2008 жылғы бірінші тоқсандағы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Бюджеттің баланстануына, салық базасын кеңейтуге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, шағын және орта бизнеске халықты тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, білім беру, медициналық көмек көрсету ұйымдарын жетілдіруге, әлсіз халықтар тобын анағұрлым әлеуметтік қорғауға, салауатты өмір салтын енгізуге ерекше назар аударылады.
Ауданда ауданды дамытудың негізгі бағыттары аясында он екі әлеуметтік-экономикалық өңірлік бағдарлама әзірленіп, іске асырылуда.
2008 жылғы бірінші тоқсандағы аудан бюджеті кірісі жағынан 102,8 пайызға орындалды, ал өткен жылдың осы кезеңінде бюджеттің орындалуы 100,7 пайызды құрады.
2008 жылғы бірінші тоқсандағы бюджеттің шығын бөлігі 87,7 пайызға орындалды, ал өткен жылдың осы кезеңінде бюджеттің орындалуы 92,9 пайызды құрады.
2008 жылғы 11 ақпандағы 2008 жылға арналған мәслихат сессиясында аудандық бюджетті анықтау өткізілді. Жеке меншік кірістің түсімдері 181,5 млн.теңге болса, шығын бөлігі 1018,2 млн.теңгені құрады, білім беруге шығындар 586,3 млн. теңгеге ұлғаяды. Елді мекендердің пункттерін санитарға көгаландыру және жарықтандыруға 7,1 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік тілді оқыту Орталығын ашу үшін әуелі 1,5 млн.теңге бөлінді. Б-Владимировка ауылындағы су құбырларының ЖСҚ-ны дайындауға 15,0 млн.теңге бөлінді, төтенше жағдайлардың алдын-алу және жоюға – 2,9 млн.теңге бөлінді. Нақтырақ айтқанда, аудан бюджеті аудандағы барлық салаларға тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Өткен жылы 2010 жылға дейін ауылды тұрақты дамыту бағдарламасын іске асыру және ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдалану жұмыстарын жүргізу басталған болатын.
2008 жылға арналған бюджет 7,8 млн.теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 млн.теңгеге артық немесе 21,9 пайызды құрайды.
2008 жылы Глуховка, Долон, Семияр, Беген және М-Владимировка ауылдық округтеріне қолдан ұрықтандыру пункттерін ашу үшін ауданның жергілікті бюджетінен 1,5 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінуі жоспарлануда.
2008 жылы «Балке» шаруа қожалығының базасында, Семей қаласының маңында ет және сүт өнімін өндіретін орнын ашу үшін облыстық бюджеттен 18 млн. несие бөлінуіне өтінім берілді.
2008 жылғы ауданның шаруа қожалықтарымен 700 тонна элиталы жерсіндірілген кондиционды «Саратовская-29», «Омская-18» тұқымдарын сатып алу жоспарланып отыр.
2008 жылы құрылымы бойынша көп жылдық екпе шөп 550 га жеткізілуі жоспарлануда. «Сосновское» (Шевцов А.С.) шаруа қожалығында 200 га, «Даулет» (Ахметов Е.М.) -100 га, «Балке» (Токашев О.Н.) -100 га, «Балыкбаев Н» (Балыкбаев Н.А.) -50 га, «Лариса»-100 га.
2007 жылы ауданда 514 га картоп егілді, 2008 жылы егістік алқабын 100 га қосымша ұлғайту жоспарлануда.
2008 жылы «Ас Ай және К» ЖШС-і «Рамодан», «Дружба», «Айгерим», «Айгерим-3», «Мечта» және «Лана» шаруа қожалықтары егістік алқабына барлығы 10 000 тонна органикалық тыңайтқыштарының енгізілуі жоспарлануда.
2008 жылдың бірінші тоқсанында Канонерка ауылдық округінде өндірістік кооперативін ашу жоспарлануда.
2008 жылы ауданның ауылдық округтері Семей қаласында орналасқан «Семей ет комбинаты» АҚ базасымен ет кластеріне кіруге келісім-шарттар жасауды көздеп отыр.
Ауданымызда ауыл шаруашылық несие серіктестігін ашу үшін бір қатар жұмыстар атқарылуда, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның пилоттық жобасына жауап беретін 21 ауыл шаруашылық кәсіпкерлері мүшелікке еніп, 9 млн. 750 мың теңге жарғы қорына жиналды. 2008 жылдың 15 ақпанында құрылтай жиналысы өтіп, қазіргі кезде барлық құжаттары тіркелу үшін Әділет басқармасына тапсырылды.
2008 жылдың бірінші жартысында ауданымызда ауылдық несие серіктестігінің ашылуы жоспарлануда.
Шаруа қожалықтарының санының ұлғаюы да жалғастырылуда, қазіргі уақытта олардың саны-728-ге жетіп отыр.
Кіші кәсіпкерлік субъектілер меншігіне жалпы көлемі 224,8 га, бағалау құны 15838,9 мың теңге болатын 297 жер телімдері берілді, соның ішінде 2008 жылы –жалпы көлемі 0,4174 га бағалау құны 90,8 мың теңге болатын, 2 жер телімі.
ШАҒЫН БИЗНЕС
Өткен жыл кәсіпкерлік саласының дамуына ықпал етті. Салық комитетінің 2007 жылғы 21-ші желтоқсандағы мәліметі бойынша ауданда 1153 бизнес субъектілері тіркеліп, осы саладағы жұмыспен айналысатын халықтардың саны 1836 адам болып отыр. Бір жыл ішінде қосымша 11 сауда объектілері, 1 қызмет көрсету салалары, 2 шағын-наубайхана ашылып, 18 жұмыс орнына ұлғайтылды.
Кәсіпкерлік қызметтерден жергілікті бюджетке түсетін кірістер анағұрлымға өсті. 2007 жылы олардың жалпы салмағы 45,1 млн.теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 61 пайызға артық.
ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
«Бесқарағай ауданының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігімен 2008 жылғы 25 ақпандағы №14 қаулы қабылданды.
Бесқарағай аудандық әкімдігінің «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» ақылы қоғамдық жұмыстар түрлері кеңейтілді;
2008 жылғы 1 тоқсандағы жағдайына жұмысқа орналасуға өтініш білдіргендерден жұмысқа орналасқандар 97 адамды құрайды, олардың 26-ы жастар, 1 тоқсандағы жоспардың орындалу көрсеткіші 155 % құрайды. Аудан бойынша 32 жұмыс орны құрылды, тоқсандағы жоспардың орындалу көрсеткіші 177 % құрайды. Әлеуметтік жұмыс орнына 3 адам жіберілді, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 3 адам қатысады, тоқсандағы жоспардың орындалу көрсеткіштері 200 % құрайды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 146 адам қатысқан, тоқсандағы жоспардың орындалу көрсеткіші 232%.
2008-2009 жылдарында оку жылына аз қамтылған түлектерге қаржылай көмек көрсетіледі, жоғары оқу орнына осы мақсаттарға облыс бюджетінен қаржылай 2483 мың теңге бөлінді.
Оқуға 10 жұмыссыздар жіберілді, тоқсандағы жоспардың орындалу көрсеткіші 133% құрайды.
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
Мектептер мен басқа да білім беру мекемелерін ұстауға бюджеттің екіден үш бөлігі жұмсалады. 2008 жылға арналған бюджеттің шығын бөлігі 586,3 млн.теңгені құрастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 149,8 млн.теңгеге артық немесе 34,3 пайызды құрайды.
Ауданда 27 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде бір мектеп-бақша, 19 орта мектеп.
2008 жылғы 1 наурызда ауданның 16 мектебінде 9-ы және 4-і сыныптарда мемлекеттік аралық бақылау өткізілді. Аудан бойынша орташа балл 9-сыныптар арасында 55,6 балды, 4-сыныптар арасында 16,4 балды құрады.
2008 жылдың 1 тоқсанында 3 аудандық семинар өткізілді: Борас орта мектеп-балабақшасының базасында «Оқу –тәрбиелік үрдісте
ақпараттық технологияларды пайдалану», «Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру»; Кара –Мурза орта мектебінің базасында «Технология пәнінің мұғалімі Т.К.Корневаның озат тәжірибесін талдап қорыту».
Калиновская Ольга экология бойынша олимпиаданың сырттай турына қатысты, жоғары балл жинап, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының экология және география кафедрасының базасында өткізілетін экология бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының іштей II турына өтті.
Ауданымыздың оқушылары бірлескен ұлттар ұйымының және ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен болған қалалық олимпиадаға қатысып, Б-Владимировка орта мектебінің оқушысы Ужогова Алена, Борас балабақшасының оқушысы
Майиндурова Патимат, Канонерка орта мектебінің оқушысы Воронцов Александр жүлделі орындарға ие болды.
Березовка орта мектебінің шет тілі мұғалімі Жунусова Айнур «Шет тілінің үздік ұстазы» облыстық конкурсына қатысты және «Мұғалім-әдіскер» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.
Б-Владимировка орта мектебінің базасында 90 адамды қамтумен тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту жүргізіледі.
Өткен кезенде шаңғы тебу, волейбол, баскетбол бойынша аудандық жарыстар өткізілді, мектептерде үнемі спорттың ойын түрлері бойынша спорттық секциялар жүргізіледі.
2007 жылы Беген орта мектебінің құрылысы басталды, Семияр орта мектебінің құрылысы 2009 жылы басталатын болады.
2008 жылға аудан мектептерін материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен 17,9 млн. теңге бөлінді, трансферттер 16,1 млн. теңге, бірінші тоқсанға 615,2 мың теңге меңгерілді.
2008 жылға Долон орта мектебінде шатыр төбелерін жөндеуге 7,6 мың теңге, Глуховка орта мектебінде мектептің қазандық монтаждарын 13,0 млн. теңге және Белокаменка орта мектебінде қазандықты жөндеу үшін 0,4 млн. теңге жергілікті бюджеттен қаражаттар бөлініп күрделі жөндеу жүргізіледі.
Оқулықтарды алуға және жеткізуге 11,3 млн. теңге бөлінді.
2008 жылғы 18 наурызда аудан бойынша Борас мектебі бақшасында 56 баланы қамтылған 1 мектепке дейінгі мекеме, 250 бала қамтылған 12 мини-орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі біліммен қамту 34 % құрайды.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауданда емдеу-профилактикалық мекемесінің дамыған жүйесі жұмыс істейді, онда 32 дәрігер, 116 орта медициналық қызметкерлер қызмет атқарады, ауруханаларды, ауылдық дәрігерлік мекемелерді қаржыландыру анағұрлымға ұлғайтылды.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша әйелдерді тексеру, 18 жасқа дейінгі балаларды тексеру жүргізілді.
Ауданда аналар мен сәбилердің өлімдері тіркелген жоқ, жұқпалы аурулармен, оның ішінде өкпе ауруымен ауыру анағұрлымға төмендетілді.
МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ КЕҢЕСТІК
Ауданда халықтарды эстетикаға және патриоттыққа тәрбиелеудегі маңызды рөлі мәдениет мекемесінің міндетінде. Ауданда қазіргі уақытта аудандық Мәдениет үйі, 2 клуб, 1 аудандық орталық кітапхана, 15 ауылдық филиалдары жұмыс істейді. Кітаптар қоры жыл сайын толықтырылады және қазіргі уақытта оның саны- 398500 дана болса, мемлекеттік тілдегісі-130485 дананы құрып отыр, мұнан 2006 жылмен салыстырғанда 10129 данаға артқанын байқауға болады.
Ауданда бірінші тоқсан ағымында спорт ардагерлері арасында волейбол бойынша аудандық турнир, аудан әкімінің чемпионат туры, және де Катон Қарағай ауданына волейбол бойынша жолға шығу турнирлері өткізілді, аудан командалары бірінші орын жеңіп алды, оларға Кубок, марапаттаулар және құнды жүлделер берілді.
ӨНДІРІСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
2008 жылы аудандық бюджеттен бір пәтерлі екі тұрғын үй салуға 9,0 млн.теңге, ЖСҚ-ны дайындауға және басқада шығындарға 2,0 млн.теңге бөлінді.
Аудан дамыған жолдар жүйесінде орналасқан, оның ұзындығы 400 шақырым қашықтықтан асады. 2008 жылға жолдарын ағымды жөндеу мен ұстауына 61,6 млн.теңгеден артық бөлінді және ЖСҚ-на – 4,0 млн.теңге.
«Таза су» бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылуда. Биылғы жылы 29 млн.теңге Кривинка ауылының су құбырларының жүйесін қайта құруға бөлініліп, 2008 жылда Бодене ауылының су құбырларының жүйесін қайта құруға жұмыстары жүргізіледі.
2008 жылы Бесқарағай ауылындағы су құбырлары жүйелерін қайта құруға жобалы-сметалық құжаттамалар дайындауға 15,0 млн.теңге бөлінді, және Ново-Николаевка, Мостик ауылындарда су құбырлары жүйелерінің қайта құрылысына жобалы-сметалық құжаттамаларды дайындау жоспарлануда.
Аудан аумағында 36 бастауыш ұйымдарды, 1159 мүшелерін біріктірген «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жұмыс істейді, онда 125 жастар мүшесі бар.
Аудан аумағында 11 мұсылман мешіті, 2 религиялық бірлестіктер және 1 Евангель христиан баптистерінің қоғамы жұмыс істейді. 2008 жылы Б-Владимировка ауылындағы шіркеудің ғимаратын қайта жөндеп, іске қосу жоспарланды.
Насихаттау жұмысы «Бесқарағай тынысы» аудандық газеті арқылы жүргізіледі. Осы газеттің беттерінде Ел Президентінің Жолдауын іске асырылу барысы, ауданның әлеуметтік-экономиялық жетістіктері жөнінде материалдар, азаматтардың пікірлері жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |