2007 жылғы «14» желтоқсан №28 қаулысына



Дата05.07.2016
өлшемі147.13 Kb.
#179290


Әкімдiктiң

2007 жылғы «14»_желтоқсан

№ __28___қаулысына

қосымша


Қостанай қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 2008-2011 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы

Қостанай қаласы

2007 жыл
МАЗМҰНЫ




  1. Бағдарламаның паспорты




  1. Кiрiспе




  1. Мәселенің қазiргi жай-күйін талдау




  1. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi




  1. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны іске асыру тетiгi




  1. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері




  1. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже




  1. Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары



    1. Бағдарламаның паспорты




Бағдарламаның атауы

Қостанай қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 2008-2011 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы


Әзірлеу үшін негіздеме

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және балалардың қадағалаусыз әрі панасыз қалу жағдайының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.

«Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрестің 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» облыстық мәслихатының 2005 жылғы 8 шілдедегі №205 шешімі.

«Қостанай облысы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын облыстық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы №11 қаулысы.


Бағдарламаны әзiрлеушi

«Қостанай қаласы әкімдігінің бiлiм бөлімі» мемлекеттік мекемесі


1-ші кезеңнің мақсаты

(2008-2009 жылдар)


2-ші кезеңнің мақсаты

(2010-2011 жылдар)



Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты ескерту жөнiндегi шаралардың кешендік жүйесін құру.
Өмiрдiң қиын жағдайына тап болған балалар, және қаңғыбастыққа үйір және тәртiбi шектен шығуға бейім балалардың әлеуметтік бейiмделуiне және оңалуына ықпалын тигiзетiн білім беру ортасының әлеуетін дамыту.


1-ші кезеңнің мiндеттерi

(2008-2009 жылдар)

2-ші кезеңнің мiндеттерi

(2010-2011 жылдар)



Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықтық, адамгершілік мәдениетті қалыптастыруда және қоғамға қарсы тәртіпті болдырмауда мемлекеттік, құқық қорғау органдарының және қоғамдық ұйымдарының келіскен іс-әрекеттерін қамтамасыз ету.

Қаланың құқық қорғау органдары тарапынан қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылықты жасайтын немесе оларды жасауға бейім кәмелетке толмағандарды уақытында айқындау, есепке алу және алдын алу жұмыстарын өткізу.

Маскүнемдіктен, нашақорлықтан, токсикоманиядан зардап шегетін немесе психикаға зор әсерін тигiзетiн заттарды қолдануға бейім кәмелетке толмағандарды айқындау, есепке алу және кейіннен оларды оңалту, кәмелетке толмағандар арасында медициналық алдын алу жұмысын жүргізу.

Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi қалалық комиссия қызметінің бағыттылығы мен тиiмдiлiгiн жетiлдiру.

2008 жылға дейін Қостанай қаласында аула клубтарын ашу.

Кәмелетке толмағандар мен ата-аналарға құқықтық бiлiм беру.

Спорт алаңшаларының құрал-саймандарын, құрал-жабдықтарын қосымша сатып алу және аула клубтарын ашу.

Кәмелетке толмағандарды қала өмірінің мәдени, спорт саласына белсенді қатыстыру.




Іске асыру мерзiмдерi

(кезеңдері)



2008-2011 жылдар

1 кезең – 2008-2009 жылдар;

2 кезең – 2010-2011 жылдар.


Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Қалалық бюджет қаражаттары

Болжамдалған қаржыландыру көлемдері:

барлығы – 10340,0 мың теңге, оның iшiнде:

2008 жылы – 5740,0 мың теңге

2009 жылы – 4600,0 мың теңге


Күтiлетiн нәтижелер

2011 жылдың аяғына қарай Қостанай қаласының кәмелетке толмағандары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жаңа әлеуметтік-экономикалық негiздегi біртұтас жүйесі құрылатын болады. Кәмелетке толмағандармен және жаңа материалдық-техникалық базасы негiзiндегi құқық бұзушылықтың алдын алу тиiмдiлiгiн және әлеуметтік серiктестiктi жетiлдiру бойынша әлеуметтік-педагогикалық процеске қатысушылармен іс-шаралар кешені өткiзiлетiн болады.

2. Кіріспе


Қостанай қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 2008-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және балалардың қадағалаусыз әрі панасыз қалу жағдайының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресудің 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес және Қостанай облысы прокуратурасы алқасының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысы негiзiнде әзірленген.

Қала бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық жағдайлардың орын алуы бұл бағдарламаның әзірлену қажеттілігін көрсетті. 2007 жылғы 6 ай қорытындысынан қала бойынша кәмелетке толмағандармен 137 қылмыс жасалған, бұл облыс бойынша жасалған қылмыстың жалпы санынан 32%-ды құрайды. 2006 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, қылмыстардың саны 40-қа (97-ге қарсы 137) көбейген.

Бағдарламаны іске асыру кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін облыстағы мүдделі ведомстволардың бағыт-бағдарлы әрекеттері негiзiнде және әлеуметтік-педагогикалық ортаның материалдық-техникалық базасын кеңейту, жинақтылық пен нәтижелілік, жүйелілік, атаулы бағыттылық принциптерін сақтау арқылы орындалады деп күтілуде.

3. Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау

2007 жылғы 6 ай ішінде қала бойынша кәмелетке толмағандардың қолымен 137 қылмыс жасалған, бұл облыс бойынша жасалған қылмыстың жалпы санынан 32%-ды құрайды. 2006 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, қылмыстардың саны 40-қа (97-ге қарсы 137) көбейген.

137 қылмысты 139 кісі жасаған, соның ішінде 74 – мектеп оқушылары, 19 – колледж оқушылары, 45 – жұмыс істемейтіндер мен оқымайтындар.

Қылмыс жасаған мектеп оқушыларының қатарына енген 74 оқушының ішінен 56 (75%) – Қостанай қаласының мектеп оқушылары, соның ішінде 3 – балалар үйінің тәрбиеленушісі. Қалған 18-і қала мектеп оқушылары ретінде өткен, бірақ басқа оқу орындарында оқиды. 2007 жылдың алты айы ішінде 74 мектеп оқушысымен өткен жылдың осындай кезеңіндегі 26-ға қарсы 55 қылмыс жасалған. Мектеп оқушылары ең көп қылмысты Қазақстан Республикасы ҚК келесі баптары бойынша жасаған: 175 (ұрлық) – 30, 178 (талан-тараж) – 14, 257 (бұзақылық) – 14.

6 жыл алты ай ішінде қылмыстық жауапкершілікке 460 оқушы, 2007 жылдың 6 айы ішінде – 74 мектеп оқушысы (оның ішінде Қостанай қаласының 45 мектеп оқушысы) тартылған. 2004 жылы жауапкершілікке ең көп адам тартылған – 98 оқушы.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың «жасару» фактісі дабыл қаққызады. 2007 жылдың 6 айы ішінде 11 және одан да кіші жастағы 4 оқушы (2006 жылы – 0), 12-13 жастағы 21 оқушы (2006 жылы – 6), 14-15 жастағы 30 оқушы (2006 жылы – 13) қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмағандардан ғана құрылған топтардың саны 3,5 есеге көбейген: 2007 жылы топта 47 кәмелетке толмаған, 2006 жылдың осындай кезеңінде олар 16 болған.

Кәмелетке толмағандардың барлық санаттары арасындағы қылмысқа жасалған талдау мынаны көрсетеді: жалпы орта және орта-арнайы білім жүйесі оқушыларымен жасалған қылмыстардың саны 60%-ды құрайды. Алайда қылмыскерлік топтық сипатта, бұған құқыққа қарсы жасалған іс-әрекеттерге қатысушылардың саны куә.

Қостанай облысы iшкi істер департаментiнiң кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу және оңалту орталығындағы кәмелетке толмағандардың негізгі контингентін өз бетімен үйлерінен кетіп қалған, мектеп-интернаттардан, балалар үйінен қашып кеткен, қаңғыбастыққа және қайыршылыққа бейімделіп алған, психикалық тексеруден өтіп, емделуді қажет ететін жасөспірімдер құрайды.

Талдау көрсеткендей, кәмелетке толмағандардың өз беттерімен, қараусыз өмір сүруіне итермелейтін себептердің бірі отбасындағы берекесіздік - 257 жәйт, қаңғыбастыққа бейім болу - 183 жәйт, оқуға деген ынтасының төмен болуы - 51 жәйт, ата анасымен, құрбы-құрдастарымен ренжісіп қалу - 29 жәйт.

Көбінесе, балаларын құқық бұзуға ата-аналардың өздері итермелейді. Балаларға бұрын сотталғандар немесе тергеуде жүрген туысқандары кері әсерін тигізеді. Әдетте, мұндай балалардың өмір тұрмысы қиын болады, отбасында бірге дұрыс тұра алмайды. Ата-аналары ішімдік ішкені және есірткі қабылдағаны үшін, немесе бала тәрбиесінен бас тартқаны үшін ата-аналар құқықтарынан айрылған балалардың саны өсіп келеді. Егер 2006 жылы 33 адам болса, 2007 жылдың 5 айы ішінде 17 адам болған. «Әлеуметтік жетім» (ата-аналары ата-аналар құқығынан айырылу салдарынан бiлiм берудің интернатты ұйымдарына орналастырылған балалар) балалар санының өсуі алаңдатушылық туғызып отыр: 2006 жылы – 42 бала, 2007 жылдың 6 айы iшiнде - 26.

Қаланың әлеуметтік паспорты мынаны көрсетеді:

148 оқушы (0,58%) кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi топтарда есепте тұр;

1577 оқушы (6,2%) тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленуде;

344 оқушы (1,3%) қолайсыз отбасыларда тәрбиеленуде.

Сонымен, кәмелетке толмағандардың 6,7% қиын тұрмыстық жағдайға тап болып тұр. Бұл балалар ертеңгі күннің қоғамға жат мүшелері болары анық.

Мемлекеттің қорғауына мұқтаж балаларды уақытша асырап бағу проблемасын уақытша жетімдер панасы шешеді. Олардың негізгі мақсаты балаларға жақсы тұрмыс жағдайын туғызу, тыныс тіршілігіне психологиялық

қолдау көрсету, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Балаларды қорғау мамандары мен әлеуметтік педагогтардың басшылығымен сондай кәмелетке толмағандардың ата-аналарын оңалту жөніндегі қызметі тәжірибеленеді: емдеу жұмыстары жүргізіледі, жеке куәліктері ресімделеді, еңбекке орналастырылады. Отбасындағы жағдай түзелген соң, бала үйіне жіберіледі.

«Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңында мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың қызметінің басым бағыттарын, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етуін өзіне енгізетін балалар мүдделеріне сай мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен анықталады. Сонымен бірге, қиын жағдайға тап болған балалардың саны бүгінгі күні олардың бейімделуін жүзеге асыру үшін қаланың мүмкіндіктерінен асып түседі.

Жобалық қарқыны бойынша 24 орын бар панаға балаларды орналастыру үшін үнемі орын болмайды.

Статистикалық деректер кәмелетке толмағандарда құқықтық сана-сезімді қалыптастыру бойынша алдын алу жұмысының кемшіліктер деп мыналарды атайды: білім ұйымдарында, ішкі істер, денсаулық сақтау органдарында және «қатерлі топта» түрлі профилактикалық есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді оңалту, заңнама және мораль нормаларымен сәйкес оларды әлеуметтік өмірге бейімдеу жөніндегі жұмыс; өкілетті биліктің және атқарушы биліктің мүдделі мекемелерінің, бизнес секторының, үкіметтік емес органдардың, бұқаралық ақпараттар құралдарының облыстың әр ауданында және әр қаланың ықшам аудандарында кәмелетке толмағандардың құқығын, денсаулығы мен мүдделерін сақтауға ықпал ететін жағдайларды жасау бойынша іс-әрекеттерін ведомствоаралық үйлестіру.

Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс деңгейін азайту мақсатымен қаланың бiлiм беру кеңiстiгiнде 8000 (32%) бала мен жасөспірім қамтылған 22 балалар бiрлестiгi жұмыс істейді, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 15%-ға жоғары және білім беру жүйесінде балалар қозғалысының дамуы туралы айтады.

Облыстың бiлiм беру жүйесiнiң бейімделу мүмкiндiктерiн кеңейту мақсатында, 2007 жылдың 6 айы iшiнде 611 баланы тексерген психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қызмет iстейдi. Барлық балаларға ақыл-ой және дене мүмкiндiктерi деңгейіне сәйкес оқыту бағдарламалары белгіленген. Сонымен қатар, 2006-2007 оқу жылының басында 500-ден астам оқушыға коррекциялық көмек көрсетілген 17 логопедтік пункт ашылған.

Қаланың бiлiм беру кеңiстiгiнде 2006-2007 оқу жылы iшiнде, оқушыларға адамгершiлiк және салауатты өмір салты негіздерін ұластыруға бағытталған 10 лицензиялы авторлық әдістеме мен бағдарлама сыналған және іске асырылуда. Оқу жоспарларына 2 тәжірибе алаңында сыналатын «Өзiн-өзi тану» арнайы курсы, зиянды әдеттердің алдын алу бойынша деңгейлі бағдарламасы енгiзiлген. 20-дан астам жалпы бiлiм беретін мектептер «Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер» ұлттық желісіне кiредi.

2004 жылдан бері республикалық трансфертпен қаланың білім беру ұйымдары штаттық кестесіне 220 еңбекақы мөлшері енгізілген, соның ішінде оқу ісі жөніндегі директор орынбасары – 61,5 бірлік, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары – 48,5 еңбекақы мөлшері. Жергілікті бюджет есебінен 35 психолог, 33 әлеуметтік педагог, 52 медбике жұмыс істейді. Бiлiм беру мекемелерінде тәртібі шектен шыққан балаларға жүйелі бақылау жасалынатын 35 денсаулық клубы, 35 есірткіге қарсы бекет жұмысын жалғастыруда. Есірткіге қарсы бекет қызметкерлерінің құрамына есірткіге тәуелді балалармен алдын алу жұмыстарын жүргізу ісі курсынан өткен фельдшерлер, нарколог дәрігерлер, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, психологтер кіреді.

Қаланың әлеуметтік кеңістігін балалар мен жасөспірімдер өмір әрекетінің позитивті түрлерімен қанықтыруға бейімделген оқушылардың мектептен тыс және тұрғылықты жері бойынша бос уақытының ұйымдастыруы құқық бұзушылықты алдын алуының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. 2006-2007 оқу жылының басында мектептен тыс ұйымдар желiсi 6-дан 7 бiрлiкке өскен, 3 жаңа аула клубы ашылған (2005 жылы – 8, 2006 жылы – 11), бұл оқушылардың мектептен тыс ұйымдарда жұмыспен қамтуды және тұрғылықты жерде жұмыспен қамтуды 26%-дан (2005 жылы) 60,4%-ға дейін (2006 жылы) көбейтуге мүмкіндік берді.

Алайда мектептен тыс ұйымдар желісі қоғамға қарсы әрекет жасауға бейім кәмелетке толмағандардың мүдделеріне сай келмейді, қаланың алыс аудандарында тұратын балалардың мүдделері ескерілмеген. 1 ғана техникалық шығармашылық мектебі жұмыс істейді, саяхатшылар станциясы жоқ. Бұрынырақ салынған корттар мен спорт алаңдары қалпына келтірілмейді, мектеп жанындағы, аула және аула клубтарының аумақтарындағы спорт алаңдары шағын сәулет нысандарымен жеткіліксіз жабдықталған, спорт алаңдарының жабдықталуы көңілден шықпайды, талғамсыз жасалған. Аула клубтарының спорт жөніндегі нұсқаушыларының жетіспеуі, тұрғылықты жері бойынша меншiктi пәтер кооперативiнiң қоғамдастығы балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыруға араласпауы аяққа тұсау болып отыр. Бүгінде сапалы көрсеткіштер бойынша балаларды мектептен тыс жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі өзекті болып тұр. Жоғарыда аталғандардың негізінде, 2009 жылға дейін аула клубтарын ашу, спорт алаңшаларын жабдықтау жоспарланады.

Оңтүстік және Солтүстік ішкі істер бөлімдерiнiң қылмыс жасаған балалар туралы беретін жедел мәліметтері мен мүдделі мекемелердің сол қылмыстың жасалу себебін анықтау жөніндегі қызметінің талдау барысында кеңінен тараған және көкейтесті мәселелер мыналар екенін көрсетті:

білім беру мекемелерінің учаскелік және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі топтардың инспекторлары арасында тиісті деңгейдегі өзара іс-әрекеттерінің жоқтығы;

қолайсыз отбасыларында тұратын, тәртібі шектен шығуға шақ тұрған жасөспірімдерді дер кезінде анықтай алмау;

отбасы тәрбиесінде құқық және құқықтық сана мәдениеті деңгейінің төмен болуы, кәмелетке толмағандарға ата-аналар тарапынан қойылатын талаптардың жеткіліксіздігі;

кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша барып жұмыс істеу;

бірнеше рет қылмыс жасаған, психиатрда есепте тұратын,тәртібі қоғамға жат қылықтарға толы, ата-анасының баласына деген кері ықпалы ұдайы басым орын алған отбасы балаларын оқыту;

қолайсыз отбасыларының көп болуы және олардың ішінен құқық бұзушы балалардың көптеп шығуы.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және Қостанай қаласында балалардың қараусыз және бағып қағусыз қалуын болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстың тиімді болуы үшін, олардың тұрғылықты жерлерінде, әсіресе жылдың жылы мезгілдері мен демалыс уақыттарында бос уақыттарын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл жұмысқа дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерін, қоғамдық белсенділерді уақытша жұмыс орындарын аша отырып тартқан ұтымды.

Балалармен уақытында алдын алу жұмыстарын жүргізу, есепке алу, әлеуметке жат қылықтары бейім және тәртiбi шектен шыққан жасөспiрiмдердi кейiнгi оңалдыру манызды болып табылады; балалар және жасөспірімдер қылмысының себебін анықтау мен шеттетуге бағытталған аналитикалық және басқарушылық қызметі, мәселесінде ведомство аралық өзара іс әрекетін үйлестіруді жақсартуға мүмкіндік береді.

Заңдылықты құрметтейтін, әлеуметті нық қоғамды қалыптастыруына кеңейген ақпараттық-насихаттық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет себепші болады. Ал қанғыбастық пен әлеуметке жат қылықтарға бейім, өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандарды бейімдеу мен оңалтуға себеп болушы бiлiм беру ортасының мүмкiндiгiн дамыту Қостанай қаласындағы балалар мен жасөспірімдер қылмысы қарқынына айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, балалар мен жасөспiрiмдердi тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту үшін материалдық-техникалық базасын кенейту және оларды облыстың мәдени және спорт өмiрi ортасына тарту негізгі себепші шарт болып табылады.

Жоғарыда аталған мәселелерге көңіл бөле отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен әлемнің жетекші елдерiнiң тәжiрибелерiне негізге ала отырып, балалар мен қарт адамдарға қарым-қатынасы қоғамның әлеуметтік жетiлуiнiң көрсеткiшi болып табылады деп айтуға болады. Сондықтан да осы Бағдарламадағы берілген мәселелердің шешуі өкілетті және атқарушы үкiметтiң салмақты көңіл аударуын талап етеді.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты өзара сiңiсушiлiк түрде және сабақтастық принциптеріне негізделген :

1-ші кезең (2007-2009 жылдар) – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар жүйесін құру;

2-ші кезең (2010-2011жылдар) – өмiрдiң қиын жағдайларына тап болған, қаңғыбастық пен әлеуметке жат қылықтарға бейім балаларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуға себеп болушы бiлiм беру ортасының мүмкіндігін дамыту.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірінші кезеңде мынадай басым міндеттерді шешу көзделіп отыр:

мемлекеттік, құқық қорғау және қоғамдық ұйымдардың құқықтық, өнегелік мәдениетін қалыптастырудағы және кәмелетке толмағандар арасындағы әлеуметке жат қылықты болдырмау жөніндегі қызметін бірлесіп жүргізуді қамтамасыз ету;

қала құқық қорғау органдарының қылмыс жасайтын және әкімшілік құқық бұзушы немесе соны жасауға бейім балаларды дер кезінде анықтап табу, есепке алу, алдын алу жұмыстарын жүргізу;

маскүнемдіктен, нашақорлықтан, токсикоманиядан зардап шегетін немесе психикаға зор әсерін тигiзетiн заттарды қолдануға бейім кәмелетке толмағандарды айқындау, есепке алу және кейіннен оларды оңалту, кәмелетке толмағандар арасында медициналық алдын алу жұмысын жүргізу;

Кәмелетке толмағандар мен ата-аналарға құқықтық бiлiм беру.

Екінші кезеңде:

спорт алаңшаларының құрал-саймандарын, құрал-жабдықтарын қосымша сатып алу және аула клубтарын ашу, кәмелетке толмағандарды қала өмірінің мәдени, спорт саласына белсенді қатыстыру.

Бұл мiндеттерi орындау кезінде, бiрiншi кезеңнің мiндеттерi өзiнiң өзектiлiгiн жоймайды.

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі


Бағдарлама мынадай бағыттарды көздейді:

емдеу-диагностикалық іс-шаралары;

ақпараттық-насихаттау қызметі (алдын алу);

әлеуметтік-педагогикалық жұмыс (оңалту және бейімдеу);

материалдық базаны кеңейту;

оң бағытта өмір сүру машықтарын қалыптастыру.

Бағдарламаны іске асыру тетіктері болып табылады:

атқарушы билік саласы мемлекеттік мекемелерінің кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауын, құқық бұзуын және қараусыз қалуын болдырмау бойынша келісе отырып жасайтын іс-қимылдары;

қаланың мемлекеттік мекемелері, шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттік емес ұйымдары арасындағы әлеуметтік серіктестік;

барлық мүдделі ведомстволардың тиісті ақпарат алмасуы және кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдасқан түрімен, емдеу-алдын алу шаралардың барлық түрімен, оқу және еңбек процесімен қамтуы;

тиісті құқық қорғау және алқалы мемлекеттік органдарында кәмелетке толмағандар тарапынан орын алған құқыққа қайшы қылықтарына, жекелеген ата-аналар мен басқа да тұлғалардың тарапынан кері ықпалын тигізетін, сондай-ақ оларды қылмыстық және қоғамға қарсы әрекетке тарту жәйттеріне байланысты фактілері туралы материалдарды қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; кәмелетке толмағандардың қоғамға жат қылықтарын болдырмауға ықпал ететін әлеуметтік ортаның әлеуетін дамыту туралы мәселелерді қарау және заңда қаралған шараларды қабылдау.

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс шаралардың орындалуын бақылауды және үйлестіруді кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссия жарты жылда бір рет жүзеге асырады. Бағдарламаны іске асыру барысы жайлы ақпарат жыл сайын қалалық мәслихат сессиясына және қала әкіміне ұсынылады.


6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
Қалалық бюджет қаржылары.

Қаржыландырудың болжамдалған көлемдері:

барлығы – 10340,0 мың теңге, оның ішінде:

2008 жылы – 5740,0 мың теңге

2009 жылы – 4600,0 мың теңге;

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже


2011 жылдың соңына қарай Қостанай қаласының кәмелетке толмағандары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жаңа әлеуметтік-экономикалық негіздегі тұтас бір жүйе құрылатын болады. Кәмелетке толмағандармен және әлеуметтік-педагогикалық процеске қатысушылармен жаңа материалдық-техникалық база негізіндегі әлеуметтік серіктестік пен құқық бұзушылықтың алдын алу тиімділігін жетілдіру жөнінде іс шаралар кешені өткізілетін болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет