2006 жылғы 1 жарты жылдыққа арналған Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы туралы анықтама



Дата23.02.2016
өлшемі51.43 Kb.
#5916
2006 жылғы 1 жарты жылдыққа арналған Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы туралы АНЫҚТАМА

Бюджет
Бесқарағай ауданының бюджеті кірісі бойынша 2006 жылғы 1 жарты жылдыққа 100,7 пайызға орындалды, яғни 2006 жылғы 1 жарты жылдыққа арналған жоспар бойынша 266451 мың теңге, кіріс түсімі 268431,5 мың теңгені құрады.

Жергілікті бюджетке өз кірістерінің түсім жоспары 2006 жылғы 1 жарты жылдықта 102,9 пайызға орындалды, жоспар бойынша болжам 75954 мың теңге, негізгі түсім 78120,5 мың теңге, артығымен орындалу 3209 мың теңге.

Төлем түсімдерінің негізгі үлестері салық төлемдері болып келеді. Есеп беру кезінде көздерінің 30 түрлері бойынша болжам салықтың 25 түрі бойынша орындалды. Салықтың мына түрі бойынша орындалмаған жоспар:
-төлем көздерінен алынантын кірістердің жеке табыс салығы 88,9 пайызға орындалды, жоспар бойынша болжам 25213 мың теңге, негізгі түсім 22418 мың теңге.

2006 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша ешқандай түсім жоқ. 2006 жылғы 1 жарты жылдыққа арналған аудан бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 97,6 пайызды құрастырады, жоспар бойынша 270116 мың теңге және кассалық орындалу 263667 мың теңге құрайды.

Бесқарағай ауданында 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша несиелік қарыз жоқ.

2006 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша дебиторлық берешек жоқ.



Білім беру
2005-2010 жылдарға арналған білім беру жүйесінің даму Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2006 жылғы 1 жарты жылдыққа білім беру мекемелерімен бірге Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі мектеп орындарының материалдық-техникалық базаларын нығайту, кадрлардың біліктіліктерін жоғарылату және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді.

2006 жылғы 1 жарты жылдыққа арналған жергілікті бюджет қаражаттарынан мектептердің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 3132 мың теңге бөлінді және иемденді. Бөденелі орта мектебіне 700 мың теңгеге сұйық отын қазандығы; Сосновка орта мектебіне музыкалық аппаратура және Грачи, Белокаменка, Жыланды, Беген ауылдарындағы негізгі мектептеріне; Долон, Қара-Мырза орта мектептеріне 512 мың теңгеге 6 музыкалық орталықтары сатып алынды. Барлық мектептерге 535 мың теңгеге спорттық құралдар сатып алынды.

«Білім беру» функционалдық топ бойынша орындалу 162927,3 мың теңгені немесе 98,2% құрастырады, болжам жоспары бойынша 165990 мың теңгені құрайды.




Стройплощадка районной больницы в с. Б-Владимировка (строительство начато в марте 2006 года)

Әлеуметтiк қамтамасыз ету.
2006 жылғы 1 қаңтарға кедейлік отбасылар саны 253 болды, онда 1199 адам тұрады, 2006 жылғы 1 сәуірге кедейлік отбасылар саны 249 жанұя, онда 1192 адам тұрады. Бесқарағай ауданында 11258,3 мың теңге сомада 4956 алушы көмек көрсетілді, олардан:
демеушілер есебінен – 1722,3 мың теңге;
бюджет есебінен – 9536 мың теңге;
сонымен қатар:
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру шеңберiнде 4000 мың теңге сомасында төлендi - алушылар -755.
- Қазақстан Республикасының «Балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақылары туралы» Заңын жүзеге асыру шеңберінде 4500 мың теңге сомасында төленді – алушылар – 992.
- Бесқарағай ауданы әкімдігінің «Балаларға қматериалдық қамтамасыз етуді төлеу және тағайындау Ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 ақпандағы №75 қаулысын іске асыру шеңберінде 22 алушыларға 334,0 мың теңге төленді.
- Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі №104 қаулысымен бекітілген азаматтардың жеке санаттарының әлеуметтік төлемдерін тағайындау және іске асыру тәртібі туралы Ережесіне сәйкес 94 алушыларға 200 мың теңге төленді.
- өтініш бойынша 4 алушыларға 5000 мың теңгеге көмек көрсетілді.
- Аудан әкімі 30 көпбалалы әйелдерді қабылдау өтті, оларға 8 наурыз мейрамын мерекелеуге концерттік бағдарлама қойылды, мереке үстелі жасалды және әр әйелге 2000 теңге көлемінде көмек көрсетілді;
- Наурыз Мейрамын мерекелеуге аудан әкімі 30 ауғандықтарды, чернобыльдықтарды және жағдайлары төмен мүгедектерді қабылдау өтті, концерт қойылды, мереке үстелі жасалды және әр адамға 2000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Жұмыспен қамту
2006 жылғы 1 жарты жылдықтың жұмыс қорытындысы бойынша ауданда басымдықтың негiзi жұмыссыздар мен кедейлiктi төмендету мәселесi болып отыр. 2006 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша есепте тұрған жұмыссыздар саны – 135 адам. Жұмысқа орналасқандардың саны – 135 адам, 260 адам жылдық жоспардан 52 пайызды құрайды.

Ақылы қоғамдық жұмыстарда 180 жұмыссыздар қатысты, жылдық жоспар көрсеткіші – 270 адам, 67 пайыз құрайды. 2006 жылғы 1 жарты жылдыққа 12 жіберілген адамдар оқуларын бітірді, 3 адам Семей қаласындағы құрылыс колледжінде оқуларын жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың 1 жарты жылдықта "Жастар тәжiрибесi" бағдарламасына 3 адамды қатысты. Осы бағдарлама бойынша көрсеткіш 50 пайызға орындалды жылдық көрсеткіш - 6 адам. Есептік кезеңге «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 3 жұмыссыздар жіберілді. Көрсеткіш 50 пайызға орындалды, жылдық көрсеткіш – 6 адам.

Есептік кезеңге 37 жаңа жұмыс орындары құрылды. «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» функционалды топ бойынша 18656,3 мың теңгені құрайды, болжам бойынша 19429 мың теңге немесе 96 пайыз құрайды.





Денсаулық сақтау
Ауданда медициналық қызмет көрсету Орталық аудандық ауруханамен жүзеге асырылады, ауруханада -51 төсек, өкпе ауруына қарсы ауруханада -25 кереует бар. Аудан бойынша 76 науқастар керуетi бар.

Ауданда есептік кезеңге 2 аурухана, 10 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 20 фельдшерлік-акушерлік және фельдшерлік пунктері жұмыс істейді.

2006 жылғы 01 ақпаннан бастап Қарабаш ауылында 50 адамнан астам мекенмен медқызметкер жеке бөлмесіз 0,25 ставкада қызмет атқарады. Аудан бойынша ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында 77 бала туды, 1000 мекенге 3,0 бала туушылық. Ауданда 0-18 жас бағдарламасы бойынша әйелдерді профилактикалық тексеру жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 1538 бала қаралды немесе тексеру контингентіне жататындардан 22 пайыз.


Центральная мечеть в с.Б-Владимировка

Сонымен қатар 15-49 фертильді жастағы әйелдерді тексеру жүргізілді. Барлығы 1396 әйелдер қаралды.

Мәдениет
Аудан аумағында жұмыс профилiн сақтау үшiн жеке тұлғанын сенiм басқармасына берiлген 16 кiтапхана, 1 Мәдениет үйi, 2 ауылдық клуб жұмыс iстейдi. Ауылдық клубтардың ғимаратында ауылдық клубтардың мәдени ұйымдастырушылармен ауыл жастарына арналған мәдени iс шаралар, би кештері өткiзiлiп тұрады. Көркемөнерпаздар ұжымы облыстық конкурстарға, фестивалдарға белсендiлiкпен қатысады, олар жүлделi орындар алып, дипломанттар атанды. Мәдениет мекемесiмен есеп беру кезеңiнде әртүрлi мәдени iс шаралар, Наурыз мерекесі, «Ақ қайың» атты жас балалардың конкурсы,спорттық іс шаралар және тағы басқалары өткiзiлдi.

Ауданда 1 орталық кiтапхана, 15 ауылдық филиалдар жұмыс iстейдi. Жалпы кiтапхана қоры 382012 дананы құрастырды, оның iшiнде мемлекеттiк тiлде 114853 дана.



«Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік» функционалды топ бойынша орындау 10232,1 мың теңгені құрайды, болжам жоспарында 11004 мың теңге немесе 93 пайыз.

Тұрғын үй құрылысы
2006 жылы 460 шаршы метрде тұрғын үйлердi iске қосу жоспарланды. Ауданда ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жеке тұрғын үйлерді пайдалануға жалпы көлемі389,7 метр немесе 5 үй бөлінді. «Семей орманы» МОКР есебінен жарты жыл ағымында жалпы көлемі 464 кв.м. 4 үй салынды. Аудан бойынша барлығы 853,7 кв.м. немесе 9 тұрғын үйлер салынды. Ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығына М-Владимировка ауылының су құбыры желілерінің күрделі жөндеулеріне 15142 мың теңге бөлінді және иемденді.

Автомобиль жолдары
Жергiлiктi жердегi автомобиль жолдарының ұзындығы 408 км, оның iшiнде қара ұсақ тас төселген жол 237 км, iрi құм -ұсақ тас төселген жол-122 км, төселген жол - 49 км. 2006 жылы аудан бюджетiнде жергiлiктi маңыздағы автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеугеағымдағы жылдың 1 жарты жылдығына 5800 теңге қаралды және иемденді. Шұнқырларды жөндеу жүргiзiлдi, автомобиль жолдары шеттерiн мен төселмеген және iрi құммен төселген жолдардың шеттерiн жөндеу жүргiзiлдi.

«Тұрғын үй – коммуналдық шаруа» функционалды топ бойынша 19739,2 мың теңгені құрайды, болжам жоспарында 19842 мың теңге немесе 99,5 пайыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет