200г 10 дық ерітінді дайындау үшін неше грамм ас тұзы және су қажет?



Дата10.06.2022
өлшемі22.8 Kb.
#459080
ерітінді есеп


1 – есеп 200г 10 % – дық ерітінді дайындау үшін неше грамм ас тұзы және су қажет?


Шешуі:
NaCI = 200 ∙ 0,1 = 20 г.
m н2о = 200 – 20 = 180 г.
Жауабы: 20 г NaCI, 180 г H2O.


2 – есеп 100г 10 % – дық NаСI мен 300г 10 % – дық NаСI ерітіндісі араластырылды, алынған ерітінді неше пайыздық болады?
Шешуі:
mNaCI = 100 · 0,2 = 30 г.
mNaCI = 300 · 0,1 = 30 г.
Таза тұз = 30 + 30 = 60 г.
400г ( бәрі )————— 100%
60г NaCI —————- X
X = 60 · 100/400 = 15 %.
Жауабы: 15 %.
3 –есеп 300г 20 % KNO3, 200 г 10 % KNO3, және 500 г 10 % NaCI ерітінділері араластырылды, ерітіндідегі калий нитраты және натрий хлориді неше пайыз болады?
Шешуі: mерітінді = 300 г + 200 г + 500 г = 1000 г.
m KNO3 = 300 ∙ 0,2 + 200 ∙ 0,1 = 80 г.
1000г ( бәрі ) ————- 100 %
80г KNO3 ————–Х %
Х = 80 · 100/1000 = 8 %.
mHCI (бәрі) = d · V мл = 1,17 · 100 = 117г.
mNaCI = 500 · 0,1 = 50 г.
1000г ( бәрі ) ————- 100 %
50г NaCI ————–Х %
Х = 50 · 100/1000 = 5 %.
Жауабы: 8 % KNO3, 5 % NaCI.


4 – есеп 100 мл, тығыздығы d = 1,17 г/ мл, 33,46 % – дық HCI – дың ерітіндісіне 400 мл H20 қосылды, ерітінді неше пайыз болады?
Шешуі: mH20 = d · V = 1 · 400 = 400 г.
d н2о = 1 г/ мл.
mHCI (бәрі) = d · V мл = 1,17 · 100 = 117г.
mHCI (тазасы) = С% · d · V мл = 0,3346 · 1,17 · 100 = 39,15 грамм.
ерітінді = 117 + 400 = 517 г
517 г (бәрі) ————– 100 %
39,15 г HCI ————— X
X = 39,15 · 100 / 517 = 7,57 %.
Жауабы: 7,57%.
5 – есеп 200 мл, d = 1,14 г/мл, 27,66 % -ті C6H12Oерітіндісіне, 200 мл, d = 1,02 г/мл 4,13 % ті C6H12O6, 200 мл, d = 1,18 г/мл, 35,39 % -ті C6H12Oерітінділері қосылды, алынған ерітінді неше пайыздық болады?
Шешуі:
mC6H12O6 = d · V = 1,14 · 200 = 228 г.
mC6H12O6 = d · V = 1,02 · 200 = 204 г.
mC6H12O6 = d · V = 1,18 · 200 = 236 г.
mC6H12O6(бәрі) = 228 + 204 + 236 = 668 грамм.
mC6H12O6(тазасы) = С % · d · V = 0,2766 · 1,14 · 200 = 63,06

mC6H12O6(тазасы) = С% · d · V = 0,0413 · 1,02 ·200=8,43


mC6H12O6(тазасы) = С% · d · V = 0,3539 · 1,18 · 200 = 83,52
mC6H12O6(тазасы бәрі) = 63,06 + 8,43 + 83,52 = 155,01 г
668 г(бәрі) ————-100%
155,01 C6H12O——— X
X = 155,01 · 100/668 = 23,21 %.
Жауабы: 23,21 %.


6 –есеп 200мл d = 1,03 г/мл,6,15 % -ті НСI –ға 100 мл,d =1,06, 7,4 % -ті КОН қосылды, түзілген тұз неше пайыз болады, неше грамм НСI артып қалады,ол неше пайыз болып қалады?
Шешуі: mHCI (тазасы ) =С % · d · V = 0,0615 · 1,03 · 100 = 6,335.
nHCI = m/М = 6,335/36,5 = 0, 1735 моль.
mКОН тазасы = С % · d · V = 0,074 · 1,06 · 100 = 7,844 г.
nКОН = m/M = 7,844 / 56 = 0, 1400 моль.
nHCI = 0,1735 · 0, 1400 = 0, 0335 моль көп екен.
mКОН = n · m = 0,0335 · 36,5 = 1, 223 г.
Есепті қоспаның азына есептейміз, 0, 1400моль KCI түзіледі.
НСI + KOH = KCI + H2O .
mKCI = 0,14 · 74,5 =10,43 г.
mбәрі = d · V = 1,03 · 100 = 103 г.
mбәрі = d · V = 1,06 · 100 = 106 г.
mбәрі = 103 + 106 = 209 г.
209 г (бәрі) ————- 100 %
10, 43 KCI —————- Х % Х = 10,43 · 100 / 209 =4, 99 %
209 г (бәрі) ————– 100 %
1, 223 г HCI —————- Х % Х = 1,223 · 100 /209 = 0,585 %
Жауабы: 4, 99 % KCI. 1,223 г НСI. 0, 585 % – дық.
7 – есеп Глюкозаның 10 % -дық ерітіндісінен, 100 г суды буландырылғанда ерітінді 20 % -дық болды, алғашқы ерітінді неше грамм болған?
Шешуі: 0,1 Х = ( Х – 100 )· 0,2
0,1Х = 0,2Х – 20
20 = 0,1Х
Х = 20/0,1 = 200 г (10 %). Жауабы: 200 г (10 %).
8 – есеп. 400 г 20% – дық глюкоза ерітіндісін дайындау үшін 40 % -дық және 10 % – дық глюкоза ерітіндісінен неше граммнан қажет?
Шешуі: 0,4Х + (400 – Х) · 0,1 = 400 · 0,2
0,4 Х + 40 – 0,1Х = 80 0,3Х = 40 Х = 40/0,3 =133,33 г ( 40% )
m10% = 400 – 133,33 = 266,67 г (10%) ерітінді қажет. Жауабы: 266,67 г (10%)
   9 – есеп. 400 г 60 %- дық ерітіндіден неше грамм 20 % – дық ерітінді дайындауға болады?
Шешуі: Масса мен пайыз бір – біріне кері пропорциональ екенін есепке алу қажет,
m/ m2 = C2%/C1% m1 = 400 · 60 / 20 = 1200 г.
Жауабы: 1200 г.
10 – есеп. Өсімдіктің үстіңгі бөлігінде 80 % cу бар, жер асты бөлігінде 70 % су бар, егер өсімдіктің үстіңгі бөлігі жер асты бөлімінен 6 есе ауыр болса жалпы өсімдікте неше пайыз су бар?
Шешуі: Өсімдіктегі жалпы судың мөлшерін х деп, жер астындағы массасы m деп, онда үстіңгі бөлімі 6m болады.
Теңдеу түзсек:
1 – тәсіл 1m · 0,70 + 6m · 0,80 = 7mх
1 · 0,7 + 6 · 0,8 = 7х
х = 0,7 + 4,8 / 7 = 0,7857 немесе 78,57 %
Жауабы: 0,7857 немесе 78,57 %
2 – тәсіл 1 + 6 = 7 Өсімдік массасын шартты түрде 100 г деп алсақ:
7 г —————– 100%
1 г —————– Х х = 100 · 1/7 = 14,29 %
100% – 14,29 = 85,71 %
mН2О = 0,7 · 0,1429 + 0,8 · 0,8571 = 0,1 + 0,6857 = 0, 7857 немесе 78,57%. Жауабы: 0,7857 немесе 78,57 %
11 – есеп. 20 % – дық ерітінді дайындау ушін 100 г Na2CO· 10 H2O – ды неше грамм суда еріту қажет?
Шешу: Тұздың құрамында су бар, соны есепке алу қажет.
Мr (Na2CO3) = 106. Mr (Na2CO3 · 10 Н2О) = 286.
106г (Na2CO3) ——————— 20%
286г(Na2CO· 10 Н2О) ———————— Х % Х = 286 · 20 / 106 = 53,96 %
mH2O = 100 – 53,96 = 46,04 H2O
46,04 H2O ———- 53,96г (Na2CO3 · 10 Н2О)
Х ——————— 100 г (Na2CO3 · 10 Н2О) Х = 46,04 · 100 / 53,96 = 85,32г Н2О.
Жауабы: 85,32г Н2О.
12 –есеп 40%-дық ерітінді алу қажет болса 284 г Р2Оті неше грамм суда еріту қажет?
Шешуі: Р2О+ 3Н2О = 2 Н3РО Мr(P2O5) = 142 Мr(H3PO4) = 98.
142 г —————-196 г
284 г ________ Х г Х = 284 г · 196 / 142 = 392 г Н3РО4.
ерітінді = 392/0.4 = 980. mH20 = 980 · 284 = 696 мл Н2О
Жауабы: 696 мл Н2О.
13-есеп 8,78% -дық NaOH – тың ерітіндісін алу ушін 1 литр суда неше грамм натрий металын еріту қажет ?
Шешуі: 2Na + 2НОН = 2NaОН + Н2
46 г Na ————– 2г Н2
Х г Na ————- Х г Н2 Х = 2Х / 46 грамм Н2
( 1000 + Х – 2Х / 46 ) · 0,0878 = Х / 46 · 80
( 46000 + 46 Х – -2Х ) · 0,0878 = 80 Х
4038,8 + 4,039 Х + 0,1756Х = 80 Х
4038, 8 = 75,7864 Х Х = 53, 29 г Na.
Жауабы: 53, 29 Na.
Өз бетімен шығаруға арналған есептер
№ 1. 500 г суға 20 г қант қосылғанда ерітінді неше пайызды болады?
№ 2. 1000 г суға 80 г қант қосылғанда ерітіндідегі С12Н22О11 массалық үлесін анықтаңдар ?
№ 3. 1000 г суға 120 г сірке қышқылы СН3СООН қосылғанда ерітінді неше пайыз болады?
№ 4. 1000 г суда неше грамм натрий ерітілгенде, NaOH тың ерітіндідегі масса үлесі 1 % болады ?
№ 5. 100 г 10 % дық NaCI ерітіндісіне 400 г 40% – дық NaCI ерітіндісі қосылғанда ерітіндідегі натрий хлоридінің масса үлесі нешеге тең?
 № 6. 200 г 20% – дық және 300 г 40 % – дық глюкоза ерітінділері араластырылды. Ерітіндідегі С6Н12О6 – ның массалық үлесін анықтаңдар?
 № 7.400 г 10% -дық және 600 г 20 % – дық С12Н22О11 ерітінділері араластырылды. Ерітіндідегі С12Н22О11 –дің масса үлесі нешеге тең?
№ 8. 10% – дық ерітінді дайындау үшін 800 г суда неше грамм Na2CO3 · 10 Н2О –ны еріту қажет?
№ 9. Қанттың 20 % -дық ерітіндісінен 100 г су буландырылғанда 24 %-дық ерітінді алынды. Алғашқы ерітінді неше грамм болған ?
№ 10. 200 г 91 %- дық СН3СООН – та неше грамм ( СН3СО)2О –ны еріткенде сусыз сірке қышқылын алуға болады?
№ 11. 320 г 16 % -дық тұз ерітіндісінен 80 г суды буландырылғанда ерітінді неше пайыздық болады?
№12. 100 мл (d = 1,15 г/мл) 30,14 % НСI мен 100 мл ( d = 1,19 г/мл ) 38,32 % НСI ерітінділері араласқаннан соң, ерітінді неше пайыздық болады?
№ 13. 200 мл d =1(,06 г/мл ) 10,97 % -дық және 100 мл ( d = 1,2 г/мл ) 32,94 % -дық азот қышқылдары араластырылды. Ерітіндідегі қышқылдың массалық үлесін анықтаңдар ?
№14. 20 % NaNO3 –тың ерітіндісінде натрийдың массалық үлесі нешеге тең ?
№ 15. 1000 грамм суда 2,4 л Н2S ерітілсе ерітінді неше пайыздық болады ?
№ 16. 500 мл 0,2 моль/л КОН ерітіндісінде неше грамм калий бар ?
Жауаптары:
№1. 3,85 %. № 2. 7,41 . № 3.10,71% № 4. 5,78 % № 5. 34. №6. 32.
№7. 16. №8. 295,6 г. № 9. 500 г. № 10. 102 г. № 11. 21,33 % № 12. 34,3 %
№ 13. 18,91. № 14. 5,41. № 15. 0,36 % № 16. 16 г.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет