2.1 Жануарлардың гинекологиялық аурулары
Акушерлік-гинекологиялық ауруларды емдеу, алдын алу шараларының нәтижелігі ауруды дұрыс анықтауға байланысты. Ауруды анықтау анамнезден алынған мәліметтерге, клиникалық және кейбір жағдайларда лабораториялық зерттеулердің қорытындысына байланысты.
Зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде аурудың ұзақтығы, кім және қандай уақытта көмек көрсетті, нені қолданды деген сияқты қосымша сұрақтар тууы мүмкін.
Жалпы клиникалық зерттеулер. Дене қызуын (температурасын) өлшейді, пульстің жиілігін анықтайды, тыныс алуы мен таз қарынның жиырылуын есептейді. Малдың жалпы жағдайына, қоңдылығына, көрінетін кілегей қабығына, жақын орналасқан лимфа түйіндеріне, мінез-құлқына, жүріс- тұрысына көңіл аударады. Малдың барлық жүйелерін зерттейді.
Арнайы зерттеулер – сыртқы және тік ішек пен қынап арқылы тексеруден тұрады.
Сыртқы пішінін қарау және пальпация жүргізу. Зерттеуді ашық алаңда немесе кең жарық бөлмеде жүргізеді. Көңілді малдың құрсағына, жамбасына, құйымшақ және құйрық түбіне, жыныс ернеуінің формасына, көлеміне және орналасуына аударады. Қынаптан аққан шырыштың мөлшері мен түрін (шырыштың қоюлығын, мөлдірлігін, лайлануын), иісін, фибрин талшықтарының, іріңнің, қанның болуын анықтайды.
Қынап арқылы зерттеу. Ең алдымен жыныс ернеуін жылы сумен сабындап жуады, зарарсыздандырғыш ерітінділермен шаяды және стерилденген тампонмен құрғатады, қолды жуғаннан кейін 70%-дық спиртпен зарарсыздандырады. Жыныс ернеулерін саусақпен ашып, қынап кіреберісінің кілегей қабатын қарайды. Оның түсін, қанталауын, түйіндердің, эрозиялардың немесе экссудаттың болу-болмауын анықтайды. Сонан соң қынапқа алдын ала зарарсыздандырылған қынап айнасын жайлап тірелгенше енгізеді.
Қынап айнасының сабын жанына қаратып, жабық күйінде енгізген жөн. Енгізгеннен кейін айнаның сабын төмен қаратып бұрап, жайлап ашады. Қынаптың қуысына арнайы құралмен жарық береді. Сонымен қатар айнаның жеңіл енуіне және малдың мінез-құлқының өзгеруіне, қынаптың кілегей қабатына назар салған жөн. Дені сау малдың қынабының кілегей қабаты жылтыр және орташа ылғалды болады. Буаз сиырдың қынабының кілегей қабаты құрғақ, жылтыр емес болады, сондықтан айна күшпен енеді.
Қынап кіреберісінің қабырғасының екі жағында мөлшері түйреуіштің басындай болып келетін без түтікшелері орналасқан.
Қабынған кезде қынаптың кілегей қабаты қызарады, нүктелі немесе жолақты қанталайды, ісінеді сондай-ақ экссудат түйіндері, бөртпелері пайда болуы мүмкін. Экссудаттың қай жерден шығып, жиналып жатқанын анықтағанның маңызы өте зор.
Жатыр мойнының қынапқа қараған жағына көңіл аударған жөн. Сиырдың жатыр мойны дөңгелек цилиндр тәрізденіп, қынапқа қарай 2-3 см шығып тұрады. Қалыпты жағдайда жатыр мойны тек ортада орналасқан, жабық күйінде тұрады.
Ал туу кезінде, туғаннан кейінгі кезеңде, шырыш ағу кезінде ашық болады. Жатыр мойны аталған жағдайдан басқа уақытта ашық болса, патологиялық процесстердің жүріп жатқанын көрсетеді.
Жатырда патологиялық процесс болған кезде, жатыр мойны қызарып ісінеді, кейбір кезде қансырап, эрозия пайда болады, жатыр мойнынан әртүрлі (шырышты, іріңді, фибринді және сасық иісті) экссудат ағады. Экссудаттың шығу тегін анықтау үшін жатыр мойнының саңылауынан корнцанг арқылы тампонмен құрғатады, егер жатыр қабынған болса, экссудаттың жаңа порциясы бөлінеді. Сонымен қатар жатыр ішіндегі жалқаяқты шығару үшін аздап тік ішек арқылы массаж жасаған жөн.
Тік ішек арқылы зерттеу. Жұмысты гинекологиялық немесе бір рет қолданатын полиэтилен қолғабын киіп жүргізеді, бірақ бұл кезде саусақтардың сезімталдығы нашарлап, зерттеу қорытындысы дұрыс шықпауы мүмкін. Сондықтан зерттеуді әсіресе жас мамандар қолғапсыз жүргізгендері жөн.
Тік ішекке енгізілген қолдың алақанымен жамбас сүйегінің түбін тауып жатырды іздейді.
Қалыпты жағдайда жатыр жамбас қуысында орналасады, ал көп төлдеген кәрі сиырлардың жатыры құрсақ қуысына салбырап тұрады. Жатыр мойнын ұстап көргенде тығыз валик сияқты болады, диаметрі 2,5-3,5 см, ұзындығы 8-10 см.
Жатыр тармақтарының мөлшері біркелкі жиырылған жағдайда серпінді болады, алдымен тармақтары қосарлана келіп, ұзынша тармақ аралық ойық түзеді де, екі жаққа айырылып ктеді. Сылап, сипаған кезде жатыр тармақтары жиырылып, қошқар мүйізі тәрізденеді. Жатыр тармақтарының ұшынан қолды аналық жыныс бездеріне қарай жылжытады. Ұрық жолдары қалыпты жағдайда сезілмейді.
Аналық жыныс бездерінің көлемі фолликулдің және сары дененің болуына байланысты өзгеріп тұрады. Қалыпты жағдайда олар сопақша, консистенциясы серпінді, көлемі 1,5-2,5 см болады. Аналық бездердің жағдайын толығымен анықтау үшін арасына 15-20 күн салып екі немесе үш рет зерттеген жөн.
Егер бір жыныстық цикл мерзімінде аналық жыныс бездерінің көлемі, түрі, консистенциясы өзгермесе, патологиялық жағдайда болуы мүмкін. Кейбір кезде олардың терең өзгеруін (склероз, атрофия, гипофункция, киста т.б.) бірақ зерттеумен дәлелдеуге болады.
2.2 Ветеринариялық кедендік іс
Кеден ісі – тауарлар мен көлік құралдарын, заттар мен басқа да заттарды кедендік шекара арқылы өткізу тәртібін, кедендік режимдерді қолдануды және кедендік төлемдерді алуды қамтамасыз ететін, кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Кедендік ресімдеу (кедендік ресімдеу, жүк декларациясы) – тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекара арқылы өткізуге байланысты, сондай-ақ кедендік режим өзгерген жағдайда туындайтын қажетті нормаларды орындау.
Кедендік режим - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды және тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртібін қоса алғанда, талаптар мен шарттар кешенін айқындайтын кедендік рәсім. сыртқы сауда қызметі, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарының кеден шекарасы арқылы өткізу және Қазақстан Республикасының кедендік аумағында немесе одан тыс жерде пайдалану мақсаттарына қарай кедендік мақсаттарға арналған жай-күйі.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кез келген уақытта тауардың сипатына, санына, баратын еліне немесе шығарылған еліне қарамастан кез келген кедендік режимді таңдауға немесе оны басқасына өзгертуге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |