2009 жылғы ақпандағы
Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылғы ақпандағы инфляция деңгейі 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда 1,1%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 0,8%-ға (1,9%) төмен.
ТБИ (тұтыну бағалар индексі) құрылымында 2009 жылдың ақпан қорытындысы бойынша баға өсімінің көш басында 2008 жылғы желтоқсанына 1,4%-ға қымбаттаған азық-түлік емес тауарлары болды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2%), сонымен қатар 1,4%-ға өскен ақылы қызметтер (1,3%). Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,8%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,0%-ға төмен (2,8%).
2009 жылғы ақпандағы инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанына қарағанда және тұтыну бағалары индексін құрайтын бағаның өсуі пайызбен
Азық-түлік тауарларында өткен айда алкогольді ішімдіктер – 6%, темекі өнімдері – 6%, алкогольсіз сусындар – 4,4%, жемістер мен көкіністер – 3,4%, қант – 1,9%, балық және теңіз өнімдері – 1,8%, сүт өнімдері – 1,5% бағасында едәуір өсуі байқалды. Күнбағыс майы – 16,7%, май және тоң май –
8,8%, жұмыртқа – 3,4%, ұн – 3,0%, күріш – 0,8%, нан – 0,6%, жарма – 0,5%, бағасында төмендеуі орын алды.
Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде жуатын-тазалайтын құралдары – 10,1%-ға, жеке гигиена тауарлары – 6,9%-ға, дәрі-дәрмектер – 5,6%-ға. Бензин – 8,5%-ға, дизелдік отын және сұйытылған газ әрқайсысы 4,6%-ға төмендеген.
Ақылы қызметтер құрамында пошта қызметі – 50,1%-ға, телефон және факсимильдік байланыс қызметтері – 7,3%-ға, құқықтық қызметтер – 6,8%-ға, қоқыс жинау тарифтері – 4,8%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстау – 3,6%-ға бағасы едәуір деңгейде өскен. Қонақ үйлер және мейрамханалар қызметтері – 3,2%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі –2,6%-ға, мединциналық қызмет көрсету – 2,7%-ға қымбаттаған. Электр энергиясы – 1,7%, үлестіру желілері бойынша тасымалданатын газ – 1,2%, көлік қызметтері – 0,4% бағасында төмендеуі орын алды.
2007-2008 жылдардағы инфляция деңгейі өткен айға қарағанда, %
2009 жылғы қаңтар-ақпанда инфляция деңгейінің орташажылдық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2008 жылғы қаңтар-ақпанына 8,7%-бен салыстырғанда 18,8%-ды құрады.
Тұтыну тауарлары мен қызметтерге баға өзгеруі,
өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен, өсуі
Өңірлік бөлігінде 2009 жылғы ақпанда 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген көрсеткіші Павлодар (1,5%), Қызылорда (1,3%) облыстары және Алматы (1,9%) мен Астана (1,4%) қалаларында қалыптасты.
2008 жылдың желтоқсанына қарағанда
2009 жылғы ақпандағы өңірлер бөлігінде инфляция деңгейі
------- – орташареспубликалық деңгей – 1,1%
Достарыңызбен бөлісу: |