15 Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау
Шаруашылық субъектілердің қызметінің қаржылық нәтижелері көрсеткіштер жүйесіне: пайданың, табыстың құралуы мен бөлінуі көрсеткіштері, табыстылық (рентабельділік) көрсеткіштері, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері жатады.
Халық шаруашылығының қаржыларын бағалау үшін оның жекелеген салаларының кәсіпорындарының, ұйымдарының қаржылық нәтижелері жөнінде, ақшалай жинақтар жөнінде статистикалық ақпарат қажет.
Шаруашылық қызметте соңғы қаржылық нәтиже мен абсолютті тиімділік ретінде пайда көрсеткіші қолданылады. Мұнда сонымен қатар жалпы пайда, өнімді өткізуден түскен табыс, салық салынатын табыс ұғымдары да пайдаланылады.
Кез келген кәсіпорынның қызметінің экономикалық тиімділігі оның табыс алуымен анықталады. Табыстылық абсолютті және қатысты көрсеткіштермен сипатталады. Абсолютті көрсеткіш – бұл табыстар мен кірістер сомасы.
Табыстар – бұл есепті мерзімде активтердің артуы немесе міндететмелердің төмендеуі болып табылады. Шығынсыз табыс алу мүмкін емес, ал табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру мүмкін емес.
Абсоютті көрсеткіштерге жатады: өнімді өткізуден түскен табыс, жалпы табыс (пайда), негізгі қызметтен түскен табыс, негізгі емес қызметтен түскен табыс, салық салынғанға дейінгі табыс, салық салынғаннан кейінгі табыс, төтенше жағдайлардан болатын табыс, таза табыс жатады. Табыс ролі нарықтық экономикада келесі функциялармен анықталады: мемлекеттік бюджет табыс көзі және кәсіпорынның өндірістік пен әлеуметтік даму көзі.
Негізгі емес қызметтен түскен табыс құрамына кіреді:
Акциялар бойынша дивидендтер, облигациялар мен басқа құнды қағаздар бойынша табыстар, басқа шаруашылық субъектілердің қызметіне үлестік қатысудан табыстар;
Мүлікті жалға беруден табыстар;
Шаруашылық келісім шартты бұзғаны үшін алынған штрафтар, пенялар, санкциялар;
Төтенше жағдайлардан табыстар – бұл төтенше жағдайлардан табыс салығы шегерілгендегі сальділенген нәтиже. Төтенше жағдайлар – бұл субъектінің қарапайым қызметінен бөлек операциялар мен жағдайлар.
Таза пайда есепті мерзімде заңды тұлғамен алынған сальділенген нәтиже. Ол салықтан кейінгі табыс пен төтенше жағдайлардан болған табыс сомасы ретінде анықталады.
Сонымен қатар талдауда қатысты көсеткіштер қолданылады. Олар пайданың қатысты шамасын анықтайды, олар ретабельділік немесе табыстылық деп аталады. Оны есептеудің екі тәсілі бар: өнім рентабельділігі және кәсіпорын ретабельділігі немесе авансіленген шығындар рентабельділігі
Өнім рентабельділіг (Rпрод)
Кәсіпорынның рентабельділігі деңгейі нмесе жалпы рентабельділік (Rобщ), келесі формуламен анықталады:
Сонымен қатар өндірістік-қаржылық қызметте келесі көрсеткіштер қолданылады:
өнімді өткізу көлеміндегі таза пайда үлесі;
барлық активтер қайтарымдылығы. Ол таза пайданың барлық активтерге қатнасы арқылы анықталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызды сипаттамасы ретінде айналым құралдарының айналымдылығы жөнінде деректер есептеледі. Құралу көздері бойынша олар меншікті және қарздық деп бөлінеді. Қарыздық көздерге банктер несиелері, займдар, болашақ мерзім табыстары және басқа пассивтер жатады. Айналым құралдарының айналымдылығы айналым саны ретінде (п) және бір айнлаым ұзақтығы ретінде (t) анықталады:
мұндағы Д –мерзім ұзақтығы (күндер)
Сонымен қатар айналым құралдарының бекіту коэффициенті қолданылады: Ол
Кбекіту = ОС/РП
Өндірісті ұйымдастырудың акционерлік формасының ерекшелігі мұнда активтердің бір бөлігі акция ұстаушыларға тиесілі. Сондықтан АҚ-ның қаржылық нәтижелерін талдау барысында акционерлердің көзқарастарын бейнелейтін көрсеткіштер қолданылады. Оларға бір акцияға есептелінген пайда, акцияның есепті бағасы, акцияның нақты бағасы, акционерлік капиталдан қайтарымдылық, капитал құрамы, табыстар құрамы мен т.б. жатады.
Бір акцияға есептелінген пайда (П), таза пайданың шығарылған акциялар санына қатынасы ретінде анықталады. Оның мәні акционерлік капиталдың қайтарымымен (Котд.акц.кап) және акцияның есепті бағасымен (Ца) анықталады.
Котд.акц.кап. = таза пайда / акционерлік капитал = ЧП / Какц
Акционерлік капиталдың қайтарымы таза пайданың акционерлік капиталдың құнына қатнасымен анықталады. Акцияның есепті бағасы бір акцияға шаққандағы инвесторлардың активтерінің размерін бейнелейді.
Ца = акционерлік капитал / акциялар саны = Какц/Nакц.
Өз кезегінде акционерлік капиталдың қайтарымын барлық активтердің қайтарымы түрінде (К отд.всех активов) және барлық актвитердің акционерлік капиталға (Ка) қатынасы ретінде беруге болады.
Бірінші көрсеткіш барлық актвитердің пайдалану тиімділігін сипаттайды немесе кәсіпорын табыстылығын сипаттайды, ал екінші көрсеткіш қаржылық тұтқа деп аталады. Ол акционерлердің қаржыларының құнының бірлігіне кәсіпорын активтерінің қаншасы келетіндігін сипаттайды.
Бұл көрсеткіш пен 1 арасындағы айырма қосымша кірісітірілген қарыздық қаржылардың қатысты шамасын сипаттайды. Кәсіпорын қарыздық қаржыларды пайдалана отырып, акционерлердің қаржыларын кірістірмей-ақ қосымша шығарылатын акциялар бойынша дивиденттерге шығындар жұмсамай-ақ қосымша пайда ала алады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығы маңызды роль атқарады. Себебі олардың қызметі меншікті қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |