20-жылдардың бас кезінде қазақ әдебиетінде социалистік реализм



бет1/3
Дата02.03.2023
өлшемі0.75 Mb.
#470280
  1   2   3
Қазақ әдебиеті

20-жылдардың бас кезінде қазақ әдебиетінде социалистік реализм

20-жылдардың бас кезінде қазақ әдебиетінде социалистік реализм

мен оны насихаттау үстемдігі сипат алды. Әдебиеттің орасан насихатшылық әлеуетке ие екендігін түсінген кеңес өкіметі жазба әдебиетпен ауыз әдебиетінің ұлттық дәстүрлерін тамырымен жоюға орасан

күш-жігер жұмсады. 20-жылдардың ортасында әдебиеттің қоғам

Өміріндегі орны мен рөлі және қазақ пролетарлық әдебиетінің бар

екендігі туралы пікірталас өршіді.

Өз позицияларын қорғаған

М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Қ.Кемең-

геров секілді ақын-жазушыларға «ұлтшыл» деген айып тағылды.


Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)
Ш.Құдайбердіұлы- ақын, ағартушы, сазгер және аудармашы. Ақынның әкесі Абайдың үлкен ағасы. Жастай жетім қалған баланы Абай өз қамқорлығына алған.
Энциклопедиялық білімнің арқасында және араб, парсы, түрік, орыс тілдерін білген Шәкәрім әдеби ғана емес, сондай-ақ тарихи
және философиялық шығармалар жазған. Оның шығармашылығы қазақ әдебиетінде жаңа құбылыс болды.
Ақын және прозашы Ш.Құдайбердіұлы қазақ халқының өмірін жан-жақты терең бейнеледі. Сонымен қатар адамның ішкі дүниесін егжей-тегжейлі суреттеп, ой елегінен өткізді. Ол «Қалқаман-Ма-мыр», «Еңлік-Кебек», «Нартай-Айсұлу» поэмаларын, «Әділ-Мәрия» романын (1988 ж. жарияланды) жазды
Жүсіпбек Аймауытов (1895-1931)
Жүсіпбек Аймауытов — қазақ ақыны, драматург,аудармашы, әдебиеттанушы және педагог. «Қазақ тілі» газетінің
редакторы, «Ақжол» газетінің қызметкері, Шымкент педагогикалық техникумының директоры болып жұмыс істеді. Ж.Аймауытов балалар мен жасөспірімдерге арналған көптеген ертегілер, әдеби сын мақалалар, ғылыми еңбектер жазды.
«Психология» , «Психология және өнерта-
ну» сияқты зерттеу еңбектердің авторы. Ол
А.С.Пушкин шығармаларын («Сараң сері», «Тас мейман»), Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой, А.М.Горький әңгімелерін, У.Шекспир трагедияларын шеберлікпен аударды. 1929 жылы Ж.Аймауытов тұтқындалып, Мәскеуге әкетілді. 1930 жылы ату жазасына бұйырылды.
Міржақып Дулатов (1885-1935)
Міржақып Дулатов – ақын, публицист, ұлт-азаттық
қозғалысқа белсенді қатысушы. Торғай облысы Торғай уезінің Кызбел деген жерінде туған. 1897 жылы Торғай екі сыныптық мектебіне оқуға түсті, 1904 жылы Омбыға кетті. Бұл жерде саяси күреске белсенді араласты. 1907 жылы Санкт-Петербургте «Улфат» татар газетіне қосымша «Серке» газетін шығарды. 1909 жылы Қазанда ақын «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағын жарыққа шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет