«Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 36, 337-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:
5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң Басшысы және оның тиісті орынбасары белгілеген ағымдағы және перспективалық мiндеттердi негiзге ала отырып, өз қызметiн жоспарлауға;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Институт Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жалпы басшылығымен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тиісті орынбасарының жедел басшылығымен жұмыс істейді.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 15 қазан
№ 928
Достарыңызбен бөлісу: |