Аягөз ауданы әкімінің жыл сайынға есеп беру жиналысының қысқаша қорытындысы



Дата23.02.2016
өлшемі45.68 Kb.
#4847
Аягөз ауданы әкімінің жыл сайынға есеп беру жиналысының қысқаша қорытындысы

Аудан экономикасында агроөнеркәсіп кешенінің алатын орны жоғары. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2010 жылы 8208,9 млн. теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімінің нақты индексі 5,8%-ға артты. Өсімдік шаруашылығы бойынша 1303,5 млн. теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда нақты индексі 3,7%-ға, мал шаруашылығы бойынша 6905,4 млн. теңгені құрап, нақты индексі 6,5%-ға артты.

2011 жылдың 1 қаңтарына барлық категориядағы шаруашылықтарда ірі қара 60782 бас, оның ішінде аналығы 28009, қой мен ешкі – 270264 бас, жылқы – 19226 бас, құс – 30372 бас. 2010 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ірі қара 12,1%-ға кемісе, қой мен ешкі 0,9%-ға, жылқы 2,8%-ға, құс саны 8,1%-ға артқан.

2010 жылғы көктемгі егіске және күзгі егін ору науқанын өткізуге жанар–жағар майға бөлінген 11,7 млн.теңге субсидияның 6,9 млн.теңгесі игерілді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттен 41,5 млн. теңге квота бөлініп, 19,3 млн. теңгесі игерілді. Асыл тұқымды мал сатуда мемлекеттен субсидия ретінде қой шаруашылығына 15,7 млн. теңге алынды. Аудан бойынша 5 мал сою пункттері мен 21 мал сою алаңдары жұмыс жасап, халыққа қызмет көрсетуде. 2011 жылға Аягөз қаласы мен 15 ауылдық округте арнайы мал қорымын салуға аудандық бюджеттен 15,4 млн. теңге қаражат бөлінді.

2010 жылдың қортындысы бойынша аудан өнеркәсіптері бойынша қолданыстағы бағамен 3943,9 млн.теңгенің тауарлық өнімдері өндіріліп, 2009 жылмен салыстырғанда 153,4 млн. теңгеге артты немесе 104% құрады.

Өткен жылдың қараша айына дейін жалпы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда «Қамқор Вагон» ЖШС-нің «Аягөз вагон жөндеу депосы» филиалында және «Теміржолжылу-Аягөз» ЖШС-інде жұмыс көлемі азайғандықтан төмен болып келді. Осыған қарамастан, тіркеуде тұрып, есептері өткізілмеген кейбір кіші кәсіпкерлік саласындағы кәсіпорындар анықталып, есептерін статистика басқармасына уақтылы өткізіп отырулары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өндіріс көлемі артып, 2010 жылға берілген жоспар-тапсырманың деңгейінен жоғарылады.

2010 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1414,8 млн.теңгені құрады. Бұл 2009 жылдың деңгейіне қатысты 116,8% немесе 203,5 млн. теңгеге артық. Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымында республикалық бюджет қаражаты – 462,3 млн. теңге, жергілікті бюджет – 238,5 млн. теңге, жеке қаражат – 714 млн. теңгені құрайды. Жеке қаражат есебінен 2010 жылы «Керемет» сауда үйі, «Тау Самал» мейрамханасы сияқты нысандар айналымға енгізілді. 2011 жылы барлық деңгейдегі бюджеттер қаражатынан 1245,9 млн. теңге инвестиция жоспарлануда.

2010 жылы тіркеуде тұрған шағын кәсіпорындар саны 111 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 65, белсенділері 57 немесе 51,4%-ды құрады немесе бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 13,6% жоғары. 2010 жылдың басынан бері «ҚазМұнайГаз» ЖЖМ орталығы, «Алихан» қонақ үйі, «Т-Клаб» бильярд клубы, «Айдана» наубайханасы, балалар ролик тебетін алаң, «Тау Самал» мейрамханасы, «Ажарлы» сұлулық салоны, «Шұғыла» балалар ойын-сауық орталығы ашылды.

Аудан экономикасының тұрақты дамуы, шығарылатын өнім мөлшерінің көбеюі, жаңа жұмыс орындарының құрылуы және бұрынғы жұмыс орындарының қайта жаңартылуы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға бірден-бір себепкер болды. 2010 жылы жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2% болып, өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға азайды. 2011 жылдың 1 қаңтарына ресми жұмыссыздық деңгейі 0,7% құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеді. Жыл бойы 1843 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.Қайта оқыту, мамандандыруға 130 жұмыссызды оқуға жіберу жоспарланып, 116,2%-ға орындалды (151 адам жолдама алды). Орташа айлық жалақы орта есеппен 55 678 теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 10,5%-ға өсті.

Ауданның орта білім жүйесінде 50 білім беру мектебі, 4 балабақша, 1 өнер мектебі және 1 ақпараттандыру орталығы бар. Оның ішінде: 35-і орта мектеп, 15-сі шағын комплектілі бастауыш. 2010 жылы аудан бойынша 0-6 жасқа дейінгі бала саны - 9408, оның ішінде: 2-4 жас аралығындағы бала саны - 4655, мұның ішінде балабақшамен және шағын орталықпен қамтылғаны – 1774, бұл 2-4 жас аралығындағы балалардың 38,1%-н құрайды. 5-6 жастағы 2412 бала мектепалды даярлықпен 100% қамтылып, 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,4%-ға жоғарылады. 2010 жылы аудан бойынша ҰБТ-ге қатысқан оқушылар саны 826 болып, орташа балл – 84 болды.

Алғаш анықталған науқастардың ішінде туберкулез ауруымен ауыратындар саны 2010 жылы 81 адам немесе 2009 жылға қатысты 89%-ды құрады. 2009 жылы 1 ана өлімі тіркелсе (Ақтоғай кентінде), өткен жылы ана өлімі жағдайы тіркелмеген. 12 айда 32 сәби өлімі болса, 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 22 сәбиге кеміген. Жыл басынан бері дүниеге келген сәбилер саны 1659, 2009 жылға қатысты 90,2% құрады немесе 181 сәбиге кем. Халықтың табиғи өсуі 1187 адамды құрады. 1000 туылғанға туудың жалпы коэффициенті 22,2-ні құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 2,4-ке кем, ал 1000 адамға өлімнің жалпы коэффициенті 6,3-ті құрап, 2010 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 0,2-ге кем. «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес 2011 жылы аудандық орталық аурухана, Мамырсу, Айғыз ауылдық округтеріндегі аурухана ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 156,5 млн. теңге қарастырылды.

«Жол картасы» бағдарлама негізінде 34 жоба құрылды, 500 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, нақты 517 адам жұмыс орындарына орналасты. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 354 жұмыссыз орналасты. Бағдарлама бойынша барлығы 456,1 млн.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде: республикалық бюджеттен 311,5 млн.теңге, облыстық бюджеттен 13 млн. теңге, аудандық бюджеттен 131,6 млн.теңге. 2011 жылдың 1 қаңтарына 436,6 млн. теңгесі немесе 96,9%-ы игерілді. Оның ішінде: білім саласы бойынша мектептерді жөндеуге 116 млн. теңге, Қопа, Қосағаш, Бидайық, Қарағаш ауылдық округтеріндегі мәдениет үйлерін жөндеуге 17,9 млн. теңге, қаладағы Ә.Тәңірбергенұлы және Б.Момышұлы атындағы көшелерді жөндеуге 138 млн. теңге, Майлин, Емелтау ауылдарындағы су жүйелерін жөндеуге 100,6 млн. теңге, қаладағы аудандық аурухана мен Баршатас ауылындағы ауруханаларды жөндеуге 50,6 млн. теңге, қаладағы политехникалық колледж ғимаратын ағымдағы жөндеуге 5,2 млн. теңге және балалар психоневрологиялық емдеу мекемесіне 8,3 млн. теңге көлемінде жұмыстар жүргізіліп, қаржылар игерілді. «Әлеуметтік жұмыс орындарын» ұйымдастыру үшін (80 адамға) 2010 жылға республикалық бюджеттен 9,6 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 26 мекемеге 92 ресми жұмыссыз адамдар жіберілді. Жастар іс-тәжірибесіне 45 адам жіберілді, жоспардағыдан 10 адамға артық. 2010 жылға республикалық бюджеттен 4,2 млн.теңге бөлініп, 100% игерілді.

2011 жылдың 1 қаңтарына ауданның шаруашылық жүргізуші субьектілерінен 1310,6 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 101,7%–н құрады. Жыл басынан бері 1149,1 млн.теңге субвенция, 111,9 млн.теңге даму трансферттері және 638,5 млн.теңге ағымдағы трансферттер алынды. 2010 жылға аудан бюджетінің түсімдері 3760011,5 мың теңгеге, оның ішінде жергілікті жерден түсетін кірістер жоспардағы 1288674,0 мың теңге орнына бюджетке 1310586,2 мың теңге түсті немесе 101,7% орындалды. Сондай-ақ, осы жылдағы субвенция көлемі 1149088,0 мың теңге, нысаналы трансферттер 750445,1 мың теңге, заңнаманың қабылдануына байланысты ысырапты өтеуге арналған трансферттер 494870,0 мың теңге, бюджеттік кредиттер 3561,0 мың теңге, бюджет қаражатының бос қалдықтары 51461,2 мың теңге. Орта мерзімді кезеңде бюджеттің әлеуметтік бағытталуы сақталған және шығыстарды жоспарлауда негізгі басымдық әлеуметтік қолдау және білім саласы болып табылады, бұл аудан бюджетінің 68%-ын құрайды. Аудан бюджетінің көлеміне байланысты 2011 жылға барлық салалар бойынша мекемелердің қызметін қамтамасыз ету үшін ең қажетті деген мақсаттарға назар аударылды.


 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет