ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми-әдістемелік Кеңесі
мәжілісінде бекітілді
хаттама №_________
«_____»_____2012 ж.
|
«6М050800 – Есеп және аудит»
МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСЕТІНДЕР ҮШІН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУ
БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ 2012
МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаты мен міндеттері
Бухгалтерлік есеп және аудит саласында магистрлерді дайындау бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікте ақпаратты қалыптастырудың қағидаттары мен нақты ережелерін түсінетін, бухгалтерлік есепті жүргізудің бүгінгі күнгі әдістерін білетін және бухгалтерлік есептілікті дайындау мен аудиторлық тексеру тәжірибесін меңгерген білікті бухгалтерлер мен аудиторларды дайындауға бағытталған.
Қабылдау емтиханының мақсаты: «Есеп және аудит» мамандығы бойынша емтихан тапсырушылардың білім деңгейін, өз ойын анық және нақты жеткізу қабілетін және магистратурада оқуға қажетті талдамалық мүмкіндіктерін анықтау.
Қабылдау емтиханының міндеттері:
- магистрлердің таңдалған ғылым және педагогикалық қызмет бағытында теориялық білімі мен жеке практикалық дайындығын тереңдету;
- білім алушылардың өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту дағдысын қалыптастыру, бүкіл белсенді қызметі барысында білімін жаңарту қажеттілігін қанағаттандыруға дағдыландыру;
- кәсіби білім алудың келесі кезеңінде оқуын жалғастыруға ынталандыру.
2. Магистратураға түсетіндердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1. Магистратура бөлімінде білім беру бағдарламасына дейінгі алдыңғы деңгейін меңгерген болуы қажет.
2. Магистратураға қабылдау тәртібі Типтік қабылдау ережелеріне сәйкес белгіленеді.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
Базалық пәндер:
-
Бухгалтерлік есеп қағидалары
Кәсіби пәндер:
-
Қаржылық есеп-1
-
Қаржылық есеп-2
-
Басқару есебі -1
-
Басқару есебі-2
-
Аудит
-
Қаржылық және басқарушылық талдау
-
Тәжірибелік аудит
4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Қаржылық есеп» пәні
-
Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде
Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар. Бухгалтерлік есеп концепциялары мен қағидалары. Қаржылық есептілік элементтері. Бухгалтерлік есеп концептуалдылығы. Бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементтері. Шаруашылық процестері және олардың нәтижелері.
2. Бухгалтерлік баланс (ұйымның қаржылық жағдайы жөніндегі есептілік)
Бухгалтерлік баланс құрылысы (ұйымның қаржылық жағдайы жөніндегі есептіліктің) және баптардың мазмұны. Баланстың шаруашылық операциялары әсерінен типтік өзгерістері (ұйымның қаржылық жағдайы жөніндегі есептіліктің).
3. Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есеп шоттары, құрылымы және пайдаланылуы. Бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты жазу, мәні мен маңызы. Жинақтамалы және талдамалы есеп және олардың айырмашылықтары.
4. Ақша қаражаттары мен олардың баламаларының есебі
Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің есебі. Кассадағы ақша қаражаттар есебі.
Ақша қаражаттарының, ақша құжаттарының және қатаң есепке алу бланкілерінің түгендеуін жүргізу тәртібі және ішкі аудиті.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандары. Банкттегі ағымдағы шоттағы және өзге шоттардағы ақша қаражаттар есебі (аккредитивтегі, чек кітапшаларындағы, карт шоттардағы, депозиттік шоттардағы). Жолдағы ақша қаражаттарының есебі. Банктің ағымдағы шот бойынша көшірмелер, оларды тексеру және өңдеу.
5. Дебиторлық берешектер есебі
Дебиторлық берешек түсінігі. Дебиторлық берешекті тану мен бағалау. Дебиторлық берешектің құрамы мен түрлері.
Күмәнді берешектер бойынша резервтер. Күмәнді берешектерді бағалау және әдістері: таза сатылымның пайыздық әдісі, төлеу мерзімдері бойынша дебиторлық берешктерді бағалау әдісі.
6. Қорлар есебі
Қорлардың түсінігі және ХҚЕС 2 қолдану аясы Қорлардың жіктелімі. Қорлардың бағалауы. Өзіндік құнды анықтау әдістері. Сатылу кезіндегі қорлардың өзіндік құнын анықтау әдістері (ФИФО әдісі, орташа өлшемді құн әдісі, арнайы бірегейлендіру әдісі). Өткізудің таза өткізу құны. Қорлардың есеп жүйесі.
Қорлардың талдамалы және жинақтамалы есебі Материалды қорларды түгендеу.
7. Негізгі құралдардың есебі
Негізгі құралдар түсінігі және ХҚЕС 16 қолдану аясы. Негізгі құралдарды тану критерийлері. Негізгі құралдарды алғашқы тану кезінде бағалау модельдері.
Негізгі құралдарды кейінгі бағалау модельдері. Негізгі құралдар қозғалысының есебі. Негізгі құралдардың талдамалы есебі. Кейінгі шығындар есебі.Негізгі құралдар амортизациясы. Амортизация есептеу әдістері. Амортизация уақыты мен әдістерін қайта қарау. Амортизациялық аударымдарды тану. Негізгі құралдарды қайта бағалау есебі. Негізгі құралдарды түгендеу.
8. Материалды емес активтер есебі
Материалды емес активтер түсінігі және ХҚЕС 38 қолдану аясы. Материалды емес активтерді тану талаптары. Бірегейлендіру, бақылау, болашақ экономикалық тиімділік. Материалды емес активтерді тану мен алғашқы бағалау. Материалды емес активтерді сатып алу және есептен шығару есебі. Материалды емес активтердің амортизациясы мен қайта бағалау есебі. Тиімді пайдалану мерзімі анықталған және анықталмаған материалды емес активтер.
9. Инвестициялар есебі
Инвестициялар түсінігі. Сыныптау: қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялар. Тану және бағалау. Инвестицияларды алғашқы тану. Инвестицияларды тануды аяқтау (шығыстау). Инвестицияларды қайта бағалау. Инвестицияларды бір категориядан екіншісіне ауыстыру. Қаржылық есептілікте инвестициялар туралы ақпаратты ашу.
10. Міндеттемелер есебі
Міндеттемелер түсінігі. Міндеттемелерд сыныптау. Тану және бағалау. Несиелер мен займдар есебі. ХҚЕС 23 «Займдар бойынша шығындар» қолданылу аясы. Ұзақ мерзімді міндетеменің ағымдағы бөлігі. Төленуге тиісті вексельдер. ХҚЕС 19 «Жұмысшылар сыйақысы» қолданылу аясы. Еңбек ақыны төлеу түрлері мен жүйелері. Еңбек ақының жинақтамалы және талдамалы есебі. Жұмысшыларға сый ақыларды есептеу есебі. Еңбек ақыдан шегерілімдер мен ұсталымдардың есебі.
11. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Корпоративті табыс салығының есебі. ХҚЕС 12 «Пайда салығы» қолдану аясы. Салықтық база. Ағымдағы салықтық активтер мен ағымдағы салықтық міндеттемелерді тану. Кейінге шегерілген салықтық міндеттемелерді және салықтық активтерді тану. Салық салынатын уақытша айырмалар. Шегерілімге жатқызылатын уақытша айырмалар. Ағымдағы және кейінге шегерілген салықтар есебі. Жеке табыс салығының есебі. Кейінге шегерілген табыс салығының есебі. Қосылған құн салығының есебі. Әлеуметтік салық есебі. Акциздер. Жер салығы. Көлік құралдарының салығы. Мүлік салығы. Өзге де салықтар.
12. Табыстар мен шығыстарды тану
Табыстар мен шығыстар түсінігі және 18 «Түсім» ХҚЕС қолданылу аясы. Табыстар мен шығыстарды тану критерийлері. Өнімді (тауарды) сатудан алынған табысты тану, қаржыландырудан алған табысты тану. Қызмет көрсетуден табысты тану. Жабу проводкалары. Пайда және зиянды тану.
Кезең шығындары: Өнім, жұмыс және қызметті сатуға байланысты шығыстар есебі. әкімшілік шығындар есебі, сыйақы бойынша шығындар.
13. Меншікті капитал есебі
Меншікті капиталдың құрылу тәртібі және шаруашылық жүргізуші субъект түріне байланысты оның көлемі. Төленбеген капитал есебі. Сатып алынған үлестік құралдар есебі. Эмиссиондық табыс есебі.
Резервтік капиталдың қалыптасуы және есебі. Активтерді қайта бағалаудан резервтік капиталдың құрылуы мен есебі. Жиынтық пайда (жиынтық зиян). Есепті кезеңнің бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны) және өткен кезеңдердің пайдасы (жалымаған зияны) және оның қолданылуы. Дивиденттер, акцияны бөлу. Дивиденттер есебі.
14. Қаржылық есептілікті ұсыну
Қаржылық есептілік мақсаты. Қаржылық есептілікті құрудың жалпы әдістемесі. Қаржылық есептіліктің құрылымы және мазмұны. Қаржылық есептіліктің құрамы. Қаржылық есептілікті бірегейлендіру. Баланстың мазмұнына қойылатын талаптар. Пайда және зиян туралы есептіліктің мазмұнына қойылатын талаптар. Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептіліктің мазмұнына қойылатын талаптар. Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептіліктің мазмұнына қойылатын талаптар. Есеп саясаты туралы ақпаратты ашу.
15. Бағалау міндеттемелері, шартты оқиғалар және есептік датадан кейінгі оқиғалар
Бағалау міндеттемелері. Шартты активтер мен шартты міндеттемелер есебі Есептік датадан кейінгі оқиғалар.
16. Жал есебі
17 ХҚЕС-тің қолдану аясы. Жалдың жіктелімі. Қаржылық жал. Операциялық жал. Алғашқы тану. Жалға алушылардың қаржылық есебінде жалдың көрініс табуы. Жалға берушінің қаржылық есебінде жалдың көрініс табуы. Инвестициялық меншік түсінігі. 40 ХҚЕС-тің қолдану аясы. Тану. Танудағы өлшеу. Нақты шығындар бойынша есеп моделі. Инвестициялық меншік ретінде активтердің жіктелімі. Реклассификация.
17. Қаржылық құралдар есебі
Қаржылық құралдар. 32 «Қаржылық құралдар: ақпаратты ұсыну», 39 «Қаржылық құралдар: тану мен өлшеу» ХҚЕС-тарының қолдану аясы. Қаржылық актив және қаржылық міндеттеме. Қаржылық құралдар категориялары. Үлестік қаржылық құралдар. Туынды қаржылық құралдар.
18 . Бизнесті біріктіру кезіндегі есеп
Бизнесті біріктіру. (IFRS) 3 ХҚЕС-тің қолдану аясы. Бизнесті біріктірудің түсінігі. Есеп әдісі. Бизнесті біріктіру құны. Алдағы кезеңдегі оқиғалармен түсіндірілетін, бизнесті біріктіру құнын түзету. Бизнесті біріктіру құнын сатып алынған активтер мен шартты міндеттемелерге бөлу. Сатып алынған ұйымның идентифицияланатын активтері мен міндеттемелері. Сатып алынатын ұйымның материалдық емес активтері. сатып алынатын ұйымның шартты міндеттемелері. іскерлік белсенділік. бизнесті кезеңмен біріктіру.
19. Біріккен қызмет есебі
ХҚЕС 31 «Біріккен қызметте қатысу» қолдану аясы. Біріккен қызметтің нысандары. Біріккен бақылау. Келісім шарт. Бірігіп бақыланатын активтер. Бірігіп бақыланатын кәсіпорындар. Біріккен кәсіпкерліктің қатысушысының қаржылық есептілігі. Пропорционалді шоғырландыру. Үлестік қатысу әдісі. Кәсіпкердің жеке қаржылық есептілігі.
20. Байланысты тараптар. Ассоциияланған кәсіпорындар
ХҚЕС 24 «Байланысты тарптар туралы ақпаратты ашу» қолдану аясы. Бірікккен тараптар арасындағы операциялар. Ақпаратты ашып көрсету. ХҚЕС 28 «Ассоцияцияланған кәсіпорындарға инвестициялар» қолдану аясы. Анықтамалар. Елеулі әсер. Үлестік қатысу әдісі. Құнсызданудан шеккен зиян. Жеке қаржылық есептілік.
21. Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік
ХҚЕС 27 «Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік» қолдану аясы. Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің қолдану аясы. Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің ұсынылуы. Шоғырландыру процедуралары.
22. Курстық айырма есебі
ХҚЕС 21 «Курстық валюталардың өзгерсіке әсері» қолдану аясы. Функционалды валюта. Шетелдік қызметке таза инвестициялар салу. Ақшалай баптары мен ақшалай емес баптардың түсінігі. Шетел валютасында жүргізілген операциялардың функционалды валютада көрініс табуы. Алғашқы тану. Кейінгі есептік кезеңдердің қаржылық есептілігі. Курстық айырманы тану. Функционалды валютаның ауысуы. Функционалды валютаны есептілікті ұсыну валютасында қайта есептеу.
23. Есеп саясаты, есептегі өзгерстер мен қателер
ХҚЕС 8 «Есеп саясаты, есептегі өзгерстер мен қателер» қолдану аясы. Есеп саясаты түсінігі. Есеп саясатын таңдау және пайдалану. Есеп саясатын қолдану реті. Ретроспективті қолдану. Ретроспективті және перспективті қайта есептеулер. Есеп саясатындағы өзгерістер. Есеп саясатындағы өзгерістерді көрсету. Есеп саясатындағы өзгерістер жөніндегі ақпаратты ашып көрсету. Бухгалтерлік өлшемдердегі өзгерістер және ақпартты ашып көрсету. Қателер.
«Басқару есебі»
-
Басқару есебіне кіріспе
Басқару есебінің ұғымы. Басқару есебінің мақсаты мен міндеттері. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар. Басқару есебінің қағидалары мен әдістері. Қаржылық және басқару есебінің салыстырмалы сипаттамасы. Қаржылық және басқару есебінің мәні. Өндірістік есеп түсінігі, мақсаты мен міндеттері. Басқару есебінің мақсаты мен міндететрі. Өндірістік және басқару есептерінің айырмашылықтары.
2. Шығындардың жіктелуі
Шығындар ұғымы. Шығындарды жіктеу белгілері: құрамы бойынша, өндіріс көлеміне қатыстылығы бойынша, орташаландыру дәрежесі бойынша, басқару қызметтері бойынша, шығындар объектісіне жатқызу тәсілі бойынша, пайданы анықтау кезеңіне шығындарды жатқызу тәртібі бойынша, шығындардың өзге түрлері. Шешімдер қабылдау үшін шығындарды жіктеу.
Жоспарлау мен бақылау үшін шығындарды жіктеу.
3. Жауапкершілік орталықтары бойынша есептің сипаты мен мақсаты
Жауапкершілік орталықтарының ұғымы. Жауапкершілік орталықтарының түрлері: шығындар орталықтары, табыстар орталықтары, пайда орталықтары, инвестициялар орталықтары.
4. Өндірістік шығындар есебі
Өндірістік есеп шоттары. Негізгі және қосалқы өндірістің топтамалық және талдамалық есебін ұйымдастыру. Калькуляция баптары бойынша шығындар есебі. Материалдық шығындар есебі. Жұмыс күшіне жұмсалған шығындардың есебі. Үстеме шығындардың есебі. Үстеме шығындарды бөліп таратудың негіздері.
5. Өнімнің (жұмыстармен, қызметтердің) шығындарымен өзіндік құнының калькуляциясы есебі әдістері.
Өзіндік құнды калькуляциялаудың екі әдісінің анықтамасы. Шығындарды толық бөліп тарату арқылы және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялауды салыстыру. Маржиналдық табыс пен операциялық пайда. Маржиналдық жолдың артықшылықтары. Шығындарды толық бөліп тарату арқылы калькуляциялау жүйесінің артықшылықтары.
Тапсырыстық қалькуляцияның анықтамасы, қолдану аясы. Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау. Өндірістік шығындардың процестік калькуляциясы. Тапсырысты процестік әдіс бойынша калькуляциялаудығы аяқталмаған өндірісті бағалау. Өзіндік құнды калькуляциялаудың нормативтік әдісі, қолданылу аясы. Нормативті шығындарды анықтау. Нормативті шығындар түрлері. Ауытқуларды анықтау, ауытқуларды басқару.
6. Шығындар динамикасы. Өндірістің зиянсыздығын талдау
Релеванттық аймақтағы шығындардың бейімделуі. Айнымалы, тұрақты және аралас шығындар. Жартылай айнымалы шығындарды элементтерге бөлудің мини-макси әдісі.
Зиянсыздық нүктесі және мақсаттық пайда. Зиянсыздық нүктесінің қолданылуы.
Маржиналдық табыстың мәні. Релеванттық шығындар ұғымы.
Зиянсыздықты талдаудың модельдері: бухгалтерлік модель, математикалық модель, графикалық модель. Қауіпсіздік маржасы.
7. Басқару құрылымы мен стилі
Басқару құрылымы мен стилі. Анықсыздық және тәуекелділік шарттары. Ақпараттық талаптардың сандық және сапалық мәні.
8. «Шығын көлем және пайда» талдауына қойылатын талаптар және олардың нарық жағдайындағы жетіспеушіліктері
«Шығын көлем және пайда» талдауы. Қойылатын талаптар мен мүмкіндіктер және оларды нарық жағдайында қолдану. Залалсыздық нүктесін анықтау әдістері. Белгісіздік жағдайындағы «Шығын көлем және пайда» талдауы. Тиімділік терегі және оны құру. Джедике иен Робичек тәсілі.
9. Басқару шешімдерін қабылдау
Релеванттық және сапаның маңыздылығы. Өнімді сату бағасы жөнінде арнайы шешімдер қабылдау. Ұзақ мерзімді шешімдерді бағалау. Өндіріс қуатының шектеулі болған жағдайында өнім ассортименті туралы шешім қабылдау. Жабдықтарды ауыстыру туралы шешім қабылдау: өткен кезең шығындарына тәуелсіз.
10. Басқару жүйесінің бақылау тәсілдері
Әртүрлі ұйымдық деңгейлердегі басқару. Басқару түрлері. Қазіргі кибернетикалық басқару жүйулері. Кері және алдын алу байланысымен басқару. Басқарудың жанама кері әсері. Басқарудың типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Белгісіздік жағдайындағы бюджетті құру. Бюджетті құрудың қосалқы тәсілдері. Тәжірибе қисығы. Шектеуші факторлардың талдауы.
«Аудит» пәні
1. Аудиттің мәні мен мазмұны, түрлері
Аудиттің мақсаты, міндеттері және функциялары мен обьектілері, пәні. Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері. ҚР аудиторлық қызмет нарығының қазіргі жағдайы. Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары. қаржылық есептілік - аудиттің ақпараттық базасы. Аудит мақсаты көзқарасынан қаржылық есептілік элементтері аудит мақсаты және оларға жету әдістері. Аудитті жүргізу циклдық және обьектілер бойынша қарастыру. Аудит түрлері. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы заң" заң және ҚР-дағы аудиторлық қызметті реттейтін басқада нормативті -құқықтық актілері. Аудиторлардың кәсіби аттестациялау жүйесі және ҚР аудиторлық қызметті лицензиялау. Аудиторлардың жауапкершілігі, міндеттері және құқықтары. Аудит стандарттары және кәсіби этикасы. Аудиттің халықаралық стандарты. Кәсіби этикалық кодексі. Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі
2. Бақылау және аудит
Экономикалық бақылау және оның компания басқару жүйесіндегі орны. Тәуелсіз аудиттің қаржы - экономикалық жүйесіндегі рөлі. Бақылаудың мақсаты мен оның аудиторлық тексерістің жалпы мақсаттары мен өзара байланысы. Ішкі бақылаудың элементтерінің құрылымы. Тексеру жүргізу шарттары. Мәліметтерді электронды өңдеудің аудиті. Ішкі бақылау жүйесі бағалау. Жүйенің құжаттық рәсімделуі.
3. Аудиторлық тәуекелділік және оның маңызы.
Аудиттағы маңыздылық концепциясы. Маңыздылықты бағалау критериилері. Маңыздылықтың деңгейі мен ұғымының анықтамасы. Маңыздылықтың деңгейін анықтау талаптары. Аудиттің талдау нәтижелерінде маңыздылық қағидасының қолданылуы. Құжаттық рәсімдеудегі бұрмалаушылық белгілері. Алаяқтықты анықтау және қателіктер.
Аудиторлық тәукелділік. Маңызды бұрмалаушылардың тәуекелділігі. Аудиторлық тәуекелділіктің негізгі компоненттері және олардың байланысы: ажырамайтын тәуекелділік, бақылау тәуекелділігі, анықталмаған тәуекелділік. Аудиторлық тәуекелділікті бағалау: аудиторлық тәуекелділіктің моделін ұсыну. Аудиторлық тәукелділікті азайту стратегиясы.
4. Кәсіпорындар мен аудиторлық дәлелдеулерді алу әдістемесі
Аудиторлық дәлелдемелерді жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері. Аудитте қолданылатын бақылау әдістері және қабылдау жіктемесі. Сапалы белгілері бойынша құжаттардың жіктелуі. Тексеру қабылдамасы. Аудиторлық дәлелдеумен оның аудиттегі рөлі. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар. Аудиторлық дәлелдеулерді жинау мақсаттарын орнату.
5. Кәсіпорын және аудитті жүргізу тәртібі
Аудиторлық таңдау. аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі. Аудиторлық тексерістің таңдаулы негізгі қағидалары. Таңдау өлшемесін анықтау.Таңдамалы элементтерін таңдап алу әдістері. Таңдап алуға әсер ететін факторлар. Таңдап алуға статистикалық және статистикалық емес қарастырулар. Аудитті жүргізудің этаптары. Аудитті жоспарлау процесі. Клиентпен алдын ала танысу. Аудит жүргізу тәртібі. Аудитті жүргізу туралы келісім құру. Аудиттің бағдарламасын және жоспарды жалпы дайындау тәртібі. Аудиттің қорытынды этаптарындағы аудитордың жұмысы. Аудиторлық есеп (қортынды). Аудиторлық есеп құрудың жалпы талаптары және оны дайындау тәртібі. Аудиторлық есептің нысандары.
6. Аудит сапасын бақылау
Сапаны басқару жүйесі. Аудитор жұмысының сапасын бақылаудың негізгі қағидалары. Аудиттің сапасын басқару процедуралары мен саясаты. Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудит сапасы үшін жауапкершілік.
Аудитті құжаттау. Жұмыс құжаттарын дайындаудың мақсаттары мен анықтамалары. Аудитторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері. Аудитордың үлгілік жұмыс құжаттары. Соңғы аудиторлық файлды қалыптастыру.
7.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
Сатып алу кезеңiнiң шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары.Сатып алу кезеңiнiң аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.
Сатып алу кезеңiнiң шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар.
8. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
Өндіріс кезеңiнiң шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары.Өндіріс кезеңiнiң аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Өндіріс кезеңiнiң шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар.
9. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
Сату кезеңiнiң шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары.Қаржылық қорытынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Дебиторлық қарыздар аудиті.
«Қаржылық және басқарушылық талдау » пәні
1. Нарық экономикасы жағдайындағы қаржылық талдаудың мазмұны, пәні және міндеттері
Қаржылық талдаудың мазмұны, пәні және міндеттері. Шаруашылық субъектісін басқарудағы қаржылық талдаудың орны мен ролі. Қаржылық талдаудың ерекшеліктері және оның басқарушылық талдаумен байланысы.
Қаржылық талдаудың әдістері. Қаржылық талдаудың әдеттегі тәсілдері. Статистистикалық және экономико-математикалық әдістері.
2. Баланс активінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.
Баланс активінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау. Кәсіпорын мүлкінің құнын жұмылдырылған және жұмылдырылмаған құралдарға жіктеу. Жұмылдырылмаған құралдардың құрамы мен құрылымы. Дебиторлық қарыздардың құрамы мен құрылымын талдау. Жұмылдырылған құралдардың құрамы мен құрылымын талдау.
3. Меншікті капиталды және оның элементтерін талдау.
Нарық жағдайындағы капиталдың мәні мен мағынасы. Меншікті капиталдың құрамы мен орналастырылуы. Міндеттемелердің құрамы мен құрылымын талдау. Кредиторлық борышты түрлері мен пайда болу мерзімдері бойынша талдау.
4. Баланс өтімділігін талдау
Активтерді өтімділік деңгейіне байланысты топтастыру. Міндеттемелерді төлеу мерзіміне байланысты топтастыру. Кәсіпорынның балансының өтімділігінің шарттары . Коэффициенттерді есептеу мен талдау.
5. Шаруашылық субъектісінің төлем қабілеттілігін талдау.
Төлем қабілеттілік қаржылық тұрақтылықтың маңызды критерийлерінің бірі. Төлем қабілеттілік коэффициенттерін талдау әдістемесі. Қаржылық тұрақтылықты анықтау. Қаржылық коэффициенттерді талдаудың мәні мен мағынасы.
6. Шаруашылық субъектісінің табыстылық көрсеткіштерін талдау
Табыс шаруашылық субъектісінің негізгі көрсеткіші ретінде. Шаруашылық субъектісінің қаржы нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Кәсіпорынның табыстылығының негізгі көрсеткіштерінің сипаттамасы. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Маржиналдық табысты талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау.
7. Шаруашылық субъектісінің іскерлік белсенділігін талдау.
Іскерлік белсенділігін талдаудың мәні мен мағынасы. Іскерлік белсенділік көрсеткіштері. Іскерлік белсенділік коэффициенттерін есептеу. Шаруашылық субъектісінің іскерлік белсенділігін талдау. Іскерлік белсенділігін талдаудың мәні мен мағынасы. Іскерлік белсенділік көрсеткіштері. Іскерлік белсенділік коэффициенттерін есептеу. Нарықтық белсенділік көрсеткіштер жүйесі.
Нарықтық белсенділікті сипаттайтын көрсеткіштер. Нарықтық белсенділікті сипаттайтын көрсеткіштерді талдау. Коэффициентерді есептеу. Шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділік көрсеткіштерін талдау. Кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіштері. Еңбек өнімділігін талдау. Қор қайтымдылығын талдау. Материал қайтымдылығын талдау.
Шаруашылық субъектісінің күйреу ықтималдылығын талдау мен бағалау.
Күйреу ықтималдығы және оның пайда болуының негізгі себептері. Қаржылық көрсеткіштерін болжаудың әдістері мен тәсілдері. Күйреу ықтималдылығын бағалау. Қаржы ағымдарын талдау. Кәсіпкерлік тәуекелділікті талдау.Кәсіпкерлік тәуекелділіктің мәні. Тәуекелділікті сапалық талдау. Тәуекелділікті сандық талдау және оның негізгі әдістері.
8. Шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділік көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіштері. Еңбек өнімділігін талдау. Қор қайтымдылығын талдау. Материал қайтымдылығын талдау.
5. Ұсынылатын әдебитеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
-
«Бухгалтерлік есеп пен қардылық есептілік туралы заң» 27 ақпан 2007 г. № 5442.
-
Қазақстан Республикасының«салық тық және бюджетке міндетті төленетін төлемдер» кодексі (Салық Кодексі) (2011ж. жағдайына).
-
ХҚЕС -Алматы ИД БИКО 2008 .
-
бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары, ҚР қаржы министрлігімен бекітілген. 23.05.2007 ж. № 185
-
ҰҚЕС 2. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі. / бухгалтер анықтамалығы №2 2007 Алматы ИД БИКО.
-
алғашқы құжат нысандары. // бухгалтер бюллетені. Арнайы шығарылым №34-35 2007 Алматы: БИКО,
-
С.Грей, Б.Нидлз Қаржылық есеп: ғаламдық көзқарас. @ 1999 Houghton Mufflin Company. Berkley Street, Doston. MA02116-3764.
-
Кеулимжаев К.К. и др. Кәсіпорындағы қаржылық есеп. Оқулық/ ред. Рахимбековой/ Кеулимжаев К.К., Ажибаевой З.Н., Кинкузова К.К, Сальменова А.Т. -Алматы: Экономика , 2005.
-
Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпоырндағы бухгалтерлік есеп, Алматы, НК «Центраудит», 2002 г.стр .
-
Дюсембаев К.Ш. Қаржылық есептемені талдау. Алматы:Экономика, 2011ж.
-
Николаева О.Е., Шишкова Т.В. Классический упарвленческий учет. М.:Издательство ЛКИ,2010.-400с.
Қосымша әдебиеттер:
-
«Шаруашылық серіктестіктер» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы, 2 мамыр 1995 жыл №2255 (с допол. и изм. От 10 июля 1998г. №282-1).
-
«Акционерлік қоғамдар туралыҚР Заңы 10 шілде 1998 жыл № 281-1 (өзгертулер мен қосымшалармен бірге 15желтоқсан 1999ж. №497-1)
-
ҚР-ның азаматтық Кодексі - Алматы: Юрист, 2005.-329с.
-
Абдыманапов А., Раимов бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп принциптері : (оқулық). - Алматы, 2005.
-
Вахрушина М.С. Бухгалтерлік есеп. - М., 2004.
-
Вуд Ф. Бухгалтерлік есеп. -М., 1993.
-
Гетьман В.Г. Қаржылық есеп. - М., 2004.
-
Ержанов М.С. Нурумов А.А. «Қазақстан кәсіпорындарына қаржылық есептілік».
-
Назарова В.Л. Шаруашылық субъектілердің бухгалтерлік есебі. Алматы, "Экономика" 2005г.
-
Султанова Б.Б. Бухгалтерлік есеп негіздері. Оқу құралы. Экономика Алматы: 2009.
-
Кеулімжаев Қ. К. Финансовая отчетность. Учебное пособие.Алматы, 2009.-264с.
-
Ержанов М.С., Нурумов А.А. Финансовая отчетность казахстанских предприятий: Учебное пособие.-Алматы: Экономика, 2007 – 180с.
-
Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности. Алматы:Экономика, 2009.
Достарыңызбен бөлісу: |