Наным-сенімдері



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата29.12.2022
өлшемі123.18 Kb.
#468054
түріКонспект
  1   2
Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни наным-сенімдері…



ҮЙСІНДЕРДІҢ САЛТ-ДӘСТҮРІ МЕН ДІНИ
НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ
Алдыңғы конспект
Келесі конспект
00:00

Үйсіндердің салт-дəстүрі туралы ғылыми
деректер аз. Ертедегі үйсіндер өлген адам
тіріледі деп сенген. Сондықтан да адамды
жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау
деген заттардың бəрін қосып көмген. Тірі
кезінде пайдаланып жүрген заттардың бəрін
қоса көмген.
Көптеген бейіттерді қазғанда табылған заттар
осыны дəлелдейді. Тамақ ішетін ыдыс-аяқтар,
тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдар жиі
кездеседі. Ер адамдардың жанына сауыт-
саймандар, қару-жарағы – садақ, жебелер,
қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді заттар
қойылған.
Зираттардан табылған заттар мен əшекейлер,
қару-жарақтар жоғарғы көркемдігімен қатар
үйсіндердің діни ұғымын, өмірге көзқарасын да
көрсетеді. 
Қарғалы 
диадемасындағы
жапырақтар əлемдегі тіршілік ағашының көзі,
өмір нəрі, жан беруші əйел бейнесі болып
табылады. Бұл ағаш жер ортасындағы тау
шыңына өсіп, дүниенің төрт бұрышын жəне
ə
лемнің үш бөлігін: тамыры тереңге кететін
жер астын – о дүниені, адамдар мен жан-
жануарлар өмір сүретін жер үстін – бұл дүниені,
құдайлар мен құстар мекені – аспан əлемін
жалғастырып тұр.
Үйсіндер жаратушы күшке сенген. Оған арнап
құрбандық шалып отырған. Үйсіндер күнге
табынған. Оған (әлемдегі ең ұлы, ең нұрлы, ең
тез тәңірге) қолындағы ең жақын серігі,
қолқанаты жылқыны құрбандыққа шалып
отырған. Іледегі үйсін обаларынан ертедегі
үйсіндердің мәйіт басын күншығысқа қаратып
жерлегенін, қабірдің сыртын күн пішінді
күмбездеп үйгенін, оның сыртынан тағы бір
қабат шеңберлеп тас жатқызғанын, сонымен
бірге оба төбесіне үйілген тасты да
дөңгелектеп қойғанын байқаймыз. Ол кезде
үйсіндер «күн құдай – ол бір жауынгер, ал
найзағай – оның атқан жебесі» деп есептеген.
Үйсіндердің киіз үйді дөңгелек етіп құруы
осыдан болуы мүмкін. Үйсін басшысының
күнби атануы да осыған байланысты.
Үйсіндер отты күннің жер бетіндегі киесі деп
есептеді. Отты кіршіксіздіктің символы, жарық
нұрдың қайнары, арамдықты аластаушы, пәле-
жаладан арылтушы деп есептеді.
Олар қыш заттар мен ыдыстарға күннің суретін
салған. Бейіт басына тұрғызылған обаның
үлкен-кішілігі марқұмның қоғамдағы алған
орнының, байлығының қандай болғанын
білдірген. Қазба жұмыстары кезінде үлкен
обалардан үлкен əшекейлер, қару-жарақ,
ыдыс-аяқ түрлері көп шығады.
Теңлік қорымындағы қабірден киімге тігілген
алтын қапсырмалар, алтын сырғалар, алтын
сыммен оралған темір түйреуіш, қола айна
табылды. Көлемі жағынан орташа обадан
бірнеше қыш құмыра, ағаш тостаған, қола
сырға, түйреуіш, білезік шықты. Қару-жарақтан
темір қанжар, пышақ, үш қырлы жалпақ жебе
ұштары бар. Кішкентай обалардан бір-екі қыш
ыдыс, темір пышақ, қола сырға, моншақ
табылды.
Үйсіндердің жерлеу үрдісі, шаруашылығы,
тұрмыс-тіршілігі, діни наным-сенімдерінен мол
деректер беретін ескерткіштердің ең көп
зерттелген түріне обалар жатады.
Әдетте үйінді астында бір-екі мола болады,
оларда ер кісі немесе әйел адам жерленеді.
Олардың ақыреттік киімдерінде жүздеген
алтын зат, ал кейбірінде билік белгісі – алтын
жалатылған күрзі немесе саздан жасалған
мөрлері де қойылады. Биіктігі 1 метр, аумағы
15-20 метр болатын қорғандарға марқұммен
бірге негізінен қоладан, ағаштан, қыштан,
кейде алтыннан жасалған заттар, темір қару,
үшқырлы немесе жалпақ жебе ұштары қоса
көмілген. Ол қатардағы жауынгер немесе жеке
шаруашылығы бар қарапайым қауым мүшесі
болуы мүмкін.
Ал кедейлер мен құлдар жерленген қабірлер
өте жұпыны болады. Оларға қару қойылмаған,
қорғандардың биіктігі жарты метрден, ал
аумағы 5-10 метрден аспайды. Бұл қабірлерден
ұсақ-түйек темір заттар: түйреуіш, темір пышақ,
бірнеше қыш түтік, қола сырға, моншақ қана
табылған.
Үйсіндер 
алғашқы 
дәуірде
малшаруашылығымен, соңғы мезгілдерде
қосымша егін шаруашылығымен шұғылданған.
Соған байланысты болса керек, алғашқы
дәуірдегі 
үйсін 
молалары 
солтүстіктен
оңтүстікке қарай тізбектеле қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет