Логикалық тип (логический)
|
Тек қана екі логикалық мәні бар – ия/ жоқ немесе ақиқат/жалған немесе 0/1 т.с.с. Оның мәндерінің жазылу түрі өріс форматындағы берілген тізімнен таңдап алынады. Қай формат таңдалса да кестеде логикалық өріс қанатбелгілерімен кескінделеді. Қанатбелгіні тышқан нұсқағышымен шертіп «Иә» мәнінде белгісін орнату арқылы, ал «Жоқ» мәнін бос қалдыру арқылы енгізіледі.
|
Гиперсілтеме (гиперссылка)
|
Әріптер мен сандардан тұратын және гиперсілтеме адресін білдіретін қатар. Гиперсілтеме адресі келесі бөлімдерден тұрады: өрісте енгізілген мәтін, басқару элементі және URL адреске немесе файлға апаратын жол. Өріске гиперсілтеме адресін қою үшін ВставкаГиперссылка командасын орындаймыз.
|
Орналастыру шебері (мастер подстановок)
|
Кестелер арасындағы байланысты орнататын шеберді іске қосу командасы. Бұл негізінен өріс типі емес, өрісті сақтау мүмкіндігі.
|
Орналастыру шебері (мастер подстановок) – бірінші кестенің өрісін екінші бір кестедегі басқа өріспен алмастырады. Шебер жұмысының бірінші қадамында таңдауға тиісті мәндер тізімі бейнеленеді, яғни орналастыру шебері мәндерді кестеден немесе сұраныстан алатыны анықталады (9 - а) сурет). Әрі қарай (Далее) батырмасын шерткенде мәндерімен берілген кесте немесе сұранысты таңдау сұхбаттық терезесі шығады (9 - ә) сурет) .
а) ә)
Әрі қарай (Далее) батырмасын басқанда Мүмкін өрістерден орналастыру бағанына қажетті өрістерді таңдау ұсынылады (9- б) сурет). Мұндағы:
- таңдалған өрісті оң жаққа көшіреді; - тізімдегі барлық өрісті оң жаққа көшіреді; - таңдалған өрісті сол жаққа қайта көшіру; - барлық өрісті сол жаққа қайта көшіру.
б) в)
Келесі сұхбаттық терезеде (9- в) сурет) орналастыру шеберінің таңдалған өріс бағандарының шекарасын қалыпқа келтіріп Әрі қарай (Далее) батырмасын шертеміз. Бұл командадан кейін шыққан сұхбаттық терезеде байланыстан кейінгі мүмкін болатын өрістер бейнеленеді (9.3.6- г) сурет). Соңғы сұхбаттық терезеде (9.3.6- д) сурет) орналастыру өрісіне қолтаңба (подпись) беріледі. Қолтаңба үнсіздік бойынша өріс атауындай етіп анықталады, бірақ қолданушы оны өз қалауымен өзгертуіне болады. Сонан соң Дайын (Готово) батырмасын басамыз.
г) д)
9-сурет. Орналастыру шеберінің сұхбаттық терезелері.
Шебер жұмысы аяқталған соң, оның жұмысын кестенің құрастырушы терезесінде талдауға және кестені ашып көруге болады. Сонда Таблица 1 кестесінде Таблица 2 кестесіндегі өріс мәліметтерімен толтыруға мүмкіндік жасалған жаңа өріс пайда болады. Ол үшін сол ұяшықта тышқан нұсқағышымен бір рет шерту арқылы Таблица 2 кестесінен алынған өріс мәліметтерінен қажетті мәліметті таңдап, оны курсормен бір рет шерту керек (10-сурет).
10-сурет. Орналастыру шебері жұмысының нәтижесінде қосылған өрістер.
Кестені Кесте шебері көмегімен құру барысында программа өзінде арнайы дайын тұрған кестелерді пайдаланады. Кесте шебері 4 қадамнан тұрады, оның әр қадамына сәйкес сұхбаттық терзелер ашылып, онда тиісті жұмыстар атқарылады:
Достарыңызбен бөлісу: |