«Келісемін» «Бекітемін»
ҚБҮО-ның директоры: №13 бастауыш мектеп директоры:
___________Б.Қ.Жолмағанбетова _____________ Х.Ш.Газимова
«____ » «__________» 2014ж «______» «__________» 2014ж
«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның тұрақты даму факторы» атты салтанатты жиыны
Басталуы: 01.09.2014ж. сағат: 09.00
Өтетін жері: №13 бастауыш мектеп
Қатысатындар: шақырылған қонақтар, ата-аналар, 1,4 – сынып оқушылары
Шақырылған қонақтар:
1. Қаршығаева Бақтыгүл Дәлубайқызы – ҚБҮО - ның әдіскері, мектеп кураторы.
-
Қарлыева Рабиға Мұратқызы – Оңалту орталығының директоры
-
Аббулаева Асем - директоры
-
Айдаров Асылбек Сүйеуханұлы – қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
5.Турумбаева Айсұлу Байжанқызы - мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы.
6. Газимова Халампыр Шапхатқызы – мектеп директоры.
Мерекенің өз дәрежесінде өтуіне жауапты: ТЖО М.Толюбаева.
Мерекенің жүргізушісі: Карлыева Ақшолпан Шашқынбайқызы.
«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның тұрақты даму факторы» атты алғашқы қоңырау мерекесінің жүрісі.
( Би:«Белес» биімен ашу)
Орындайтын: 4 «А» сынып оқушысы Айтбаева Нұрай
Армысың, мектеп, ар бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім, бар нәсіп –
Өзіңде өрлеп өсуім,
Армысың, мектеп, киелім,
Мен сені ойлап сүйемін.
Сен берген бағыт-бағдаршам,
Рухы бай елге бас иемін.
Құрметті ата-аналар, қадірлі ұстаздар, арнайы шақырылған қонақтар және арайлы жаздың үш айын мазмұнды да мәнді өткізіп сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушылар!
Мектебіміздегі «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның тұрақты даму факторы» атты алғашқы қоңырау салтанатты мерекесіне қош келдіңіздер!
Бүгін 1-ші қыркүйек.Бүкіл дүниежүзі мектептері өміріндегі дәстүрлі мереке.Қыркүйектің қоңыр салқын лебі мектепке қарай тұңғыш рет толқи қадам басқан бүлдіршін шәкірттердің жүзін желпиді...Мектеп – ана есігі тағы да біздерге айқара ашылды.Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы мереке баршаларыңызға құтты болсын!
Өмір деген биіктің
Ең алғашқы өткелін.
Сездім тұңғыш сүйіктім,
Сен - алтын менің мектебім! – деп ақындар жырлағандай мектеп табалдырығын 2014/2015 оқу жылында аттағалы тұрған шәкірттерімізді алғашқы ұстаздарымен қол соғып қарсы алайық.
( «Алғашқы қоңырау» әнінің әуенімен ортаға 1-ші сынып оқушылары шығады)
1. 1-ші «А» сыныбы.Сынып жетекшісі: ____________________________
2. 1-ші «Ә» сыныбы.Сынып жетекшісі: ____________________________
3. 1-ші «Б» сыныбы.Сынып жетекшісі: _____________________________
4. 1-ші «В» сыныбы.Сынып жетекшісі: _____________________________
Балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! «Мектеп – кеме, білім – теңіз» дегендей білімнің кәусар бұлағымен қажымай – талмай сусындай беріңіздер.
Көк аспанда көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек-
Елдің ашық қабағы.
Ақ ниетті – алтын күн
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебелі туы,ары.
Әлем кезіп шарықтаған еліміздің гимні аясында мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің көк туы салтанатты түрде ортаға енгізілсін!
(Гимн орындалып, ту әкелінеді)
Мереке зор қуаныш – Білім күні,
Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні.
Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,
Балдырған, балғын жандар - өмір гүлі – дей келіп, бүгін біздің қуанышымызды ортақтасу үшін салтанатты мерекеге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар.
1. Қаршығаева Бақтыгүл Дәлубайқызы – ҚБҮО - ның әдіскері, мектеп кураторы.
-
Қарлыева Рабиға Мұратқызы – Оңалту орталығының директоры
-
Аббулаева Асем - директоры
-
Айдаров Асылбек Сүйеуханұлы – қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
5.Турумбаева Айсұлу Байжанқызы - мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы.
6. Газимова Халампыр Шапхатқызы – мектеп директоры.
Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімің,мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ.Болашақтың бұр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік.Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді азаматтық қамқорлығын деп түсінген осы мектептің алғашқы директорларына сөз кезегі беріледі.
-
Қарлыева Рабиға Мұратқызы – Оңалту орталығының директоры
-
Аббулаева Асем - директоры
Ән: «Ардақты ұстазым»
Орындайтын: 4-ші «Ә» сынып оқушылары Гүлшат пен Нұршат Жолдасовалар
Арнап келер мерей той мейрамдарда,
Мәртебеңде биіктейді мейрам барда.
Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,
Сөз кезегін береміз меймандарға .
1. Қалалық білім үйлестіру орталығының әдіскері және мектебіміздің кураторы - Қаршығаева Бақтыгүл Дәлубаевна.
2.Айдаров Асылбек Сүйеуханұлы – қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
3. Турумбаева Айсұлу Байжанқызы - мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы.
Ән: «Анашым»
Орындайтын: 4 «А» сынып оқушысы Рссаев Қосай
Сусындатқан нәріменен білімнің,
Үлгі тұтам ұстаздардың ілімін.
Ұлағатты ұстаздар ғой қашан да,
Оқушының көтеретін білімін – деп құттықтау сөз 2014-2015 оқу жылында 1-сыныптарды қабылдайтын мұғалімдерге беріледі.
1. 1-ші «А» сынып жетекшісі: __________________________________
2. 1-ші «Ә» сынып жетекшісі: __________________________________
3. 1-ші «Б» сынып жетекшісі: ___________________________________
4. 1-ші «В» сынып жетекшісі: ___________________________________
Білім үшін оқу іздеп келгендер,
Қанат қағып әр қияға өрлеңдер.
Білім алу – ең бірінші парызың.
Оқу үшін аянбай бір терлеңдер – деп ортаға алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерді шақырамыз. Қол соғып, қарсы алыңыздар! (1-ші сынып оқушыларының тақпақтары)
1-оқушы: Алақайлап жүрегім,
Қуанышқа толып тұр.
Асыққан қыркүйегім,
Қоңырауын соғып тұр. (Ақжарқын)
2-оқушы: Келдім, міне, мектепке
Қолыма көп гүл алып.
Құттықтаймын барлығын,
Шын жүректен қуанып. (Шарапат)
3-оқушы: Жеткіншек болдым мінекей,
Жетілді, ойым, бойымда,
Оқимын, жақсы оқимын,
Білемін білім пайдасын.(Айжан)
4-оқушы: Тану үшін бабаңды,
Тану үшін анаңды,
Тану үшін ғаламды,
Мектеп керек адамға. (Бейбарыс)
5-оқушы: Қалмаймын мен қатардан,
Мектепте үлкен мереке.
«Білім күні» аталған,
Бүгінгі күн мереке.(Ерболат)
Ән: «Көңілді кун»
Орындайтын: Исакулова Амина
Еліміздің болашағы - дарынды, білімді, іскер жастардың қолында. Ендеше жастардың бойындағы ерекше қабілеттерін ұштау, оған бағыт беріп, жөн сілтеу – ел келешегін тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымының абыройлы міндеті.Оқушы жүрегіне жол тауып, бұлақ көзін ашу, әрине, оңай шаруа емес. Әйтседе осы бағытта нәтижелі еңбегімен мектеп мерейін асырып жүрген ұстаздар қатары баршылық.Атап айтар болсақ: 2012 жылы «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» энциклопедия аттты кітабына 17 мұғалім мен 4 оқушы енсе, «Қазақстанның үміт арттырар» энциклопедиясына 7 оқушы енді.
2013 жылы «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» энциклопедия аттты кітабына мектеп әдіскері Рысқалиева Қалдыгүл, бастауыш мұғалімі Карлыева Ақшолпан еніп. «Білім берудегі жетістіктері» медалімен марапатталды.Мектеп ұстаздары Хаметова Гүлнар, Жидебаева Маржан, Кенжешова Нина
І біліктілік санаттын қайта қорғаса, Итемгенова Сәнімай ІІ біліктілік санаттын алды.
Ізденетін үнемі сан саладан,
Жүгім ауыр демейтін арқалаған.
Ел мақтаны азамат өссе болды,
Осы менің тілегім бар қалаған – деп салтанатты жиынды құттықтау сөз кезегі мен марапаттау мектеп директоры Газимова Халампыр Шапхатқызына беріледі.
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын.
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға шомылсын.
Қоңырау! Ол сені әрбір білім сабағына шақырады, сонымен қатар асыр салып, құрбы досыңмен сырласу үшін соғылады.Жыл сайын 25 мамыр күні жарқын жазда тынығу үшін шығарып салса, алтын жапырақты қоңыр күзде
1 қыркүйек білім күнімен құттықтап мектебіңе шақырады.Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 2014-2015 оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1-ші сынып оқушысы Жәкібай Аружан мен 4-ші «Б» гимназия сынып оқушысы, қалалық «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» интеллектуалды ойынның ІІ-ші орын иегері Наурзбаев Нұрбергенге беріледі.
(«Қоңырау» әнінің әуенімен 2-3 айналып қоңырау соғылады)
Бақыт, тірлік – күн талабы,
Тоқтамайды шаттық әні.
Мәңгі бақи шырқалады.
Республикам Әнұраны.
«Алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынға енгізілген ту салтанатты түрде ортамыздан шығарылсын!
(Гимн орындалып, туды әкету)
Біліммен асып-тасайық,
Тілеуін берсін көк көптің.
Тілекпен осы ашайық,
Есігін енді мектептің.
Жаңа оқу жылы жемісті,
Мерейі үстем жыл болсын.
Шәкірттеріміз өрісті,
Елім дер ұл мен қыз болсын - деп тілек айта отырып, қадірлі қонақтар, аяулы ата- аналар, құрметті ұстаздар, оқушылар «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның тұрақты даму факторы» - атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Жаңа оқу жылы тағы да баршаңызға құтты болсын! «Алғашқы қоңырау!» мерекесі 2014-2015 оқу жылының алғашқы сабағымен басталады.
Ақ жол сіздерге, оқушылар!
Достарыңызбен бөлісу: |