2007 ж. 14 маусымдағы №6 нх



Дата25.02.2016
өлшемі64.17 Kb.
#21278


ҚММУ Ф 4/3-06/02

2007 ж. 14 маусымдағы №6 НХ



Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы



Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар

Тақырыбы: Мерез этиология,эпидемиология,жалпы агымы


Мамандығы 051302 «стоматология»


Пән Дерматовенерология
Курс: ІІІ
Құрастырушы: Беймбетова М.Р.


Қарағанды 2014


Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

«____»_____2014 ж. №_____ Хаттама


Кафедра меңгерушісі,м.ғ.д.,профессор А.А.Ким

Тақырыбы: Мерез: этиология, эпидемиология, жалпы ағымы.
Мақсаты: Нақты науқасты мысалға ала отырып аурудың түрін анықтау-мерез емі мен диагностикасы принциптерін меңгеру (анықтамасы, эпидемиологиясы, этиологиясы, патоморфологиясы, емдеу принципі, алдын алу).
Студент білуі қажет:

  • Мерездік инфекцияның қоздырғышын.

  • Бозғылт спирохетаның құрылысы, тіршілік ету түрлі, көбею ерекшеліктерін.

  • Мерездің жұғуы және жұқтыру жағдайларын.

  • Мерездің классификациясын.

  • Мерездің клиникалық әртүрлігі, ағымының ерекшеліктері.

  • Ажыратпалы диагноз ерекшеліктері.

  • Мерез диагнозын қою үшін қолданылатын зерттеу әдістері.

  • Бозғылт трепонеманы анықтау үшін профильды материал алу. «Классикалық серологиялық реакция» әдісін жүргізу.

  • Мерездің жайылмауы үшін жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралар.


Студент істей білу қажет:

  • Мерезбен ауыратын науқастан шағымдарын, анамнезін жинау.

  • Науқасты объекті қарау мен тері жамылғысын қарау.

  • Тері бөртпелерінің біріншілік және екіншілік морфологиялық элементтерін анықтау.

  • Диагностикалық іздеу бағдарламасын құрастыру.

  • Алғашқы диагнозды негіздеу және құрастыру.

  • Инструменттік-лабораториялық зерттеу әдістерінің нәтижелерін қорытындылау.



Тақырыптың өзекті сұрақтары

а) Базисті білімдері бойынша:

- Мерез қоздырғышы, қасиеттері, құрылысы (Тимаков В.Д. Микробиология 1983).

- Боз трепонеманың тіршілік ету түрі, көбею ерекшелігі (Тимаков В.Д. Микробиология 1983).

-Гонококк құрлысы мен вируленттілігі (Тимасов В. Д Микробиология М.: Медицина 1983 ж )



  • Гонококктың микроскоптық диагностикасы. Грамм бойынша бояу әдісі. (Тимасов В.Д Микробиология М.: Медицина 1983ж )

  • АИВ қоздырғышы, әртүрлігі, генотиптері (Тимаков В.Д. Микробиология, М. Медицина, 1983).

  • АИВ инфекцияның өмір сүретін биологиялық орталары (Тимаков В.Д. Микробиология, М. Медицина, 1983).

  • Иммунитет және иммундық реакциялар туралы түсініктер (Тимаков В.Д. Микробиология, М. Медицина, 1983).


б) Сабақ тақырыбы бойынша:

- Мерездің анықтамасы.

- Мерездің берілу жағдайлары мен жолдары.

- Эпидемиологиясы.

- Мерездің қазіргі жіктелуі.

- Мерездің әртүрлі кезеңдерінің клиникалық сипаты.

- Біріншілік мерезбен науқастарды күту ерекшеліктері.

- Мерезді қоғамдық және жеке алдын алу.

- Жалпы және жергілікті емдеу әдісі.
Оқыту және сабақ беру әдістемесі.

Жағдайлық есеп, екеулік жұмыс, оқулықтармен жұмыс істеу, рефераттарды дайындау, ситуациялық есептерді шешу,өзіндік жұмыстың тақырыбын талқылау, практикалық сабақтың сұрақтарын терең қарастыру, барлық сұрақтар бойынша оқытушымен жұмыс істеу,аралық бақылауды жүргізу, тестілеу, оқытушыдың нұсқауы бойынша науқаспен жұмыс жасау.


Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:



  1. Виленчик Б.Т. Кожные и венерические болезни (учебное пособие). Минск «Амальфея», 1999,21-27бет

  2. Скрипкин Ю.Н. Кожные и венерические болезни. Учебник для студентов медицинских вузов. М.: Триада- Х,2000,66-106бет

  3. Кожные и венерические болезни (учебник для медицинских вузов) Скрипкин Ю.Н, Машкиллейсон М., 1995,31-39бет

  4. Кожные и венерические болезни (учебник для студентов медицинских вузов). Иваанов О.Л., М.: Шико,2002,67-83бет.

Қосымша әдебиеттер

  1. Справочник по кожным и венерическим заболеваниям/Под ред. Родионова А.Н., Питер,2000,17-21бет

  2. Мордовцев В.Н., Цветкова Г.М., Патология кожи. М.: Медицина,1993,30-37бет

  3. Самцов В.И. Руководство по кожным и венерическим болезням. М.: Медицина,1990,29,34,37-41бет.

Сабақтың қорытынды тест сұрақтары

1) Бозғылт трепонеманы зерттеу алдында қатты шанкр бетін тазалауға қандай препарат колданылады:

A. Бор қышқылының 2% ерітіндісі.

B.0,02% фурацилин ерітіндісі.

C. хлоргексидин ерітіндісі.

D.0,9% натрий хлориды ерітіндісі.

E.дұрыс жауабы жоқ.
2) Біріншілік мерез кезенде бозғылт трепонема табылады:

A.шанкрдан алынғанды қараңғы алаңда зерттеу.

B.жұлы сүйыктығында.

C. аймақтық лимфа түйінінен пунктат алу.

D.бауырда.

E.а, в жауаптары дұрыс.


3) Мерездің біріншілік кезеңінде науқастарда кездеспейді:

A.Қатты шанкр

B.серологиялық реакцияларды теріс немені (СРК)

C. серологиялық реакцияларды оң немені (СРК)

D.кең кондиломалар

E.аймақтық полиаденит


4) Бадамша безінде қатты шанкр араласа пішіні болады:

A.айық жаралы

B.комбинирленген – ойық жаралы баспа тәрізді аясында

C. баспа тәрізді

D.флегмоназды

E.а,б,в жауаптары дұрыс


5) Клиникалық көріністері жоқ, мерезге серологиялық реакциялар тез оң болған науқастарда қандай диагноз қайылады:

A.мерез жасырын ерте

B.мерез жасырын анықталмаған

C. мерез жасырын кеш

D.мерез обезглавленный

E.а,б,в жауаптары дұрыс


6) Мерездің алғашқы кезеңінің клиникалық көрінісі келесі белгілермен сипатталмайды:

A.Қатты шанктмен.

B.Аймақтық лимфоаденитпен.

C. Аймақтық лимфангитпен.

D.Арқада розеололы бөртпемен

E.Біріншілік аффектпен

7) Типтік қатты шанкрға не тән емес:

A. Дұрыс доңгелек немесе сопақша сызықшалар.

B.Жазық, жарқырауық түбі.

C. Табақша тәрізді жиек.

D.Ауырсыну.

E.Ұн тәрізді қабыршақтану.

8) Аймақтық лимфаденит біріншілік мерез кезінде келесі клиникалық белгімен сипатталады:

A. Лимфа түйіндері жылжымалы.

B. Лимфа түйікдері үстінде өзгерссіз.

C. Лимфа түйіндері ауырсынусыз.

D. а, б, в жауыптары дұрыс.


Білім деңгейін бағалауға арналған қорытынды сұрақтары.

1. Мерезбен зақымдалу жағдайлары.

2. Мерездің біріншілік кезеңінің клиникалық көрінісі.

3. Типтік қатты шанкрдың негізгі клиникалық көрінісі.

4. Атипті қатты шанкр түрлері.

5. Екіншілік мерездің кезеңнастылары.

6. Екіншілік мерездің сифилидтердің жалпы белгілері.

7. Папулезді сифилидтің әр түрлілігі.

8. Мерездің лейкодерма түсінісі.

9. Мерездің үшіншілік кезеңінің көріністері.



10. Мерезбен науқастарды күту ерекшеліктері.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет