р/с №
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1
|
Жобаны әзірлеуші – мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
|
2
|
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
Отандық тасымалдаушылардың қажеттілігі
|
3
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
|
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға соқтырмайды.
Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының транзит-көліктік әлеуетінің және көлік-логистикалық жүйесінің дамуына жәрдемдесетін болады
|
4
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
|
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарына соқтырмайды
|
5
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі
|
Мақсат – қазақстан-беларус сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, Қазақстанның транзиттік-көліктік потенциалын іске асыру, екі мемлекет арасындағы екіжақты және транзиттік қатынаста халықаралық автомобиль тасымалдарының интеграциялануы
|
6
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және /немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
|
Жоқ
|
7
|
Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі
|
Жобаны қабылдау қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді талап етпейді
|
8
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері
|
Талап етпейді
|
9
|
Өзге де мәліметтер
|
Жоқ
|
10
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі
|
Рұқсат етіледі
|
11
|
Жобаны интернет-ресурста орналастыру туралы ақпарат
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сайтында www.mtc.gov.kz 2013 жылғы ... орналастырылған
|