Қр президенті Мұрағатының қызметкері Ж. Т. Байқаш конференция жұмысына қатысып, «Материалы Архива Президента Республики Казахстан по событиям 1916 года» баяндамасымен сөз сөйледі



Дата25.02.2016
өлшемі71.5 Kb.
#25419
«Әділет» қоғамына – 25 жыл» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ІІ-ші А. Нүсіпбеков оқулары аясында «Әділет» тарихи-ағарту қоғамымен бірлесіп2014 ж. желтоқсан айының 25-сінде «Әділет» қоғамына – 25 жыл» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция Қазақстандағы кеңестік өктемдік зардаптарымен айналысатын «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының құрылуына 25-жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бұл конференцияға Әділет қоғамының негізін салушылары, мүшелері, саяси қуғын-сүргін ұрпақтары, тарихшылар, мұрағатшылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысып, құттықтаулар мен хабарламалар, ғылыми баяндамалар жасалды. Сонымен қатар, конференцияға Іле ауданнының №3 орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері, Германиядан Бонн книверситеті, Шығыстану институтының Синология (Қытайтану) бөлімінің қызметкері, PhD докторы Н. Кенжеахмет қатысты.

Сондай-ақ, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының ұйымдастырушыларының бірі, тұрақты басқарма мүшесі, жазушы Б. Қойшыбаев «Әділет» туымен ширек ғасыр атты еңбегін көпшіліктін назарына ұсынды.

ҚР Президенті Мұрағатының қызметкері Ж.Т. Байқаш конференция жұмысына қатысып, «Материалы Архива Президента Республики Казахстан по событиям 1916 года» баяндамасымен сөз сөйледі.

 

Н. Кенжеахметтің сөз сөйлеуі, «Әділет» қоғамына – 25 жыл» конференциясының Президиумында солдан оңға қарай: Б. Қойшыбаев, С. Смағұлова, Ғ. Әнес, Қ. Алдажұманов Алматы қ. 2014 ж. 24 желтоқсаны.



 



 

«Әділет» қоғамына – 25 жыл» ат

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет