2 Рефлекторлы сфераны тексеру әдістері



бет1/8
Дата30.11.2023
өлшемі54.43 Kb.
#484999
  1   2   3   4   5   6   7   8
Нурсулу невро чек лист


2 Рефлекторлы сфераны тексеру әдістері
1.Тері және шырышты қабаттардағы беткей физиологиялық рефлекстерді тексеру
Ауырту сезімін зерттеу үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, аяқ-қолдың әрбір жерін симметриялық шамада екі жағынан жеңіл түртеді. Науқас түрткілеудің «өткір» немесе «өткір емес» екендігін айтып отыруға тиіс. Екі жақтама салыстырып, сипаттама берді, сезімнің жолы зақымдалуына байланысты гипалгезия, аналгезия, гипералгезия бар екенін анықтады.

Температура сезімін зерттеу үшін бір пробиркаға қызуы 40°, екінші пробиркаға 18-20° шамасында су құйып алған дәрігер пробиркалардың түбін адамның бетіне, денесіне, қол-аяғына симметриялы қашықтықта әр жерден тигізеді. Сонда тексерілуші «жылы» немесе «салқын» деп өзінің нені сезгенін білдіріп отырады. Екі жақтама салыстырып, сипаттама берді, сезімнің жолы зақымдалуына байланысты термогипестезия, термоанестезия, термогиперестезия бар екенін анықтады.


Тактильді сезімін тексеру кезінде бір шоқ мақта немесе қыл шашағын алады да, сырқаттың бас, дене, аяқ-қол терілерінің әр түрлі жерлеріне тигізеді. Сезімі бұзылмаған адам «ия, сездім» деп жауап беріп отырады. Екі жақтама салыстырып, сипаттама берді, сезімнің жолы зақымдалуына байланысты гипестезия, анестезия, гиперестезия бар екенін анықтады.

2.Қолдардағы физиологиялық периостальды және сухожильді рефлекстерді тексеру.


Екі басты бұлшықет рефлексін зерттеу үшін, екі басты бұлшықеттің сіңірінен балғашықпен ұрғанда, шынтақтың бүгілуі. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады.

Үш басты бұлшықет рефлексін зерттеу үшін, үш басты бұлшықеттің сіңірінен балғашықпен ұрғанда, шынтақтың жазылуы. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады.

Карпо-радиальды рефлексін кәрі жіліктің шыбығын неврологиялық балғашықпен соққанда, қолдың білезік тұсында бүгілуі. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады.

3.Аяқтардағы физиологиялық периостальды және сухожильді рефлекстерді тексеру..


Тізе рефлексін зерттеу үшін тізе тобығын неврологиялық балғамен соққанда төрт басты бұлшықеттің жиырылуына байланысты аяқтың тізеден жазылуы. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады.

Ахилл рефлексін зерттеу үшін өкше сіңірін балғашықпен соққылағанда үш басты бұлшықеттің жиырылуына байланысты табанның керіліп жазылуы. Рефлексті екі жақты салыстырып, сипаттамама берді - Орталық салдануда гиперрефлексия, перифериялық салдануда гипорефлексия екендігін анықтады.

4.Оральды автоматизм рефлекстерін тексеру
Оральды автоматизм рефлекстерін зерттеу:
Іздеу рефлексін зерттеу үшін ерін маңын тітіркендіргенде іздеу әрекетінің болуы
Сору рефлексін зерттеу үшін неврологиялық балғамен төменгі немесе жоғарғы ерінді ақырындап соққанда ауыздың дөңгелек бұлшықетінің жиырылуы.

5.Қолдардағы патологиялық рефлекстерді тексеру


Қолбасы патологиялық рефлекстерін зерттеу: НӘТИЖЕСІНДЕ ҚОЛ САУСАҚТАРЫНЫҢ БҮГІЛУІ БОЛАДЫ.
Рассолимо – дәрігер саусақтарының ұшымен сырқаттың бүгулі ІІ,ІІІ,ІV,V саусақтары ұшын әлсін-әлсін соққылағанда байқалды.
Бехтерев – сырқаттың қолының сыртқы бетінің ортасын 4-ші саусақ тұсы деңгейінде балғашықпен соққылағанда көрініс берді.
Жуковский - сырқат алақанының орта тұсын неврологиялық балғашықпен соққылағанда байқалады.
Якобсон-Ласк симптомы – істік тәрізді өсіндіні неврологиялық балғамен соғу арқылы белгі берді.

6.Аяқтардағы патологиялық рефлекстерді тексеру


Аяқ басының экстензорлық патологиялық рефлекстерін зерттеу: НӘТИЖЕСІНДЕ БАС БАШПАЙДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ БОЛАДЫ.
Бабинский симптомы – табан астының сырт жағын үшкір нәрсемен сызғанда пайда болды.
Оппенгейм рефлексі бас бармақты жіліншіктің қырын баса жоғарыдан төмен қарай жүргізу арқылы анықтады.
Гордон рефлексі науқастың балтырын ұстап қысу арқылы көрініс берді.
Шеффер рефлексі өкше сіңірін қатты шымшып қысу арқылы анықтады.
Чаддок рефлексі аяқ басының сырт бүйірін тітіркендіргенде анықтады.

7Аяқтардағы патологиялық флексорлық рефлекстерді тексеру


Россолимо Рефлексі- саусақ ұшымен түрткілеу
Бехтерев І- 4 ші бақай балғамен түрту
Бехтерев ІІ- өкшені балғамен
Жуковский- табанның саусақтарға жақын жерін балғамен

8 Саусақ және табан клонустарын тексеру


Аяқ ұшының ырғақты қимылдауы
9 Тізе буын клонустарын тексеру
Тізе ырғақты қимылдауы-

10 Патологиялық синкенезияларды тексеру


Глобальды синкенезия-жалпы
Координациялық син.- үйлестіргіш
Иммитациялық синк-еліктеу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет