2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау



Дата22.02.2016
өлшемі223.5 Kb.
#508
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасына 2012 жылдың қорытындысымен жүргізілген мониторингісінің жалпы есебі


  1. 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау

Бағдарламалық құжаттың деректемелері: Оңтүстік Қазақстан облысының даму 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 36/366-IV шешімімен бекітілген (2012 жылғы 7 желтоқсандағы №9/74-V шешімімен өзгерістер енгізілген).

Нысаналы индикаторлар: ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2011 жылғы 29 қарашадағы №01-38.121 бұйрығымен бекітілген «ҚР Президентінің мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың 2010 жылғы нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 13-тармағын және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 31 шілдедегі №232 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында, облыстың Даму бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, жергілікті атқарушы органдарға арналған Бірыңғай тізбеге сәйкестендірілді.

Бағдарламада 2012 жылы іске асыруға көзделген - 21 мақсат, 40 нысаналы индикаторлар, 113 көрсеткіштер қарастырылған. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 36 (90%) нысаналы индикаторлар, 86 (76,1%) көрсеткіштерге нақты қол жеткізілген. 2 индикатор мен 11 көрсеткіштердің статистикалық есеп беретін мерзімі келген жоқ, 1 көрсеткіш бойынша статистикалық есеп жүргізілмейді, 2 индикаторлар мен 15 көрсеткіштерге қол жеткізілген жоқ.

2012 жылға бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарында 337 іс-шара жалпы сомасы 187,9 млрд. теңгеге қарастырылған, оның ішінде 1 бағыт «Экономика» бойынша - 95 іс-шара, 2 бағыт «Әлеуметтік сала» - 179, 3 бағыт «Инфрақұрылым» - 43, 4 бағыт «Ауылдық аймақтарды дамыту, экология» - 18, 5 бағыт «Мемлекеттік қызметтер» - 2 іс-шара.



337 іс-шараның ішінде 336 (99,7%) орындалған, 1 іс-шара – 2013 жылға өтпелі.
1 Бағыт – «Экономика»

10 нысаналы индикаторлар мен 53 көрсеткіштер қарастырылған, соның ішінде 8 нысаналы индикаторлар және 31 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілген, 1 индикатор және 9 көрсеткіштердің статистикалық есеп беретін мерзімі келген жоқ, 1 көрсеткіш бойынша статистикалық есеп жүргізілмейді. Жылдың қорытындысымен 1 индикатор мен 12 көрсеткіштерге қол жеткізілген жоқ.

1 мақсат «Қазақстан экономикасының дамуын 2015 жылға қарай 2009 жылдың деңгейінің нақты мәніне қарағанда 3 есе асыруын қамтамасыз ету бөлімінде» 1 нысаналы индикатор мен 4 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылған, оның 1 индикаторға және 1 көрсеткішке қол жеткізілді, 3 көрсеткіштердің статистикалық есеп беретін мерзімі келген жоқ.

Жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында, 1122,7 млрд. тенгені құрады. ЖАӨ құрылымында өндірістің көлемі 39,6%, қызмет – 53,7% құрады. 2012 жылдың қорытындысымен ЖӨӨ 1730 млрд. теңге көлемінде күтілуде.

Сыртқы сауда айналымы 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 4131,3 млн. АҚШ долларын құрады және 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегіне 117,3%, оның ішінде экспорт, тиісінше – 2736 млн. АҚШ долларын немесе 121,7%, импорт – 1395,3 млн. АҚШ доллары немесе 109,5% құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2012 жылдың желтоқсанында 105,7% құрады.

2 мақсат «Облыстың индустриалды-инновациялық дамуы» бойынша 3 нысаналы индикатор және 25 нәтижелі көрсеткіш қарастырылған, оның ішінде нақты қол жеткізілгені 3 нысаналы индикатор мен 13 көрсеткіш. 3 көрсеткіштердің статистикалық есеп беретін мерзімі келген жоқ, 1 көрсеткіш бойынша статистикалық есеп жүргізілмейді. Жылдың қорытындысымен 8 көрсеткіштерге қол жеткізілген жоқ.

Өнеркәсіп кәсіпорындарында 444,8 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, 2011 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі – 106,5% (республикалық көрсеткіш - 100,5%) құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз республикада - 3 орында.

Жаңа кәсіпорындардың ашылуы және өндірістің кеңеюі есебінен 30 517 жұмыс орны ашылып, 1,9 есеге өсті. (2011 жылы – 16080 жұмыс орны).

Облыс экономикасын дамытуға 315,1 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 9,2% артты.

«Үдемелі индустриалдық – инновациялық даму» бағдарламасы аясында 29 жоба жүзеге асырылды, жаңадан 2216 жұмыс орындары құрылды (2011 жылы – 22 жоба, 1235 жұмыс орны). Бағдарламадағы жобалардың саны бойынша облысымыз республикада 1 орында.

Жобалардың арасында озық технологияны пайдаланып, заманауи талапқа сай, импорталмастыру өнімдерін шығаратын, республика бойынша тек біздің облысымызда ашылған кәсіпорындардың қатарында: «ЭКО-ФАРМ ИНТЕРНЕЙШНЛ» ЖШС - медицинаға қажетті вакумдық шыны түтік шығаратын зауыт, «Kagaz Shahary SEZ» ЖШС – қағаз және картон өндіру зауыты (импорт көлемі - 11,6 млн. АҚШ долл.), «Spirit Казахстан» ЖШС – сусындарға арналған ыдыстардың қақпақтарын шығару, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ – трансформатор және соған қажетті жабдықтар шығару (импорт көлемі – 5 млн. АҚШ долл).

Облыста 2010 жылы құрылған «Оңтүстік» индустриялдық аймағында» жалпы құны 37,5 млрд. теңгені құрайтын 42 жоба жүзеге асырылуда. 2012 жылы 10 жаңа жоба іске қосылып, 755 жаңа жұмыс орны ашылды (2011 ж. – 7 жоба, 811 жұмыс орны).

Сонымен бірге, Түркістан, Кентау қалалары мен Шардара ауданында индустриялдық аймақ құрылды, ал қалған аудандарда жұмыс жалғасуда.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 2 кәсіпорын («АГФ» групп» ЖШС, ««Kagaz Shahary SEZ» ЖШС), 125 жұмыс орны ашылды. Қосымша 4 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.

3 мақсат «Экономиканың аграрлық секторын бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыртқы нарықта алдыңғы қатарлы орындарды алу мақсатында ішкі нарықтың қажеттілігін қанағаттандыратын ауыл шаруашылығы өнімдердің көлемін тиімді негізде өндіру» бойынша 1 нысаналы көрсеткіш және 10 нәтижелі көрсеткіш қарастырылған, 1 көрсеткішке қол жеткізілмеді.

Өндірілген ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 246,2 млрд.теңгені (2011 жылы 207,9 млрд.теңге) құрап, нақты көлем индексі 108,9% құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс басқа өңірлер аралығында 1 орында (республикалық көрсеткіш – 82,2%).

Ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстары жалғастырылып, 322,3 мың га арнайы жер қорына қайтарылды. 2012 жылы жалпы егіc көлемі 9,0 мың га ұлғайып, 742,2 мың га жетті. 2012 жылы 21,0 мың га суармалы жер қосымша іске қосылды.

Облыстағы суармалы жердің көлемін 1 млн. га жеткізу жөнінде арнайы іс-шара қабылданды. Соның ішінде бірінші кезекте 292,0 мың га жерді суландырып, қосу мүмкіндігі нақтыланды, жоспар түзілді. (Анықтама: жалпы соңғы 3 жылда қайтарылған жерлер: барлығы – 567 мың га, оның ішінде суармалы – 145 мың га. Республика бойынша қайтарылған суармалы жердің көлемі 196 мың га, облыстың үлесі – 74%)

Шешімін таппай жүрген күрделі мәселелерді шешу үшін, мемлекеттік қолдаудың жаңа жобалары енгізілді.

Атап айтқанда, мақтаның көсек құртын жоюға арналған биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттар құнын арзандату жобасы. Жобаны 2014 жылдан бастап қаржыландыру жоспарланды.

Қауын шыбынының 1-ші, 2-ші ұрпақтарына қарсы химиялық өңдеу жобасы. 2012 жылы 1605 га карантиндік аймақ белгіленіп, химиялық өңдеу жүргізілді.

Жердің құнарлығын сақтап, ауыспалы егіс жүйесін игеру мақсатында, мал азықтық дақылдар мен сұр танаптың үлес салмағы 10,0 мың га ұлғайды. Облыста 350 агроқұрылымның 82,0 мың га егістік жеріне ауыспалы егіс жүйесі ендірілді.

Өнімділікті ұлғайту мақсатында 3 инновациялық жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде қауынның «Береке», қарбыздың «Сапалы» жаңа сорттарын өндіріске ендіру, мақта шаруашылығында терең қопсыту технологиясын қолдану және ірі қара малдардың пироплазмоз және тейлериоз ауруларына қарсы ассоциативтік вакцинасы өндіріске енгізілді.

Облыстың тарихында болмаған 1,1 млн. тонна бақша өнімі жиналды (немесе 353,0 мың тоннаға артық). Сонымен қатар, 380 мың тонна мақта (44,0 мың тн), 242,0 мың тонна картоп (30 мың тн), 750 мың тонна көкөніс (29,0 мың тн), 78 мың тонна жеміс-жидек (24 мың тн), 51,2 мың тонна жүзім (12 мың тн) жиналды. Өнім көлемі орташа 26% артты.

Өткен жылдың ауа райының қолайсыз, құрғақ болуына қарамастан, озық агротехникалық тәсілдерді енгізудің арқасында мақташылар алғаш рет гектарынан орташа 27 цн өнім жинады.

2012 жылы 6 МТС ашылып, 640 дана жаңа ауыл шаруашылық техникалары алынды, 3,1%-ға жаңаланды.

2012 жылы жылыжай көлемі 570 га жерге жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 200 га немесе 1,5 есеге артты. Облысымыздың республикадағы үлесі 87%. Осы жылыжайлардың есебінен 120 мың тонна көкөніс өнімі өндірілді.



Тамшылатып суғару технологиясы 6 мың га жерге ендіріліп, жалпы көлемі 21 мың га жетті. Облысымыздың республикадағы үлесі 72%.

Қоймалардың сиымдылығы 1,5 есеге артып, 177 мың тн жетті. Есепті жылы 117 млрд. теңге көлемінде мал шаруашылығының өнімі өндіріліп, 2011 жылмен салыстырғанда 2,1% артты. Мал басының саны барлық түрі бойынша орта есеппен 2 - 4% өсіп отыр.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» үшін әзірленген «Сыбаға» бағдарламасы аясында 5,3 мың бас ірі қара мал алынып, меже 126% орындалды. Агроқұрылымдар өз қаржылары есебінен сиымдылығы 5,6 мың бас 37 ІҚМ мал бордақылау алаңдарын ашты, меже 2,8 есеге артық орындалды (2011 жылы 21 алаң 4,1 мың бас).

Облыста 198 бірлік қолдан ұрықтандыру бекеттерінде 130,0 мың бас ІҚМ қолдан ұрықтандырылып, өткен жылдан 1,5 есеге артты. Бұл жалпы аналық бастың 36% құрайды. Аналықтарды толықтай қолдан ұрықтандырумен қамту мақсатында 264 бекеттің жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, тиісті қаржы қаралып, биылғы жылы пайдалануға беріледі.

Облыста асылтұқымды шаруашылықтарда мал басы 4-5% өсті. Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көрсеткішін көтеру мақсатында жаңадан 17 кәсіпорын іске қосылды. Нәтижесінде, ет өнімдерін қайта өңдеу үлесі - 17%, сүт өңдеу - 23%, жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу – 11,6% жетіп, өнімдері өңдеу көлемі 108,0 млрд. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 7,2% артты.

2012 жылы тауар өндірушілерге 18,7 млрд.тг несие тартылып, 2011 жылмен салыстырғанда 28% артты, 2421 жоба қаржыландырылды.

Облыс әкімдігі «Казагро» АҚ-ның қаржыларын кеңінен тарту үшін арнайы ынтымақтастық меморандумға қол қойды.

Осы келісімге сәйкес 2012 жылы 8,3 млрд. теңгеге 9 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде, 3,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

4 мақсат «Бизнесті ортаны жақсарту» бойынша 1 нысаналы индикатор және 2 нәтижелі көрсеткіш қарастырылған, соның ішінде 1 индикатор мен 1 көрсеткішке қол жеткізілген жоқ. 1 көрсеткіштің статистикалық есеп беретін мерзімі келген жоқ.

Белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны 109,4 мың бірлікті, жұмыс істейтіндердің саны 286,9 мың адамды құрады. 467,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өнім 102% (республикалық көрсеткіш - 100,2%) құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз республикада - 3 орында. Салық төлемдері 29,7 млрд. теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті.

Жергілікті деңгейде әкімшілік кедергілерді қысқарту жұмыстары ұйымдастырылып, рұқсат беру рәсімдері қайта қаралды.

Облыс әкімдігі жанындағы сараптамалық Кеңесте кәсіпкерлік мүдделерді қорғайтын 32 нормативті-құқықтық актілер қаралды.

2012 жылы қараша айында республикада алғаш рет бір терезе қағидасы бойынша «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ашылды. Облыстың 14 аудан, қалаларында орталықтың өкілдігі ашылды. Екі айдың ішінде 1274 адамға жәрдем көрсетілді, 470 адам оқуды аяқтады, 2 млрд. теңгеге 200 жоба қаржыландырылуына септігін тигізді.

2012 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 68,8 млрд теңге құрайтын 168 жоба мақұлданып, 2076 жұмыс орны ашылып, 3771 кәсіпкер оқытылды (2011 ж. – 97 жоба, 1023 жұмыс орны) Жобалар бойынша облыс алғашқы бестіктің қатарында.

Оның ішінде:

несиелердің пайыздық ставканы субсидиялау үшін 25,8 млрд. теңге құрайтын 92 жоба мақұлданып, жоспар 139% орындалды;

несиелерді ішінара кепілдендіру арқылы 722,3 млн. теңге құрайтын 8 жоба мақұлданып, жоспар 4 есеге артты;

қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 35,0 млрд. теңге құрайтын 53 жоба мақұлданып, жоспар 3,8 есеге артты.



5 мақсат «Ішкі және сыртқы сауда тиімділігін арттыру, сауданың тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау және экспортқа бағытталған өнімнің өсуіне ықпал ету» бойынша 1 нысаналы индикатор қарастырылып, оған қол жеткізілді.

2012 жылы бөлшек сауда айналымы 194,9 млрд. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 17,9%-ға көбейді.



6 мақсат «Инновациялар және инвестициялар» бойынша 2 нысаналы индикаторлар мен 8 нәтижелі көрсеткіш қарастырылған, соның ішінде 1 индикатор мен 5 көрсеткіштерге қол жеткізілді, 1 индикатор мен 2 көрсеткіш бойынша статистикалық есеп беретін мерзімі келген жоқ. 1 көрсеткішке қол жеткізілген жоқ.

2012 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 315,1 млрд. теңге, 2011 жылдың деңгейіне 109,2% құрады.

2012 жылы өнеркәсіпке 141,7 млрд. теңге инвестиция бағытталды, 2011 жылмен салыстырғанда 108%-ды құрады, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне – 20,5 млрд. теңге, тау-кен өнеркәсібінен – 31,5 млрд. теңге бағытталды. Шетел инвестиция көлемі – 10,1 млрд. теңгені құрады.

Шетел мемлекеттерімен сауда және экономикалық қарым-қатынасты дамыту, шетелдік инвестиция тарту жұмыстарын күшейту мақсатында арнайы Инвесторларға қызмет көрсету орталығы құрылды (Бұрын «Максимум» АИО құрамында құрылған «Сыртқы қатынастар департаменті» осы орталыққа берілді).



7 мақсат «Мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының, жүйелік кәсіпорындарының сатып алынатын заттарында қазақстандық қамту үлесін жоғарылату және одан әрі дамуына жағдайлар жасау» бойынша 1 нысаналы индикатор мен 4 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылған, оның 1 индикаторына және 3 көрсеткішіне қол жеткізілді, 1 көрсеткіш орындалмады.

2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде тауар мен қызметті жалпы сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі 71,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс Республикада 1-ші орында.


2 бағыт «Әлеуметтік сала»

16 нысаналы индикаторлар мен 36 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылған, оның ішінде 14 нысаналы индикаторлар, 32 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді, 1 индикатор мен 2 көрсеткіш бойынша статистикалық есеп беру мерзімі келген жоқ, 1 индикатор мен 2 көрсеткіш орындалмады.

1 мақсат «Білімнің сапасын, қолжетіміділігін, тартымдылығын жоғарлату және балалардың заңды мүдделерін қорғау мен құқықтық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру» бойынша 3 нысаналы индикаторлар мен 6 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылған, оның 3 индикатор мен 5 көрсеткішке қол жеткізілді, 1 көрсеткіш орындалмады.

Сала бойынша 50 нысан (о.і. 42 мектеп) іске қосылды. Бұл республика бойынша қосылған 114 мектептің үштен бірін құрайды.



182 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына 5,9 млрд. теңге қаралып, 2011 жылдан 11% артты.

«Балапан» бағдарламасы бойынша 2012 жылы 27,9 мың орынға 224 мектепке дейінгі ұйымдар іске қосылып, жоспар 136% орындалды. Нәтижесінде, балабақшалар саны 904 (2011 ж.) бірліктен 2012 ж. 1128 дейін өсіп, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту көрсеткіші (мемлекеттік бағдарлама бойынша 44,5%), 61,3%-ға жеткізілді.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 1,5 млрд. теңге бөлінді. 11200 компьютер алынып, бір компьютерге 14 оқушыдан келіп, орташа республикалық көрсеткішке қол жеткізілді.

Жалпы білім беретін пәндерден өткізілген республикалық олимпиадаға облыстан барған оқушыларымыз 26 медалды жеңіп алып, командалық есепте Оңтүстік Қазақстан облысының командасы алғашқы рет республика бойынша жүлделі 3 орынды иеленді.

Педагог-психолог мамандығы бойынша сырттай оқытуды тоқтату жөнінде облыс тарапынан ұсыныс беріліп, тиісті заңдарға өзгерістер енгізіліп, нәтижесінде сырттай оқу тоқтатылды.

Жасөспірімдер қылмысын азайту үшін мектеп оқушыларының оқу процесі кезінде ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу жөнінде арнайы Ереже қабылданып, жүзеге асырылуда.

Білім саласына қатаң талаптар қойылды. ҰБТ қорытындысы бойынша 30 мектеп директоры, 30 орынбасарлар қызметінен босатылып, 238 директорға, 56 орынбасарларға тәртіптік шара көрілді. Бұл жұмыс жалғасуда.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға ықпалдастыра (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру ережесіне сәйкес 33 мектеп жанынан 52 арнайы сынып ашылып, 527 оқушы білім алуда (2011ж. - 402 оқушы). 2012-2013 оқу жылына инновациялық өрлеу мен индустриалдық дамуға қажет жаңа мамандықтар ашылды («Жол – құрылыс машиналарын техникалық пайдалану», «Токарлық іс және металл өңдеу», «Газ жабдықтау жүйесімен жабдықтарды монтаждау және пайдалану», «Бір ожаулық экскаватор машинисі», сонымен қатар, Шымкент қаласының индустриалдық аймағына қажетті 4 мамандық «Резина техникалық өндірісі», «Шина өндірісі және көркейту процесі технологиясы», «Полимер өндірісінің технологиясы», «Тері және жүнді химиялық өңдеу»).

Кәсіптік білім берудің құрылыс, ауылшаруашылық, техникалық және қызмет көрсету салалары бойынша «Жыл шебері – 2012» облыстық байқауы өткізілді.



Техникалық және кәсіптік білім мекемелерін мемлекеттік тапсырыспен бітірген 7385 бітірушінің 6783-і, яғни 92% жұмыспен қамтылып, 2011 жылмен салыстырғанда 3,7% артты.

2 мақсат «Тұрғындардың денсаулығын жақсарту» бойынша 3 нысаналы индикаторлар және 12 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылып, барлығы толығымен орындалды.

64 денсаулық сақтау нысандардың құрылысына жалпы 4,7 млрд. теңге бағытталып, нәтижесінде 51 нысан (12 МП, 16 ДА, 17 ФАП) іске қосылды. Бұл республика бойынша қосылған 84 нысанның 61% құрайды.

25 нысанның күрделі жөндеуіне 3,1 млрд. теңге бөлініп, іске қосылды.



Медициналық ұйымдардың материалдық техникалық базасын нығайтуға 4,7 млрд. теңге бағытталып, жарақталу көрсеткіші 49,8%-дан 56,2%-ға жеткізіліп, республикалық орта көрсеткішке жетті.

Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде жалпы өлім көрсеткіші 5,9-дан 5,6-ға (республикалық көрсеткіш – 8,6), онкологиялық аурулардан 54,3–тен 53,1–ге (республикалық көрсеткіш – 100,3), туберкулезден 6,0–дан 5,2–ге (республикалық көрсеткіш – 7,2) төмендеп, ең төмен көрсеткіштеріне ие.

Облыста тоқ ішек ісігін ерте диагностикалау жүргізілуде. Қатерлі ісіктердің анықталуы 78% көтерілді, 5 жылға дейінгі өмір ұзақтығы 48% жетті.

Нәрестелер өлімінің көрсеткіші 16,4-тен 15,4-ке төмендеді, аналар өлімінің көрсеткіші 20,6 құрады.

Облыста алғашқы рет ана өлімін вирустық инфекция және пневмониядан төмендету мақсатында 38 876 жүкті әйелдерге тұмауға қарсы екпе (вакцинация) жасалды.

Облыстық кардиологиялық орталығының базасында 2 ангиографиялық зертхана тәулік бойы жұмыс істеп, жүректе туа біткен ақауы бар 127 балаға операция жасалды.

Өңіраралық деңгейде (ОҚО, Қызылорда, Жамбыл) неонаталды хирургияны дамыту бойынша кешенді шаралар жүргізуде. Облыстық балалар ауруханасының базасында іштен туа біткен асқазан-ішек және орталық жүйке жүйесінің кемістіктері бар балаларға 210 операция жасалды. Нәтижесінде, операциядан кейінгі тірі қалу көрсеткіші 67,1%-дан 73%-ға дейін артты.

2011 жылмен салыстырғанда қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлім жітім көрсеткіші 26,2% төмендеп, өңірлердің ең төмен көрсеткіші бойынша алдынғы қатарында.

Медициналық ұйымдарда бауырға ота жасау және балалар нейрохирургиясында жаңа жобалар іске асырылды, кардиоорталықта аритмология өз дамуын тауып келеді.

Облысымыздың 303 дәрігері мен 223 ортабуынды мейірбикелері қайта даярлаудан өтіп, 2844 дәрігер мен 1662 ортабуынды мейірбике білімін жоғарлатты, оның үштен бірі халықаралық деңгейде.



«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық жерге жұмыс істеуге 106 жас мамандар жолданды, 116,1 млн. теңге көтерме жәрдемақы төленді.

3 мақсат «Өнімді жұмыспен қамтуды арттыру және халықтың өмір сапасын көтеру» бойынша 3 нысаналы индикаторлар, 7 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылған, оның ішінде 1 нысаналы индикатор мен 5 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді, 1 индикатор мен 2 көрсеткіш бойынша статистикалық есеп беру мерзімі келген жоқ, 1 индикатор орындалмады.

2012 жылдың басында аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 13 715 адамды, немесе облыс халқының 0,5% құраған болса, жыл соңында олардың саны 2 еседен артық төмендеп, 6432 адамды немесе облыс халқының 0,2% құрап отыр.

-18,1 мың азамат атаулы әлеуметтік көмек алды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 9,3 мың адамға (2 есеге) төмендеген.

- 18 жасқа дейінгі 227 мың балаға 3,4 млрд. теңге жәрдемақы төленіп, бұл көрсеткіш 3,8 мың адамға артты.

- 8,5 мың отбасыға тұрғын үй көмегі беріліп, 1356 отбасыға артты.

Демеушілер тарапынан 9533 аз қамтамасыз етілген азаматқа әлеуметтік қолдаулар ұйымдастырылды.

Аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру жағдайы толық шешілген. Жыл сайын 6 мыңдай жекелеген санаттағы азаматтар демалып, емделеді.

Ардагерлер үйінде - 4000, «Мейір» ардагерлер үйінде - 3800 зейнеткерлер мен мүгедектер, Батыр аналар емделді.

5141 мүгедекке гигиеналық заттар алынып берілді, 1343 мүгедекке жеке көмекші қызметі және 573 мүгедекке қолтілі маманының қызметі көрсетілді.

Мүгедектерді оңалтуға «Ақсу-Жабағлы» ЖШС-нде - 204 мүгедек, «Спутник» демалыс үйінде - 100 мүгедек емделді.

Түркістан аймақтық балаларды оңалту орталығында 396 мүгедек бала, облыстық мүгедектерді оңалту мен бейімдеу орталығында - 880 мүгедек оңалту және бейімдеу курстарынан өткізілді.

16401 ардагер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық қызметке ақы төлеуде, қоғамдық көлікте тегін жүруде, дәрі-дәрмек босатуда жеңілдік берілді.

Жұмыспен қамту - 2020” бағдарламасы бойынша 9,4 млрд. теңге (2011 жылы - 3,6 млрд. тг.) игеріліп, нәтижесінде 32,3 мың адам қамтылып, бұл республикалық көрсеткіштің үштен бірін құрап отыр. Оның ішінде:

- 13 475 адам кәсiби оқытылды, о.і. 5 898 адам оқуды аяқтап, 5 887 - сі (99,8%) жұмысқа орналасты (респ. көрсеткіш - 82%).

- 777 мекемеде 7871 (жоспар - 4000) әлеуметтік ж.о. ашылды (республикадағы үлесі - 28,6% құрап, 1 орында).

- «Жастар практикасы» аясында 1680 кәсіпорынға 8150 (жоспар 5344) адам жіберіліп, (республикадағы үлесі – 32,7% құрап, 1 орында), 1052 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (респ. үлесі – 12,9%).

Ауылда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 1004 адамға 2076,4 млн. тг. несие берілді (республикадағы үлесі – 12% құрап, 2 орында).

Жұмыс іздеп келген 58,8 мың адамның ішінен 57,5 мың адамы немесе 98,0 % жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі 5,6% (2011 жылы - 5,7%) құрады.



4 мақсат «Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын дамыту және сақтау, отандық мәдениетті кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілді дамыту» бойынша 2 нысаналы индикаторлар қарастырылып, оларға қол жеткізілді.

Шымкент қаласынан «Ерлік» мұражайы және 4 ауылдық клуб, 2 ауылдық кітапхана ашылып, 13 мәдениет нысан күрделі жөндеуден, 5 нысан - ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Облыстағы 8 кәсіби театрда 42 жаңа спектакльдердің премьералары сахналанып, 325,2 мың көрермендер қамтылды. Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына арналып, республикалық ақындар айтысы, суретшілердің республикалық симпозиумы, халықаралық «Әлем әзілі» фестивалі, халықаралық «Қазақ романсиадасы» байқауы, «Арыс жағасында» ретро фестивалі, Оңтүстік Қазақстан туралы жаңа әндердің республикалық байқауы, «Құт мекенім - Оңтүстік» суретшілердің көрме-байқауы, «Оңтүстік - жас таланттар ордасы» жастар фестивалі өткізілді.

Алматы қаласында өткен «Исабеков әлемі» атты Халықаралық театр фестивалінен облысымыздың әртістері «Үздік режиссерлық шешім» және «Үздік актриса» номинацияларымен марапатталды.

Өскемен қаласында өткен халықаралық «Менің Қазақстаным» ән байқауында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері М.Дүйсеев бас жүлдені, Б.Сапарбеков екінші орынды, Астана қаласында өткен республикалық би байқауында «Қазына» би ансамблі бас жүлдені иеленді.

«Оңтүстiк-Цирк» мекемесiнiң әртiстерi Астана күнiне орай ұйымдастырылған «Азия жаңғырығы» Халықаралық цирк өнерi фестивалiне қатысып, 3-орынды иелендi.

Облыс кітапханалары 189,3 мың дана жаңа кітаптармен толықтырылып, кітап қоры 6 млн. астам данаға жетті. «Ұлысымның ұйытқысы - Оңтүстік» және «Жаңарған, жасарған Оңтүстік» атты жаңа кітаптары жарыққа шығарылды.

Облыс мұражайларының қоры 5 525 дана жаңа экспонаттармен толықтырылды. Облыстың жергілікті маңызы бар 434 тарихи және мәдениет ескерткіштерінің барлығына мемлекет қорғауында екендігі көрсетілген қорғау тақтасы дайындалып, орнату жұмыстары аяқталды.

Шымкент қаласының әкімшілік – іскерлік орталығы аумағынан облыстық драма театры, «Түркістан» концерт залы, көрме залы және облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы ғимараттарының құрылысы басталды.

5 мақсат «Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары көрсеткіштерге жеткен дене сауықтыру - қозғалысын және жаппай спортты дамыту» бойынша 1 индикатор, 1 көрсеткіш қарастырылып, толығымен қол жеткізілді.

Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында облыс спортшылары: 16 - алтын, 4 - күміс және 12- қола медальге ие болды (2011 жылмен салыстырғанда 4 – алтын, 3 қола медальга артық).

Ұлыбританияда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына облысымыздан 12 спортшы қатысты.

Азия чемпионаттарында облыс спортшылары: 15 – алтын, 7 – күміс және 10 – қола медальге қол жеткізіп отыр.

Спорттың 52 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып: 367 – алтын, 348 – күміс, 310 – қола медаль жеңіп алды (2011 жылмен салыстырғанда 5 – алтын, 23 – күміс, 11 қола медальга артық).

«Спорт – есірткіге қарсы» ұранымен ел спортының дамуы – ауыл спортын дамыту мақсатында, қалалық және аудандық спорт мектептері арасында спорттың 11 түрінен облыстық 2-Спартакиада өтіп, оған 3 мыңға жуық спортшы қатысты.

Жоғары спорт шеберлігі мен спорт резервін дайындау бойынша 32 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 166 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 1224 спорт шеберіне үміткер спортшы дайындалды.

-Шымкент қаласында жаңа талаптағы су кешені, халықаралық теннис орталығы пайдалануға берілді.

-Шымкент қаласындағы «Оңтүстік Қазақстан облысының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебіне» спорттық оқу-жаттығу базасымен әкімшілік кеңсесінің, «Цементник» стадионында футбол базасының, садақ ату алаңының, «Ордабасы» футбол клубының жаттығу базасының құрылыс жұмыстары басталды.

-Сарыағаш ауданында стадион, Бәйдібек, Қазығурт аудандары мен Түркістан қаласында спорт кешендері салынды.

-Аудан, қала бойынша 66 спорттық алаңшалар салынып, 25 спорттық залдар ашылды.

6 мақсат «Туристік саланың дамуын қамтамасыз ету» бойынша 1 индикатор, 2 көрсеткіш қарастырылып, орындалды.

Мадрид, Берлин, Гонконг және Лондонда өткізілген халықаралық туристік көремелеріне қатысып, жарнамалық-ақпараттық материалдар таратылды.

-Төлеби ауданында «Алтын дән», «Жерұйық» демалыс аймағы салынды.

-«Қасқасу» демалыс аймағының жанынан заманауи үлгідегі конференц залы мен мейрамханасы іске қосылды.

-«Таусамалы» демалыс аймағының жанынан 200 адамға арналған емдік-сауықтыру орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілді.

-Түркістан қаласындағы «Туристерге қызмет көрсету орталығының» құрылысына 1,4 га жер аумағына мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

-Сауран қалашығы, Үкаш ата кесенесіне баратын жол құрылысы мен инфрақұрылымы жүргізілді.

7 мақсат «Этносаралық және конфессияаралық келісімді күшейту. Жастардың әлеуметтік құқықтарының және мемлекеттік кепілдерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік жастар саясаты тиімділігін арттыру» бойынша 1 нысаналы индикатор, 4 көрсеткіш қарастырылған, 2012 жылдың қорытындысымен толығымен қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын облыс тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру мақсатында 6350 кездесулер өткізіліп, 1,2 млн.астам халық қамтылды.

БАҚ-да 27065 материал, жергілікті телеарналардан 37 ролик көрсетілді, 10  мың әдiстемелiк кiтапшалар, ақпараттық бюллетеньдер  таратылып, 417-ден аса билбордтар орнатылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан–2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айқындаған игі мақсаттары мен нақты міндеттерін орындауға 9 облыстық ақпараттық-насихаттық топтар құрылды.

Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» Тұжырымдарындағы 20 тапсырманы халыққа насихаттау мақсатында 684 кездесулер өткізіліп, 500 мыңнан астам адам қамтылды.

«Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша халықтың қаржылық сауаттылығын арттыратын 134 семинар лекциялар, презентациялар өткізіліп, оған 8955 адам қатысты. Сонымен қатар, республикалық ақпараттық- насихаттық топтың қатысуымен 2000 астам адамды қамтыған 7 кездесу өткізілді. Халық көп шоғырланатын демалыс аймақтары мен сауда орталықтарында 18 промопунктерде 54 промо-акциялар өткізілді.

Діни экстремизм мен терроризмнің, кереғар діни ағымдар мен секталардың «Әлеуметтік бастамалар орталығымен» іс-әрекеттерінің зияндылығы жөнінде 11 бейнеролик, 2 фильм шығарылып, телеарналардан көрсетілді, 10 түрлі кітапшалар шығарылып, таратылды.

Кереғар діни ағымдардан зардап шеккен азаматтарға психологиялық және медициналық көмек көрсету орталық құрылып, «Сенім телефоны» орнатылды.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында жекелеген отбасылардың «ОTAU TV» Ұлттық телерадиохабар тарату желісіне қосылуы қамтамасыз етілді.

Бүгінде, «ОTAU TV» желісін облыс көлемінде көптеп енгізу мақсатында 113 сауда орындары бойынша 70 дилер жұмыс атқаруда. Нәтижесінде, облыс көлеміндегі 34,1 мың отбасыға құрылып, республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіштерді иеленді.

Жастар саясаты

Облыста 772 мыңнан астам, немесе жалпы халықтың 3/1 бөлігін жастар құрайды (ауылда – 471 мың, қалада – 301 мың).

Осыған орай, 2012 жылы облысымызда Жастар саясаты мәселелері басқармасы құрылды.

Жастарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында «Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге жіберілген 321 маманға 36,4 млн.теңге көтерме жәрдемақы төленді.

Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алу үшін 342,1 млн.теңге жеңілдетілген несие беріліп, 147 маман баспаналы болды.

Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, «Самұрық-Қазына» ұлттық-әл ауқат қоры мен «Даму» жастар қоғамдық ұйымы «Жас кәсіпкерлер мектебін» ашып, облыстың аудан, қалаларынан 300-ден аса жастар оқытылды. Нәтижесінде, 156 жас кәсіпкерлер өздерінің кәсібін жүргізу мақсатында 366,5 млн. теңге несие алды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан–2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын насихаттау мақсатында «Жастар орталықтарының» өкілдері облыстың елді мекендерін аралап, кездесулер өткізуде, 10 мың дана кітапшалар шығарылып, таратылды.

8 мақсат «Қоғамдық орындарда және көшелерде қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша 2 нысаналы индикаторлар мен 4 нәтижелі көрсеткіштер қарстырылған, оның ішінде 2 нысаналы индикатор және 3 нәтижелі көрсеткіштер орындалды, 1 көрсеткіш орындалмады.

Ішкі істер органдарының материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында 82 учаскелік полиция бекеттері, 207 автокөлік, 657 дана компьютер, 103 бейнебақылау камералары, 14 стационарлық бекеттері орнатылды.

Аттестация комиссиясының қорытындысымен облыстық ішкі істер департаментінің 1196 қызметкері аттестация тапсырып, оның 9 - жоғары лауазымға ұсынылған және 931 - атқарып отырған қызметіне лайықты деп саналды.

Ал 256 қызметкер, немесе 21% қызметіне лайықты емес деп лауазымын төмендетуге (122), басқа қызметке ауысуға (52) және жұмыстан босатуға (82) ұсынылды.

Шымкент қ. орналасқан барлық мектептерде «прокурор сағаттары», «полиция сабағы» айдарымен кездесулер, «Мектеп полиция инспекторларының жұмысын жалпы білім беретін мектептерде ұйымдастыру» тақырыбында семинар-кеңестер өткізілді.

Балалар мен жасөспірімдердің оқудан жалтаруына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында облыстың барлық аудандары мен қалаларында іс-шаралар ұйымдастырылды.

Нәтижесінде, 21,5 мың балаға 249,5 млн. тг. көлемінде көмек көрсетілді. Оның ішінде 15,1 мың балаға бюджет есебінен, 6,3 мың балаға демеушілер есебінен материалдық көмек берілді.

Облыстың 800 жалпы білім беру мектептерінде жеке психологиялық кабинеттер ашылды.



Төтенше жағдайлардың алдын-алу

Облыстық, қалалық және аудандық аумақтық қорғаныс жоспарлары мен топографиялық карталары бекітілді.

Су тасқынының алдын алу мақсатында жергілікті бюджеттен 1,12 млрд. теңге бөлініп:

- 30,7 шқ – жаңа бөгеттер салынды;

- 21,5 шқ – бұрынғы бөгеттер нығайтылды;

- 98,5 шқ – жаңа қашыртқылар салынды;

- 90,1 шқ – бұрынғы қашыртқылар тазаланды;

- 46,4 шқ – өзен жағалаулары бекітілді.

Ордабасы ауданындағы «Найман арығы» мен қашыртқысын темір бетонмен қаптап, нығайту жұмыстары, жаңа бөгет құрылысы мен Шымкент қ. «Ақсай-Қарабастау» каналын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
3 бағыт – «Инфрақұрылым»

10 нысаналы индикаторлар, 15 нәтиже көрсеткіштері қарастырылып, 2012 жылдың қорытындысымен толығымен қол жеткізілді.

1 мақсат «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту» бойынша 1 индикатор, 3 нәтиже көрсеткіштері қарастырылып, қол жеткізілді.

График-жоспарға сәйкес, 2012 жылдың шілдесінен бастап, электрондық сандық кілттерді және электрондық мемлекеттік қызметтерді алу жөнінде оқу семинарлары өткізілуде. Шымкент, Түркістан, Арыс қалаларында, Мақтарал ауданында оқу семинарларын өткізу график жоспар бекітілді.



2 мақсат «Халықтың ауқымды бөлігін тұрғын-үймен қолайлы қамтамасыз ету мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын-үй құрылысының проблемаларын кешенді шешу» бойынша 2 нысаналы индикаторлар қарастырылып, оларға қол жеткізілді.

Тұрғын үй құрылысына 15,1 млрд. тг. инвестиция бағытталып, 352,2 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Тиісінше, өткен жылмен салыстырғанда инвестиция - 107% құрап, үйдің жалпы алаңы 1,5 есеге артты (республикалық көрсеткіш – 103,2%, 2 орында). Оның ішінде бюджет есебінен 44 мың шаршы метр немесе 624 пәтер пайдалануға берілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша көп қабатты 34 тұрғын үй жөнделді.

3 мақсат «Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету» бойынша 3 нысаналы индикаторлар және 5 нәтиже көрсеткіштері қарастырылып, оларға қол жеткізілді.

Облыстық, аудандық, қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға 21,1 млрд.теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 23% артты.

Нәтижесінде, 1,4 мың шақырым жол, 13 көпір, 1 жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Республика бойынша жолдардың құрылысы және жөндеу жұмыстары бойынша ең жоғарғы үлесі облысымызға тиесілі (республикалық көрсеткіш – 2,6 мың шқ).

Сарыағаш-Жылға-Монтайтас автожолының 30 шқ қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, Сарыағаш, Мақтарал аудандарының Бадам-Арыс-Шәуілдір елді мекендерінің арасы 82 шақырым қысқартылды.

Көлік саласы

Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 4 жаңа бағдаршам, 19 ақпараттық қалқандар, 8 активті жаяу жүргіншілер жол белгілері, 384 жол бағаналар, 18 жаяу жүргіншілер өткеліне светомодульдер, 11 жерде 150 жасанды кедергілер, 180 шаршы метр шуылдайтын жолақтар орнатылды.

Облыстағы әлеуметтік маңызы бар «Шымкент-Түркістан» (аптасына 3 рет) және «Шымкент-Сарыағаш» (аптасына 5 рет) бағытындағы пойыздардың шығынын субсидиялауға 134,3 млн. теңге бөлінді.

Әлеуметтік маңызы бар «Шымкент-Түркістан» теміржол бағытына республикада бірінші рет тұрақты рельстік автобус (құны 6,6 млн.АҚШ доллары) жіберілді.



4 мақсат «Азаматтардың комфорттық жағдайда өмір сүруі» бойынша 4 нысаналы индикаторлар, 7 нәтиже көрсеткіштері қарастырылып, оларға толығымен қол жеткізілді.

Сумен қамтамасыз ету

2012 жылы 125 нысанның құрылысы жүргізілді, нәтижесінде, 47 елді мекен немесе 112 мың халық ауыз сумен қамтамасыз етіліп, құбыр суы бар елді мекендердің саны 629-ға немесе 70% жеткізілді (2009 ж.-70 е.м, 2010 ж. – 30 е.м, 2011 ж. – 70 е.м., барлығы - 217 е.м., 835 мың халық ауыз сумен қамтылды). (Диаграмма №14)

Бүгінгі таңға, барлығы - 1,9 млн. астам оңтүстік тұрғындары таза ауыз сумен қамтылды.

2012 жылы 634,8 млн. теңгеге 32 елді мекендегі су құбырлары ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Су есептегіш құралдарын орнату бойынша облысымыз алдыңғы қатарда.

Табиғи газбен қамтамасыз ету

Облыстық бюджеттен 6,1 млрд. теңге бөлініп, 26 елді мекенде газбен жабдықтау құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 16 елді мекенде газбен жабдықтау құрылысы аяқталып, 43 мыңнан астам халық газбен қамтамасыз етілді.

Газбен қамтамасыз етілген елді мекендердің саны 226-ға немесе 25,1% жеткізілді (2009 ж. – 17, 2010 ж. – 27, 2011 ж. – 35 е.м., барлығы 95 е.м., 267 мың халық газбен қамтылды ).

Жылумен қамтамасыз ету

Облыста жылу беру жұмыстарын жүйелендіру мақсатында туындаған өзекті мәселелердің шешімдері мен нақты мерзімдері белгіленген іс-шара қабылданды (Мысалы, көмірдің сапасына байланысты Регламент қабылданып, онда көмірдің сапасына зертханалық қорытынды, төлемақыны оң қорытынды негізінде жасау, шекті бағаны белгілеу талаптары енгізілді).

Сонымен қатар, табиғи монополистердің қызметтеріне талдау жүргізіліп, қосымша атқарылуы қажет жұмыстардың іс-шарасы бекітілді.

« 3 – Энергоорталық» АҚ 2012-2013 жж. жылу беру маусымына дайындау мақсатында жоспарланған өз инвестициясы есебінен 741 млн. теңге қаралды.

Облыс бойынша орталықтандырылған жылу қазандықтары мен 970 шағын қазандықтарда дайындық жұмыстары бекітілген көлемдері орындалды. Жылу энергиясымен 1424 білім, 959 денсаулық сақтау және 2621 көпқабатты тұрғын үйлер қамтылды.

Кентау қаласын 2012-2013 жылу беру маусымына дайындау мақсатында бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлініп, 5 қазандық, 2 турбогенератор жөндеуден өтіп, ал «5-ЖЭО» өз қаражатына №8 қазандықты ағымдағы жөндеуден өткізді.


4 бағыт – «Ауылдық аумақтарды дамыту, экология»
1 мақсат «Ауылдарды дамыту» бойынша 3 нысаналы индикаторлар, 8 нәтиже көрсеткіштері қарастырылып, 2012 жылдың қорытындысымен 3 индикаторға, 7 көрсеткішке қол жеткізілді, 1 көрсеткіш орындалмады.

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасына сәйкес, облыс әкімдігімен тіректі елді мекендердің тізбесі бекітіліп, оған 9 аудан, қалалардың 29 елді мекендері кірді. Әр тіректі елді мекендерді дамыту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, онда осы өңірлерді дамыту, өндірістерді ашу, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту шаралар қарастырылған.

2012 жылы ауыл мамандарын тұрғын үймен қамту мақсатында 342,1 млн. теңге бағытталып, нәтижесінде 147 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

«Жасыл аймақ» іс-шарасына сәйкес, елді мекендерді көгалдандыруға 3 млн. түп ағаш көшеттері отырғызылды.

- Шымкент қ. маңындағы «Жасыл белдеуге» қосымша 2178 га жер бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды.

- 2012 жылы орман қорының 1000 га жеріне 1780 мың түп сексеуіл егілді.

- 1325 шақырымды құрайтын 276 су нысандары қалпына келтірілді.

- Сырдария өзені мен оның аумағын қорғау шараларын күшейту мақсатында 120 мың га жер бөлініп, «Сырдария - Тіркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы құрылды.

Шымкент қаласының тұрмыстық-қалдықтарды тастау полигонын рекультивациялау жұмыстары жүргізілуде, 2013 жылы аяқтау жоспарлануда. Жаңа полигон ашуға 34,0 га жер бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып, 2013 жылы аяқтау жоспарлануда. Жеке инвестор есебінен қоқыс өңдейтін зауыт құрылысы жүргізілуде.

Облыстық деңгейде қоршаған ортаны қорғау және қаланы көріктендіру бағытында іс-қимыл жоспары бекітілді. Оның ішінде, 14 елді-мекендердің аумағында орналасқан күл-қоқыс тастау полигондарының құрылысын салуға жобалық сметалық құжаттамалар әзірленді.

Бюджетке қоршаған ортаны ластаған тұлғалардан 947,1 млн. теңге түсірілді (2011 жылы – 772,2 млн. теңге).


5 бағыт – «Мемлекеттік қызмет көрсетуі»

1 мақсат «Мемлекеттік қызметті дамыту» бойынша 1 нысаналы индикаторлар, 1 нәтиже көрсеткіштері қарастырылып, оларға қол жеткізілді.

Мониторинг ай сайын жүргізіледі. Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан 258804 тұтынушылардың, 258775-сі қызмет көрсетуді «өте жақсы» деп бағаласа, 29 «қанағаттандырады» деп бағалаған.

Тиісті орталық атқарушы органмен бекітілген Іс-шараға сәйкес, әлеуметтік-маңызы бар қызметтер электрондық форматқа аударылады.

Барлық қаржы көздерінен Бағдарламаны іске асыруға 187,9 млрд.теңге қарастырылып, 2012 жылы 187 млрд. теңге немесе 99,5%-ы игерілген. Оның ішінде:

- республикалық бюджет есебінен 64,5 млрд.теңге қарастырылған, игерілгені – 64,2 млрд. теңге, немесе жоспардың 99,5%;

- жергілікті бюджет есебінен 106,3 млрд. теңге қарастырылған, игерілгені 105,9 млрд. теңге, немесе жоспардың 99,6%;

- жеке қаражат және басқа көздер есебінен 17,2 млрд. теңге қарастырылған, игерілгені 16,9 млрд. теңге, немесе жоспардың 98,3%.


3. Ведомствоаралық өзара іс-әрекетті талдау

Атауы

Өзара іс-әрекетті талдау

Нысаналы индикатор, нәтиже көрсеткіші

1. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі;

2. Жеңіл өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі;

3. Металлургия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі;

4. Фармацевтика өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі;

5. Машина жасау өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі;

6. Мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі;

7. Металлургия өнеркәсібінің нақты көлем индексі;

8. Химия өнеркәсібінің нақты көлем индексі



Бірлесіп орындаушы орган




Облыстық АШБ, ЭжТКШБ, ҚБ, ДСБ, аудан, қала әкімдіктері

Нысаналы индикаторлар,а қол жеткізу бойынша жоспар әзірленіп, қабылданды, онда өндірістерді, жүзеге асырылып жатқан жобаларды, проблемалық кәсіпорындарды қолдау және дамыту шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктері кәсіпорындардың басшыларымен бірлесіп, өндірістерді қалпына келтіру бойынша нақты жоспар қабылдады.

Нысаналы индикатор, нәтиже көрсеткіші

9. Тамшылатып суғару әдісін енгізу (2010ж.-7235 га)

Бірлесіп орындаушы орган

Ауыл шаруашылығы көлемін ұлғайту және саланы дамыту мақсатында, облыста облыс әкімдігі, ауыл шаруашылығы басқармасы және аудан, қала әкімдіктері арасында ауыл шаруашылығының негізгі 18 индикаторлары мен көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша үш жақты келісім жасақталған, оның ішінде тамшылатып суғару көлемін ұлғайту бойынша.

аудан, қала әкімдіктері

Нысаналы индикатор, нәтиже көрсеткіші

10. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі;

11. 1000 тұрғынға шаққанда шағын және орташа кәсіпкерліктің белсенді субъектілері санының өсімі



Бірлесіп орындаушы орган

Облыста облыс әкімдігі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы және аудан, қала әкімдіктері арасында орта және шағын бизнес бойынша негізгі индикаторлары мен көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша үш жақты келісім жасақталған.

аудан, қала әкімдіктері

Нысаналы индикатор, нәтиже көрсеткіші

12. Өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі

Бірлесіп орындаушы орган

Облыста инвесторларға қызмет көрсету орталығы ашылды.

аудан, қала әкімдіктері

Нысаналы индикатор, нәтиже көрсеткіші

13. Жүйе құрайтын кәсіпорындардың тауарларды сатып алуында қазақстандық қамту үлесінің ұлғаюы

Бірлесіп орындаушы орган

Облыста қазақстандық қамту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді.

Салалық басқармалар, аудан, қала әкімдіктері

Нысаналы индикатор, нәтиже көрсеткіші

14. Олардың жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі

Бірлесіп орындаушы орган

Облыс бойынша 1019 орта білім беру мектептерінің 33 мектептердің 52 сыныптарында ауру топтары бойынша инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған, бұл 3,1%-ды құрады.

аудан, қала әкімдіктері

Нысаналы индикатор, нәтиже көрсеткіші

15. Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында)

Бірлесіп орындаушы орган




аудан, қала әкімдіктері

Нысаналы индикатор, нәтиже көрсеткіші

16. Жол-көлік оқиғаларының (10 мың дана автокөлікке) шаққандағы санының азаю дәрежесі

Бірлесіп орындаушы орган

Жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында, облыста қылмыстықтың алдын алу және төмендету бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда, онда жол-көлік оқиғаларын төмендету бойынша нақты шаралар қарастырылған.

аудан, қала әкімдіктері

Нысаналы индикатор, нәтиже көрсеткіші

17. Орман өртінің орташа көлемін төмендету

Бірлесіп орындаушы орган

Облыста орман өрттерінің алдын алу және төмендету мақсатында, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, күзет бекеттері, радиобайланыс желілері орнатылды.

аудан, қала әкімдіктері


4. Сыртқы әсерді талдау

Сыртқы әсер факторлары мен олардың көрсеткіштерге жетудегі әсері

Қабылданған шаралар

1

2

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 67,2 мың АҚШ құрады (2011 ж. - 88,1мың АҚШ долл). Төмендеу металлургия өнеркәсібінде (60%), жеңіл өнеркәсібінде (94,3%), фармацевтика өнеркәсібінде (98,2%) болды. Аталған көрсеткіштің металлургия өнеркәсібінде төмендеуі қорғасын зауытының жабылуынан және оны Шымкент қаласының сыртына көшірілуінен болды.

Индустрияландыру картасына сәйкес, металлургия саласында «Нуран» ЖШС, «Ferrum-Vtor» ЖШС, «Алтын Тас» ЖШС «Отау Строй» ЖШС жобалары жүзеге асырылатын болады..

жүзеге асырылатын болады.

Жеңіл өнеркәсібінде «Меланж» и «Ютекс» АҚ дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасының 2 этапы жүргізіледі, 2013 жылда іске қосу жоспарланды.


Машина жасау өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 18,8 мың АҚШ долл. құрады (2011 ж. – 12,4 мың АҚШ долл.). Өткен жылмен өсім 152,9%-ды құраса да, жоспар орындалмады. (2012 ж. жоспар - 179%).

Мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 605,3 мың АҚШ долл. (2011ж. – 499,3 мың АҚШ долл.). 2011 жылмен салыстырғанда өсім 121% құрағанмен, жоспар 99,4%-ға орындалды (2012 ж. жоспар - 115%).



Экономиканың өсу резервтері бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, қабылданды, оның ішінде машина жасау және мұнай саласы бойынша.


Металлургия өнеркәсібінің НКИ 90,1% құрады (жоспар -100%). Аталған көрсеткіштің металлургия өнеркәсібінде төмендеуі қорғасын зауытының жабылуынан және оны Шымкент қаласының сыртына көшірілуінен болды. Химия өнеркәсібінің НКИ 113,5% (жоспар-117,5%), жоспар 4 п.п. орындалмады

Облыстың ірі кәсіпорындары бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде, салалар бойынша экономиканың өсу резервтері бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, қабылданды. Аудан, қала әкімдіктерімен 2013 жылға арналған индикаторларға қол жеткізу бойынша Келісім әзірленіп, қазіргі таңда тиісті органдармен келісілуде.

Тамшылатып суғару әдісін енгізу

Соңғы жылдары тамшылатып суғару әдісін енгізу бойынша едәуір жетістіктерге қол жеткізілді. Егер 2009 жылы тамшылатып суғару көлемі 2,1 мың га құраса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 10 есе ұлғайып, 21 мың га құрап, республикадағы үлесі - 72%.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі;

2012 ж. ШОБ субъектілері бойынша стат. көрсеткіш -109,4 мың бірлік, өткен жылмен салыстырғанда 26,4 мың бірлікке төмендеген. ОҚО бойынша Салық департаментінің мәліметіне сәйкес, ШОБ белсенді субъектілерінің саны - 165,7 мың бірлік. Нақты емес стат. көрсеткіштердің себебінен белсенді субъектілерінің саны төмендетіліп, өнім көлеміне де әсер етті.



Жергілікті деңгейде әкімшілік кедергілерді қысқарту жұмыстары ұйымдастырылып, рұқсат беру рәсімдері қайта қаралды.

Облыс әкімдігі жанындағы сараптамалық Кеңесте кәсіпкерлік мүдделерді қорғайтын 32 нормативті-құқықтық актілер қаралды.

2012 жылы қараша айында республикада алғаш рет бір терезе қағидасы бойынша «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ашылды. Облыстың 14 аудан, қалаларында орталықтың өкілдігі ашылды.


1000 тұрғынға шаққанда шағын және орташа кәсіпкерліктің белсенді субъектілері санының өсімі;

2012 ж. ШОБ субъектілері бойынша стат. көрсеткіш -109,4 мың бірлік, өткен жылмен салыстырғанда 26,4 мың бірлікке төмендеген. ОҚО бойынша Салық департаментінің мәліметіне сәйкес, ШОБ белсенді субъектілерінің саны - 165,7 мың бірлік немесе көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда 61,9 бірлікті құрады.



Өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі

Шетел мемлекеттерімен сауда және экономикалық қарым-қатынасты дамыту, шетелдік инвестиция тарту жұмыстарын күшейту мақсатында арнайы Инвесторларға қызмет көрсету орталығы құрылды.


Жүйе құрайтын кәсіпорындардың тауарларды сатып алуында қазақстандық қамту үлесінің ұлғаюы;

2012 ж. 9 айында жүйе құраушы кәсіпорындарымен 1818,3 млн.тг. қызмет және тауар сатылып алынған, алайда ұсынушыларда СТ КЗ сертификатының болмауынан аталған қаржы отандық өнім болып есептелмейді.



Қазақстандық қамту іс-шаралары аясында, жүйе құраушы кәсіпорындарымен ұсынушылардан СТ КЗ сертификатын талап ету қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Олардың жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі

Облыста инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалатын болады: арнайы сыныптар, қажетті құрал-саймандар, арнайы педагог кадрлары.

Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында)

Есепте тұрған 102 жүйке ауруына шалдыққандарды қамтымау себебінен



Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады, бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 1,1 млрд. теңге қарастырылды.

Жол-көлік оқиғаларының (10 мың дана автокөлікке) шаққандағы санының азаю дәрежесі

ҚР ІІМ 2011 ж. 8 сәуірдегі №155 бұйрығына сәйкес, жол-көлік оқиғаларын есептеу критерийлерінің өзгеруі және 2011 жылмен салыстырғанда 386,5 мыңнан 456,4 мыңға дейін көлік санының өсуінің себептерінен өсім орын алды.



Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 4 жаңа бағдаршам, 19 ақпараттық қалқандар, 8 активті жаяу жүргіншілер жол белгілері, 384 жол бағаналар, 18 жаяу жүргіншілер өткеліне светомодульдер, 11 жерде 150 жасанды кедергілер, 180 шаршы метр шуылдайтын жолақтар орнатылды.


Орман өртінің орташа көлемін төмендету

Облыста орман өрттерінің алдын алу және төмендету мақсатында, 2013 жылы облыстық бюджеттен 62,5 млн. теңге қарастырылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізуге, күзет бекеттерін, радиобайланыс желілері орнатуға бағытталатын болады.


5. Қаржыны игеру

Қаржыландыру көздері

жоспар

млн. теңге



нақты, млн. теңге

Пайдаланбау себептері

1

2

3

4

РБ

64459,1


64202,9


360,5 млн. теңге – мемлекеттік сатып алу қорытындысымен экономия;

288,5 млн. теңге – орындалған жұмыстардың актісі тапсырылмаған, жылдың лимиттен шығуына байланысты, бюджетке қайтарылған, жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге 5% аударылмаған;



300 млн. тенге - "Стекло К" ЖШМ жобасы бойынша игерілу 2013 ж. жоспарланған


ЖБ

106294,6

105901,8

Басқа көздерден

17189,6

16889,6

Барлығы:

187943,3

186994,3


Экономика және бюджеттік Е. Садыр

жоспарлау басқармасының

бастығы






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет