2009 жылдың 4 айы ішінде Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары



Дата06.07.2016
өлшемі49.97 Kb.
#181175
2009 жылдың 4 айы ішінде Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Бюджет. 2009 жылдың 4 айы ішінде аудан бюджетіне түскен салықтар мен басқа да төлемдер 61,4 млн. теңгені немесе 116,0 пайызға орындалып, 2008 жылмен салыстырғанда 58,9 млн. теңгені немесе 103,4 пайызды құрады.
2009 жылдың 4 айы ішінде аудан бюджеті кіріс жағынан 400,9 млн.теңгені құрап, жоспар 102,2 пайызға орындалды, 2008 жылдың осы кезеңінде бюджеттің кірісі 311,4 млн.теңгеге немесе жоспар 100,7 пайызға орындалды.
2009 жылдың 4 айы ішінде аудан бюджетінің шығыс бөлігі 360,7 млн. теңгеге немесе 90,6 пайызға орындалды, ал 2008 жылдың осы кезеңінде – 271,7 млн. теңгені немесе 86,4 пайызды құраған.

Өнеркәсіп. 2009 жылдың 4 айы ішінде өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 19,8 млн. теңгені құраса, ал нақты индекс көлемі 102,0 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы. 2009 жылдың 4 айы ішінде ауыл шаруашылық өнімдерінің түсімі 635,6 млн. теңгені құрады. Өнімнің жалпы түсімі бір адамға шаққанда 18,2 мың теңгені құрайды.
Аудан бойынша 2009 жылдың 1 мамырына ірі қара малдың саны - 42 508, қой мен ешкінің саны - 60 954, жылқының саны - 7 199, құстың саны - 29 244 және шошқаның саны - 3 941 тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда ірі қара мал-101,6 пайызға, қой мен ешкі – 106,0 пайызға, жылқы- 108,2 пайызға, құс-103,6 пайызға, шошқа -77,6 пайызға өсті.
2009 жылдың 4 айы ішінде ауданның барлық шаруашылықтарының санатында мал және құстың еттерін тірідей салмақта жүзеге асыру 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда: ет -101,0 пайызды, сүт -104,3 пайызды, жұмыртқа -98,4 пайызды құрады.

Шағын бизнес. Бүгінгі таңда ауданда 154 дүкендер, 44 дүңгіршектер, 31 қоғамдық тамақтану нысандары, 35 тұрмыстық қызмет көрсету және басқа да кәсіпкерлік нысандар жұмыс істейді.
Аудан бойынша кәсіпкерліктің дамуына 80 шағын бизнес субъектілерінен несие алуға өтініштер түсті. Бүгінгі танда «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 10 шағын кәсіпкерлер 3700,0 мың теңге несие алды.

Инвестициялық қызмет. Глуховка орта мектебінің қазандығын қайта жаңартуға аудандық бюджеттен 18,0 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мало-Владимировка орта мектебі мен Семеновка орта мектептерінің қазандықтарының жобалау-сметалық құжаттамасын дайындауға – 4,0 млн. теңге бөлініп, оның 3,2 млн. теңгесі немесе 82,1 пайызы игерілді және конкурстар өтуде. Саябақ құрылысына - 6,0 млн. теңге бөлініп, оның 414,0 мың теңгесі жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға игерілді. Канонерка және Ново-Николаевка ауылдарындағы клубтарын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен – 27,4 млн. теңге бөлінді, жобалау-сметалық құжаттары дайын, мамыр айынан бастап жөндеу жұмыстарын жүргізілуі жоспарлануда.
118 шақырымды Семей-Долон-Бесқарағай-Сосновка-Қоянбай автомобиль жолдарының құбырларын қайта жаңартуға - 2,5 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік көп салалы коммуналдық кәсіпорнының жарғылық капиталын құруға және өсіруге 8,4 млн. теңге бөлініп, оның 8,4 млн. теңгесі игерілді немесе 100,0 пайыз.

Білім беру. Ауданда 26 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 1 мектеп-бақша, 19 орта, 3 негізгі және 4 бастауыш орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер білікті кадрлармен іріктелінген, олардың арасында өздерінің білімдерін кеңінен қолданып, еңбек етіп жүрген шеберлері аз емес.
Ауданда Беген ауылындағы жаңа мектеп пайдалануға берілді. 2010 жылы республикалық бюджет есебінен Семияр орта мектебінің құрылысы жоспарлануда.
2009 жылы аудан мектептерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға жергілікті бюджеттен 17,7 млн.теңге бөлініп, орындалу 47,5 пайызды құрайды, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда орындалу 1,8 пайызды құрайды.
Ауданның барлық мектептері Интернет жүйесіне кіре алады.
2009 жылы Большая-Владимировка орта мектебінің жылыту жүйелеріне күрделі жөндеуге - 25,0 млн.теңге бөлініп, конкурсқа құжаттарын дайындау үстінде.

Денсаулық сақтау. Ауданның медициналық қызмет көрсетуі 51 керуетті аудандық орталық ауруханамен, 10 дәрігерлік амбулаториялармен, 20 фельдшерлік-акушерлік және фельдшерлік пункттермен іске асырылады. Ауданда барлығы 51 ауруханалық керуеттер бар.
2009 жылдың 4 айы ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының дәрі-дәрмектеріне – 4,8 млн. теңге бөлінді, тамақтандыруға 1180,4 мың теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді.

Әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы.
2009 жылдың 4 айы ішінде ақылы қоғамық жұмыстарға 182 адам тартылып, жоспардың орындалуы 71,4 пайызды, бөлінген ақша қаражаттары –
4190,0 мың теңгені құрады. 2008 жылдың осы кезеңінде 179 адам тартылды немесе 71,6 пайыз.
Шаштараз, газоэлектросварщик, аспазшы және оператор мамандығы бойынша 9 жұмыссыз оқытылды. Оқулары: «Отан» РСОО, «Болашақ» ПТШ және Құрылыс колледжі оқу орындарында өтті. 2009 жылдың 4 айы ішіндегі жоспары бойынша жұмыссыздарды оқыту бағыты 46,7 пайызға, 2008 жылмен салыстырғанда 50,0 % орындалды.
2009 жылдың 4 айы ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмеке 4350,0 мың теңге, тұрғын үй көмегіне – 291,0 мың теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж ететін азаматтарға әлеуметтік көмекке 350,0 мың теңге бөлінді.
Үйде тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 1647,0 мың теңге бөлінді.
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыға 5709,0 мың теңге бөлінді.
2009 жылдың 4 айы ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 186 адам өтініш білдіріп, барлығы жұмыссыз ретінде тіркелді. 2009 жылдың 4 айы ішінде 90 жұмыссыздар жұмысқа орналасты, жоспардың орындалуы 36 пайызды құрады. 2008 жылдың 4 айы ішінде 178 адам өтініш білдіріп, 108 адам жұмысқа орналасты, жоспардың орындалуы – 40,0 пайызды құраған.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 4 адам қатысты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 4 адам жіберіліп, олардың 1-і жұмысқа орналасты.
2008 жылдың 4 айы ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 4 адам жіберіліп, 3-і жұмысқа орналасқан.

Қоғамдық-саяси жағдай. Ауданда қоғамдық-саяси жағдай көрсетілген кезең ішінде тұрақты.
Ауданда барлығы 14 діни бірлестіктер, оның ішінде 11 мұсылмандық мешіттер, 2 православие шіркеуі, 1 інжілдік христиан баптистер жұмыс істейді.
Ұлттық-мәдениет орталықтары, ардагерлер кеңесі, әйелдер, ақсақалдар алқасы тұрақтылықты сақтауда үлкен үлестерін қосуда.
Ауданда халықтарды эстетикалық және патриоттыққа тәрбиелеудегі маңызды рөлі мәдениет мекемесінің міндетінде.
Ауданда қазіргі уақытта 1 аудандық Мәдениет үйі, 2 клуб, 1 аудандық орталық кітапхана, 15 ауылдық филиалдар жұмыс істейді

Өндірістік инфрақұрылыс және коммуникация. Мемлекет соңғы жылдары орман шаруашылығын қалпына келтіруге үлкен қолдау көрсетуде. Оның тұрақты құрылымы құрылды, қаржыландыру, материалды-техникалық
жабдықтау ұлғайды, орман күзетінің штаты қалпына келтірілді. Биылғы жылы қажеттілікті ескере отырып, өрт сөндірудің 5 тірек пункттерін ұстау үшін аудандық бюджетке 6,0 млн. теңге бөлінді.
Атқарушы, құқық қорғау органдары өрттерді болдырмауды алдын алу мақсатында қосымша ұзақ мерзімді шаралар қабылдауда.
Ауданның үш жылдық кезеңіне қолданыстағы және қаралып жатқан мемлекеттік бағдарламалар кесіндісіне басымдық бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімі әзірленіп, бекітілді, оған 5,0 млрд. теңге қаражаттар жоспарланған.
Семияр ауылдық округі бойынша 2000 гектар суармалы жерлерді игеру жоспарлануда.
2009 жылға ауылдық округтердің елді мекендерін жарықтандыруға 7465,0 мың теңге бөлініп, 2009 жылға 4 айы ішінде игерілуі 39,6 пайызды құрайды, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,7 млн. теңге бөлініп, игерілуі 43,6 пайызды құрады. 2009 жылға санитариямен қамтамасыз етуге 2821,0 мың теңге бөлініп, 2009 жылдың 4 айы ішінде игерілуі 39,4 пайызды құрады, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 млн. теңге бөлініп, орындалуы 44,6 пайызды құрайды. 2009 жылға елді мекендерді көріктендіру мен көгалдандыруға 2149,0 мың теңге бөлініп, 2009 жылдың 4 айы ішінде 36,2 пайызға игерілді, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9 млн. теңге бөлініп, орындалуы 47,4 пайызды құрады.
Ауылдық округтердің әкімдерімен әрбір ауылды дамытуға арналған іс-әрекет жоспарлары құрылған, осы жоспарлар бекітіліп, жылдық қорытындылары бойынша олардың орындалуы бақылауға алынған.
«Жол картасы» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 26195,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 5342,0 мың теңге бөлініп,
188 қосымша жұмыс орындарының ашылуы жоспарлануда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет