«Шет елдердегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шет елдердегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2006 ж., №3,
22-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының бірге барған отбасы мүшелерінің құрамы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бұйрығымен және осы Еңбек шарттарының 40-тармағына сәйкес берілетін есеп айырысу аттестатымен анықталады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және босататын лауазымды адамдарды қоспағанда, шетелде дипломатиялық қызмет персоналын қызметке тағайындау, қызметтен босату және өзге де лауазымдық орын ауыстыру Министрдің шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:
«Жол жүру билетін ауыстрыған немесе қайтарған кезде, айыппұлдар немесе өзге алымдар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) хатының негізінде немесе күтілмеген жағдайларға байланысты куәландыратын құжаттардың негізінде өтеледі.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөлімдермен толықтырылсын:
«Жолжүгі дипломатиялық қызмет персоналынан бөлек тасымалданған жағдайда, жолжүкті тасымалдау құны дипломатиялық қызмет персоналы және оның отбасы мүшелері сапар шегетін көліктегі жүкті тасымалдау тарифтерінен артық болмауы тиіс.
Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен іс жүзінде қайтып кеткеннен кейін жүкті жіберу бойынша шығындар өтелмейді.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:
«Дипломатиялық қызмет персоналының министрліктен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне іссапарға жіберілген кезде оның отбасы мүшелері шет мемлекетке Қазақстан Республикасынан тыс мемлекеттен жол жүрген жағдайда, аталған отбасы мүшелерінің жол жүру шығындары Қазақстан Республикасынан шет мемлекетке дейінгі жол жүру шығындарының шеңберінде өтеледі.»;
14-тармақтың бірінші және екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерiне жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналының жалақысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесiп өткен күнiнен бастап (қызметке тағайындалған күнi) дипломатиялық қызмет персоналының іссапардан министрлікке қайтарылған уақытта, болу мемлекетінің мемлекеттік шекарасын кесіп өту күнінің алдыңғы күніне дейін (қызметтен босатылған күн) төленедi және бекітілген ақшалай үстемеақыны ескергендегі ұлттық валютадағы лауазымдық жалақысы мен шетелдiк валютадағы лауазымдық жалақысы негiзінде белгiленедi. Дипломатиялық қызмет персоналы іссапардан министрлікке қайтарылғанда, болу мемлекетінің мемлекеттік шекарасын кесіп өту күніне жалақы төленбейді.
Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерiне жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналының ұлттық валютадағы лауазымдық жалақысы министрліктің орталық аппараты қызметкерлерiнiң теңестiрiлген қызметтерi бойынша жалақысының 25 пайызы мөлшерiнде айқындалған ақшалай төлемдерiмен белгіленедi.»;
21-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кезекті еңбек демалысына шыққан кезде шетелде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет персоналына күнтізбелік жылда бір рет министрлiкте айналысқан соңғы қызметi бойынша лауазымдық жалақысының екi еселенген мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленедi. Егер дипломатиялық қызмет персоналы шетелде жұмыс iстеудiң алдында министрлiкте қызмет атқармаса, оған министрлiктің орталық аппаратындағы персоналдың қызметiне теңестірiлген қызмет бойынша лауазымдық жалақы негізге алынып, денсаулығын күтуге арналған жәрдемақысы есептеледi.»;
22-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысын өткiзу үшiн Қазақстан Республикасына жол жүрген кезде, дипломатиялық қызмет персоналына және оның отбасы мүшелерiне шетелдегi жұмыс орнынан Қазақстан Республикасының аумағындағы алғашқы межеленген пунктке дейiнгi жолақысының құны және Қазақстан Республикасының аумағындағы соңғы жөнелту пунктінен шетелдегi жұмыс орнына дейiн керi қайту жолақысының құны, жүгiн тасымалдау және тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстарды қоспағанда, осы шарттардың 4-тармағында белгiленген нормалар бойынша күнтiзбелiк жылда бiр рет шетелдiк және ұлттық валюталарда төленедi.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Дипломатиялық қызмет персоналын шет елдердегі мекемелерге жұмысқа жіберген кезде немесе дипломатиялық қызмет персоналының сыртқы ротация шеңберінде шетелден министрлікке жұмысқа қайтып келген кезде, жаңа жұмыс орны бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы алдыңғы жұмыс орнында жұмыс жасаған уақыты мен пайдаланылған еңбек демалысының ұзақтығы ескеріліп беріледі.
Дипломатиялық қызмет персоналы ротация үдерісінен тыс жағдайда қызметтен босатылған кезде оған пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн өтемақы төленедi.»;
26-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:
«Дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне Қазақстан Республикасының басқа шет елдегі мекемесінен жұмысқа жіберген кезде, алдыңғы шетелдегі мекемеде жұмыс жасаған мерзіміне қарамастан бір жолғы жәрдемақы қайтадан төленбейді.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын отбасының бір мүшесі қайтыс болған жағдайда, дипломатиялық қызмет персоналына министрлiк қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде бiр жолғы ақшалай жәрдемақы, сондай-ақ осы шарттардың 4-тармағында белгiленген тәртiппен барар және қайтар жолға көлiктiк шығыстардың төлемi ұлттық валютада төленедi.»;
32-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:
«Дипломатиялық персонал қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне шетелде жұмыс істеген кезеңде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің аясында медициналық қамсыздандыруға жұмсалған шығындар, соның ішінде, медициналық сақтандыру жолымен министрлік Қазақстан Республикасының әрбір шет елдегі мекемесі үшін бекіткен шығындар шектелімінің шеңберінде Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қаржылық жоспары есебінен өтеледі.»;
6-тарау мынадай мазмұндағы 32-1 тармағымен толықтырылсын:
«32-1. Дипломатиялық қызмет персоналына шетелде жұмыс істеген кезеңде балаларына мектепке дейінгі тәрбие беру және оларды оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм беру бойынша шығындар министрлік Қазақстан Республикасының әрбір шетелдегі мекемесі үшін бекітікен шығындар шектелімінің шеңберінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің қаржылық жоспары есебінен өтеледі.»;
34-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шет мемлекеттiң аумағы бойынша жол жүрген уақытында дипломатиялық қызмет персоналына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде тиісті мемлекетке қызметтік іссапарлар үшiн белгiленген нормалар бойынша төлқұжаттағы мемлекеттік шекарадан өту жөніндегі мөртабандар негізінде немесе бір шет мемлекет шеңберіндегі іссапарлар кезінде немесе мемлекеттік шекарада төлқұжаттық бақылау болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекеме басшысының бұйрығы негізінде тәулікақы, сондай-ақ тұру шығындарын куәландыратын құжаттар негізінде тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шетелдiк валютадағы шығыстар өтеледi.»;
35-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жоқ шет мемлекеттерге және болу мемлекетінің шеңберінде іссапарға жіберілген кезде автокөлікті жалдауға жұмсалған (қабылдаушы тарап автокөлік ұсынған жағдайды қоспағанда) және байланыс шығындарын өтеу рұқсат етіледі.»;
40-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Есеп айырысу аттестатында жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналының лауазымы, бірге барған отбасы мүшелерiнiң құрамы, төлемақы нормалары, бағыттары, дипломатиялық қызмет персоналының тағайындалған және баратын орны, оның алатын барлық ақшалай төлемдерi көрсетiледi.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы «Шет елдердегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекiту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
№
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
|
2.
|
Жобаны қабылдау
қажеттігінің негіздемесі
|
1) ҚР-дың 2015 жылғы 23 қарашадағы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын орындау аясында;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында ҚР-дың шетелдердегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарының жекелеген мәселелері бойынша кемшіліктерді жою
|
3.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар
|
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды
|
4.
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
|
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді
|
5.
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы №23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
6.
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы №23 қаулысы
|
7.
|
Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі
|
Талап етілмейді
|
8.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері
|
Жоқ
|
9.
|
Өзге де мәліметтер
|
Жоқ
|
10.
|
Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі
|
Рұқсат етіледі
|
11.
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат
|
ҚР СІМ сайтында орнатылған:http://mfa.gov.kz→Министрлік туралы→Азаматтарға→Қоғамдық талқылау үшін нормативтік-құқықтық актілердің жобалары
Атауы: «Шет елдердегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы
Көлемі: 798 кВ
|
12.
|
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)
|
Жоқ
|
13.
|
Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)
|
Жоқ
|
14
|
Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат
|
Жоқ
|
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов
2016 жылғы «____» ___________
«Шет елдердегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына
салыстырмалы кесте
р/с№
|
Құрылымдық бөліктері
|
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылып отырған редакция
|
Негіздеме
Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:
1) түзетудің мәнін;
2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесі көрсету қажет.
|
Шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттары
|
1
|
2-тармақ
|
2. Осы шарттардың әрекетi "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жағдайларда дипломатиялық қызмет персоналының (оның iшiнде еңбекке жарамсыз) отбасы мүшелерiне де қолданылады.
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелерiне жұбайы, зайыбы, 18 жасқа дейiнгi балалары және 18 жасқа толғанға дейiн мүгедек болған 18 жастан ересек балалары, сондай-ақ iссапарға жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналымен бiрге, сол сияқты бiрге де және олардан бөлек те тұру үшiн шетелге шығатын еңбекке жарамсыз ата-аналары жатады.
жоқ
|
2. Осы шарттардың әрекетi "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жағдайларда дипломатиялық қызмет персоналының (оның iшiнде еңбекке жарамсыз) отбасы мүшелерiне де қолданылады.
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелерiне жұбайы, зайыбы, 18 жасқа дейiнгi балалары және 18 жасқа толғанға дейiн мүгедек болған 18 жастан ересек балалары, сондай-ақ iссапарға жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналымен бiрге, сол сияқты бiрге де және олардан бөлек те тұру үшiн шетелге шығатын еңбекке жарамсыз ата-аналары жатады.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының бірге барған отбасы мүшелерінің құрамы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бұйрығымен және осы Еңбек шарттарының 40-тармағына сәйкес берілетін есеп айырысу аттестатымен анықталады.
|
1.ҚР «Дипломатиялық қызмет туралы» Заңы және ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы №23 қаулысымен бекітілген Шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарына сәйкес дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері үшін әлеуметтік және материалдық қамсыздандыру бойынша іс-шаралар кешені ескерілген. Сонымен қатар, іссапарға жіберілген дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұру үшін шетелге шығатын отбасы мүшелерінің құрамын формалды анықтаудың тәртібі аталған нормативтік құқықтық актілерде айтылмаған.
|
2
|
3-тармақ
|
3. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және босататын (керi шақырып алатын) лауазымды адамдарды қоспағанда, шетелде дипломатиялық қызмет персоналын қызметке тағайындау, қызметтен босату және өзге де лауазымдық орын ауыстыру Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң (бұдан әрi - Министр) шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
|
3. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және босататын лауазымды адамдарды қоспағанда, шетелде дипломатиялық қызмет персоналын қызметке тағайындау, қызметтен босату және өзге де лауазымдық орын Министрдің шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
|
Бұл өзгеріс Еңбек шарттарының 2-тармағында қысқартудың қабылданғанына байланысты қажет.
|
3
|
4-тармақ
|
4. Шет мемлекетке және қайтадан Қазақстан Республикасына iссапарға жiберiлуiне байланысты дипломатиялық қызмет персоналына және олардың отбасы мүшелерiне әуе немесе темiржол көлiгiнiң көлiктiк шығыстарына:
1) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiлерiне, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкiлдерiне әуе көлiгiн пайдаланған кезде – «Бизнес» класс тарифi бойынша, темiржол көлiгiмен жол жүрген кезде – «СВ» санатындағы вагонның 2-орындық купесiнiң, сондай-ақ жүрдек фирмалық поездың «Турист» және «Бизнес» кластарының жолақысы құны мөлшерiнде;
2) дипломатиялық қызметтiң өзге персоналына әуе көлiгiн пайдаланған кезде - экономикалық кластың тарифi бойынша, темiржол көлiгiмен жол жүрген кезде - жүрдек фирмалық поездың купелiк вагонының жолақысы құны мөлшерiнде өтемақы төленедi.
жоқ
|
4. Шет мемлекетке және қайтадан Қазақстан Республикасына iссапарға жiберiлуiне байланысты дипломатиялық қызмет персоналына және олардың отбасы мүшелерiне әуе немесе темiржол көлiгiнiң көлiктiк шығыстарына:
1) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiлерiне, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкiлдерiне әуе көлiгiн пайдаланған кезде – «Бизнес» класс тарифi бойынша, темiржол көлiгiмен жол жүрген кезде – «СВ» санатындағы вагонның 2-орындық купесiнiң, сондай-ақ жүрдек фирмалық поездың «Турист» және «Бизнес» кластарының жолақысы құны мөлшерiнде;
2) дипломатиялық қызметтiң өзге персоналына әуе көлiгiн пайдаланған кезде - экономикалық кластың тарифi бойынша, темiржол көлiгiмен жол жүрген кезде - жүрдек фирмалық поездың купелiк вагонының жолақысы құны мөлшерiнде өтемақы төленедi.
Жол жүру билетін ауыстрыған немесе қайтарған кезде, айыппұлдар немесе өзге алымдар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) хатының негізінде немесе күтілмеген жағдайларға байланысты куәландыратын құжаттардың негізінде өтеледі.
|
Ұсынылып отырған қосымша дипломатиялық қызмет персоналының мардымсыз, соның ішінде жеке сипаттағы себептерге байланысты әуе билеттерінің бағдарлары мен ұшу мерзімдерін өзгертуі, қайтаруы үшін қызмет көрсетушілер тарапынан бюджеттік қаражат есебінен өтелетін айыппұлдар, өсімпұлдар, комиссиялық алымдар бойынша министрлікке немесе шетелдік мекемелерге төлем шоттарын ұсынуға апаратын және мемлекеттік бақылау органдарының жазғыруларын туғызатын жағдайларды болдырмау үшін қажет.
|
4
|
5-тармақ
|
5. Көрсетiлген көлiк түрлерiмен жол жүрген кезде дипломатиялық қызмет персоналына әуежайлық, сақтандыратын және комиссиондық алымдардың төлемдерiне арналған шығыстар, сондай-ақ дипломатиялық қызмет персоналы немесе оның отбасы мүшелерi жол жүретiн көлiк түрлерiне арналған жолақы билетi бойынша тегiн тасымалдау үшiн рұқсат етiлген жүк мөлшерiне қарамастан, дипломатиялық қызмет персоналы үшiн де, сондай-ақ оның отбасының әрбiр мүшесi үшiн де қол жүгiнiң салмағы есепке алынбастан, жалпы салмағы 80 кг-нан аспайтын, ал бүкiл отбасына 240 кг-дан аспайтын жүктi тасымалдау шығыстары өтеледi.
жоқ
жоқ
|
5. Көрсетiлген көлiк түрлерiмен жол жүрген кезде дипломатиялық қызмет персоналына әуежайлық, сақтандыратын және комиссиондық алымдардың төлемдерiне арналған шығыстар, сондай-ақ дипломатиялық қызмет персоналы немесе оның отбасы мүшелерi жол жүретiн көлiк түрлерiне арналған жолақы билетi бойынша тегiн тасымалдау үшiн рұқсат етiлген жүк мөлшерiне қарамастан, дипломатиялық қызмет персоналы үшiн де, сондай-ақ оның отбасының әрбiр мүшесi үшiн де қол жүгiнiң салмағы есепке алынбастан, жалпы салмағы 80 кг-нан аспайтын, ал бүкiл отбасына 240 кг-дан аспайтын жүктi тасымалдау шығыстары өтеледi.
Жолжүгі дипломатиялық қызмет персоналынан бөлек тасымалданған жағдайда, жолжүкті тасымалдау құны дипломатиялық қызмет персоналы және оның отбасы мүшелері сапар шегетін көліктегі жүкті тасымалдау тарифтерінен артық болмауы тиіс.
Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен іс жүзінде қайтып кеткеннен кейін жүкті жіберу бойынша шығындар өтелмейді.
| -
ҚР шет елдердегі мекемелерінің саны мен географиялық кеңістігінің кеңеюін ескере отырып, әуе тасымалдаушыларының басым бөлігінің жолжүкті тасымалдау тарифтерінің құны салыстырмалы жоғары болғандықтан, әуе жолаушылары ретіндегі дипломатиялық қызмет персоналының жолжүгін тасымалдау құны қомақты көлемдерге жетеді.
Бюджеттік қаражаттарды үнемдеу мақсатында дипломатиялық қызмет персоналының жеке жүгін арнайы көліктік-логистикалық компаниялар арқылы тасымалдаған жөн.
-
Тиісті тікелей тыйымның жоқтығы салдарынан іс жүзіндегі тәжірибеде дипломатиялық қызмет персоналы шетелдік мекемеден министрлікке қайтып кеткеннен кейін қызметкерлер жүгінің жөнелтілуі және осыған байланысты шығындарды өтеу жөніндегі сауалдардың келіп түсуі орын алуда. Бұл шет елдегі мекеменің қаражаты есебінен шығындарды жүзеге асыру мезетінде дипломатиялық қызмет персоналы болып саналмайтын қызметкерлер бойынша шығындарды жасау қажеттілігін туғызады, есесіне бұл мемлекеттік бақылау органдары тарапынан сұрақтар мен жазғыруларды туындатады.
|
5
|
11-тармақ
|
11. Отбасы мүшелерi дипломатиялық қызмет персоналынан бөлек шет мемлекетке және керi қарай Қазақстан Республикасына жол жүрген жағдайда, отбасы мүшелерiне олардың қайта оралуы бойынша iс жүзiндегi шығыстары, оның iшiнде жүктi тасымалдау және жолдағы аялдамаларда тұрғын үй-жайды жалға алу жөнiндегi шығыстары дипломатиялық қызмет персоналы үшiн белгiленген нормалар бойынша өтеледi.
жоқ
|
11. Отбасы мүшелерi дипломатиялық қызмет персоналынан бөлек шет мемлекетке және керi қарай Қазақстан Республикасына жол жүрген жағдайда, отбасы мүшелерiне олардың қайта оралуы бойынша iс жүзiндегi шығыстары, оның iшiнде жүктi тасымалдау және жолдағы аялдамаларда тұрғын үй-жайды жалға алу жөнiндегi шығыстары дипломатиялық қызмет персоналы үшiн белгiленген нормалар бойынша өтеледi.
Дипломатиялық қызмет персоналының министрліктен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне іссапарға жіберілген кезде оның отбасы мүшелері шет мемлекетке Қазақстан Республикасынан тыс мемлекеттен жол жүрген жағдайда, аталған отбасы мүшелерінің жол жүру шығындары нақты жасалған шығыстары бойынша, бірақ Қазақстан Республикасынан шет мемлекетке дейінгі жол жүру шығындарынан аспайтын мөлшерде өтеледі.
|
Дипломатиялық қызмет персоналын шетелдегі мекемеден министрлікке қайтарып, кейіннен кезекті мемлекетке жұмысқа жіберген кезде қызметкерлерден отбасы мүшелеріне тікелей бір шет мемлекеттен басқа мемлекетке жол жүру әуе билеттерін өтеу жөніндегі сауалдар келіп түсуде. Тікелей тыйымның жоқтығы салдарынан мұндай жағдайлар ұжымдағы әлеуметтік қысым мен мемлекеттік бақылау органдары тарапынан кейінгі ескертулерді болдырмау мақсатында осындай өтініштерді қабыл алмайтын есептік қызметкерлерге психологиялық жүктеменің пайда болуына негіз тудырады.
|
6
|
14-тармақтың бірінші және екінші бөлімі
|
14. Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналының жалақысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесiп өткен күнiнен бастап (қызметке тағайындалған күнi) төленедi және ұлттық валютадағы лауазымдық жалақысы мен шетелдiк валютадағы лауазымдық жалақысы негiзінде белгiленедi.
Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналының ұлттық валютадағы лауазымдық жалақысы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - министрлiк) орталық аппараты қызметкерлерiнiң теңестiрiлген қызметтерi бойынша жалақысының 25 пайызы мөлшерiнде айқындалған ақшалай төлемдерiмен белгіленедi.
жоқ
|
14. Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерiне жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналының жалақысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесiп өткен күнiнен бастап (қызметке тағайындалған күнi) дипломатиялық қызмет персоналының іссапардан министрлікке қайтарылған уақытта, болу мемлекетінің мемлекеттік шекарасын кесіп өту күнінің алдыңғы күніне дейін (қызметтен босатылған күн) төленедi және бекітілген ақшалай үстемеақыны ескергендегі ұлттық валютадағы лауазымдық жалақысы мен шетелдiк валютадағы лауазымдық жалақысы негiзінде белгiленедi. Дипломатиялық қызмет персоналы іссапардан министрлікке қайтарылғанда, болу мемлекетінің мемлекеттік шекарасын кесіп өту күніне жалақы төленбейді.
Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерiне жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналының ұлттық валютадағы лауазымдық жалақысы министрліктің орталық аппараты қызметкерлерiнiң теңестiрiлген қызметтерi бойынша жалақысының 25 пайызы мөлшерiнде айқындалған ақшалай төлемдерiмен белгіленедi.
|
1. Еңбек шарттарының қазіргі редакциясында шетелдік мекемелер персоналына жалақы төлеуді тоқтату күні нақты жазылмаған, есесіне жалақыны іссапардан қайтарылған күнді қоса төлеу жағдайлары орын алуда, бұл бюджеттік қаражаттардың негізсіз шығындалуы ретінде есептелуі мүмкін.
2. Шетелдік мекемелер персоналының жалақысы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген ұлттық және шетелдік валютадағы үстемақылар ескеріліп, шетелдік және ұлттық валютада лауазымдық жалақыға сүйеніп анықталады. Осыған орай, Еңбек шарттары мәтініне «бекітілген ақшалай үстемеақыны ескеріп» деген ескертпені қосуды қажет деп санаймыз.
Министрліктің орталық аппаратында азаматтық қызметкерледің болмауына байланысты, әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі аға референтке (референт), механик-жүргізушілерге, кезекші комендантқа ұлттық валютадағы жалақысын төлеу үшін, олардың лауазымдарын Азаматтық қызметшілер лауазымдары тізіліміне сәйкес теңестіруді жүзеге асыру үшін бұл толықтыру енгізулуі қажет деп санаймыз.
|
7
|
21-тармақтың екінші бөлімі
|
Кезекті еңбек демалысына шыққан кезде шетелде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет персоналына ол министрлiкте айналысқан соңғы қызметi бойынша лауазымдық жалақысының екi еселенген мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленедi. Егер дипломатиялық қызмет персоналы шетелде жұмыс iстеудiң алдында министрлiкте қызмет атқармаса, оған министрлiктің орталық аппаратындағы персоналдың қызметiне теңестірiлген қызмет бойынша лауазымдық жалақы негізге алынып, денсаулығын күтуге арналған жәрдемақысы есептеледi.
|
Кезекті еңбек демалысына шыққан кезде шетелде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет персоналына күнтізбелік жылда бір рет ол министрлiкте айналысқан соңғы қызметi бойынша лауазымдық жалақысының екi еселенген мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленедi. Егер дипломатиялық қызмет персоналы шетелде жұмыс iстеудiң алдында министрлiкте қызмет атқармаса, оған министрлiктің орталық аппаратындағы персоналдың қызметiне теңестірiлген қызмет бойынша лауазымдық жалақы негізге алынып, денсаулығын күтуге арналған жәрдемақысы есептеледi.
| -
Еңбек кодексінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын немесе оның бөлігін келесі жылға ауыстыру қарастырылған, осы орайда, қызметкер бір жыл ішінде үстіміздегі және өткен жылдың есебіне демалысқа шығуы мүмкін.
Сонымен қатар, ҚР СІМ бюджетінде сәйкес шығын ерекшелігіне, сауықтыру жәрдемақысын төлеуге қатысты шығыстар күнтізбелік жыл ішінде әрбір қызметкерге күнтізбелік жыл ішінде бір жолғы төлем есебінен белгіленіп бекітіледі.
|
8
|
22-тармақтың бірінші бөлімі
|
22. Жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысын өткiзу үшiн Қазақстан Республикасына жол жүрген кезде дипломатиялық қызмет персоналына және оның отбасы мүшелерiне шетелдегi жұмыс орнынан тұрақты тұратын орнына дейiнгi жолақысының құны және тұрақты тұратын орнынан шетелдегi жұмыс орнына дейiн керi қайту жолақысының құны, жүгiн тасымалдау және тұрғын үй-жайды жалға алу жөнiндегi шығыстарды қоспағанда, осы шарттардың 4-тармағында белгiленген нормалар бойынша күнтiзбелiк жылда бiр рет шетелдiк және ұлттық валюталарда төленедi.
|
22. Жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысын өткiзу үшiн Қазақстан Республикасына жол жүрген кезде дипломатиялық қызмет персоналына және оның отбасы мүшелерiне шетелдегi жұмыс орнынан Қазақстан Республикасының аумағындағы алғашқы межеленген пунктке дейiнгi жолақысының құны және Қазақстан Республикасының аумағындағы соңғы жөнелту пунктінен шетелдегi жұмыс орнына дейiн керi қайту жолақысының құны, жүгiн тасымалдау және тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстарды қоспағанда, осы шарттардың 4-тармағында белгiленген нормалар бойынша күнтiзбелiк жылда бiр рет шетелдiк және ұлттық валюталарда төленедi.
|
1. Еңбек шарттарының қазіргі редакциясында қолданылып жатқан «тұрақты тұратын орны» тұжырымдамасы күмән туғызады, өйткені оның нақты анықтамасы нормативтік құқықтық базада жоқ. Азаматтық Кодекстің 16-бабының 1-тармағында физикалық тұлғаның тұрғылықты жеріне анықтама берілген. Анықтамаға сәйкес, азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері болып табылады. Негізінен шетелде тұратын шет елдердегі мекемелердің персоналына бұл норманың қолданылуы бұрыс көрінуде.
Тәжірибеде бұл сапар шығыстарын тек қана Астана қаласына дейін (ҚР СІМ орналасқан орын) өтеу немесе еңбек демалысын ҚР-дың басқа қалаларында өткізу үшін жол жүру және ел шекарасы шеңберіндегі орын ауыстырулар бойынша шығындар өтелуінің заңдылығына қатысты дауларға алып барады.
|
9
|
23-тармақ
|
23. Пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы үшiн есеп айырысуларды дипломатиялық қызмет персоналы министрлiкте жұмыс iстеу үшiн шетелден оралғаннан кейiн министрлiк жүргiзедi.
Дипломатиялық қызмет персоналы жұмыстан босаған кезде оған пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн өтемақы төленедi.
|
23. Дипломатиялық қызмет персоналын шет елдердегі мекемелерге жұмысқа жіберген кезде немесе дипломатиялық қызмет персоналының сыртқы ротация шеңберінде шетелден министрлікке жұмысқа қайтып келген кезде жаңа жұмыс орны бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы алдыңғы жұмыс орнында жұмыс жасаған уақыты мен пайдаланылған еңбек демалысының ұзақтығы ескеріліп беріледі.
Дипломатиялық қызмет персоналы ротация үдерісінен тыс жағдайда қызметтен босатылған кезде оған пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн өтемақы төленедi.
|
«Дипломатиялық қызмет туралы» Заңның 15-бабына сәйкес диломатиялық қызмет персоналының министрліктен шет елдегі мекемеге және шет елдегі мекемеден министрлікке ауысуы жұмыстан босату емес, ротацияға жатады.
Осыған орай, дипломатиялық қызмет персоналының шетелден министрлікке қайтып келгеннен кейін жыл сайынғы пайдаланылмаған ақы төленетін еңбек демалысы үшін өтемақы алуға мүмкіндік беретін норманы Еңбек шарттарынан шығарып тастау ұсынылады.
|
10
|
26-тармақ
|
26. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемесiне жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналына оның Министрдiң бұйрығымен тағайындалған қызметiне сәйкес:
1) белгiленген ақшалай төлемдерiмен бiрге ұлттық валютада қызметтiк жалақысының 100 пайызы мөлшерiнде (төлемдi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi жүргiзедi);
2) шетелдiк валютада қызметтiк жалақысының 50 пайызы мөлшерiнде(төлемдi қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат есебiнен шетелдiк мекеме жүргізедi) бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
жоқ
|
26. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемесiне жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналына оның Министрдiң бұйрығымен тағайындалған қызметiне сәйкес:
1) белгiленген ақшалай төлемдерiмен бiрге ұлттық валютада қызметтiк жалақысының 100 пайызы мөлшерiнде (төлемдi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi жүргiзедi);
2) шетелдiк валютада қызметтiк жалақысының 50 пайызы мөлшерiнде(төлемдi қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат есебiнен шетелдiк мекеме жүргізедi) бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
Дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне Қазақстан Республикасының басқа шет елдегі мекемесінен жұмысқа жіберген кезде алдыңғы шетелдегі мекемеде жұмыс жасаған мерзіміне байланыссыз бір жолғы жәрдемақы қайтадан төленбейді.
|
Қазіргі тәжірибеге сәйкес, шет елдердегі мекемелердің персоналы басқа шет елдегі мекемеге жұмысқа тағайындалуы мүмкін. Осы орайда, жаңа болу мемлекетінде көтерме ақы төлеу жөнінде сұрақ туындайды. Бюджеттік қаражаттарды үнемді шығындау мақсатында шет елдегі мекеменің қызметкерімен алдыңғы шет елдегі мекемеде бір жолғы жәрдемақы алғанын ескере отырып, Еңбек шарттарының 26-тармағына көрсетілген түзетуді қосу ұсынылуда.
|
11
|
28-тармақ
|
28. Отбасы мүшесi қайтыс болған жағдайда, дипломатиялық қызмет персоналына бiр жолғы ақшалай жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде министрлiк қаражаты есебiнен, сондай-ақ осы шарттардың 4-тармағында белгiленген тәртiппен барар және қайтар жолға көлiктiк шығыстардың төлемi ұлттық валютада төленедi.
|
28. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын отбасының бір мүшесі қайтыс болған жағдайда, дипломатиялық қызмет персоналына министрлiк қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде бiр жолғы ақшалай жәрдемақы, сондай-ақ осы шарттардың 4-тармағында белгiленген тәртiппен барар және қайтар жолға көлiктiк шығыстардың төлемi ұлттық валютада төленедi
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелрі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңның 25-тармағына тиісті түзетулер енгізілгендіктен, жоғары нормативтік-құқықтық актіге сәйкес келтіру мақсатында осы түзетуді енгізу жөн деп санаймыз.
|
12
|
32-тармақ
|
32. Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрдегi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.
жоқ
|
32. Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрдегi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.
Дипломатиялық персонал қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне шетелде жұмыс істеген кезеңде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің аясында медициналық қамсыздандыруға жұмсалған шығындар, соның ішінде, медициналық сақтандыру, медициналық мекемлермен тиісті келісім-шарт жасасу, іс жүзінде жүгіну жолымен министрлік Қазақстан Республикасының әрбір шет елдегі мекемесі үшін бекіткен шығындар шектелімінің шеңберінде Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қаржылық жоспары есебінен өтеледі.
|
Канададан Оңтүстік Америкаға дейін, Жапониядан Бразилияға дейін әлемнің 5 континетінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің кеңейіп жатқан жүйесін ескере отырып, әр түрлі болу мемлекеттерінің медициналық қызмет көрсету жүйесінде ерекшеліктер бар.
Мәселен, посткеңестік кеңістіктің жекелеген мемлекеттері, кейбір азиялық, африкалық және оңтүстік америкалық елдерде медициналық сақтандыру жүйесінің дамымауы салдарынан дипломатиялық қызмет персоналының медициналық қызмет көрсету шығындарын өтеуді емдік мекемелелерге іс жүзінде қаралуына қарай жүзеге асыру жөн. АҚШ, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің көпшілігінде медициналық мекемелерге сақтандыру полисінсіз қаралу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болумен қатар, медициналық көмекті шұғыл көрсету жағдайларын санамағанда, іс жүзінде мүмкін емес.
Өз кезегінде, әр түрлі медициналық мекемелер /мекемелер жүйелеріндегі медициналық қызмет көрсетудің, медициналық сақтандыруды әр түрлі қызмет көрсетушілерден жүзеге асыру және медициналық сақтандырудың көптеген бағдарламалары құнының айырмашылығы елеулі дәрежеде құбылуы мүмкін.
Осыған байланысты, бюджеттік қаражаттың неғұрлым тимді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында және «Дипломатиялық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес дипломатиялық қызмет персоналы мен олардың отбасы мүшелерін медициналық көмекпен қамтамасыз ету нормаларын орындау үшін Сыртқы істер министрлігі үшін шет елдердегі мекемелер персоналын медициналық қамтамасыз ету шығындарын әрбір болу мемлекетінің ерекшеліктерін зерттеу негізінде шектеу мүмкіндігін қарастыруды орынды санаймыз.
|
13
|
6-бөлім
|
жоқ
|
32-1. Дипломатиялық қызмет персоналына шетелде жұмыс істеген кезеңде балаларына мектепке дейінгі тәрбие беру және оларды оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм беру бойынша шығындар министрлік Қазақстан Республикасының әрбір шетелдегі мекемесі үшін бекітікен шығындар шектелімінің шеңберінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің қаржылық жоспары есебінен өтеледі.
|
ҚР «Дипломатиялық қызмет туралы» Заңымен дипломатиялық қызмет персоналына балаларының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оларды оқыту, бастапқы, негізгі орта мен жалпы орта білім алу шығындарын өтеу көзделген. Алайда, өтеудің мөлшері мен тәртібі бірде-бір нормативтік-құқықтық актімен қарастырылмаған.
Осыған байланысты, бюджеттік қаражаттардың неғұрлым тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мен «Дипломатиялық қызмет туралы» ҚР Заңының жоғарыда көрсетілген нормасын орындау мақсатында Сыртқы істер министрлігі үшін дипломатиялық қызмет персоналы балаларының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оларды оқыту, бастапқы, негізгі орта мен жалпы орта білім алу шығындарын әрбір болу мемлекетінің ерекшеліктерін зерттеу негізінде шектеу мүмкіндігін қарастыруды жөн санаймыз.
|
14
|
34-тармақтың үшінші бөлімі
|
Шет мемлекеттiң аумағы бойынша жол жүрген уақытында дипломатиялық қызмет персоналына дипломатиялық қызмет персоналы жiберiлген мемлекет үшiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген нормалар бойынша шетелдiк валютада тәулiкақы төленедi және тұрғын үй-жайды жалға алу жөнiндегi шығыстары өтеледi.
|
Шет мемлекеттiң аумағы бойынша жол жүрген уақытында дипломатиялық қызмет персоналына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде тиісті мемлекетке қызметтік іссапарлар үшiн белгiленген нормалар бойынша төлқұжаттағы мемлекеттік шекарадан өту жөніндегі мөртабандар негізінде немесе бір шет мемлекет шеңберіндегі іссапарлар кезінде немесе мемлекеттік шекарада төлқұжаттық бақылау болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекеме басшысының бұйрығы негізінде тәулікақы, сондай-ақ тұру шығындарын куәландыратын құжаттар негізінде тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шетелдiк валютадағы шығыстар өтеледi.
|
Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі №08-1-1-1/114 бұйрығымен бекітілген республикалық бюджетте 001, 003, 005, 008 бюджеттік бағдарламалары есебінен 162 «Елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшелігі бойынша қарастырылған қаражаттарды пайдалану ережелеріне сәйкес ҚР мемлекеттік мекемелерінің шет елдерге іссапарларға шығатын қызметкерлері қонақ үйде тұру шығындары туралы куәландырушы құжаттарды ұсыну қажеттілігінен босатылады.
Шет елдердегі мекемелердің қаражаттарды іс-сапарларға жұмсауына тиісті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында аталған Ережелерде 010 «Шетелде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру» бағдарламасы аясында іссапарға шығушы қызметкерлердің мұндай қажеттіліктен босатылуы көзделмеген. Сонымен қатар, қазіргі таңда куәландыратын құжаттарды ұсыну қажеттілігі де еш жерде жазылмаған.
|
15
|
35-тармақ
|
35. Қазақстан Республикасының аумағы немесе шет мемлекеттiң аумағы бойынша жол жүруi кезiнде вокзалға, әуежайға немесе айлаққа (такси қызметiнен басқасы) дейiнгi, сондай-ақ вокзалдан, әуежайдан немесе айлақтан (такси қызметiнен басқасы) аттанатын, баратын немесе басқа көлiкке ауысатын орындарға дейiнгi жолақысының шығыстары, сондай-ақ әуежайлық, сақтандыру және комиссиялық алымдардың төлемi жөнiндегi шығыстары өтеледi.
жоқ
|
35. Қазақстан Республикасының аумағы немесе шет мемлекеттiң аумағы бойынша жол жүруi кезiнде вокзалға, әуежайға немесе айлаққа (такси қызметiнен басқасы) дейiнгi, сондай-ақ вокзалдан, әуежайдан немесе айлақтан (такси қызметiнен басқасы) аттанатын, баратын немесе басқа көлiкке ауысатын орындарға дейiнгi жолақысының шығыстары, сондай-ақ әуежайлық, сақтандыру және комиссиялық алымдардың төлемi жөнiндегi шығыстары өтеледi.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жоқ шет мемлекеттерге және болу мемлекетінің шеңберінде іссапарға жіберілген кезде автокөлікті жалдауға жұмсалған (қабылдаушы тарап автокөлік ұсынған жағдайды қоспағанда) және байланыс шығындарын өтеу рұқсат етіледі.
|
Шет елдердегі мекемелер қызметкерлерін болу елінің аймақтарына және ҚР-дың дипломатиялық өкілдіктері жоқ шет мемлекеттерге іссапарға жіберу кезінде, сапардың мақсаттарын шешу үшін автокөлікті жалдау және шет елдегі мекемемен және министрлікпен үйлесімділікті жүзеге асыру үшін телефон байланысын төлеу қажеттілігі туындайды.
|
16
|
40-тармақтың екінші бөлімі
|
Есеп айырысу аттестатында жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналының лауазымы, онымен бiрге жол жүретiн отбасы мүшелерiнiң құрамы, төлемақы нормалары, бағыттары, дипломатиялық қызмет персоналының тағайындалған және баратын орны, оның алатын барлық ақшалай төлемдерi көрсетiледi.
|
Есеп айырысу аттестатында жұмысқа жiберiлген дипломатиялық қызмет персоналының лауазымы, бірге барған отбасы мүшелерiнiң құрамы, төлемақы нормалары, бағыттары, дипломатиялық қызмет персоналының тағайындалған және баратын орны, оның алатын барлық ақшалай төлемдерi көрсетiледi.
|
Еңбек шарттарының қолданыстағы редакциясында «бірге баратын отбасы мүшелері» тұжырымдамасында отбасы мүшелерінің дипломатиялық қызмет персоналымен бірге бір әуе рейсімен болу мемлекетіне келуі мен болу мемлекетінен кетуі ұйғарылады. Іс жүзінде отбасы мүшелерінің дипломатиялық қызметкерден бөлек орын ауыстыруы жиі жүзеге асады және оларға барлық тиісті материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруға негіз болатын жеке есеп айырысу аттестаты ресімделеді.
|
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Е. Ыдырысов
Достарыңызбен бөлісу: |