«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы
20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат; 2011 ж., № 58, 822-құжат; 2012 ж., № 68, 977-құжат; 2013 ж., № 19, 316-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – 21 мамыр»;
25-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 қараша
№ 698
Достарыңызбен бөлісу: |