Географиялыќ есептер



бет1/8
Дата12.11.2022
өлшемі245 Kb.
#464674
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
ЕСЕПТЕР


Географиялық
есептер
Кіріспе.
Көптеген мектептерде география пәнінен сабақ беру барысында мұғалімдер географиялық есептерді өте сирек пайдаланады. Ал географиялық есептердің оқушының теориялық білімін тереңдетуде маңызы зор. Осы орайда география курсының әр түрлі саласынан есептер құрастырып, ұсынып отырмыз. Сыныптар бойынша география сабағында көптеген есептер шығаруға болады. Мысалы:

  1. Азимутты анықтау;

  2. Масштаб пен қашықтықты анықтау;

  3. Биіктікті анықтау;

  4. Географиялық координаталарды анықтау;

  5. Судың тереңдігін анықтау;

  6. Атмосфералық қысымды анықтау;

  7. Ауа температурасын, тәуліктік, айлық, жылдық орташа температураны анықтау;

  8. Салыстырмалы ылғалдылықты анықтау;

  9. Желдің жылдамдығы мен бағытын пайдалана отырып, жел өрнегін салу;

  10. Масштабты пайдана отырып, өзеннің ұзындығын, су жинау алабының ауданын, суайырық сызығының ұзындығын, көлдің ауданын, терңдігін анықтау;

  11. Халық санын, тығыздығын, жастық, жыныстық, ұлттық құрамын анықтау;

  12. Сағаттық белдеулер картасын пайдалана отырып, белгілі бір жердің уақытын анықтау;


Азимутты анықтауға:
Бейтаныс жерде жолды дәл тауып жүру үшін компасты дұрыс пайдалана білу керек екенін бәріміз білеміз. Көкжиектің негізгі және аралық тұстары бағытты тек тұспалдап қана білдіре алады. Ал компастың көмегімен жүретін жолды дәлме-дәл анықтауға болады. Ол үшін компаспен азимутты өлшейді.
Азимут дегеніміз - белгілі-бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады. Азимут компастың магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0 0 – тан 360 0 – қа дейін өлшенеді. 0 0 - солтүстік
90 0 - шығыс
180 0 - оңтүстік
270 0 - батыс
1 е с е п
Сызба-нұсқаның азимуттарын анықтау керек:



2 е с е п
Біз мектептен үйге қайту үшін 90 0 азимут боынша 300м, 150 0 азимут бойынша 170м, 210 0 азимут бойынша 100м және 60 0 азимут бойынша 400м жүріп өту керекпіз. Үйге қайтар жолды сызба түрінде көрсет. Масштабы: 1см = 100м.

300 : 100 = 3 см 170 : 100 = 1,7 см


100 : 100 = 1 см 400 : 100 = 4 см



Жер бетінде өлшенген кез-келген қашықтық қағазға әлденеше есе кішірейтілген түрде түсірілетіні бәрімізге белгілі. Ол үшін біз масштабты пайдаланамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет