2. Орта ғасырларда сенім адам жанын құтқарудың жалғыз құралы ретінде мойындалды (сенім ақылдан жоғары). Қазіргі уақытта дінсіз өмір сүруге бола ма немесе ол лайықты өмірдің жалғыз тиімді құралы ма?
Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын қалыптастырады.
Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологиялық жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда.
Философия пайда болғаннан бастап дүниені тұтас және бірліктегі құбылыс деп қарастырады дүниенің тұтастығын оның заңдарымен байланыстырады. Философия табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын зерттейді қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс, сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы білім «Дүние және адам» қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.
Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен байланыстырады.
Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |