникалық талаптар Қазақстан Республикасының Бірыңғай телекоммуникация желісі құжатына және ХЭО-Т ұсынымдарына сәйкес болуы тиіс.

9. Қосылатын желінің коммутациялық стансысы (жабдық) бір ғана байланыс операторын қосу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

10. Ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимыл екі кезеңнен тұрады, бірінші кезең – желілерді қосу үдерісіндегі өзара іс-қимыл мыналарды қамтиды:

1) телекоммуникация провайдерлерінің желілерін және/немесе қатынау тораптарын қосу мүмкіндігін анықтау үшін қосатын операторға қосылатын оператордың өтініш білдіруі және қосылатын оператордың қосатын оператордан осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген қосылуға үлгілік техникалық талаптарды және Қосу шартының жобасын алуы.

Қосатын оператор техникалық мүмкіндік болғанда, егер қосылу бір нөмірлеу аймағы шегінде жүзеге асырылатын болса, отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде және нөмірлеудің түрлі аймақтарында бір уақытта қосылған жағдайда, алпыс күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қосылуды орындауға қажетті нақты әрекеттерді көрсете отырып, техникалық талаптар береді және қосылудың (қосудың) стандартты нүктесіне қосудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қосылу мақсатында телефон кәрізіне кәбілді жүргізуге сұрау салған кезде кәбілдік (телефон) кәріздің иесі, техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, техникалық талаптарында кәбілді жүргізу үшін кедергілерді жоюда қандай іс-

шаралар орындау қажет екенін көрсетеді;

2) қосылатын оператордың қосылуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуі;

3) қосылатын оператордың техникалық талаптарды қосуға және (немесе) орындауға жобаны іске асыруы.

4) желілерді тестілік режимде қосу.

Орындалған техникалық талаптар актісіне, Қосылған желіні тестілік сынау және коммерциялық пайдалануға енгізу актісіне қол қою бірінші кезеңнің аяқталуы болып табылады.

Осы екі актіге қол қойылғаннан бастап екіжақты келісім бойынша қосатын және қосылатын операторлар үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қосу шартына қол қояды.

Екінші кезең – желілерді қосуды жүзеге асырғаннан кейін мынадай мәселелердің шешілуін қамтитын телекоммуникация қызметтерін ұсыну үдерісіндегі өзара іс-қимыл:

1) қызметтерді ұсыну кезіндегі өзара іс-қимыл;

2) трафикті өткізуді ұйымдастыру;

3) ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз ету.

11. Қосылатын оператор қосатын операторға қосылуға техникалық талаптарды беру туралы өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) жібереді. Өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) уәкілетті органның байланыс саласындағы қызметтерді көрсету лицензиясының көшірмесі (қызметі лицензиялауға жататын байланыс операторлары үшін);

2) желінің техникалық сипаттамалары (құрастырылған сыйымдылық, пайдаланылатын жабдық түрі (түрлері), сигнал беру түрі (түрлері), желі құрылымы және болжалды трафик көлемі (жүктеме));

3) қолданылатын қондырғыға сертификаттың сәйкестігі;

4) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурсын бөлу туралы бекітілген бұйрығының көшірмесі;

5) оператор желісінің байланыс саласындағы уәкілетті органның қолданыстағы біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысы (қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторлары үшін).

12. Бұдан бұрын телекоммуникация желісіне қосылған желі иесі ақылы қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдаған жағдайда, желі иесі бұл туралы он күнтізбелік күн ішінде қосатын операторға хабарлайды, нақтыланған техникалық талаптарды алып, оны орындайды, сондай-ақ Қосу шартын қайта жасауы немесе осы Қағидаларға сәйкес жасалған шартқа өзгерістер енгізеді.

Тиісті ресімдеусіз желі иесі тарапынан ақылы қызметтерді ұсыну фактісін қосатын оператор анықтаған жағдайда қосатын оператор қосылған желіні ажыратуды жүзеге асырады.

13. Қосылатын оператор қосылуға берілген техникалық талаптармен келіспеген жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті органды бұл туралы хабардар ете отырып, баламалы техникалық талаптарды алу үшін қосатын операторға жүгіне алады.

14. Қосуға арналған техникалық талаптар негізінде қосылатын оператор қажет болған жағдайда олардың орындалуына жобалау құжаттамасын әзірлейді және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген талаптарды орындайды.

15. Қосылатын желінің сыйымдылығы 2000 нөмірден астам болған жағдайда ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылуға рұқсат беріледі, ал сыйымдылығы 10000 нөмірден астам болса, қосылуды бірнеше кезеңдерге бөліп жүзеге асыру ұсынылады. Кезеңдер берілген лицензияларға сәйкес тараптардың келісілген шешімімен айқындалады және қосудың техникалық талаптарында көрсетіледі. Қосылу бойынша жұмыстардың бастапқы кезеңдерінде техникалық талаптар мен жобалау құжаттамасында кейінгі кезеңдер де ескерілуі тиіс.

16. Қосылатын желілердің бірінші кезектегі сыйымдылықты бірінші кезеңде қосу және қосымша сыйымдылықты келесі кезеңдерде қосу осы Қағидалар мен нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген тәртіппен жұмыстарды және объектілерді қабылдау мен қосуға тиісті кезеңнің техникалық талаптарын толық іске асырғаннан кейін жүзеге асырылады.

17. Бірінші кезең жұмыстарын орындау барысында осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес қосылатын оператор қосатын операторға техникалық талаптардың орындалғаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.

Қосылатын және қосатын операторлардың өкілдері техникалық талаптардың орындалуын және қосылу нүктелері жабдықтарының дайындығын тексереді.

Техникалық талаптарды орындау актісіне тексеру нәтижелері, өлшеу хаттамалары, техникалық атқару құжаттамасы, орындалған жасырын жұмыстар актісі және тараптардың келісімі бойынша Қосылу нүктелері жабдықтарына қызмет көрсету аймағын шектеу жөніндегі актісі қоса беріледі.

18. Телекоммуникация желілерін қосуды ұйымдастыруға қосылу үдерісінде тәсілдерді, шарттар мен тараптарға қойылатын талаптарды айқындау кіреді. Әрбір нақты жағдай үшін техникалық талаптар қосатын оператор беретін қосылуға техникалық талаптармен анықталады.

Басым немесе монополиялық жағдайдағы қосатын операторлар жыл сайын (10 қаңтарға дейін) қосылудың (қосудың) стандартты нүктелерінің тізбесін байланыс саласындағы уәкілетті органға жариялау үшін ұсынады.

19. Байланыс саласындағы уәкілетті органның қосылатын операторға бөлген нөмірлеу ресурсына сәйкес деңгейлерде және пункттерде телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосуға жол беріледі.

Бір оператордың желілерін бірнеше тармақталған географиялық пункттерде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосуға жол беріледі. Мұндай жағдайда әрбір осындай пункттерде осы Қағидалармен анықталған барлық талаптар орындалуы тиіс.

20. Қосылуға техникалық талаптарды берген кезде қосылатын және қосатын желілердің (стансыаралық және коммутациялық сыйымдылықтар, байланыс желіжолдарының сыйымдылығы) түрлі элементтерінің қуатын арттыру мәселелері ескерілуі мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша қуатты ұлғайту шығындары қандай да бір оператордың мүддесінде іске қосылған сыйымдылыққа пропорционалды желінің осы элементін пайдаланатын қосатын және қосылатын желілердің операторларына жүктелуі мүмкін.

21. Техникалық талаптарды орындағаннан кейін қосылатын және қосатын желілердің байланыс операторлары (иелері) арасында шарт жасалады, онда өзара есеп айырысудың барлық мәселелері, ұсынылатын қызметтер сапасына тараптардың жауапкершілігі анықталады.

22. Телекоммуникация желілеріне қосу барысында жүзеге асырылатын жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру шарттық негізде жүзеге асырылады.

23. Байланыс операторларының телекоммуникация желілерін қосу қолданылатын қондырғыға сертификаттың бар болуына байланысты жүзеге асырылады.

24. Телекоммуникацияның басым операторы желісіне қосуды ұйымдастыру мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) стандартты қосылу (қосу) нүктелер және қосылу талаптары туралы ақпаратты байланыс операторларына ұсыну осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес анықталады;

2) баламалы қызметтер көрсететін барлық телекоммуникация операторлары, желілердің иелері, телекоммуникация провайдерлері үшін телекоммуникация желілерін қосудың және трафикті өткізудің тең талаптарын сақтау;

3) басым телекоммуникация операторының басқа байланыс операторларына, желі иелеріне қосу мен трафикті өткізу қызметтерін көрсетуі осы қызметтерді басым телекоммуникация операторының өз желісі шеңберінде және (немесе) осы қызметтерді аффилиирленген тұлғаларға көрсеткендегідей талаптарда және трафикті өткізу технологиялары бойынша жүзеге асырылады;

4) қосылу және трафикті өткізу қызметтеріне төлем жасаудың егжей-тегжейлі шотын ұсыну;

5) бәсекелестер мен клиенттер туралы ақпаратқа қатысты тараптардың арасында құпиялылық режимін сақтау;

6) жаңа қызметттер көрсетуге қажетті синхрондау жүйелерін, пайдаланушылық қолдау жүйелерін, биллингтік жүйелер, басқа да аппараттық және бағдарламалық жасақтама; желілердің «бөлінбейтін» компоненттерін, оның ішінде абоненттік желіжолдарды шарттық негізде ақылы пайдалану мүмкіндігін ұсыну;

7) инфрақұрылым элементтерін (мысалы, ғимараттар, бағаналар, телефон (кәбілдік) кәрізі, арналар, антенна-діңгекті құрылыстар және басқалар) шарттық негізде ақылы пайдалануды жүзеге асыру мүмкіндігін ұсыну.

25. Басым телекоммуникация операторлары үшін Қосу шарты жария шарт болып табылады және осының негізінде басқа телекоммуникация желілерін қосу қызметтерін көрсету, сондай-ақ желілердің өзара әрекеттестігі мен трафикті өткізу бойынша осылармен байланысты міндеттемелер анықталады.

26. Қосылуға техникалық талаптар берген кезде байланыс операторларын кемсітушілікке жол берілмейді. Басым телекоммуникация операторы операторлардың қосылатын желілері үшін қосылу және трафикті өткізудің тең талаптарын қояды.

27. Қосылатын оператор осы Қағидаларда көзделген барлық талаптарды орындаған жағдайда басым телекоммуникация операторының Қосу шартын жасаудан бас тартуына жол берілмейді.

28. Жергілікті деңгейде қосылу мынадай жолдармен жүргізіледі:

1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылысы бар тіркелген жергілікті байланыс желілерінің бір-бірімен, тіркелген байланыс желілерінің жылжымалы байланыс желілерімен (жылжымалы радиотелефон байланысы және транкингілік байланыс) жергілікті деңгейде қосыла алады, бұл жергілікті желінің тиісті нөмірлеу ресурсын бөлу арқылы жүзеге асырылады;

2) қосылатын желінің кіріс және шығыс трафигі есепке алынуы тиіс қосатын желінің жергілікті цифрлық телефон стансысын қоса отырып, қосылатын желінің коммутациялық стансылары арқылы жергілікті деңгейде қосыла алады;

3) қосылатын желінің коммутациялық стансыларын қосатын желінің жергілікті цифрлық телефон стансысына қосу жолымен жергілікті деңгейде қосыла алады. Қосу цифрлық байланыс арналарымен, мыналар арқылы құрылған арналар коммутациясының технологиясы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

жалғау желіжолдары;

жергілікті телекоммуникация желісінің шығыс қалааралық телефон хабарламаларын беруге арналған тапсырысты-жалғау желіжолдары;

қалааралық телефон стансысын жергілікті телекоммуникация желісінің стансысымен жалғайтын және кіріс қалааралық хабарламаларды беруге арналған қалааралық телефон байланысының жалғау желіжолдары;

және ақпарат топтамаларын коммутациялау технологиясы бойынша сөйлеу сигналын беру арналары.

4) егер қосылатын стансы сыйымдылығы 3500 нөмірден кем болмаса, автоматты қалааралық телефон стансысында (бұдан әрі – АҚТС) резервтік сыйымдылық болған жағдайда қосылатын желінің коммутациялық стансылары және нөмірлеудің белгілі бір ғана аймағында орналасқан ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің АҚТС арасында тікелей арналар ұйымдастыруға рұқсат етіледі;

5) егер қосылатын желі сыйымдылығы жергілікті желінің қолданыстағы нөмірлеу резервінен асып кетсе, онда байланыс саласындағы уәкілетті орган

осы мәселені реттеу бойынша шаралар қабылдайды.

29. Аймақішілік деңгейде қосылу:

1) аймақішілік деңгейде қосылу үшін қосылатын желі географиялық нөмірлеу аймағының шегінде «ab» аймақішілік қатынау кодын бере отырып, жергілікті желі ретінде қосылады;

2) жергілікті деңгейде телекоммуникация желілерін қосу үшін нөмірлеу ресурсы болмаған жағдайда сыйымдылығы 5000 нөмірден кем емес желі осы нөмірлеу аймағының АҚТС-дағы қосылатын желінің коммутациялық стансыларын қоса отырып, қосатын желі операторының келісімімен аймақішілік деңгейде қосылады.

30. Қалааралық деңгейде қосылу – бір телекоммуникация желісін екіншісіне қосу, мұнда оператордың (желі иесінің) қосылатын желісі автоматты қалааралық телефон стансысына немесе қосатын желінің қалааралық транзиттік торабына (бұдан әрі – ҚТТ) қосылудың (қосудың) стандартты нүктелеріне қосылады. Бұл ретте қосылатын желіге нөмірлеу ресурсы – географиялық анықталатын аймақтың АBC коды, АBC-да «Х1Х2» қатынау коды, анықталуы географиялық емес аймақтың DEF коды, қызметтерге қатынау кодындағы оператор коды (бұдан әрі – ҚҚК), қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторын таңдау префиксі (бұдан әрі – ОП) бөлінген.

31. Халықаралық деңгейде қосылу:

1) қосылатын телекоммуникация желісін қосуды жүзеге асыратын халықаралық желі коммутациясы орталығына (бұдан әрі – ХКО) қосатын халықаралық байланыс операторларының желілері үшін халықаралық деңгейде қосылу жүзеге асырылады;

2) қосылатын және қосатын желілердің ХКО арасындағы әрекеттесу олардың арасында байланыс арналарын ұйымдастыру жолымен жүзеге

асырылады;

3) халықаралық байланыс операторлары желілерінің бір-бірімен әрекеттесуін жүзеге асыру кезінде (ХКО-ХКО деңгейінде) желілердің бірінде авариялар және төтенше жағдайлар орын алған кезде ұлттық желі шегінде, сондай-ақ шетелдік ортақ пайдаланылатын телекоммуникацияның желілеріне шығу кезінде трафикті өткізу үшін айналма жолдарды ұйымдастыру және ұсыну талаптары енгізіліу тиіс.

32. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілерін қосу қалааралық және (немесе) халықаралық деңгейде ұйымдастырылады.

33. Жергілікті телекоммуникация желілерін қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосу мынадай түрде ұйымдастырылады:

1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылған жергілікті телекоммуникация желілерін қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларына қосу шығыс және кіріс трафигін есепке алуды жүзеге асыратын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының қосатын желісінің жергілікті деңгейдегі қосу нүктелері арқылы (автоматты телефон стансыларының транзиттік тораптары – АТС ТТ, автоматты қалааралық телефон стансысы – АҚТС) арқылы жүзеге асырылады;

2) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылған жергілікті телефон байланысының операторын, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының желісін абоненттердің таңдауы қалааралық және халықаралық байланыс операторына берілген оператор префиксі (ОП) арқылы жүзеге асырылады.

34. Қалааралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу мынадай түрде ұйымдастырылады:

1) қалааралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу бір географиялық нөмірлеу аймағында (АВС) орналасқан осы операторлардың АҚТС арасында қалааралық деңгейде жүзеге асырылады;

2) қосатын желінің АҚТС және қосылатын желінің АҚТС арасындағы әрекеттесу олардың арасында тікелей байланыс арналарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;

3) шығыс және кіріс қалааралық трафикті есепке алуды қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының екеуі де не уағдаластық бойынша өзара іс-қимыл жасайтын байланыс операторларының біреуіне тиесілі бірыңғай есептеу орталығымен жүзеге асырылады.

35. Халықаралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу мынадай түрде ұйымдастырылады:

1) қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне халықаралық байланыс операторы желісінің қосылуы қосатын және қосылатын операторлардың ХКО арасында жүзеге асырылады;

2) қосылатын және қосатын желілердің ХКО арасындағы әрекеттесу олардың арасында байланыс арналарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;

3) қалааралық және халықаралық байланыс операторлары және халықаралық байланыс операторлары желілерінің өзара әрекеттесуін жүзеге асырғанда (ХКО - ХКО деңгейде) желілердің бірінде авариялар және төтенше жағдайлар орын алған кезде ұлттық желі шегінде, сондай-ақ шетелдік ортақ пайдаланылатын телекоммуникацияның желілеріне шығу кезінде трафикті өткізу үшін айналма жолдарды ұйымдастыру және ұсыну талаптары енгізіліу тиіс.

36. Қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісін басқа қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісіне қосу тиісінше бір географиялық аймақтың АҚТС және АҚТС, қосатын және қосылатын операторлар желілерінің ХКО және ХКО арасында ұйымдастырылады.

37. Басқа байланыс операторының желісіне қосылатын қалааралық және

(немесе) халықаралық байланыс операторының желілерін коммерциялық пайдалануға қосу байланыс саласындағы уәкілетті органның қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне қойылатын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың операторын анықтау бойынша біліктілік талаптары мен критерийлерінің орындалғанын растағаннан кейін жүзеге асырылады.

Қосатын оператор Оператордың біліктілік талаптарын орындау туралы актідегі ақпараттың нақты жағдайға сәйкес еместігін анықтаған кезде қосатын оператор трафик өткізуді шектеуге, сондай-ақ бұл жөнінде байланыс саласындағы уәкілетті органға хабарлауға құқы бар.

38. Корпоративтік телекоммуникация желісі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне әкімшілік аумақ шеңберінде мекемелік коммутациялық стансыны орнату арқылы корпоративтік клиент ретінде қосылуы мүмкін:

жергілікті деңгейде;

егер ол тиісті нөмірлеу ресурсын бөле отырып («DEF» коды), түрлі әкімшілік аумақтар бойынша бөлінген желі учаскелерін біріктірсе, қалааралық деңгейде;

немесе жылжымалы байланыс желісіне тікелей қосыла алады;

Корпоративтік желі иесі ақылы негізде қызмет көрсетуге ниет білдірген жағдайда ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылу мынадай талаптармен жүзеге асырылады, егер:

1) желі иесі желінің қосылатын бөлігін өндірісішілік мақсатта (өндірістегі технологиялық үдерістерді басқару) пайдаланылатын желінің қалған бөлігінен бағдарламалық немесе техникалық бөліп алса;

2) желінің қосылатын бөлігі осы Қағидаларда жазылған телекоммуникация желісінің жұмыс істеу талаптарына сәйкес келсе;

3) корпоративтік телекоммуникация желісінің иесі басқарушылық және өндірісішілік мақсатта (өндірістегі технологиялық үдерістерді басқару) пайдаланылатын желіні және оның телекоммуникация желілеріне қосылатын бөлігін пайдалану шығыстарын бөлек есепке алуды жүргізсе.

39. Жылжымалы байланыс желілерінің қосылуы:

1) ортақ пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон және транкингілік байланыс желілері нормативтік актілерге немесе байланыс операторларының арасындағы келісім бойынша тиісті нөмірлеу ресурстарын бөле отырып, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қалааралық, аймақішілік және (немесе) жергілікті деңгейде қосыла алады;

2) нөмірлеудің географиялық емес аймағына DEF коды белгіленген ортақ пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон байланысы және жылжымалы жерсеріктік байланыс желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қалааралық деңгейде басқа нөмірлеу аймақтарының абононенттеріне трафик өткізу үшін қосылады және аймақтық деңгейде – жылжымалы желінің коммутаторы орналасқан географиялық нөмірлеу аймағының АҚТС арқылы, осы географиялық нөмірлеу аймағы шегінде трафик өткізу үшін қосылады;

3) географиялық емес нөмірлеу аймағының DEF коды белгіленген ұялы байланыс желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қалааралық деңгейде қосылады, ұялы байланыс желілерін бір-біріне қосу тікелей байланыс арналарын ұйымдастыру арқылы осы желілердің коммутациялық жабдығының тиісті деңгейлерінде жүргізіледі;

4) АВС нөмірлеудің географиялық аймағында «ab» коды белгіленген ортақ пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон және транкингілік байланыс желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне осы нөмірлеудің географиялық аймағының АҚТС арқылы қосылады. Қосылатын желінің нөмірлеу жоспары географиялық аймақтың нөмірлеу жоспарына кіреді;

5) жергілікті желінің АТС «abX/abXX» индексін алған ортақ пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон және транкингілік байланыс желілері жергілікті желінің коммутациялық стансылары арқылы қосылады. Қосылатын желінің нөмірлеу жоспары жергілікті желінің нөмірлеу жоспарына қосылады.

40. Телеграфтық және телекстік байланыс желілерінің қосылуы:

1) ортақ пайдаланылатын телекстік байланыс желілеріне қосылу ведомстволық телеграфтық-телекстік желілер және телематикалық қызметтер үшін рұқсат етіледі;

2) телеграфтық және телекстік байланыс желілеріне қосылу абоненттік түпкілікті пункттер немесе қондырғылар деңгейінде жүзеге асырылады;

3) абоненттік қондырғылар деңгейінде қосылу пайдаланушының терминалын телекоммуникация желісіне қосуды білдіреді, оның көмегімен оператор ақпаратты береді және қабылдайды;

4) хабарламалардың коммутациясы бар ортақ пайдаланылатын телеграфтық және телекстік байланыс желілеріне қосылу телеграфтық және телекстік байланыс операторларына рұқсат етіледі;

5) жекелеген жағдайларда, қосылатын желіде тиісті техникалық құралдар болған кезде, байланыс саласындағы уәкілетті органның нұсқауы негізінде арналар коммутациясы стансыларының (кіші стансылардың) немесе хабарламалардың коммутациясы орталықтарының (концентраторлардың) деңгейінде телеграфтық байланыс желілеріне қосылуға рұқсат беріледі;

6) қосылатын желіге бөлінетін нақты қосылу нүктелерін және нөмірлеуді ортақ пайдаланылатын телеграф желісінің операторы белгілейді.

41. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне телекоммуникация провайдерлерінің қатынау тораптарын қосу мынадай тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:

1) байланыс саласындағы уәкілетті орган белгілеген ҚҚК-дағы оператордың кодын пайдалана отырып, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің АҚТС-на жабдықты қосу арқылы. Бұл ретте қатынау АҚТС-на жабдық қосылған нөмірлеу аймағының абоненттері үшін

ғана ұйымдастырылады;

2) жергілікті желінің абоненттерінен стандартты қосылу (қосу) нүктесіне қосылған бір бағытты шығыс байланыс арналары бойынша жабдықты ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне жергілікті деңгейде қосу арқылы.

42. Телекоммуникация провайдерлері, жергілікті телекоммуникация желілерінің операторлары ұсынатын қызметтерге қатынауды ұйымдастыру үшін телекоммуникация провайдерлеріне абоненттік нөмірлерді немесе сериялық нөмірлерді бөле отырып, абоненттік желіжолдар ұсынылады. Абоненттік желіжолдарды бөлуге арналған шартта олар қандай мақсатта бөлінетіні көрсетіледі.

Сериялық нөмірлерді бөлу және телекоммуникация провайдерлерінің жергілікті телекоммуникация желілерінің операторларымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі осы Қағидаларға 6-қосымшада берілген.

43. IP-телефония операторларының қатынау тораптарын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосу ҚҚК пайдалану арқылы қалааралық деңгейде жүзеге асырылады. ҚҚК-да оператордың кодын пайдаланумен қатар, қызметке қатынау нөмірі ретінде бекітілген жергілікті телефон нөмірі пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте IP-телефония операторларының қатынау тораптарының қосылу деңгейі қалааралық болып қалады.

44. ҚҚК және оператордың Х1Х2Х3Х4 кодын байланыс саласындағы

уәкілетті органмен тағайындайды.

45. IP-телефония операторларының қызметтеріне қатынау АҚТС-на оператордың қатынау торабы қосылған АВС нөмірлеу аймағының абоненттері үшін ұйымдастырылады.

46. Жылжымалы байланыс желілерінің жабдығына IP-телефония операторларының қатынау тораптарын тікелей қосуға жол берілмейді.

47. Қосылуға техникалық талаптар қосылу өтініміне сәйкес беріледі және мыналарды:

1) пайдаланылатын тиісті желіжол-кәбілдік және стансылық құрылыстарды, осы құрылыстардың, стансылық жабдықтың тиесілігін көрсете отырып, қосылуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін желілерді (байланыс құралдарын) жалғау тәсілін;

2) қосылатын желінің трафигін өткізу үшін қолданыстағы телекоммуникация құрылыстарын пайдалану, мұндай болмаған жағдайда – тараптардың келісімі бойынша жаңа құрылыстарды салу қажеттілігін;

3) желілердің қосылу нүктелеріндегі жабдықтың түрлерін және оның техникалық параметрлерін – сигналдар деңгейі, сигналдардың спектрлері, беру жылдамдығы және түйіспелердің өзге де параметрлерін;

4) пайдаланылатын сигнал беру жүйелерін;

5) тактілі желілік синхрондау жүйесіне телуді;

6) байланыс саласындағы уәкілетті органның қосылатын операторға бөлетін нөмірлеу ресурсын;

7) қосылуды жүзеге асыруға қажетті іс-шараларды, құрылыс-құрастыру жұмыстарының алдын ала тізбесін;

8) қосылу бойынша жұмыс кезеңдерін;

9) қолданылу мерзімін (алты айдан кем емес) қамтуға тиіс.

Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінде цифрлық стансыларды қолдайтын сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшада берілген.

48. Қосылуға техникалық талаптар оларды беру үшін көзделген мерзімде және:

1) қосылуды жүзеге асырған желіде нөмірлеу өзгерген;

2) сигнал беру жүйелерін және т.с.с. өзгертуді талап ететін, қосылған желімен тікелей әрекеттесетін, қосылуды жүзеге асырған желінің техникалық құралдарын жаңғыртқан, қайта құрған немесе ауыстырған;

3) қосылған желідегі жабдықты жаңғырту және (немесе) оның сыйымдылығын кеңейту қажет болған;

4) байланыс саласындағы уәкілетті органның нормативтік актілеріне сәйкес қосу деңгейі өзгерген;

5) қосылатын оператордың желілердің қосылуын талап ететін телекоммуникация саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге басқа лицензияларды алған жағдайларда нақтыланады.

49. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды

жүргізу кезінде қосатын оператор жаңғырту жобасын бекіткеннен кейін 4 (ай) бұрын барлық мүдделі телекоммуникация операторларына, желілердің иелеріне, телекоммуникация провайдерлеріне техникалық талаптардың өзгеруі мүмкін екенін хабарлайды. Қажет болған кезде қосатын оператор жаңғыртуды бастардан кемінде үш ай бұрын қосылатын операторға техникалық талаптарға енгізілетін өзгерістерді береді.

Бұл ретте қосылатын оператор қосатын операторға өз желісінің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылуына техникалық талаптарды нақтылау үшін өтініш білдіреді.

Қосылуға техникалық талаптарды нақтылау техникалық талаптарды беру үшін осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Жаңа техникалық талаптарға сәйкес қосылу бойынша жұмыстарды орындағаннан кейін өзара іс-қимыл жасайтын байланыс операторлары Қосу шартын нақтылауы тиіс.

Қосылудың техникалық талаптары өзгертілген немесе нақтыланған жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар дәйекті, қажетті және осы Қағидалармен реттелген мәселелер шегінен шықпауы керек.

50. Қосылудың нормативтік құқықтық немесе нормативтік-техникалық актілерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайда қосатын оператор байланыс саласындағы уәкілетті органның ұйғарымы бойынша қосылатын операторға осы Қағидаларға сәйкес келетін техникалық талаптарды беруі тиіс. Бұл ретте өзара іс-қимыл жасайтын екі оператор араларындағы шартпен белгіленген

мөлшерде туындайтын шығыстарды төлейді.

51. Байланыс операторлары:

1) өз желілерінің пайдаланушыларына кез келген қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау құқығын қамтамасыз ету;

2) сапасы бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға, Қосу шартының талаптарына сәйкес келетін қосылу және трафикті өткізу қызметтерін ұсыну;

3) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорынан алынатын берілген маршруттау нөмірлері туралы ақпаратты пайдалана отырып, өз желілерінде «All Call Query» тікелей маршруттау әдісі бойынша ұялы байланыстың ауыстырылған абоненттік нөмірлеріне қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

52. Қосылу және трафикті өткізу қызметтерін ұсынудың бірыңғай технологиялық үдерісіне қатысатын байланыс операторлары және/немесе желілердің иелері арасында:

1) ұсынылатын қосу және трафикті өткізу қызметтерінің сапасы үшін өзара жауапкершілікті;

2) қызметтер сапасының нашарлауына немесе олардың ұсынылмауына әкеліп соғатын техникалық пайдалану бойынша нормативтік актілердің талаптары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда байланыс операторларына және/немесе желілердің иелеріне шығынның орнын толтыру тәртібін;

3) басқа байланыс операторлары және/немесе желілердің иелері ұсынатын қосу және трафикті өткізу қызметтері үшін есеп айырысуды жүргізуге байланыс операторларының және/немесе желілер иелерінің өкілеттіктерін және осы қызметтер үшін есеп айырысу тәртібін;

4) өзара іс-қимыл жасайтын байланыс операторларынан және/немесе желілердің иелерінен келіп түскен шағымдарды қарау бойынша жұмысты жүргізу тәртібін;

5) өзара әрекеттесетін желілер операторларының трафикті өткізу тәртібін;

6) трафикті өткізу үшін өзара есеп айырысуды жүргізудің талаптары мен тәртібін;

7) желілерді жедел-техникалық басқару жүйелерінің өзара әрекеттесу мәселелерін;

8) қызметтермен қамтамасыз етуде іркіліске әкеліп соғатын байланыс құралдарының авариялық тоқтаулары және байланысты қысқа мерзімде қалпына келтіру бойынша шаралар кешенін қабылдау туралы ақпаратты басқа телекоммуникация операторларына, желілердің иелеріне, телекоммуникация провайдерлеріне уақытында ұсынуды;

9) қызметтерді ұсынуда іркілістеге әкеліп соғуы мүмкін желілерде жоспарланған профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы телекоммуникация операторларын, желілердің иелерін, телекоммуникация провайдерлерін уақытында хабардар етуді;

10) ЖАС-7 желілерінің жалпыарналық сигнал беруіне немесе SIP-T/SIP-I протоколдарына сәйкес сигналдық параметрлердің дұрыс таратылуын, оның ішінде байланыс операторының коммутациялық жабдығының (қоңыраудың толық жазбасы - Cal Detail Record) бастапқы жазбаларында болған жағдайда шақыратын абоненттің халықаралық форматтағы (А абонентінің нөмірі) нөмірін қамтамасыз етуді көздейтін шарт жасалады.

53. Телефон қосылысын орнатуға қатысатын байланыс операторы ХБО ұсынымдарын [ITU-T E.157] және осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, шақыратын абоненттің нөмірі туралы ақпаратты (А абонентінің нөмірі) өзгертпестен береді.

Ұсынылатын қызметтердің сапа параметрлерінің қолданыстағы нормаларға сәйкессіздігі анықталған жағдайда өзара іс-қимыл жасайтын телекоммуникация операторлары, желілердің иелері, телекоммуникация провайдерлері телекоммуникация желілерінің жұмысындағы бұзушылықтың себептерін тез арада анықтап, осы себептерді жоюға шаралар қабылдау қажет. Бұл жағдайда шығындарды жабдығының жұмысында қолданыстағы нормаларға сәйкессіздік анықталған телекоммуникация операторлары, желілердің иелері, телекоммуникация провайдерлері өтейді.

54. Жергілікті телефон қосылыстарын уақытына қарай есепке алуды енгізу кезінде байланыс операторлары абоненттерге елді мекеннің әлеуметтік маңызы бар объектілерімен тегін қосылу мүмкіндігін беруді қамтамасыз етеді және ол осы мақсатта байланыс операторларының шығыстарын өтейтін жергілікті атқарушы органдармен келісіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет