2009 жыл
Қаратал селолық округінің әкімі Б.Т.Кенжалинаның округ тұрғындары алдындағы есебі
Құрметті жерлестер!
Бүгінгі күні біз еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікеріміз туралы мақтанышпен айта аламыз.Біздің елімізде экономикалық, әлеуметтік-саяси сала дамып келеді.
Мемлекет басшысының Жарғысына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен алтыншы жыл өткізіліп жүрген есептік кездесулері бізідің еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жандандырудың маңызды элементтерінің бірі болды.Олар атқарушы органдар үшін нағыз емтихан болды, өйткені нақты осы жерде әлеуметтік-экономикалық дамудың күрделі мәселелері тұрғындармен бірге атқарылды.
Бұл үкіметтің халықпен ашық тілдесуі, оның жауаптылығымен және есеп беруді жоғарылатуға ықпал етеді.
2009 жылы аудан әкімінің және селолық округ әкімінің біздің тұрғындарымызбен есептік кездесуінде келесі ұсыныстар мен ескертулер айтылды және бүгінгі күні орындалды;
1.Қаратал селосында көшелерді жарықтандыру, 2009 ж.қыркүйек айында Қаратал көшесінде тұратын, селолық округ аппаратының қызметкерлері әр көшеде өз үйлерінің қасына бір нүкте жарық орнатты.
2.Тұрғындардан мал шаруашылығы өнімдерін сатып алуды ұйымдастыру, 2009 ж. ақпан айында ЖК Тарановпен ауысша келісім жасалды.
3.Округтің ішкі шаруашылық жолдарын қысқы кезенде күтіп ұстауды қамтамасыз ету және жөндеу жұмыстарын жүргізу, өткен жылы қысқы мерзім уақытында барлық шаруашылық жолдар тазаланып отырылды, жолдарды жөндеу жұмыстары жаз уақытында өткізілді.
4.Қысқы кезеңде Высокое селосында малдарды суаруды ұйымдастыру,(Высокое тұрғындарымен бұл сұрақ шешілді).
5. Қоскөл селосында ауыз су құбырына терең сорғыш орнату, 2009 ж. ақпан айында ЖШС «Жер-Ана» басшысы Ерболовтың көмегімен, Қоскөл селосына жаңа терең сорғыш орнатылды, қазіргі уақытта құдық жұмыс істеп тұр.
6. Ботай селосында мектепке дейінгі шағын орталық ашу, бұл сұрақ бойынша Ботай тұрғындарына жазбаша түрде жауап берілді, шағын орталық ашылмайды, өйткені балалардың саны жетіспейді (барлығы 3 бала)
7.Сарыөзек - Қаратал жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, (2009 ж. жаз айларында) жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Округ экономикасында басты сектор агроөнеркәсіптік кешен болып табылады. Біздің округте 6 елді мекен бар, тұрғындар саны 1214 адам. Округ аумағы - 45146 гектар. Селолардың алып жатқан жер алаңы- 5123 гектар. Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін пайдалы жерлер - 33932 гектар. Олардың ішінде егіс алаңдары-12971 гектар, шабындық жерлер – 19665гектар,оның ішінде шөп шабылатын жайылымдар-1242 гектар.
2009 жылы округ бойынша 11228 гектар жер егілді, олардың ішінде «Жер Ана» ЖШС 5791 гектар. «Шаңғал» ЖШС-2033гектар, шаруа қожалықтары 3404 гектар.
Округ бойынша 2009 жылы науқан өнімдері орта есеппен гектарынан 16 центнерден астық алды.
Барлық агро іс-шаралардың сапалы орындалуы техникалық жабдықтырудан тәуелді.
«Шаңғал» ЖШС 2009 жылда қосымша жаңа 5 сеялка 4 млн. теңгеге және 1 химиялық дәрі бүркіш, бағасы 2,5 млн. теңгеге сатып алынды. 2009 жылы жалпы соммасы 6,5 млн. теңге, 2008 жылы 84 млн. теңгеге техника жаңартылды.
«Шанғал» ЖШС, «Жер-Ана» ЖШС, «Рахат» ШҚ, «Айбат» ШҚ, «Жайлау» ШҚ, «Даулет» ШҚ күзгі кезең сайын өз жұмысшыларын отынмен, жем-шөппен қамтамасыз етеді. Мереке күндері зейнеткерлерге және Ұлы отан соғысының ардагерлеріне 3 тоннадан тегін шөп түсіріліп берілді.
Селолық округтің мал шаруашылығы жеке аулаларында дамыған. Округ тұрғындарында ірі қара мал -1800 бас, жылқы -1000 бас, қой және ешкі – 3500 бас, шошқа -150 бас, құстар - 5000 бас өсірілді.
Округте мал ұйірлерін қайта өндіру жұмыстары жүргізіледі. Қаратал, Шаңғал, селоларында 2 жасанды ұрықтаңдыру бөлімшелері бар. Округтің барлық селоларында жеке аулалардағы ірі қара малдарға ветеринарлық тексеру өткізілді, сондай-ақ жоспар бойынша вакцинация жүргізілді.
Біздің тұрғындарымыздың аулаларында малдар және құстар саны өсіп келеді, бұл өз отбасыларын асырап қана қоймай, облыстық және аудандық ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде сатуды қамтамасыз етеді, онда ет, май, сүт және ауыл шаруашылық басқа да азық-түліктер сатылады.
2009 жылы округ бойынша салық жинау және бюджетке басқа да түсімдер бойынша маңызды жұмыстар жүргізілді.
Салықтарды жергілікті бюджетке жинау жоспары 2009 жылы 100 пайызға орындалды.
Округте 6 дүкен жұмыс істейді:Высокое селосында - 1, Шүкірлік селосында - 2, Қаратал селосында - 3, олар халықты азық-түлік өнімдерімен және шаруашылық тауарларымен қамтамасыз етіп отыр.
Өсіп келе жатқан ұрпақтарымызды оқыту және тәрбиелеу үшін селолық округте Қаратал селосында 1 орта мектеп, Шүкірлік селосында 1 негізгі мектеп, Қоскөл және Высокое селоларында 2 бастауыш мектеп бар.
2 мектепте (Шүкірлік және Қаратал) әр сыныптарда компьютер орнатылған.
Біздің округте дене шынықтыру және спортты дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Жастардың спортпен шұғылдануына Қаратал селосында стадион бар: хоккей, футбол, баскетбол алаңы, және 1 спорт зал, Шүкірлік селосында 1 спорт зал бар. Біздің спортшыларымыз аудандық түрлі спорттық іс-шараларға қатысып отырады және сыйлы орындар алады.
Округте 2 кітапхана және 1 клуб бар. Кітап қоры жыл сайын жаңа кітаптармен және әдебиеттермен жаңартылып тұрады.
Округте медициналық қызмет көрсету Қаратал селосындағы 1 селолық дәрігерлік амбулаториясымен , 5 дәрігерлік бөлімшелерде жүзеге асырылады онда 9 дәрігер қыз қызметкерлері жұмыс істейді.
2009 жылы Қаратал селолық округінде бюджеттік қаражаттан 27 аз қамтылған отбасына 585,9 мың теңге соммасында әлеуметтік көмек берілді. Әлеуметтік көмек 18 жасқа дейінгі балаларға көрсетілді, 2009 жылы 88 отбасына 2239,5 мың теңге соммасында төленді. Осымен қатар қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздарға 550,0мың теңге соммасында бюджеттік қаражаттан еңбек ақысы төленді. Жол картасына сәйкес жастар практикасында Қаратал селолық округі аппаратында 2 адам жұмыс істеді, оларған 180,0 теңге төленді .
Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты селолық округте учаскелік инспектор Ж.Т.Мендыбаев жүзеге асырады. Округ селосының тұрғандарының алдында кесте бойынша есеп берді.
Жыл сайын көктемгі-жазғы кезеңдерде селоны көркендіру бойынша, жасылдандыру және санитарлық тазалау бойынша селолық округ тұрғындарының күшімен көшелерді жинау, бағандарды сылау жұмыстары жүргізіледі.
Құрметті жерлестер!
2009 жылы аудан әкімінің және селолық әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуінде айтылған ескертулер мен ұсыныстар өткен жылы орындалды. 2010 жылы жергілікті бюджеттен Қаратал селосын жарықтандыруға 272,0 мың теңге бөлінді.Сонымен қатар ЖШС «Жер-Ана» басқармашылығы да көше жарықтандыруға көңіл бөліп отыр.
Селолық округ жұмыстары тұрғындардың қажеттілігін орындау нәтижесіне көп көңіл бөледі. 2010 жылы біздің селоларымызды көріктендіру бойынша және біздің алдымызда тұрған тапсырмаларды іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |