2007 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы



Дата23.02.2016
өлшемі33.19 Kb.
#6080
2007 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

2007 жылдың бірінші жартыжылдығына  өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда статистика бөлімінің мәліметтері бойынша 4,5 пайыз өскен немесе 1947,3 млн.теңгеге орындалды.


Бірінші жартыжылдықта 11170,8 тонна мал мен құс сойып сатылды,  бұл көрсеткіш 2006 жылдың алты айымен салыстырғанда 0,2 пайызға өскен.
Ірі қара мал басы 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға немесе 1410 басқа кеміді (2006-54200, 2007-52790).
2007 жылдың бірінші жартыжылдығына қой және ешкі басы 2006 жылдың алты айымен салыстырғанда 8,6 пайызға немесе 8699 басқа өскен (2006-101152, 2007-109851).
2007 жылдың 1 шілдесіне шошқа саны 10132 басты құрады, яғни өткен жылға қарағанда 5,4 пайызға өскен. Сонымен қатар шошқа басы шаруа қожалықтарында 9,2 пайызға немесе 163 басқа кеміген.
Статистика бөлімінің мәліметтері бойынша ауданда жылқылар саны 2007 жылдың 1 шілдесіне 10784 басты құрады, өткен жылға қарағанда 4,4 пайызға өскен.
Жалпы құстар саны  6,1 пайызға  немесе 47524 басқа кем және осымен қатар шаруа қожалықтарында құстар саны 1823 басқа кеміген.
Ағымдағы жылдың Қаңтар-маусым айларында 9433,0 мың дана жұмыртқа өндірілді, бұл 2006 жылдың алты айымен салыстырғанда 677,0 мың жұмыртқаға кем.
Ағымдағы жылдың алты айына 26083,9 тонна сиыр сүті өндірілді, 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға көп.
Жария етілген жылжымайтын мүлік аудандарын, тұрғын үйді іске асыру көлеміне енгізудің есебінен, енгізілген тұрғын үй  аудандары 25649 шаршы метрді құрады, бұл 2006 жылдың алты айындағы 856 шаршы метр көрсеткішке  қарағанда үш есеге өсті.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына бөлшек тауарайналым көлемі 700,5 млн.теңге сомасына жетті, бұл 2006 жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға өскен.
Орта есеппен еңбек ақы бір қызметкерге жыл басынан қаңтар-мамыр айларына 30770 теңгені құрады немесе 2006 жылдың қаңтар-мамыр айларына қарағанда 27,7 пайызға өскен. Сонымен қатар орта есеппен еңбек ақы мөлшері облыс бойынша 38835 теңгені құрады және облыстың аудандары мен қаллары арасында аудан еңбек ақының көлемі бойынша  12 орында тұр.
Статистиканың мәліметтері бойынша 2007 жылдың бірінші тоқсанына жұмыссыз халық саны 1199 адам, 2006 жылдағы 1482 адамға қарағанда. Жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздар саны 367 адамды құрады, бұл 2006 жылдың 1 шілдесіндегі  324 адаммен салыстырғанда 43 адамға көбейген. Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,6 пайызды құрады, орташа облыстық 1,2 пайыз көрсеткіште және облыстың аудандары мен қалалары арасында Зайсан ауданын қоспағанда ең жоғарғы пайыз.
Халықтың жиынтық табысы орта есеппен бір адам басына ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына 12618 теңгені құрады, 2006 жылдың бірніші тоқсанына қарағанда 22,7 пайызға өскен немесе облыстық көрсеткіш деңгейіне 68,4 пайыз.
2007 жылдың 1 маусымына аудан тұрғындарының   саны статистика бөлімінің мәліметтері бойынша 2006 жылдың 1 маусымындағы 41501 адамға қарағанда 40991 адамды құрады немесе 510 адамға қысқарды.
Ағымдағы жылдың бес айына туылғандар саны 168 адамды құрады. Өлгендер саны 194 адам, бұл 2006 жылдың қаңтар-мамырындағы 167 және 213 адамға сәйкесінше қарағанда. Туылу коэффиценті 1000 адамға  9,80 құрады, яғни 2006 жылдың сәйкес кезеңіндегі 9,57 ге қарағанда, өлім коэффиценті 2006 жылдың 5 айына10,70 тен 2007 жылы 11,32 ге дейін өсіп 0,62 өсіммен көбейді.
Ағымдағы жылдың бес айына ауданда 61 неке қию мен 32 неке бұзу тіркелген немесе барлық тіркелген  жас семьялардың 52,5 пайызы.
Табиғи өсім 26- кері сальдоны құрады немесе өлгендер саны туылғандардан 26 адамға асып түсті.
Есеп жылына ауданда көшу-қону қорытындылары бойынша теріс көрсеткішті құрады.  Ағымдағы жылдың бес айына ауданға тұрақты тұрғылықты жерге 264 адам келіп, 453 адам көшіп кетті.
Жыл басынан тіркелген қылмыстық іс санының кемуі байқалуда, 2006 жылғы қаңтар-маусымда 160 тан 2007 жылғы осы кезеңге 144 ке дейін.
Сонымен қоса ауданда қауіпті және аса қауіпті қылмыстық іс деңгейі өткен жылғы деңгейдегідей 17 болып қалды.
2007 жылдың 1 шілдесіне ауданда 280 заңды тұлға тіркелген, соның ішінде 11 мемлекеттік, 166 жеке, 3  шетелдік меншік түрі. 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда заңды тұлғалар саны 8 ге көбейген, сонымен бірге жеке меншік түріндегі шағын кәсіпорындар 2 ге кеміген.
Ауданда тіркелген 95 шағын бизнес субъектісінің 2007 жылдың 1 шілдесіне 25 кәсіпорын жұмыс атқармайды яғни тоқтаған немесе барлық санынан 26,3 пайызы. Барлық жұмыс істеп жатқан 70 шағын бизнес кәсіпорынның тек 46 кәсіпорыны белсенді немесе 34,3 пайызы белсенді емес.
2007 жылдың 1 шілдесіне ауданда 1157 шаруа қожалығы тіркелген, онда 2519 адам жұмыс сітейді.
Аудан бюджеті бірінші жартыжылдыққа нақтыланған болжам кірістер бөлігі бойынша 102,0 пайызға орындалды немесе болжамдағы 618546,0 мың теңге, бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша 630833,3 мың теңге самасында қамтамасыз етілді. Бюджеттің барлық кіріс көздері бойынша болжам қамтамасыз етілді.
Меншікті кірістер бойынша жылдық болжамдағы 395512,0 мың теңге және есеп беру кезеңіндегі  199138,0 мың теңге, 212250,1 мың теңге сомасында немесе 106,6 пайызға орындалды.
1 шілдеге аудан бюджеті шотындағы қаражаттар қалдығы 21277,1 мың теңгені құрады, соның ішінде 13112,0 мың теңге болжамдағы меншікті кірістер түсімінің асыра орындалуы, 2042,0 мың теңге бюджет қаражаттарының бос қалдықтары.
Қолданбаған лимиттер бағдарлама әкімшілері бойынша 6804,3 мың теңгені құрады.
Жалпы ауданның шығындар бөлігі жылдық нақтыланған жоспардағы 1262510,0 мың теңге және 2007 жылдың екінші тоқсанындағы жоспардағы 631190,0 мың теңге 627541,6 мың теңгеге немесе 98,9 пайызға орындалды.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет