2009 жыл қаңтар Құрметті шалақындықтар!



Дата22.02.2016
өлшемі240.55 Kb.
#754
Шал ақын ауданының әкімі А.К. Әмриннің аудан тұрғындары алдындағы

ЕСЕБІ

2009 жыл қаңтар
Құрметті шалақындықтар!
Өткен жылды қорытындылаған кезде, біз ең алдымен есте қаларлықтай жайттарды айтып өтеміз. 2008 жыл – біздің мемлекетіміздің астанасы – Астана қаласының 10 жылдығы және оның тәуелсіздігінің 17 жылдығы. «Қазақстан – 2030» Стратегиясын жүзеге асыру жұмысы барысында, ел дамудың жоғары қарқынына қол жеткізді және халықаралық таным алды. Халықаралық танымның рәмізі, экономикалық және тәуелсіз жаңғыруда біздің елдің табысы 2007 жылдың 30 қарашасы 56 ел өкілдерімен бір ауыздан 2010 жылғы ОБСЕ өкілі етіп Қазақстанды сайлау туралы шешімі болды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов өзінің жаңа жылдық құттықтауында айтып өткендей, 2008 жыл біздің облысымыз үшін жарқын және өнімді жыл болды.

Өткен жылда облыс бойынша астықтың жалпы алымы, орташа өнімділігі гектарынан 13,5 ц. болғанда 5 млн. 13 мың тоннаны құрады. Осы табыстың негізі – аграрлықтарды мемлекеттің мықты қолдауы, жаңа өндіру техникасын алу бойынша облыста жүйелі жұмыс, барлық агротехникалық шараларды өткізуде ғылыми ыңғай.

Өнеркәсіпте, құрылыс кешенінде, әлеуметтік салада, шағын және орта бизнесте қайта жаңарудың өрісі мен қарқыны біздің облысымызды елдің динамикалы дамыған аймақтардың бірі болуға мүмкіндік берді.

Облыс ауылшаруашылығы құрылымдарымен 20,6 млрд. теңге сомасына 1693 бірлік жаңа ауылшаруашылығы техникасы алынды. Өңдеу өндірісін дамыту шеңберінде, облыста 200-ден астам өнім түрлерін өндіретін, Тайынша ауданында ірі «Баско» ЖШС ет өндіруші зауытының құрылысы аяқталуда.

Облыста «Қазагрофинанс» АҚ мемлекеттік бағдарламасы бойынша Канада малының 1740 басына «Тайынша Астық» ЖШС қуатты сүт кешені құрылуда.

Осы жылы облыста маңызды мәдени жағдайлар өтті. Ол Елбасы көрген «Абылайхан Резиденциясы» тарихи ескерткішінің ашылуы, сондай-ақ ақын Мағжан Жұмабаевтың 115 жылдық тойы.
Ауыл шаруашылығы

Агроөнеркәсіп кешенінде қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыру жылдары оның тұрақты дамуының жағымды тенденциялары нығайтылды және нәтижесі ретінде өндірістік көрсеткіштері тұрақты өсіп, ауыл тұрғындарының өмір сапасы жақсарды.



Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенінің тиімділігін арттыру міндеті қойылған. Қазақстан тек өзінің негізгі азық-түлік түрлері бойынша қажеттілігін қамтамасыз етіп ғана қоймай, жылдық өнімнің экспорттық потенциалын өсіруі керек.

Дүниежүзілік азық-түлік нарығында қалыптасқан жағдайды ескере отыра, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі барлық мемлекеттердің экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірінде маңызды мәселенің бірі болды.



Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аграрлық саясатының арқасында ауылшаруашылық өндірісі соңғы жылдары өзінің дамуында айтарлықтай қадам жасады.

«Қазақстан 2030» стратегиясын жүзеге асырудағы бірінші онжылдығы экономиканың өсу қарқыны, соның ішінде ауданның экономикалық құрылымының 90 % құрайтын ауыл шаруашылығының озып шығуымен сипатталады.

Мемлекеттік Агроөнеркәсіптік Бағдарламасын және «2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамыту Концепциясын» орындау жылдары ауданның аграрлық секторында айтарлықтай оңтайлы өзгерістер болды.


Ауданның ауылшаруашылығының дамуын сипаттай отыра, қол жеткізген оңтайлы нәтижелер үкімет өткізген мемлекеттік саясаттың дұрыстығын растайтынын атап өткім келеді.

2008 жылы, ауа райының қолайсыз жағдайларына қарамастан, жақсы егін өсіріліп жиналды, аудан бойынша 12,9 ц/га құрады. Алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктерді, жаңа заман технологияларын өндіріске енгізу, жабдықтарды,техникаларды жаңарту, жарамсыз және тыңайған жерлерді игеру осындай нәтижелерге жеткізді. Бұған мемлекеттің елеулі қолдауы мен ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің қайсарлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік.

Мемлекет тауарөндірушілердің жер өндеу мәдениетін көтеріп, жаңа технологиялар енгізуіне, машина-тракторлы паркіне техникалық қайта жарақтандыру жүргізуіне мүдделі. Бұның нәтижесінде ауылшаруашылық өндірісі көлемінің ұлғаюы және тұрақтылығына әсер етеді.

Осы мақсатта ауданның ауылшаруашылық құрылымдарына өткен жылы 189 млн.теңге сомасында материалдық қолдау көрсетілді. Бұл былтырғы жылға қарағанда 39,2 млн. артық, соның ішінде субсидиялар 174,3 млн.теңге, элита тұқымдарының құнын арзандатуға 9,6 млн. тенге, Республикалық бюджеттен аурулар мен қауіпті зиянкестерге қарсы өндеуге 5,1 млн.теңге бөлінді.

«Продкорпорация» АҚ мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын бидайдың бағасын жоғарылатуы (3 классты бидайдың 1 тоннасына 250 доллар )ауылшаруашылық құрылымдарына елеулі қолдау көрсетті.

2008 жылы ауданның жер өңдеушілерімен ауқымды жұмыс өткізілді.

Алаңы 20,6 мың.га тыңайған жерді айналымға енгізу есебінен 2007 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдардың алаңы 17,1 мың га. ұлғайып, 211 мың га құрады( майлы дақылдар 5,7 мың га). Картоп пен көкөніс алаңдары да ұлғайды.Барлығы егістік алаңы 19 мың га ұлғайып, 233,6 мың га жетті.

2009 жылы егістік алаңдарын 242,7 мың га ұлғайту, соның ішінде дәнділерді 220 мың га, әрі қарай өсіру бағдарламасы көзделіп, жүзеге асырылуда. Бұл өсіру 104 % құрайды.

Көктемгі егістік жұмыстары ұйымдастырыла өткізілді.Егу жұмыстары оңтайлы ұсынылған агротехникалық мерзімде жүргізілді. Жұмысқа 330 егу агрегаты, соның ішінде 21 жоғары өнімді егу кешені қатысты.

Ылғалресурсынсақтаушы технологиялар алаңы 71,5 мың га құрады (немесе егістік сынаның 34%), 8,2 мың га алаңда нөлдік технологиямен егістік жүргізілді.

Барлық егілген тұқымдар сорттық, кондициондық және жоғары репродукциялық, оның ішінде 92 %-ы 1 және 2 кластық тұқымды құрайды. Жоспарлы сорт жаңарту және ауыстыруды жүргізу үшін 2008 жылдың астығына 495 тн элиталық тұқым сатып алынып, отырғызылды. Көктем мен жаз басындағы ауа-райының жағдайы аурулар мен зиянкестер, арамшөптердің өсуіне әсер етті. Дәнді дақылдарды гербицидпен химиялық қорғау мақсатында 165,9 мың га жер өңделді немесе 79 % алаңды құрады.Кешенді зиянкестер мен ауруларға қарсы 22,3 га өңделді.

Егістікті жинаумен қатар ауданның агроқұрылымдарында 2009 жыл астығына негіз салу бойынша іс-шаралар өткізілді.

Сүргі алаңдары төрт рет өңделіп, 109 мың га сүргі алаңдары жыртылды,30 мың тн. көлемінде тазартылған және толық талдауға берілген дән толық қажеттілікте құйылды.

Ауданның аграрлық секторының қарқынды даму негізгі бағыттарының бірі техникалық қайта жабдықтау мақсатымен жаңа технологияларды енгізу болып табылады.Бұл мәселелерге ауылшаруашылық кәсіпорындары соңғы жылдары шынайы көңіл бөлуде. Егер соңғы 3 жылда ауданға жаңа техника 840 млн.теңгеге алынса, соның ішінде 2007 жылы 399 млн.теңге болса, 2008 жылы 939,0 млн.теңге. Бұл алдыңғы үш жылға қарағанда 99 млн. теңгеге артық және өткен жылға қарағанда 540 млн теңгеге артық. Барлығы осы жылы 77 бірлік жаңа техника, соның ішінде 11 жаңа заманғы егістік кешендер 22 астық жинайтын комбайн,28 трактор сатып алынды.

Аудан бойынша 272,7 мың.тн. жоғары сапалы дән өндірілді.Бұл жоғары репродукциялық дәндер, дән қалдықтарын толық құюды және мемлекеттік сатып алуға белсенді қатысуға мүмкіндік берді.

Ауданның ауылшаруашылық құрылымдарымен мемлекеттік сатып алу шотына 8208 тн, Республикалық тұрақтандыру қорына 8051 тн, облыстыққа-1939 тн өткізілді.Барлығы 18198 тн құрап,2007 жылға қарағанда 3786 тн артық өткізілді.



Экономиканың аграрлық секторының жетекші саласы мал шаруашылығы болып табылады.Оның тиімді дамуы - тұрғындардың жақсы тұрмысының негізі және негізгі азық-түлікпен қамтамасыз ету болады.

2008 жылдың 1 желтоқсанына шаруашылықтың барлық категориясында 20,4 мың бас ІҚМ,12,1 мың бас шошқа,13,9 мың бас қой мен ешкі,7,4 мың бас жылқы және 98,9 бас құс есептелді.

Мал басының барлық түрлер санының көбеюі байқалып, мал шаруашылығы өнімдерін артық өндіруге мүмкіндік берді. 11 ай ішінде 4,9 мың тн. ет (2007 жылға қарағанда 83 тн артық),31,1 мың тн сүт,8,6 млн.жұмыртқа,43,2 мың тн жүн өндірілді.Тұрғындармен 1,2 тн. ет.2,9 мың тн сүт,4,3 мың бірлік тері және 14,3 тн жүн сатылып, 2007 жылға қарағанда артықшылықты көрсетті.

«2006-2010 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығын дамыту кешенді бағдарламасына » сәйкес ауданда 400 басқа арналған мал шаруашылығы Кешенін құру бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама таза тұқымды жоғары өнімді малды ұстауды және жаңа заманғы батыс техникасы мен технологиясын қолдануды қарастырады. Жобаны ауданда құрылған «Хан Комерц Агро» ЖШС жүзеге асырады. Бұрынғы ремзауытын сатып алып, қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде, 262 млн.теңге игерілді.

Ауданда тұрғындардан мал шаруашылығы өнімдерінің артықшылықтарын сатып алу бағдарламасы жүзеге асырылуда. 25 елді мекенді қамтитын 8 селолық округте «Жігер »АҚ филиалымен сүт сатып алу және жеткізу бойынша 7 айналу маршруты ұйымдастырылды. Одан басқа сүт сатып алу мен жеткізу жұмыстарымен 7 жеке кәсіпкерлік айналысады. Бұл ағымдағы жылы 3060 тн сүтті сатып алуға мүмкіндік берді. Одан 115 тн.сары май,143 тн құрғатылған сүт және 16 тн. ірімшік өндірілді.

Сергеевка қаласының «Шаров» ЖК дайындау конторасы 115 тн етті сатып алып алғашқы өндеу жүргізді, одан басқа малды семірту және өсірумен айналысады.

Ауданда табынды қайта өсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көктемгі-жазғы кезеңде 26 қолдан ұрықтандыру пункті, 50 қолдан шағылыстыру пунктері жұмыс істейді.Бұл пункттерде 1991 ұрғашы бас ұрықтандырылып,2007 жылға қарағанда 822 бас артық ұрықтандырылды.

Ауданның экономикалық аграрлық секторының жағымды нәтижелері және селолық аумақтарды дамыту Аумақтық бағдарламасының іс - шараларын жүзеге асыру ауыл тұрғындарының өмірінің жақсаруына мүмкіндік береді.

2008 жылы аудандық «Селолық аумақтардың дамуы аймақтық Бағдарламасын» жүзеге асыруға 916 млн. теңге бөлінді, соның ішінде Республикалық бюджеттен 455,3 млн теңге, жергілікті бюджеттен 212,7 млн.теңге және өз қаражаттарынан 248 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Өткізілген шаралар нәтижесінде аудан селоларының әлеуметтік - экономикалық дамуының жағымды динамикасы жеткізілді.Бағдарламаны жүзеге асыру жылдары жоғары әлеуетті дамудағы ауыл саны 2 -ден 15-ке дейін өсіп барлық елді мекендердің 34 % құрады.

Сонда да ауданның аграрлық секторының дамытуындағы жағымды динамикасына қарамастан алдыңғы уақытта жұмысты қажет ететін мәселелер де баршылығын ұмытпай атап өту керек. Ол алдымен:

- 2009 жылдың көктемі кезінде егістік жұмыстарға дейін 4,0 мың га.тыңайған жерді игеру;

- тыңайған жерлерді игеру есебінен жалпы егістік алаңын 242,7 мың га. дейін ұлғайту, бұл 2008 жылға қарағанда 9,1 мың га артық, соның ішінде дәнділерді 220 мың га дейін немесе 9 мың га ұлғайту;

- жерөңдеуді көтеру, кем дегенде 110 мың га немесе егістік алаңының 50%-на ылғалресурсын сақтаушы технологиясы бойынша егу жүргізу, нөлдік технология бойынша 10 мың га өңдеу жүргізу;

- гербицидпен өңдеуді кем дегенде 170 мың га алаңда, ауруларға қарсы өңдеуді 30 мың га алаңда жүргізу;

- техникалық қайта жабдықтаудың жағымды динамикасының сақталуында жаңа алдыңғы қатарлы заманауи ауылшаруашылық техникаларды кем дегенде 950 млн.теңгеге сатып алу;



  • - жаңа өндіріс құру және ұсақ тауар өндіруші фермаларды орташа тауар өндірушілерге ауыстыру есебінен ІҚМ санын 20,9 мың га.басқа ,шошқаны 10,8 басқа дейін, қой мен ешкіні 13,5 мың басқа дейін, жылқыны 6,6 мың басқа дейін және құсты 79,9 мың басқа дейін жеткізу;

- малдың тұқымын және өнімділік сапасын жақсарту үшін табынды

қайта өсіру алдыңғы қатарлы әдісі- қолдан ұрықтандыруды, екі жаңа

пункт ашу,табынды қайта өсіру бойынша 5 технолог дярлау. Ұсақ

тұқымы белгісіз ерек таналармен шағылыстырудан алшақ болу;

- малдың сапасы мен санын көбейту 5,4 мың тн. ет,31,6 мың тн сүт, 8,7 млн.жұмыртқа және 36 тн. жүн өндіріп алға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіп

Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының жүзеге асырылуы біздің ауданымыздың экономикасының дамуының басымды бағыттарының бірі болып табылады.

Жалпы аудан өнеркәсібі тұрақты қарқынмен дамуда.

2008 жылдың 11 айы ішінде ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен өткен жылдың тиісті кезеңіне 811,4 млн.теңге немесе 106,2 % соммасына өнім өндірілді, қызмет есебімен өнімнің табиғи көлемінің индексі 87,1 % құрайды.

Жылдың басынан ұн-жарма өндірісі бойынша 2007 жылға сәйкес тиісті 784 т немесе 67,4 % ұн өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда нан пісіру – 677 т немесе 119,2 % құрады.

2007 жылдың тиісті кезеңіне ағымдағы жылдың қаңтар - қараша айлары бойынша газ, су және электроқуатын өндіру және тарату саласында 101,4 % немесе 15,0 млн.кВт электроқуаты өндірілді, 2007 жылға 11144,4 мың.м3 немесе 104,3 % су таратқан, 2007 жылға 28,8 мың г/кал немесе 100,3 % жылу қуаты өндірілген.

Өткен жылғы күзде кеңейтілген Үкімет отырысында Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Бізде экономикада, өнеркәсіпте және энергетикада қолданылмаған көп мүмкіндіктер бар» деді. Біз осыны өз ауданымызда көріп отырмыз. Сондықтан мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында біз осы маңызды саланы кеңейту бойынша барлық мүмкіндіктерін қарастыруға тиістіміз. Бүгінгі таңда электр қуатын, отынды, материалдарды үнемдеу мәселелері туындап отыр. Осы мәселе бойынша облыс әкімі С.С. Біләлов облыс тұрғындарына үндеу салды. Облыстағы индустриалды инновациялық даму стратегиясы өнеркәсіпті көтеру үшін жақсы жағдайлар жасауда. Облыс әкімі өзінің облыс тұрғындарына салған үндеуінде, «Біз электроқуатын үнемдеуге жауапсыздықпен қараудың әрбір жағдайына шыдамсыз қатынас жасауымыз керек. Әрбір жанұяда, мектепке дейінгі, мектеп және жоғары оқу мекемелерінде жүйелі түрде энергия қуатын үнемдеу мәдениетіне дағдыландыруға міндеттіміз» деді.
Кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік мәселесінде барлық көрсеткіштер бойынша пайдалы динамика анықталды. Ауданда өткен жылмен салыстырғанда 1016 немесе 134 % шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет істейді. 2007 жылмен салыстырғанда шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 1984 немесе 129 % адам.

2008 жылдың басында шағын және орта бизнес саласында сауда -сатып алу қызметі бойынша 13 пункт ашылды, 5 пункт – фармацевті тауарларды бөлшектеп сату, 1 ТҚС, тұрғындарға көліктік қызмет көрсету – 8, 1 фотосалон, 6 басқа қызметтер, 2 шаштараз.

Жоспарға сәйкес шағын бизнес саласында 283 немесе 103% қосымша жұмыс орындары құрылды.

2008 жылдың 1 желтоқсан айына «Альянс Кредит» ЖШС несиелік серіктестігімен 118,4 млн.теңге соммасына 33 несие берілді. Несиелік серіктестіктің жарғылық қоры 23,0 млн.теңгені құрайды, қатысушылардың саны 31 адам, өткен жылмен салыстырғанда 59 % жоғары.

Жарғылық капиталы 3,9 млн.теңгені құрайтын «Аю-тас финанс» шағын кәсіпкерлік ұйымымен 15,4 млн.теңге соммасына 37 несие берілді

Кәсіпкерлік қызметін дамыту және мүліктік қолдау көрсету үшін ағымдағы жылы шағын бизнес субъектілеріне 12 объект және 3 093 077 теңге жалпы бағасымен 10,0345 га жер участкісі тапсырылды.

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезекті іс-әрекеттер жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қарашадағы №1039 қаулысына сәйкес ағымдағы жылы кәсіпкерлікті дамыту басымдық бағыттары бойынша шағын бизнес субъектілерін несиелендіру үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Аудан бойынша 338,0 млн.теңге соммасына 22 жоба мақұлданған. Қазіргі уақытта18,2 млн.теңге соммасына 3 жоба банктермен қабылданған, оның ішінде екі жоба 13,24 млн.теңге соммасына несие алды, «Хазари» ЖШС «Негізгі және айналым құралдарын сатып алу» жобасы бойынша 12,0 млн.теңге соммасына және Ғаббасов ҚЖ «Сауда үйінің ғимаратына күрделі жөндеу» жобасы бойынша 1,24 млн. теңге соммасына несие алды.

Әкімшілік кедергілерді жою және кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің жанынан жұмыс тобы құрылды.

«Асылхан Агро» ЖШС жеткізушісі мен «МЮС» ЖШС өндірушісі арасында «Нанға бағаны тұрақтандыру туралы» және «Азия», «Шанхай» және «Сергеевский заготторг» ЖШС көтерме дүкенінің иелері арасында «Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларына бағаның өсуін тұрақтандыру мәселесі бойынша өзара ынтымақтастық туралы» меморандумдарға қол қойылды. Қол қойылған меморандумның негізгі міндеті - ауданда әлеуметтік қолайлы жағдайды құру мақсатында нанға тіркелген бағаны белгілеу.

Тұрақтылық іс-әрекеттерінің жоспарындағы еліміздің Президентінің бес бағыттарының бірі үшінші бағыт болып табылады.Бұл шағын және орта бизнеске қолдау. Аудан бойынша шағын және орта бизнес қызметіне әкімшіліктік араласуды төмендету жөніндегі жұмыс арықарай жалғасатын болады және олардың салалық жабдықтарынан тәуелсіз қаржылық қолдау көрсетіледі.
Тұрғын үй құрылысы

Президент Н.Ә. Назарбаевтың жаңа тұрғын үй саясаты, тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ауданда да тұрғын үй құрылысының дамуына қарқынды серпіліс берді.

Аудан орталығы мен ірі елді мекендердің бас жоспарларының болуы бізге олардың орналасуын, қайта құрылуын тиімді жүргізуге мүмкіндік берді.

Бірақ біз бүгінгі күнге дейін барлық елді мекендердің бас жоспарларының орындалуына селолық округ әкімдерінің жауапкершілікпен қарауына қол жеткізе алмай келеміз.

Баспана енгізу жөніндегі жоспар 2008 жылға 7400 шаршы метрді құрады, олардың ішінен 1300 шаршы метр қосымша қазан айында енгізілді. 2008 жылдың 1 қаңтарында жалпы алаңы 7420 шаршы метр баспана енгізілді, бұл тапсырманың 100,2 % құрайды.

Жалпы алаңы 400 шаршы метр бес бір пәтерлі тұрғын үйлерге бюджеттен 32,2 млн. теңге бөлінді. Құрылыс аяқталды және де ол үйлер пайдалануға берілді. Үйлердің барлығы жас мамандарға, атап айтқанда дәрігерлер мен мәдениет саласының қызметкерлеріне берілді.


Әлеуметтік инфрақұрылым

Автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2008 жылы «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» жолының 30 км күрделі жөндеу жүргізілді, 326 млн теңге игерілді. Аудан бюджетінің қаражаты есебінен Сергеевка қаласына кіретін жолдың 4,0 км жөнделді, 37 млн 350,5 мың теңге игерілді. 3 млн. 928 мың теңге сомасына аудандық маңыздағы «Двойники-Ольгинка-Сухорабовка» жолының 3,7 км орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.

Аудан аумағынан 19 қалааралық автобус бағыттары өтеді, оның ішінде 7 облысішілік, облыс ішіндегі 10 бағыт пен 2 облыс аралықтағы жүретін бағыттар. 8 елді мекенге қызмет көрсететін аудан ішілік бағыттардағы 4 автобус жұмыс істейді. Барлық 45 елді мекеннің 37 немесе 82 % автобус қызметімен қамтылған. Ауданның 33 ауылы мен Сергеевка қаласына көліктік қызмет көрсететін 35 жеке кәсіпкер жұмыс істейді.

Ауданда барлығы 5016 телефон аппараты орнатылды, оның ішінде Сергеевка қаласында – 2483, ауданның ауылдарында 2533. Орнатылған телефондардың жалпы санынан 4522 – тұрғындарға (пәтерлік) және 494 заңды тұлғаларға. Барлық елді мекендермен телефон байланысы бар, халықты телефон байланысымен қамтамасыз ету 62,5 % құрайды.

Аудан орталығында АТС-ның цифрлануы толық көлемде аяқталды.

Ағымдағы жылы одан әрі ауылдардағы денсаулық қорғау нысандарын толықтай телефондандыру, ауылдық жерлермен байланыс қызметін кеңейтуге көңіл бөлінетін болады, ол үшін аудандық бюджеттен қажетті қаражат бөлінді.

«2002-2010 жылдарға арналған ауыз су» салалық бағдарламасын жүзеге асыруда Сергеевка қаласында 25,4 км су құбыры салынды, 67 су таратушы колонка орнатылды, барлық игерілгені 161,9 млн теңге. 8 елді мекенде жергілікті сумен жабдықтау пункті салынды және пайдалануға берілді. Осы бағдарлама бойынша барлығы 169,6 млн. теңге бюджет қаражаты игерілді.

2008 жылы Сергеевка қаласындағы 11 км таратушы желілер құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді, оған облыстық бюджеттен 94 млн. 927 мың теңге бөлінді.

Жыл басынан бері «Перспектива» ЖШС мердігерімен 12,3 км жол салынды, 94,9 млн. теңге немесе 78 % игерілді. Жалтыр ауылында су тазартуымен жергілікті сумен жабдықтау құрылысына Азияның Қайта құру және Даму Банкінен 14 млн. 355 мың теңге бөлінді. Ашық конкурс 2008 жылдың 11 қыркүйегінде өткізілді, «Көкшетаугидрогеология» ЖШС шарт жасалды. Жалтыр ауылында жергілікті сумен жабдықтау құрылысы бойынша 2008 жылдың жоспары орындалды.

2009 жылға келесі нысандар құрылысы мен қайта жаңарту жоспарланған:

1. Ы.Ыбырай селосына магистральді су құбырын бұруды қайта жаңарту – 25,4 млн.теңге;

2. Сергеевка қаласындағы канализациялық насос станциясын қайта жаңарту – 100,0 млн.теңге.

3. Жалтыр селосындағы жерасты суларынан локальді су көздері құрылысын жалғастыру – 7,3 млн.теңге.

Ауданның барлық елді мекендерде электр энергиясы тұрақты беріледі және толық көлемде қамтылған. Аудан орталығы Сергеевка қаласы 8,5 км жарықтандырумен қамтылған, 7 көше жарықтандырылды. 2008 жылы ішінде жарықтандыру жасалды, Бөкетов көшесіне 65 шырағдан, Мұқанов көшесіне 24 шырағдан, демалыс саябағына – 20 шырағдан, Победа саябағына – 8 шырағдан орнатылды, жарықтандырумен 4,3 км қамтылды.


Бюджет

2008 жылға арналған бюджет экономиканың серпінді дамуының барлық өлшемдеріне жауап береді. Аграрлық кешенде, өнеркәсіпте, тұрғын үй құрылысы, орта және шағын бизнесті дамытудағы жоғары нәтижелермен қатар, біз жергілікті бюджетке енгізілетін, өз кірісіміздің нақты өсуіне қол жеткіздік. Соңғы кездері ауданымызда түсімдерді қамтамасыз ету ауданымыздың алғашқы міндеттерінің бірі болғандықтан, бюджетке түсімдер бойынша жоспарлы көрсеткіштер ойдағыдай орындалуда.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары салық қызметімен бірлесе жергілікті бюджет кірісін жоғарылату, олардың субвенциясын кеміту бойынша жұмыстарын жүргізді, салықтық әкімшілендіру бойынша үлкен жұмыс жасалды.

2008 жылы жергілікті бюджетке салықтық түсімдер мен алымдар 297,2 млн. теңгені құрады. Өткен жылда жоспардың орындалуы есебінен ауданның бюджеттік саласын қосымша қаржыландыруға бағытталған, 25 млн. теңгеге аудан бюджетінің 4 нақтылануы өтті.

Экономиканың тұрақты дамуының қарқыны халық өмірінің сапасын бұлжытпай жақсартатын, әлеуметтік қорғау, мәдениет, білім беруді дамыту бойынша ірі әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2008 жылы біздің ауданға 1196,8 млн. теңге трансферттер бөлінді, соның ішінде ағымдағы мақсатты трансферттер – 82 млн. теңге, дамытуға мақсатты трансферттер – 100,5 млн. теңге.

2007 жылға қарағанда шығындар бойынша аудандық бюджет көлемі 1,2 есе жоғарылады және 1376,7 млн. теңгені құрады.

2009 жылға арналған аудан бюджетінің жалпы көлемі 1168840 мың теңгені құрайды, соның ішінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша – 1133174 мың теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына – 35666 мың теңге. 2008 жылдың нақтыланған бюджетімен салыстырғанда азаю – (1376715,6 мың теңге) 207875,5 мың теңге немесе 17,8 % құрайды.

Мүгедектерді сауықтыру және арнайы гигиеналық құралдармен және ым тілі мамандарының қызметімен, мүгедектерді жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес жеке көмекшілермен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 3092 мың теңге бөлу жоспарлануда.

Әлеуметтік қорғау және тұрғындарды жұмыспен қамту

2008 жылы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы аудандық 2008-2010 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға, ҚР Президентінің Жолдауында белгіленген «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» басымдығын орындауға бағытталған.

«2008-2010 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасына» сәйкес 2008 жылы 941 адамды жұмысқа орналастыру, 620 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда, соның ішінде өнеркәсіпке - 27 ж.о., ауыл шаруашылығында - 292 ж.о., экономиканың басқа да саласында - 95 ж.о., жеке кәсіпкерлікке - 206 ж.о., уақытша - 224 ж.о.

Ерекше назар мақсатты топтан аудан тұрғындарын жұмысқа орналастыруға бөлінеді, олардың ішінен 68 адам жұмысқа орналасады. Ауданның шаруашылық субъектілерімен оларға 17 әлеуметтік жұмыс орны ашылатын болады. Кәсіби оқытуға -33 адам бағытталады, квота бойынша - 13 мүгедек жұмысқа орналастырылады.

12 айдың ішінде қосымша жұмыс орындарын ашу бойынша бағдарламалық тапсырма 108 % орындалды, жоспар 941 ж.о. - жасалғаны 1018, 2007 жылмен салыстырғанда 5 % артық (дерек 963 ж.о.) сонымен қатар 688 адам тұрақты жұмыс орнын алды, жоспар 620 немесе 111 % , 2007 жылмен салыстырғанда 0,9 % ға артық (дерек 615 ж.о) 97 жұмыссыздар бұрын ашылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды немесе 100 %, уақытша - 233 немесе 104.0 % , (жоспар - 224 ж.о.).

Есептік кезеңге «Жастар» санатынан 92 адам жұмысқа орналастырылды немесе 9,0 % жұмысқа орналастырылғандардың саны.

Жыл басынан «Мақсаттық топтар» санаты азаматтарынан :

- 135 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, немесе 199 %, отбасында екеуі де жұмыс істемейтіндерің 47 адам 47 отбасы немесе 100.0 % олардан 31 адам тұрақты жұмыс орнына ;

- есептік кезеңге кәсіби оқуға жылдық тапсырмадан 37 адам немесе 112 % жылдық тапсырмадан /33 адам/, 2007 жылмен салыстырғанда 11 адамға артық (26 адам ), игерілгені 100 % (1560,1 мың теңге жылдық бюджетте 1560,1), оқуды 37 адам аяқтады, барлығы жұмысқа орналастырылды.

- әлеуметтік жұмыс орындарына 26 адам жұмысқа орналастырылды немесе 2008 бағдарламалық тапсырмадан 9 адамға артық және 2007 жылмен салыстырғанда 10 адамға артық (16 адам), игерілгені 711,1 мың теңге немесе 100 % .

- есептік кезеңге квота бойынша 108 % (жоспар -13 , дерек -14), 2007 жылмен салыстырғанда 1 адамға артық (жоспар -11 , дерек -13) мүгедектер жұмысқа орналастырылды;

Жыл басы мен есептік кезеңді салыстырғанда жұмыссыздар саны 125 адамға азайды (1034 адам) 909 адамды құрайды .

Жыл басынан жұмыспен қамту уәкілетті органына 307 адам барған, 306 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды немесе жолыққандардың санынан 99,6% .

Қоғамдық жұмыстар есебінен 165 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды немесе жылдық жоспарға 100 %, орташа айлық жалақысы 12,3 мың теңгені құрайды, 2007 жылмен салыстырғанда 0,7 % азайды немесе 151 адам.

Ағымдағы жылдың 12 айында халықты жұмыспен қамту бағдарламалары орындалды :


  • жұмысқа орналастыру бойынша 75 % жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орнына 77.0 % ;

  • жұмыспен қамту уәкілетті органы арқылы жұмысқа орналасқандар 30 %, 30 % ға:

2008 жылдың 12 айна жұмыспен қамту басымды бағдарламасы с/о тарптарында орындалды .

Жұмыссыздықтың деңгейі 0,8 % облыстық көрсеткіш 1,2 %.



Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек

2008 жылдың 1 қаңтарында деректер бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтар 207 отбасы, 730 отбасы мүшелерін құрайды.

2008 жылға АМӘК бюджеттен 15281,0 мың теңге бөлінді, нақтыланған бюджет 13997,0 мың теңге, республикалық бюджет 5648,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 8349,0 мың теңге, жыл басынан 276 отбасына 1009 отбасы мүшелеріне 13997,0 мың теңге сомасында АӘК тағайындалды, 13997,0 мың теңге бөлінді немесе бөлінген бюджет қаражатынан 100 %.

2008 жылдың 1 қаңтарына 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар 3303 мың теңгені, жәрдемақы алушылар 1547 отбасыны құрайды. Жылдық бюджет – 34455,0 мың теңге, олардан: республикалық бюджет 4683,0 мың теңге, жергілікті бюджет 29772,0 мың теңге, жыл басынан 1507 отбасына 3197 балаларға 34455,0 мың теңге сомма тағайындалды, 34455,0 мың теңге бөлінді немесе бөлінген бюджет қаражатынан 100 %.


Білім

Еліміздегі білім жүйесі бүгінгі таңда барлық мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға толық білім беруге мүмкіншілігі бар.

2008-2009 оқу жылдарында аудан мектептеріндегі оқу-тәрбиелік жұмыстарды 684 ұстаз жүзеге асырды. Олардың ішінен 486 жоғары білімділер (71 %). 2008 жылы өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қол жеткізген жетістіктері үшін ауданның 5 ұстазы облыс әкімінің грантымен марапатталды. Ұстаздардың сапалы кадрлық құрамдары оқушыларды бірыңғай ұлттық тестілеуге сапалы дайындалуға мүмкіншілік береді.

Кешенді тестілеуге 149 оқушы немесе түлектердің 63,4 % қатысты. Олардың ішінен қазақ тілінде – 59, орыс тілінде – 90. БҰТ нәтижелері бойынша біздің аудан облыстың селолық аудандарының ішінен 3 орынды иеленді. Президент өзінің Қазақстан халқына 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауында «Мектепке дейінгі білім жүйесіне аса назар аудару қажет екендігін» атап айтты. 5 жылда ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының желісі 8 бірлікке, сонымен қатар 2008 жылы 3 бірлікке ұлғайды. 2003 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар құрамы 260 балаға ұлғаюда және 25,3 % құрады (облыстық көрсеткіш – 34 %). МТБ нығайту мақсатында «Бөбек» балабақшасына автокөлік сатып алынды. 2009 жылы біз мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу ұйымдары желілерінің арықарай дамуына жұмыс істейміз. Білім ұйымдары желілерінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативтерінің сақталуына және өткен жылы селолық мектептердің таратылуына байланысты ауданда 2 Новопокров және Октябрь ОМ мектеп жанындағы интернаттар ашылды. Олар үшін «Газель» автокөлігі сатып алынды.

Білім ұйымдарының материалды-техникалық базаларын нығайту жоспарлы түрде өткізілуде. 2008 жылы 7 физика кабинеті, 3 лингофонды-мультимедиялық кабинет, 75 компьютер техникалары сатып алынды. 32921,1 мың теңге сомасына 9 білім мекемелеріне күрделі жөндеу өткізілді, 6 мектепке қазандықтар сатып алынды.

2009 жылы жалпы білім мектептерінің материалды-техникалық базаларын нығайту бойынша 4 биология кабинеттерін және 3 мультимедия кабинеттерін сатып алу арқылы жұмыс жалғасатын болады. Мүгедек балаларға қолдау көрсету үшін түзету кабинетін ашу жоспарлануда. Аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетуге жалпыоқыту қорынан білім бюджетінің 3 % қаражаты бөлінетін болады.


Денсаулық сақтау

ҚР денсаулық сақтауды реформалау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасы алғашы медициналық көмекті дамыту мен стационарлық көмекті жетілдіру, медицина қызметінің сапасын жоғарылату жолдарымен халық денсаулығын жақсартуды көздейді.

Осы мақсаттарды орындау үшін негізгі мәселелердің бірін шешу қажет:

- ауданға дәрігерлер кадрларын тарту.

2008 жылы біздің ауданымызға 6 дәрігерлер кадрлары келді. Оларға 200 мың теңге көлемінде көтермеақы төленді. Төрт дәрігерлерге жаңадан салынған үйлерден үй берілді және біріне Мира 103 көшесіндегі көппәтерлі үйден берілді. Осыған қарамастан, аудан бойынша 14 дәрігерлер кадрлары жетіспейді. Кадрларды тарту жұмыстары жалғасатын болады.

2008 жылы 20 млн.400 мың теңге сомасына туу бөлімшесі мен қабылдау бөлмесіне, Октябрь және Новопокров дәрігерлік амбулаторияларына күрделі жөндеу өткізілді. Городецк, Қаратал, Кривощеков дәрігерлік амбулаториялары үшін төрт жедел медициналық көмек машиналары сатып алынды, 5 медициналық пунктілер телефондандырылды.

Аудандық емхананың материалды-техникалық базасын нығайту үшін 2008 жылы 2 млн.533,8 мың теңге бөлінді. Қолдау қорының қаражатына және ауданның әлеуметтік құрылымының жақсаруына көмек көрсетуде паталогоанатом корпусын қалпына келтіру жұмысы басталды.

2009 жылы ОАА тағамблогының каналдық желілеріне күрделі жөндеу өткізу жоспарлануда. Денсаулық сақтау облысындағы ауданның оң нәтижелері:

- 1,1 есеге туудың өсуі:

- туберкулез ауруы деңгейінің төмендеуі;

- 2,5 есеге вирусты гепатит ауруы деңгейінің төмендеуі.
Спорт

Ауданда денешынықтыру және спортты дамыту жөніндегі барлық жұмыстар «2007-2011жылдарға арналған ҚР денешынықтыру және спортты дамыту Мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі.

Шал ақын ауданында 72 спорт ғимараты: Сергеевка қаласында 1 стадион, 25 спорт залдары, 24 хоккей корттары бар.

Хоккей корттарына құрылысы бойынша жүргізілген жұмыстарға байланысты, спорт ғимараттарының саны бір жылдың ішінде 21бірлікке жетті.

Ауданда 396 оқушы шұғылданатын БЖСМ (балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі), 50 дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істейді. 133 спорт секцияларында оқып, шұғылданатындардың саны 2056 адамды құрайды. 2008 жылдың қорытындысы бойынша біздің ауданымыздың командасы ересектер арасындағы 26 облыстық жарыстарға қатысты.

Салауатты өмір салтын және оқушыларды жаппай спортпен шұғылдануға тарту мақсатында 2008 жылы ауданда балалар мен жасөспірімдердің физикалық клубы ашылды. Клубта 34 топ құрылған.

Спорт түрінің бірі ретінде, күрестің дамуы үшін, Сергеевка қаласындағы Е. Бөкетов атындағы мектеп-гимназия жанынан күрес залы өз жұмысын бастады, 414 мың теңге сомасына күрес үшін кілем (мат) сатылып алынды.

Спорт саласын дамытуға 2008 жылы 1638 мың теңге бөлінді, бұл 2007 жылға қарағанда 1,3 артық.


Мәдениет

Біздің ауданымызда бірден бір ірі мәдениет ұйымдарының саны бар. Ол өзіне 60 нысанды қосады, оның ішінде мемлекеттік – 59.

Тарихи - өлкетану мұражайы ауданымыздың мақтанышы болып табылады. Республикамыздың ауылдық жерлеріндегі мұражайлар арасындағы ең жақсысы. Мұражайдың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 2008 жылы облыстық бюджеттен 1 млн. 325 мың теңге бөлінді.

Ауданда мәдениетті дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2008 жылы аудандық Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары жалғастырылды. Дискозал қайта қалпына келтірілді, қазандығына жөндеу жұмысы жасалды. Аудандық Мәдениет үйі облыстық іс шаралардың бәріне ат салысады.

АМҮ (аудандық мәдениет үйінің) қызмет ұстауын жақсарту мақсатында 2009 жылы қосымша 2 штаттық бірлік және костюмдер сатып алуға 500 мың теңге бөлу жоспарлануда. 2008 жылы күрделі жөндеуден үш ауылдық мәдениет ошақтарының, атап айтқанда Кривощеково, Новопокровка және Крещенка селоларының клубтары өтті, бұл ауылдық мәдениетті қолдауға қосылған зор үлес болды.

2008 жылы аудандық кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 666,3 мың теңге бөлінді. Ауданның мемлекеттік кітапханаларының кітап қоры 204789 дананы құрайды. Кітаптар, оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар 61855 дана. 2007 жылмен салыстарғанда кітап қоры 9614 данаға артты.


Қылмыс

Ауданда қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу Бағдарламасының негізінде құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз етуде жоспарлы және жүйелі жұмыс жалғасуда.

Маскүнемдік пен есірткі, қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. 2008 жылдың ағымында қылмыстық жағдай толығымен тұрақты қалпында қалды.

Ауданда кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша, нашақорлық пен есірткі бизнесі, қылмысқа қарсы күрес бойынша ведомствоаралық комиссия қызмет етеді.

Әрбір елді мекендерде құрылған қоғамдық кеңестер мен учаскелік полиция инспекторларының жұмысына ерекше көңіл бөлінеді.

2008 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында құқық қорғау органдарымен 67 қылмыс тіркелді, 2007 жылға қарағанда 84. Жалпы қылмысты ашу 96,1 % құрайды, 2007 жылға қарағанда 94,6 %.




Құрметті жерлестер!
2008 жылдың 13-қазанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің және Ұлттық банктің бес басымдылық мен тұрақтылық іс-әрекеттерін анықтады және белгіледі «ең маңызды мәселе - бұл әлемдік қаржылық жүйеде қысқартуды жою шартында әрі қарай экономикалық өсуін қолдау». Біз үшін Президенттің Үкіметке және Әкімдерге берген екінші тапсырмасы маңызды болып табылады, онда тұрақтандыру бағдарламасы аясында орындарда аумақтық және қосымша қаржы салымы бағдарламаларын іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамту және түрлі қосымша кірістерді көтеру бойынша шаралар ойластыру.

Дағдарыс кезінде ауданның атқарушы органдарының күші жаңа жұмыс орындарын құру және сақтап қалуға, аудан тұрғындарының нақты кірістерін қолдауға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалады.

Мемлекет жылдамдатылған ауқымды жобаларын шығара отыра орта кіріс деңгейіндегі кәсіпкерлер туралы да естен шығармайды, өйткені елдің экономикалық дамуы шағын және орта бизнестің оның ішкі-жалпы өнімінде.

2008-2009 жылдары ауданда нанға бағаны тұрақтандыру мақсатында 3092 тн. бидай астығы көлемінде тұрақтылық қоры құрылған. «Азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары бағалардың өсуін тұрақтандыру сұрақтары бойынша өзара ынтымақтастығы туралы» көтерме дүкендердің иелерімен меморандум бекітілді және «Нан бағасының тұрақтандырылуы туралы» «МЮС» ЖШС өндірушісімен және «Асылхан-Агро» ЖШС жабдықтаушысымен меморандум бекітілді. Меморандумның екінші бабында «Нан бағасының тұрақтандырылуы туралы» негізгі тапсырмасы ауданда қолайлы әлеуметтік жағдай жасау мақсатында, аудан тұрғындарына бөлшектік саудада нанды 48 теңге бағасы бойынша сату, өндірушілерге өткізетін нанға қойылған бағаны орнату болып табылады. Бидай ұнының 1-ші сортына 1кг үшін 60 теңгеге қойылды.

Болашақта 2009 жылы тұрақтандыру бағдарламасы аясында ұсақ тас және әк тас өндіру, пилорама жұмысы, ағаш көмірі өндірісі, газбен пісіру жұмыстарына қызмет беру, жиһаздар өндірісін кеңейтуді ұйымдастыру, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету бойынша тігін цехының жұмысы, монша, кір жуу, тұрмыстық техникаларды жөндеу жұмыстары ұйымдастырылатын болады, бұлармен қатар пилорама және балық өнімдері мен балық өңдеу цехтарын қайта қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.

2008 жылдың 16 желтоқсанындағы Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыста Президент былай деді: «Мен сол жылдарды еске аламын, өйткені біз 90-ы жылдардағы дағдарыстарды жеңіп қана қоймай, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алдыңғы қатарға шықтық»



Біз қазіргі қиыншылықтардан да күшті әрі ұйымшыл болып шығатынымызға сенімдімін. Ескертетінім, біздің ішкі экономикалық мәселелеріміз бүгінде әлемдегі қаржы дағдарысымен тығыз байланыста және біздің келешегіміз болып танылмайды. Одан көптеген елдер зардап шекті. Дағдарыстан шығу да бүкіл әлемде экономиканың қалыптасуының оң нәтижесінде болады. Дағдарыстар көпке созылмайды. Сондықтан да әлемде экономикалық даму болашақта тез болады, солардың қатарында біздің елдің де экономикасының дамуы өседі деп сенемін. Елбасымыздың бұл айтқан сөздері әрбір қазақстандықтың, соның ішінде шал ақындықтардың санасына келешекке деген зор сенімін ұялатады.

Біз қол жеткізген әлеуметтік жағдайларымызды қорғауға барлық шараларды қолданамыз. 2009 жылы біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр және біз оларды шешеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет