2008 жылдың қазанындағы
Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі
Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылдың қазанында инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда 8,8%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4,6%-ға (13,4%) төмен.
ТБИ (тұтыну бағалар индексі) құрылымында ағымдағы жылдың қазан қорытындысы бойынша баға өсімінің көш басында 2007 жылғы желтоқсанына 10,1%-ға өскен ақылы қызметтер болды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%). Азық-түлік емес тауарлар 6,5% (7,3%) бағасында өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 9,5%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен (18,6%) 9,1%-ға төмен.
2008 жылдың қазанындағы инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанына қарағанда және тұтыну бағалары индексін құрайтын бағаның өсуі пайызбен
Ағымдағы жылдың қазанында 2007 жылдың желтоқсанына азық-түлік тауарларындағы нан және ұн-жарма өнімдері – 17,4%-ға, макарон өнімдері – 17,1%-ға, ұн – 16,3%-ға бағаға едәуір өсуі байқалды. Күріштің 71,4%-ға өсуін ерекше атап өтуге болады. Қант, кондитерлік өнімдер –10,1%-ға, сүт және сүт өнімдері - 9,7%-ға, ет және ет өнімдері – 9,0%-ға, жемістер – 7,3%-ға, көкіністер – 6,2%-ға, шай – 6,5%-ға? балық және теңіз өнімдері – 5,6%-ға өсуі байқалған.
Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде өскен жуатын-тазалайтын құралдары – 14,1%-ға, қатты отын – 13,5%-ға, киімдер – 5,8%-ға. Он ай ішінде бензин – 10,4%-ға, дизелдік отын – 32,5%-ға көтерілген.
Ақылы қызметтер құрамында қоқыс жинау – 28,4%-ға, пошта қызметі -23,1%-ға, тұрғын үйлерді күтіп ұстау – 13,4%-ға, тұрғын үйді жалға беру – 5,3%-ға бағасы едәуір деңгейде өскен. Қонақ үйлер және мейрамханалар қызметтері – 19,7%-ға, көлік қызметтері – 15,4%-ға, мединциналық қызмет көрсету – 14,0%-ға қымбаттаған. 2007 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда телефон және факсимильдік байланыс қызметтері (0,7%-ға) төмендеген.
Сонымен бірге, а.ж. қазанында өткен айға қарағанда азық-түлік өнімдерінің кейбір түрлеріне бағаның төмендеуі байқалды. Күнбағыс майы – 1,4%, қой еті – 0,2% бағасында төмендеді. Азық-түлік емес тауарларынан дизельдік отын – 4,9%, бензин – 2,7% бағасында төмендеуін атап өтуге болады. Ақылы қызметтер тобында ыстық су – 2,2%-ға, тасымалданатын газ – 1,8%, көлік қызметтері – 1,2%-ға, тұрғын үйлерді жөндеу – 1,2%-ға, канализация – 0,6%-ға.
2008 жылдың қазанында инфляция өткен айға қарағанда 0,6%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бағалары 0,6%-ға көтерілген. Азық-түлік емес тауарлары 0,4%-ға, ақылы қызметтер 0,9%-ға ұлғайды.
2007-2008 жылдардағы инфляция деңгейі өткен айға қарағанда %
2007 жыл 2008 жыл
2008 жылдың қаңтар-қазанында инфляция деңгейінің орташажылдық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2007 жылғы қаңтар-қазанында 9,2%-бен салыстырғанда 18,7%-ды құрады.
2007-2008 жылдардағы орташажылдық инфляция деңгейі
өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда %
2007 жыл 2008жыл
Өңірлік бөлігінде 2008 жылдың қазанында 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген орташа республикалық көрсеткіші Қостанай (9,5%), Шығыс Қазақстан (9,1%), Жамбыл және Солтүстік Қазақстан (8,9%) облыстары мен Астана (10,0%) және Алматы (10,1%) қалаларында қалыптасты.
2007 жылдың желтоқсанына қарағанда
2008 жылдың қазанында өңірлер бөлігінде инфляция деңгейі
-------- орташареспубликалық деңгей 8,8%
Достарыңызбен бөлісу: |