2013 жылдың қаңтар-қазанындағы Қорытындылары астана



Дата03.03.2016
өлшемі241.47 Kb.
#34876


Астана қаласының Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы


Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2013 жылдың қаңтар-қазанындағы

ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

АСТАНА

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН СИПАТТАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ИНДИКАТОРЛАРДЫҢ



Т І З Б Е С І

2013 жылғы қаңтар-қазан




Атауы

Көрсеткіштер

2012 жылдың тиісті кезеңіне %

1.

Өнеркәсіп өнімінің (тауарлардың, қызметтердің) қолданыстағы бағадағы көлемі, млн. теңге

202 806,9

112,4

2.

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі, млн. теңге

400 353,0

85,7

3.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі, млн. теңге

209 483,0

87,1

4.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді қолданысқа енгізу, шаршы метр

865 018

80,8

5.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі, барлығы, млн. теңге

457 746,6

89,0

6.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болжамының орындалу пайызы, %

101,7

Х

7.

Бюджетке түсім бойынша бересі, млн.теңге

10 047,6

116,7

8.

Шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнімнің көлемі, млн. теңге

970 050

100,7

9.

Шағын және орта бизнес саласындағы жұмыспен қамтылғандардың саны, мың адам

179,6

108,1

10.

Тұтыну бағаларының индексі (2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2013 жылғы қазан), %

102,0

Х

11.

Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі, млн. теңге

407 478,9

124,2

12.

ЭБХ-ға тіркелген жұмыссыздардың үлесі, % (2013 жылғы қазанда)

1,4

Х

13.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері (қазанда)

21 688

101,0

14.

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге

151 412

107,7


2013 жылдың қаңтар-қазанындағы

Астана қаласының

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

АҚПАРАТ
1. Өнеркәсіптің жағдайы
Астана қаласының өнеркәсіп секторының көпшілігін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары (оның үлесі 82,3%-ды құрайды) және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату (14,5%) құрайды. Сумен жабдықтау өнімі (тауарлар, қызметтер), кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінің үлесіне 3,2 %-дан келеді.

2013 жылғы қаңтар-қазандағы қаланың кәсіпорындары 202 806,9 млн. теңге сомаға өнім өндірді және өнеркәсіптік сипаттағы қызмет көрсетті, нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 112,4%-ды құрады.



Өңдеу өнеркәсібінде 166 905,8 млн. теңге сомаға өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, НКИ 16,9 %-ға өсті.

Шығарылатын өнім көлемінің артуы өнеркәсіптің келесі салаларында байқалады:



- машина жасауда (үлес – 52,4 %) 87 513,7 млн. теңгеге өнімдер шығарылды және қызметтер көрсетілді, НКИ – 35,1%. Дизельдік локомотивтер өндірісі 1,3 есеге артты, сонымен бірге, сорғылар шығарылымының 19,5%-ға азаюы байқалады;

- металлургия өнеркәсібінде 1 088,0 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ 138,1%;

- өзге де бейметалл минералды өнімдердің өндірісінде (үлес 22,6%) – 13,6%-ға, шығарылым көлемі 37 706,8 млн. теңгені құрады: құрама құрылымдардың элементтерін өндіру 30,1%-ға, бетон өндіру – 7,5%-ға; плитка, плита, кірпіштер өндіру – 6,0%, құрылыс қоспалар өндірісі 1,9 есеге ұлғайды;

- тамақ өнімдерін өндіруде (үлес – 10%) 2013 жылдың қаңтар – қазанында 16 667,5 млн. теңге сомаға өнім өндірілді, НКИ – 103,3%. Өндіріс көлемінің өсуі макарон өнімдерін шығарудың 43,8%, нан – 10,9%, сүт – 35,2%, ұн – 2,2% ұлғаюымен негізделеді. Сонымен қатар, шұжық өндіру – 18,8%, тары – 12 % азайды.

Өнеркәсіптік өнімдерді шығару көлемінің төмендеуі орын алды:



- мата өнімдері өндірісінде – 56,6%;

- киім тігуде – 51,3%;

- қағаз және қағаз өнімдерін өндіруде 44,2%;

- жиһаздан басқа ағаш және тығын өнімдері өндірісінде; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған өнімдер өндірісінде – 23,9%;

- былғары және оған жататын өнім өндірісінде – 25%;

- жиһаз жасауда – 33%;

-машина және құралдардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 13,4 %;

- резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде – 12,5%;

- жазып алынған материалдарды басып шығару және көшіру 13,2%;

- сусындар өндірісінде 2,7%.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын шығаруда 10 411,5 млн. теңге сомаға тауарлар өндірілді, НКИ – 87,5%. 2013 жылдың қаңтар – қазанында құбырлардың шығарылымы 2,2 есеге төмендеуі байқалады. Сонымен қатар, есік, терезе шығару – 14,4%, преформалар – 17,5 % артты.

Машина және құралдарды қоспағанда, дайын металл бұйымдарын өндіруде шығару көлемі 9 357,5 млн. теңгені құрады, НКИ – 86,6%.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату салаларында 2013 жылдың қаңтар-қазанында өнеркәсіптік сипатта 29 408,1 млн. теңге сомаға (НКИ – 116,9%) өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, оның ішінде электр қуатын өндіру, ұсыну және таратуда – 22 097,7 млн. теңгеге (НКИ – 100,9%), газ тәрізді отынды өндіруде және таратуда 166,5 млн. теңгеге (НКИ – 104,8%), бу беру және ауаны салқындату жүйесінде 7 143,9 млн. теңгеге (НКИ – 98,7%) қызмет көрсетілді.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 6 491,5 млн. теңгеге өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, НКИ 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,7 %-ға азайды.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 72,6 млрд. теңге сомаға 11 жоба іске асырылды, шамамен 3 000 жұмыс орны құрылуда.

2013 жылдың соңына дейін жалпы сомасы 4,4 млрд. теңгеге 7 жобаны іске асыру жоспарлануда (722 жұмыс орны). Қалған 6 жоба бойынша іске асыру кестеге сәйкес 2015 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Индустриялық парк аумағында жалпы инвестиция көлемі 180,3 млрд. теңгеге 49 инвестициялық жобаны іске асырылуда, барлығы 54,5 млрд. теңге игерілді.

Шығарылатын өнімнің сапасын арттыру және өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабылеттілігін арттыруға ықпал ету мақсатында, әкімдік өнеркәсіптік кәсіпорындардың ИСО, ОНSAS, SА, ХАССП сериялы халықаралық сапа стандарттарын (бұдан әрі – ХСС) енгізуін насихаттау бойынша жұмыс жүргізуде.

2013 жылдың 1 маусымы бойынша жүргізілген мониторингке сәйкес, өндіріс, өнімдер және қызметтер, ХСС стандарттарын енгізген сауда саласындағы қала кәсіпорындары мен ұйымдарының саны 607 бірлікті құрады.



2. Инновацияларды дамыту
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа технологияларды ендіру және өңірлерде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру бөлігінде Астана қаласындағы инновациялық қызметті дамыту жұмысыны белсендірді. Атап айтқанда, «Астана Innovations» АҚ келесі бағыттар бойынша инновацияларды мемлекеттік қолдау аспаптары іске асырылуда:

  • технологиялар трансфертін сүйемелдеу;

  • технологиялық бизнес-инкубациялау;

  • технологиялық аудит.

Жалпы алғанда, инновациялық бағыт бойынша «Smart Astana» жобасы іске асырылуда, бекітілген тұжырымдамаға сәйкес «ақылды қала» технологияларының алты бағыты бойынша технологиялық шешімдер жасау, технологиялық толықтыру, қажеттікті қалыптастыру, қабылданатын технологиялық шешімдердің қаржы-экономикалық негіздемесі, және «ақылды қала» қағидасы бойынша «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмені құруға жобаны шоғырландыру.

Сондай-ақ, қаланың қауіпсіздігі бойынша «Астана қаласында кешенді тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі» жобасын іске асыру басталды, пилот бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді, жобаны құрайтын сәулет, оған қатысушылар қалыптастырылды, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне техникалық тапсырма әзірленді және т.б.
3. Көлік және байланыс
Автомобиль көлігі. Бүгінгі күні 50 қалалық бағдар бойынша күн сайын 747 бірлік көлік жұмыс істейді, оның ішінде сыйымдылығы үлкен автобус - 566 бірлік, орташа сыйымдылықты автобус - 181 бірлік. Қалалық бағыт желісінің ұзақтығы 2 320,1 км-ді құрайды. Астана қаласында 15 мамандандырылған таксомотор компаниясы жұмыс істейді.

2013 жылдың 10 айында 14,7 жаңа автожолдар салынды, 10,6 км жол қайта жаңартылды, 24 км жолдың ағымдағы жөнделуі өткізілді. Шағын айналма жолдың құрамына кіретін, Бейсеков көшесі бойынша Есіл өзені арқылы өтетін батыс айналма жолы бойынша жол ашылды.

Қалалық көлікпен 2013 жылдың қаңтар-қазанында 97 217,6 мың тонна жүк тасылды, бұл ретте жалпы жүк айналымы 5 494,2 млн. ткм-ді құрады. 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тасылған жүк көлемі 8,4%-ға ұлғайды.

Автомобиль көлігімен есепті кезеңде 1 607,1 млн. жолаушы тасымалданды, оның ішінде қаланың көлік кәсіпорындары – 281,5 млн. адамды (17,5%), жеке кәсіпкерлер – 1 325,6 млн. адамды (82,5%) тасымалдады.



Әуе көлігімен 1,1 мың адам тасылды, бұл ретте барлық бағыттардағы жолаушылар айналымы 1,8 млн. пкм-ды құрады.

Қаланың байланыс кәсіпорындары 119 504,2 млн. теңге сомаға қызмет көрсетті, бұл салыстырмалы бағаларда 2012 жылдың ұқсас кезеңінен 10,8%-ға жоғары.

Байланыс қызметтерінен түсетін кірістер құрылымында ұялы байланыс 74,1%, Интернет 13,6%, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері – 1,7%-ды, жергілікті телефон байланысы – 2,1%-ды, өзге де байланыс түрлері – 8,5%-ды құрайды.


4. Энергетика және ТКШ
Энергетика Әкімдік энергетикалық қауіпсіздікті іске асыру аясында ЖЭО-1 қайта жаңартуды, ЖЭО-2 кеңейту және қайта жаңартуды және ЖЭО-3 салуды жүргізуде.

2013 жылы ЖЭО-1 № 5 станцияның қазандық агрегатын және № 2 станцияның құбыр агрегатын ауыстыру, металлдан жасалған 100 метрлік № 1 түтін құбырын, жылу өткізгіш галереясын, сондай-ақ 8 темір жолдарын қайта жаңартуды жүргізуде.

ЖЭО-2 ағымдағы жылы электр қуатын қалалық желілерге шығарумен қуаттылығы 120 МВт № 5 турбинаны пайдалануға беру жоспарлануда.

2011 жылдан бастап ЖЭО-3 құрылысының 1-кезегі іске асырылуда, ағымдағы жылы инфрақұрылым құрылысын аяқтау (т/ж жолдары, Сарыбұлақ өзенінің арнасы, су құбыры, нөсер арнасы, кіреберіс жолдары және су жылытқыш қазандығының бас корпусын, түтін құбырын, ОРУ-110 кВ, АБК ғимаратын және өзге де қосалқы кешендерді салуды бастау жоспарланады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қала әкімдігі тексеріс өткізу, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді өткізу, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі немесе ағымдағы жөндеу жұмыстарының жекелеген түрлерін өткізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау жолымен тұрғын үй қорының ұсталуының сапасына бақылауды жүзеге асыруда.

Есепті кезеңде 82 тұрғын үйге техникалық зерттеу өткізілді және 3 тұрғын үйге техникалық паспорт әзірленді.

Барлығы елордада 1 121 аула бар, «Алматы» ауданы бойынша – 432, «Есіл» - 154, «Сарыарқа» ауданы бойынша 535 аула. Аулаларды абаттандыру шеңберінде ағымдағы жылы 432 аула абаттандырылды.

«Қолжетімлі тұрғын үй - 2020» бағдарламасы шеңберінде апаттық үйлерді сыру бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Бұл жоба бойынша Астана қаласында 189 пәтерлік екі тұрғын үй кешені салынды. Осы жылы жалпы көлемі 24 мың ш.м. тағы төрт тұрғын үй кешенін немесе 449 пәтерді пайдалануға беру жоспарланады. Оның ішінде 189 пәтер орналасқан 2 үй – Тілендиев даңғылы бойында және Сарайшық көшесінен оңтүстікке қарай, олар 11 апаттық үйлердің тұрғындарына арналған. Тархан-Жұбанов көшелері қиылысындағы және Сауран көшесіндегі 260 пәтерлік басқа екі тұрғын үй кешені жобаны қайта инвестициялау мақсатында еркін нарықта сату үшін қарастырылған.



5. Банк секторы
Астана қаласының банк жүйесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесінің орталық филиалымен, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ сияқты дербес банктермен, екінші деңгейдегі банктердің 32 филиалымен және екінші деңгейдегі банк филиалдарының 162 құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылады.

Қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 2013 жылдың 1 қазанына екінші деңгейлі банктердің 175 айырбастау пункті және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиялары бар 67 уәкілетті ұйымның валюта айырбастау пункті жұмыс істейді.

Екінші деңгейлі банктердегі резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2013 жылғы қаңтар–қыркүйекте 1 915,7 млрд. теңгені құрады және 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 4,8%-ға артты.

Жылдың басынан бастап екінші деңгейлі банктер берген несиелер көлемі 716,8 млрд. теңгені құрайды (2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінен 3,2 % артық).



Барлығы Астана қаласының экономикасына банктердің кредиттері бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі 2013 жылдың қыркүйек айының аяғына 1 139,1 млрд. теңгені құрады және 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,1%-ға ұлғайды, оның ішінде ипотека бойынша – 160,7 млрд. тенге.
7. Қаржылық-бюджеттік саланың жай-күйі
Салықтардың және өзге де міндетті төлемдер түсімдерін уақытылы қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімі 2012 жылғы 3 мамырда уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды күшейту және Астана қаласының жергілікті бюджетіне түсетін түсімдерді арттыру жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын бекітті.

Бюджет және төлем тәртібі. 2013 жылдың 1 қарашасы бойынша мемлекеттік бюджетке түскен түсім 449 979,6 млн. теңге болжамында 457 746,6 млн. теңгені құрады, немесе болжамның 101,7 %.

1-кесте

млн. теңге

Бюджетке түсімдер

1.11.13 ж. болжам

1.11.13 ж.

факт

Орындау, %

Мемлекеттік бюджет, оның ішінде

449 979,6

457 746,6

101,7

республикалық бюджет

337 862,9

347 977,5

103,0

жергілікті бюджет

112 116,7

109 769,1

97,9

Салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оның ішінде

426 119,1

411 757,1

96,6

республикалық бюджетке

329 358,8

316 884,9

96,2

жергілікті бюджетке

96 760,3

94 872,2

98,0

Салықтық емес төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оның ішінде

13 492,4

36 853,3

2,7 есе

республикалық бюджетке

7 729,1

28 802,8

3,7 есе

жергілікті бюджетке

5 763,3

8 050,5

1,4 есе


2013 жылғы 1 қарашадағы бересі 10 047,6 млн. теңгені құрады, 2013 жылғы 1 қазандағы бересімен салыстырғанда (7 981,7 млн. теңге) 25,9% ұлғайды. Жетіспеушіліктің ұлғаюы декларациялар, салықтық тексерулер, камеральды бақылау бойынша аударымдарға байланысты болды.

Қала бюджеті. Астана қаласының түзетілген бюджетінің жалпы көлемі 2013 жылдың 1 қарашасына 311 256,1 млн. теңгені құрады, бекітілген бюджет 68 099,7 млн. теңгеге немесе 28,0% өсті, оның ішінде түсімдер: меншікті табыстар бойынша – 135 361,1 млн. теңге; РБ-тен берілген трансферттер – 151 254,3 млн. теңге; қарыз – 4 350,0 млн. теңге; субвенция мөлшері – 6 920,1 млн. теңге, еркін қалдықтар – 13 370,6 млн. теңге.

Бюджеттің жалпы құрылымында Астана қаласының объектілерін дамытуға 151 880,0 млн. теңге жұмсалды.

Әлеуметтік салаға шығыстар 99 539,8 млн. теңгені немесе 2013 жылғы бюджеттің 32,0%-ын құрады, оның ішінде инвестициялық жобалар бойынша даму бюджеті 23 648,9 млн. теңгені құрады.

8. Инвестициялардың жай-күйі
Талданып отырған кезеңде қаланың негізгі капиталына 400 353,0 млн. теңге инвестиция немесе 2012 жылдың тиісті кезеңіне 85,7% салынды. Инвестициялардың республикалық көлемінде Астана қаласы көлемінің үлесі 8,8%-ды құрады (2012 жылдың қаңтар-қазанында 11,1%).

Қарастырылып отырған кезеңде негізгі капиталға инвестициялар салудың негізгі көздері 197 436,4 млн. теңге сомасындағы немесе жалпы көлемнің 49,3% кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты болып табылады. Бюджет қаражатының үлесі 34,7%-ды құрады, қарызға алынған қаражат үлесі – 15,9%.



2-кесте

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға

инвестициялар құрылымы



Көздер

2013 жылдың қаңтар-қазаны

2012 жылдың тиісті кезеңіне

млн. теңге

қорытындыға %

негізгі капиталға инвестиция, барлығы, млн. теңге, оның ішінде:

400 353,0

100,0

85,7

республикалық бюджет

128 163,8

32,0

107,8

жергілікті бюджет

10 842,1

2,7

88,3

кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты

197 436,4

49,3

69,3

шетелдік инвестициялар

295

0,1

10,2

қарыз қаражаты есебінен

63 615,7

15,9

131,8

Салымдардың негізгі құрамдас бөлігі болып ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары табылады, олардың үлесіне 58,9% немесе 235 636,1 млн. теңгеден келеді. 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 101,7 % құрады.

Машиналар мен құрал – жабдықтар, құралдар мен инвентарылар сатып алуға салымдардың жалпы көлемінің 37,5% келеді, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінен 28,6%-ға аз.

Астана қаласына инвестиция тарту, мамандарды қаланың инвестициялық дамуының көкейкесті үрдістеріне тарту, халықаралық және іскерлік ынтымақтастықты нығайту және Астана брендің алға жылжыту мақсатында 2013 жылдың мамырында VI Астаналық экономикалық форум шеңберінде «Astana Invest 2013» атты IV халықаралық инвестициялық форум өткізілді. Форум қорытындылары бойынша өзара ынтымақтастық туралы он меморандумға қол қойылды.

Ағымдағы жылы қала әкімдігі Moody's халықаралық рейтингтік агенттігімен елорданың несиелік рейтингін нақтылау жұмысын жалғастырды. Жұмыс қорытындылары бойынша агенттік қала рейтингі бойынша болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» көтерді (Ваа3 деңгейі).

Есепті кезеңде қаланың кәсіпорындары, ұйымдары және халқы жалпы ауданы 865 018 шаршы метр (оның ішінде пайдалы ауданы – 654 031 шаршы метр) тұрғын үйлер салды және іске қосты, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейден 19,2%-ға төмен. Тұрғын үйдің негізгі көлемін кәсіпорындар, жеке меншік нысанындағы ұйымдар мен халық енгізді.

Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2013 жылдың соңына дейін жалпы ауданы 151,6 мың шаршы метр 2 510 пәтердің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Барлығы тұрғын үй құрылысына 76 470,9 млн. теңге жұмсалды, бұл 2012 жылдың салыстырмалы кезеңінен 1,5 есеге жоғары.
9. Сауда және сыртқы сауда айналымы
Ішкі сауда.

2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі іске асырудың барлық арналары бойынша 407 478,9 млн. теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 24,2%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпорындар 100 687,0 млн. теңге сомасына тауарлар мен қызметтерді сатты, бұл сауда кәсіпорындарының тауар айналымының жалпы көлемінің 33,9%-ын құрайды. Орта және ірі кәсіпорындардың қызметінен бөлшек тауар айналымы 195 908,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде тауар айналымының жалпы көлеміндегі орта кәсіпорын үлесі – 49,1%-ды, ірі 17,0%–ды құрады.

Жеке кәсіпкерлер және қаланың нарығында 110 882,4 млн. теңге сомасына тауар сатылды, бұл 2012 жылдың қаңтар-қазанынан 8,7% жоғары.

Сыртқы сауда. Кедендік статистиканың деректері бойынша Астана қаласы сыртқы сауда айналымының көлемі (Кеден одағы елдерін есептемегенде) 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 5 264,8 млн. АҚШ долларын құрады, 2012 жылдың қаңтар-тамызынан 24,1% кем.

3-кесте
Астана қаласының негізгі сыртқы сауда көрсеткіштерінің серпіні

Көрсеткіштердің атауы


қаңтар-маусым

2012 жыл

2013 жыл

Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ доллары

6 930,7

5 264,8

Экспорт, млн. АҚШ доллары

5 544,1

3 269,0

Импорт, млн. АҚШ доллары

1 386,5

1 996,0

Сыртқы сауда сальдосы, млн. АҚШ доллары

4 157,6

1 272,9


Экспорттық жеткізілімдер 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте 3 269,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41,1% төмен.

Елорда экспорты нақты айқындалған географиялық бағытқа ие: жалпы экспорт көлеміндегі ТМД тыс елдердің үлесі 80,2%, ТМД елдері 19,8%–ды құрады. Негізгі тұтынушылардың қатарына Италия (22,2%), Қытай (19,8%), Нидерланды (15,3%), Румыния (4,5%) кіреді. ТМД елдерінің ішінде – Украина (11,3%) Әзірбайжан (4,2%) кіреді.

2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда экспортта үлесті салмаққа ие негізгі тауар топтары бойынша экспорттық жеткізілімдер көлемі азайды: минералды өнімді сату көлемі 2,1 есеге; мал және өсімдік өндірістері – 1,7 есеге, машина, құралдар, көлік құралдарын, құралдар және аппараттар шығару 2,2 есеге кеміді. Сонымен бірге, химиялық өнімдерді және онымен байланысты өнеркәсіп салаларын шығару 1,5 есеге, ағаш, орман материалдарын және целлюлоза-қағаз бұйымдары – 1,5 есеге, металл және одан жасалған бұйымдарды – 5,0 есеге өсті.

Импорттық жеткізілімдер 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1 996,0 млн. АҚШ долларын құрады және бұл 2012 жылдың салыстырмалы деңгейіне қарағанда 43,9%-ға ұлғайды.

Импорттық жеткізілімдер көлемінде ТМД-дан тыс елдерге 89,7%, ТМД елдеріне – 10,3% жеткізіледі. Негізгі тұтынушылар санатына Америка Құрама Штаттары (24,7%), Қытай (13,7%), Испания (11,6%), Германия (9,4%) жатады. ТМД елдері арасында – Украина (8,3 %).

Импорттық түсімдерде машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, құралдар мен аппараттарды тасу басым болып табылады, олардың көлемі 1 034,1 млн. АҚШ долларын (24,6%-ға көп) құрады. Ағаш, орман материалдарын және целлюлоз – ағаш бұйымдарын импорттау 4,1 есеге, минералды өнімдер – 4,9 есеге, металл және олардан жасалған бұйымдар 1,4 есеге өсті.
10. Шағын және орта бизнес мониторингі
2013 жылғы 1 қараша бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 179,6 мың адамды немесе 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,1% құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2013 жылдың қаңтар-қазанында 2012 жылдың тиісті кезеңіне 0,5%-ға төмендеумен 47,4 мың бірлікті құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің шаруашылық субъектілері 970 050 млн. теңге сомаға өнім өндірді, жұмыстар орындады және қызмет көрсетті, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінен 0,7%-ға жоғары.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында қала әкімдігі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. 2013 жылдың 1 қарашасы бойынша жылдың басынан бері Астана қаласының Үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі 100 жобаны мақұлдады, оның ішінде, несиелік желісі 16 231,1 млн. теңге жалпы сомаға банктердің/ лизингтік компаниялардың несиелерінің пайыздық мөлшерін субсидиялау бойынша 98 жоба, оның ішінде 72,3 млн. теңге жалпы сомаға 12 жоба – кепілдік сомасына несиені кепілдендіру бойынша және 215, 7 млн. теңге жалпы сомаға инфрақұрылымды дамыту үшін 2 жоба.

Сонымен қатар, 2 деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру көлемі төмендеді. Сонымен, 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегі бойы КШС несиелендіру 72,1 млрд. теңгені құрап, 2,1 есеге төмендеді.


10. Тұтыну бағаларын талдау

4-кесте

Астана қаласы бойынша тұтыну бағаларының индексі




Атауы

2012 жылдың желтоқсанына қарағанда 2013 жылдың қазаны, %

2013 жылдың қыркүектегі қарағанда 2013 жылдың қазаны, %

Барлық тауарлар мен қызметтер

102,0

100,6

оның ішінде:







азық-түлік тауарлары

100,6

100,6

азық-түлік емес тауарлар

102,8

100,4

ақылы қызметтер

103,1

100,8


Анықтама:

2013 жылдың қазанында күнкөріс минимумының шамасы 21 688 теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1%-ға өсті.

Бір жұмысшыға орта және ірі кәсіпорындар бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылдың қаңтар- қазанында 151 412 теңгені құрады және бұл 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,7%-ға көбірек.

Азық-түлік тауарларының тобында бағаның өсуі байқалды: жұмыртқаның бағасы – 5,3%-ға, қара бидай және қара бидай – бидай наны – 5,1%-ға, мәйекті ірімшік – 4,1%-ға, тауық еті – 1,5%-ға, жемістер мен көкөністер – 1,2%-ға, ет – 0,7%-ға, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдері – 0,6%-ға өсті. Сонымен қатар, өсімдік майы – 0,1%-ға төмендеді.

Еттерден, шошқа еті – 1,2% - ға, жылқы еті – 0,9% - ға, сиыр еті – 0,7% - ға қымбаттады. Көкөністер тобында қызылша – 11,3%-ға, қызанақ – 6,1%-ға, ақ қауданды қырықкабат – 5,0%-ға, қияр – 2,2%, картоп – 1,4%-ға басты пияз – 1,2%-ға өсті, ал сәбіз – 5,5%-ға, арзандады.



Азық-түліктік емес тауарлар тобында қатты отын – 7,7%-ға өсті , тұрмыстық тоқыма өнімдері – 0,7%-ға, жеке күтімге арналған құралдар мен тауарлар, өзге де заттар - 0,3%-ға, тұрмыстық құрал, фармацевтикалық өнім - 0,2%-ға, киім және аяқ киім - 0,1%-ға қымбаттады. Бензин бағасы - 1,5%-ға, дизель отыны - 0,2%-ға өсті.

Халық үшін ақылы қызметтер саласында тұрғын үй коммуналдық қызметтер - 1,7%-ға, оның ішінде суық су - 14,9%-ға, кәріз - 15,0%-ға қымбаттады .Негізгі көркейтілген тұрғын үйді жалдау – 2,5%-ға өсті.

Астана қаласы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде елордада көкөніс қоймаларын және жылыжай салу жөніндегі жобалар іске асырылуда. Бүгінгі күні қала аумағында жалпы сақтау көлемі 21 850 тоннаны құрайтын 5 көкөніс қоймасы және жалпы қуаттылығы жылында 2 500 тонна құрайтын 2 жылыжай кешені бар.

Желіні кеңейту үшін жалпы сақтау көлемі 12 000 тоннаны құрайтын 2 көкөніс қоймасының және қуаттылығы 3 650 тоннаны құрайтын 1 жылыжай құрылысы жүргізілуде, бұдан басқа, жобалау сатысында жалпы көлемі 27 800 тоннаны құрайтын 4 көкөніс қоймасы және жылында 5 200 тонна жылыжай өнімін өндіретін 3 жылыжай жобалау сатысында.

Сонымен қатар, Индустриялық парк аумағында жарманы қайта өндейтін «Жарма әлемі» ЖШС көпсалалы кешені салынуда. Сондай-ақ жылында 1 800 тонна өндіретін ет өнімі өндірісі жөніндегі «Бакунов» ЖК кәсіпорны жобалануда.


12. Әлеуметтік сала
Халықты жұмыспен қамту

Елорданы дамытудың әр түрлі жобаларын іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Есепті кезеңде 15 205 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2012 жылдың қаңтар-қазанына қарағанда 600 орынға аз. Оның ішінде шағын бизнес саласында 10 071 орын құрылды.



10 590 адам жұмыс іздеп жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірді. Жүгінген азаматтардың жалпы санының 65,9% әйелдер құрайды, 14-29 жас аралығындағы жастар – 54%. Барлығы ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 2 535 адам жұмыспен қамтылды, 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 082 адамға аз.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2 286 адам жіберілді, соның ішінде қатысқаны – 2 210, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген 308 адамнан 302 қатысты, «Жастар тәжірибесі» бойынша 682 адам жіберілді – 650 қатысты.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 656 адам жұмысқа тұрғызылды, оның ішінде 123 - әлеуметтік жұмыс орындары бойынша, 361 - «Жастар тәжірибесі» бойынша.

2013 жылдың ІII тоқсанында тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 5,4% (2012 жылдың ұқсас кезеңінде – 5,6 %).

2013 жылдың 1 қарашасы жағдайы бойынша жұмыссыздар ретінде 6 127 адам тіркелді.
Білім. 2013 жылдың 1 қарашасына Астана қаласының білім жүйесі 286 білім беру мекемесінен тұрады.

Мектепке дейінгі білім беру

Балабақшалардың жалпы саны 146 бірлікті құрайды, оның ішінде мемлекеттік – 78, жеке меншік – 66, ведомстволық – 2.

2013 жылдың басынан 1 720 орындық 7 балабақша ашылды, № 9 «Нұршашу» балабақшасына қосымша құрылыс салынды. Бұдан басқа, 2 360 орындық 10 балабақша құрылысы және № 4 балабақшаға 60 орындық қосымша құрылыс жалғастырылуда.

2013 жылдың қыркүйегінде «Жағалау» шағын ауданында № 71 мектеп-гимназия ашылды, «Батығай» ТК. Сондай-ақ 9 білім объектісі күрделі жөндеуден өткізілді.

Мектепке дейінгі барлық мекемелерге 32 684 бала барады, оның ішінде, 3 жастан 6 жасқа дейін «Балапан» бағдарламасы бойынша – 63%.

Орын тапшылығы қазіргі уақытта 34 000 орынды құрайды, сонымен қатар, кезекте тұрғандар саны – 73 000 бала.



Орта білім беру.

Қалалық мектептердің саны 94 712 оқушысы бар 83 объектіні құрайды, оның ішінде мемлекеттік мектеп - 71.

Соңғы үш жылда үш ауысыммен оқу 5 мектепте сақталып отыр.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Техникалық және кәсіптік ұйымдардың жалпы саны 35 құрайды, оның ішінде 12 – мемлекеттік колледж, 23 – жеке меншік колледж.

Негізгі білім беру объектілерінен басқа, 13 қосымша білім беру мекемесі және 10 мамандандырылған мекеме жұмыс істейді. Қосымша білім берумен қамту 29%-ды (23 948 адам) құрады.

Сонымен бірге, 27 аула клубы, сондай-ақ мектептердегі үйірмелер жұмыс істейді, қосымша біліммен және сабақтан тыс қызметпен бас-аяғы 69% (оқушылардың жалпы құрамының) қамтылды.


Денсаулық сақтау.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының жүйесінде есепті кезеңде 33 медициналық ұйым қызмет етеді, оның ішінде: 14 аурухана ұйымы, 10 АМСК ұйымы, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 6 өзге және 2 білім беретін медицина ұйымы.

Бұдан басқа, қала тұрғындарына республикалық маңызы бар 9 аурухана, 1 республикалық диагностикалық орталық, 7 ведомстволық мекеме, жеке меншік нысанындағы 2 аурухана ұйымы және 8 амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін жеке меншік мекеме қызмет көрсетеді.

Стационарлық ауысу көмегін көрсететін медицина ұйымдарының саны есепті кезеңде – 36 бірлік.

Денсаулық сақтау саласында қабылданатын шаралар қаңтар – қыркүек айларында туу көрсеткішінің 1000 адамға шаққанда 2012 жылғы 25,44 –тен 27,41 дейін жетуге мүмкіндік тудырды, 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім 2012 жылғы 4,65-тен 4,35-ке дейін, бала өлімі – 1000 жаңа туған балаға шаққанда 10,8-дан 9,3-ге дейін, туберкулез ауруының алғашқы белгісімен ауыру – 100 мың адамға шаққанда 2012 жылғы 114,5-ден 82,6-ке дейін жеткізуге мүмкіндік туды.

Мәдениет. Астана қаласында 60-тан астам мәдениет объектілері өздерінің қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде кітапхана – 23, театр – 6, мұражай – 4, концерттік ұйым – 1 (Мемлекеттік филармония), мемлекеттік-демалыс кәсіпорындары (сарайлар, орталықтар) – 5, цирк – 1, кинопрокат ұйымы – 1, өзгелер – 2 (дыбыс жазба студиясы, Астана Сазы).

Есепті кезеңде Астана қаласының мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жасады, қазанда келесі іс-шаралар өткізілді.



Мұражайлық қызмет

Қазан айында мұражайлармен 14 жаңа көрме ұйымдастырылды, 396 экскурсия жүргізілді, 12 дәріс оқытылды, осы іс-шараларды 19765 көрермен тамашалады.



Қазіргі заманғы өнер мұражайында ҚР Рухани келісім күніне арналған «Мәдени мұра» көрмесі жұмыс істеді.

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Қатал тарих куәгері» атты слайд көрме ұйымдастырылды.

С.Сейфуллин мұражайында аға буын ардагерлерге қамқорлық жасап, қолдау көрсету аясында қарияларға тегін экскурсия жүргізілді.

Театрлық қызмет

Қала театрлары ү.ж. қазанында 132 спектакль қойды, оларға 40 880 адам барды. Атап айтқанда: М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 113-ші театр маусымының ашылу салтанаты болды. Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында 23 театралдық маусым Қ. Қуанышбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған М. Әуезовтың «Абай» трагедиясымен ашты; Қуыршақ театры Ақтөбе қаласында өткен «Ассалаумағалейкум» ІІІ Халықаралық қуыршақ театрлар фестиваліне «Қанбақ шал» қойылымы қатысып келді және т.б.



Кітапханалық қызмет

Қаланың барлық кiтапханаларында дарынды лирик Торайғыров Сұлтанмахмұттың 120-жылдығына орай «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам»; «Қазақ халқының - ғажап ақыл ойшысы» атты кітап көрмелері қойылды. Оқырмандарға лириктің өмірі және шығармашылығы туралы «Мелькнул и не исчез за гранью лет…» әдеби танысуда, «Мақтан тұтар ұлы тұлғалар» әдеби-музыкалық сағатында, «Хочу быть солнцем, которое бы рассеяло тьму над головой моего народа» поэзия сағатында айтылды.



Спорт. Астана қаласында 557 спорт ғимараты қызмет етеді, оның ішінде 1500 және одан көп орынға арналған трибуналары бар 4 стадион, 2 спорт сарайы, 2 спорттық ғимарат кешені, 2 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 13 спорттық (дене шынықтыру-сауықтыру) кешен, 6 спорттық манеж, 1 шаңғы базасы, 26 ату тирі, 2 эллинг, 17 хоккей корты, 22 теннис корты, 19 жүзу бассейні, 182 спорт залы, 46 іштен салынған спорт залдары, 214 жазық спорт ғимараты пайдаланылады.

Қалада 2013 жылдың қаңтар – қарашасында 42 халықаралық, 114 республикалық, 357 қалалық спорт іс-шаралары өткізілді.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет