Арал аудандық орталық ауруханасы бойынша 2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет



Дата26.02.2016
өлшемі32 Kb.
#27404
Арал аудандық орталық ауруханасы бойынша 2015 жылдың

9 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
Халыққа медициналық көмек көрсету мақсатында есепті мерзімде аудандық орталық ауруханаға қарасты аудандық емхана, перзентхана, жүйке аурулар диспансері, жедел жәрдем стансасы, 3 ауылдық емхана, 11 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушерлік пункт, 38 медициналық пункт қызмет жасады.

Ауданда 124 дәрігер, 585 орта буынды медициналық қызметкерлері бар. Ауылдық емханалар мен дәрігерлік амбулаториялар бастапқы медициналық -санитарлық көмек және аудандық емхананың дәрігерлері мамандандырылған медициналық көмектің 25 түрі бойынша , аудандық орталық ауруханада 7 бөлімше тәулік бойы мамандандырылған стационарлық қызмет көрсетеді .

2015 жылдың 9 айында амбулаториялық – емханалық мекемелерге барлығы 285116 тұрғын келіп қаралды. Олардың науқас себепті қаралғандары 131139, алдын ала медициналық тексеруден өткендері-102623. Үйге барып қызмет көрсету 37554 болды. Аудан бойынша күндізгі стационарда емделіп шыққандар саны 2747 адам.

Есепті кезеңде жылжымалы медициналық кешен аудан бойынша 21 елді мекеннің 22237 халқына медициналық тексеру жұмыстарын жүргізіп, анықталған науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетті.

2014жылдың 9 айымен салыстырғанда есеп мерзімде 1 жасқа дейінгі балалар өлімі 2,8 %0, жалпы өлім жітім 0,9%0 көбейген, 3-ана өлімі тіркелді. Жүрек қан тамыры ауруынан қайтыс болғандар саны былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 31 адамға көбейіп отыр, ал өкпе ауырынан былтырғы жылмен салыстырғанда бір деңгейде.

2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында амбулаториялық жағдайда науқас түрлеріне қарай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде халыққа бастапқы медициналық - санитарлық және мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. Амбулаториялық деңгейде ауру түрлеріне қарай тиісті тұрғындар тегін дәрі дәрмекпен қамтамасыз етілді және 0-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, халықтың мақсатты топтары аурудың 10 нозологиялық түрі бойынша скринингтік тексеруден өтті.



ДСӘДМ-нің ақпараттық жүйесі бойынша ЭРДБ, ЭРСБ , РПН, БГ, ИСЛО, СПКН, РБЖФВ АПП порталдары мен жұмыстар атқарылды.
ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың нысаналы индикаторлары бойынша атқарылған жұмыстың көрсеткіштер:

  1. Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 2014 жылы 69,0, 2015 жылы 70,0 жасты құрады.

  2. Ана өлім жітім көрсеткіші: 2014жылы-0, 2015жылы- 3 (226,1%000)

  3. Нәресте өлім-жітім көрсеткіші 1000 тірі туылғанға шаққанда 2014 жылы- 10 (7,7%0), 2015 жылы -14 (10,5%0) құрады.

  4. Жалпы өлім жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2014 -276 (3,6%0), 2015 жылы -346 (4,5%0) болды.

  5. Туберкулезбен аурушаңдық 100 000 тұрғынға шаққанда 2014 жылы -58 (76,8) , 2015 жылы-49 (64,4) болып отыр.

  6. 15-49 жасқа дейінгі халықтың арасында АИТВ инфекциясының таралуы 2014 жылы да 2015 жылы да болған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет