2010 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6717,9 млн теңге (оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 1257,2 млн теңге, мал шаруашылығында – 5460,7 млн теңге) болды, бұл өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 4,3% артық. Аудан көлемінде 2010 жылы 11771,4 тонна ет, 38402,5 тонна сүт, 3598,6 мың дана жұмыртқа, 251,9 тонна жүн өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 17,4%-ға, сүт 4,0%-ға, жұмыртқа 1,7% - ға, жүн 9%-ға артты. Ірі қара саны 59805 басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда (59989 бас) 99,7% болды, немесе 184 басқа аз, оның ішінде сиыр 2157 басқа өсіп (10,5%-ға), 22603 бас (2009 ж. – 20446 бас) болды. Жылқы 12344 бас болып, өткен жылмен салыстырғанда (11274 бас) 9,5%-ға көбейді, немесе 1070 басқа артты. Қой-ешкі саны 129866 бас болып, өткен жылғыдан (147495 бас) 12%-ға кеміп кеткен. Құстар саны 38838 басқа жетіп, өткен мерзіммен салыстырғанда (32628 бас) 19%-ға артты.
Ауданның мал шаруашылығын дамытуға эпизоотияға қарсы іс-шаралар атқаруға 39,6 млн. теңге, өсімдік саласын дамыту үшін көктемгі және күзгі жиын терінге 7 млн. 545 мың теңге бөлінді, оның сыртында республикалық бюджет есебінен 4,7 мың гектар алқапқа жемір және саяқ шегірткеге, 3 мың гектар жерге кекіреге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары толық жүргізілді. Кендірлік плотинасын қалпына келтіруге республикалық бюджеттен барлығы – 467,4 млн. теңгенің қаражаты бөлініп, игерілуде.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізуді субсидиялау бойынша ауданға 2010 жылға 22,8 млн теңге бөлініп игерілді.
Өнеркәсіп
2010 жылы Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары 1720,6 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылмен (1801,8 млн теңге) салыстырғанда 4,5%-ға немесе 81,2 млн теңгеге кем. Табиғи көлем индексі 95,5% болды. Себебі, минералды су өндіру 216,5 мың литрден 144,4 мың литрге немесе 33,2 пайызға, алкоголсыз сусындар өндіру 152,4 мың литрден 88,4 мың литрге немесе 42,0 пайызға, тауарлы бетон өндіру 22410 тоннадан 12852 тоннаға дейін төмендеген. Жоғарыдағы көрсеткіштердің орындалмауы әр түрлі себептермен, оның ішінде өндіріс орындарына жүргізілген жөндеу, жабдықтау, өнімге сұраныстың төмендеуімен түсіндіріледі.
Шағын кәсіпкерлік
Тіркелген шағын және орта кәсіпорындар саны - 66, өткен жылғыдан 1 кәсіпорынға кем, жұмыс істеп тұрғандарының саны 37, былтырғы жылы 36 болған. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үлесі 2009 жылғы 53,7%-дан 56,1%-ға дейін өсті. Оның ішінде белсенді кәсіпорындар үлесі 2009 жылғы 41,8%-ден 2010 жылы 47%-ға өсті (31 кәсіпорын).
2010 жылы барлық шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінен түскен салық 332 млн 345 мың теңгені құрап, бұл 2009 жылмен (298 млн 108 мың теңге) салыстырғанда 111,5%-ға артты.
Инвестициялар
2010 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3205,5 млн. теңге болды, өткен жылы инвестиция көлемі 2394,2 млн. теңге болған, биылғы жылы инвестиция көлемі 811,3 млн теңгеге артқан, немесе 26,7%.
Бюджет
Зайсан ауданы бойынша 2010 жылғы түсімдер жоспары 2 млрд. 384,9 млн. теңге, орындалғаны 2 млрд. 393,2 млн. теңге немесе 100,5 пайызды құрайды. Шығындар жоспары 2 млрд. 384,9 млн. теңге, орындалғаны 2 млрд. 384,6 млн. теңге немесе 100 пайызды құрайды
Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 419,3 млн. теңге, орындалғаны 431,2 млн теңге немесе 102,8%.
Орташа еңбекақы 47637 теңге, бұл өткен жылғыдан (39653 теңге) 20,1% артық.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру
Жұмыс іздеуші ретінде жыл басынан 1054 адам (2009 – 1077 адам) келді. Жыл басынан тіркелген жұмыссыздар саны 626 адам (2009 – 647 адам), 1 қаңтарға тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 160 адамды (2009 – 195 адам) құрады.
Есепті мерзімде 855 адам (2009 – 901 адам) жұмысқа орналастырылды.
Жаңадан 224 жұмыс орны (2009 – 222 орын) ашылды немесе жылдық жоспар (150 орын) 149,3% орындалды. Жастар іс – тәжірибесіне 11 жұмыссыз (2009 – 8 жұмыссыз) қатысты.
Әлеуметтік көмектерге (атаулы көмек, балалар жәрдемақысы, тұрғын үй көмегі т.б.) 121,4 млн теңге төленді.
Ең төменгі күнкөріс шегінен төмен тұратын адамдар саны 2280 болып, сәйкес мерзімдегіден (2448 адам) 6,8%-ға азайды.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі өткен жылғы сәйкес мерзім деңгейінен 101,8% құрады. Барлығы 5329 ш.м. үй берілді, бұл былтырғыдан (5233 ш.м.) 96 ш.м. артық.
Білім саласы
Зайсан ауданы бойынша мектеп жасына дейінгі 1969 баланың 400-і 5 мектепке дейінгі мекемеде, 1109-ы мектеп жанындағы шағын орталықтарда, бұл барлық баланың 76,6 пайызын құрап отыр. 2010 жылы 8 орта мектеп / Кеңсай, Абай, Амангелді, Шілікті, Қазақстан, Айнабұлақ, Мүкарама, Қаратал/ жанынан ашылған орталықтар кеңейтіліп, 140 орынды 8 топ, №1 балабақшада 50 орынды 2 топ қосымша ашылды, Қаратал, Сартерек ауылдарынан 75 орынды 2 жеке меншік балабақша ашылды.
Мектептердің материалдық базасын нығайтуға аудандық бюджеттен 13190 мың теңге бөлініп, оған 2 дәрігерлік кабинеті, 3 автомашина, оқушыларды тасымалдауға автобус, шағын орталыққа жиһаздар алынды. Республикалық бюджеттен 11078,0 мың теңге бөлініп, 2 мультимедиа кабинеті алынды. Оқулықтарға 11339,0 мың теңге, оның ішінде 4052,0 мың теңгеге «Өзін-өзі тану» пәнінің оқулықтары алынды.
Жалпыға бірдей білім беру қорына 2009 жылы 21180,0 мың тенге бөлінсе, 2010 жылы 18251,0 мың тенге, яғни 2 пайыз бөлінді.
Ауданда 6439 оқушының 5510-не мектеп асханалары арқылы ыстық тамақ ұйымдастырылған, бұл 85,5 пайыз, оның ішінде 1-4 сыныптардың 2396 оқушысы 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Облыс әкімінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы №1/54 «оқушыларға ыстық тамақпен қосып бал беру туралы» хаттамалық тапсырмасының 2.4 пунктіне сәйкес әр балаға 20 граммнан ыстық тамақпен қоса аптасына төрт рет бал беріледі.
Тетра Пак «Мектептегі сүт» бағдарламасы бойынша –әр балаға 10 граммнан ыстық тамақпен қоса шай, ботқаға қосып аптасына үш рет сүт беріледі.
Аудан мектептерін бітірген 595 түлектің Ұлттық бірыңғай тестілеуге 574-і (96%-ы) қатысты. Аудан бойынша орташа балл-85,2 болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,1 балға артық.
29 мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлеріне жергілікті бюджеттен 794,0 мың теңге бөлініп, 1840 бала сауықтырылды.
Қала сыртындағы сауықтыру лагері ұйымдастырылып, 360 бала демалды. Жазғы каникул уақытында балаларды мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне қамту биылғы жылы 35%-ды (өткен жылы 32%) құрады.
Денсаулық сақтау
Аудандағы 2 аурухана, 8 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 бөлімше, 12 дәрігерлік пункт және ғимаратсыз 12 дәрігерлік қызметкерлер бар.
Нәресте өлімінің деңгейі 33,6-тен 23,5-ке дейін азайды.
Ана өлімі жоқ.
Туу коэффициенті 18,0-ден 18,5-ке дейін артты (2009 ж. 728 бала, биыл – 745 бала).
Қатерлі ісік ауруларымен ауырғандар саны 61-ден 53-ке дейін төмендеді.
Туберкулезбен ауырғандар саны 33-тен 57-ге дейін артып кетті.
Мәдениет және тілдерді дамыту, спорт
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 1 аудандық, 1 ауылдық мәдениет үйлері, 8 ауылдық клуб және 1 аудандық, 7 ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Аудандық мәдениет үйінде 16 қызметкер қызмет атқарады. Халық театры, ұлт аспаптар оркестрі, халықтық ән-би ансамблі, «Ақ әжелер» ансамблі, «Тамаша» ойын-сауық отауы, «Зайсан сұлулары» және «Жалында» би топтары жұмыс істейді. Осы ұжымдарға 100-ге тарта адам тартылған.
«Жалында» балалар би тобы республикалық «Айгөлек» байқауына қатысып қайтты. Топты қолдауға аудандық бюджеттен 1,0 млн теңге қаржы бөлінді.
«Айнакөл» ансамблі мен ұлт аспаптары оркестріне сахналық киімдер мен аспаптар алынды.
Аудандағы 8 кітапханада аудан халқының рухани байлығын нығайтуда өз жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізеді. Аудандық кітапханаға 1 млн. теңгеге кітап қорын көбейтуге қаржы бөлінді.
Ақылы қызметтер көрсетуден 1700,0 мың теңге қаржы түсті.
Жыл көлемінде салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту мақсатында жыл 31 бұқаралық спорттық шаралар ұйымдас-тырылды. Аудан командасы 2010 жылғы ХIV халықтық спорт ойында-рында 211,25 ұпай жинап 11 орынға ие болды. Облыста өткен «V жазғы оқушылар спартакиадасында» Зайсан командасы жүлделі 2-орынды еншіледі
Қоғамдық тәртіп
Қылмыстар саны 11,4%-ға өскен. 2009 жылы 184 қылмыс тіркелсе, 2010 жылы 205 қылмыс тіркелген. Қылмыстардың ашылу деңгейі 91,8%-дан 93,4%-ға артты. Ауыр қылмыстар саны 20-дан 15-ке дейін, мал ұрлығы 15-тен 10-ға дейін, тонау 10-нан 3-ке дейін, бұзақылық 38-ден 37-ғе дейін төмендеді. Орташа ауыр қылмыстар 22-дан 29-ға дейін, орта ауырлық қылмыстар 112-ден 143-ке дейін, зорлау 4-тен 5-ке дейін, ұрлық 77-ден 85-ке дейін, пәтер ұрлығы 20-дан 27-ге дейін, алаяқтық 6-дан 37-ге дейін артқан. 1710 жол жүру ережесін бұзушылық (2009 жылы – 1705) анықталып, 15689,8 мың теңге айып салынды. Өндірілгені 14492,9 мың теңге немесе 92,3%. 9 жол-транспорт оқиғасы (2009 ж. – 6) орын алып, 7 адам қайтыс болды (былтыр– 5 адам).
«Жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылған
іс-шаралар
Зайсан ауданы бойынша «Жол картасы» бағдарламасы аясында 3 бағытта жалпы құны 219146 мың теңге болатын 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланып, іске асырылды. Орташа еңбекақысы 35,0 мың теңге 253 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 202 орынға жұмыскерлер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жіберілді. Оның ішінде облыстық бюджеттен қаржыландыратын өлкетану мұра-жайына 3557 мың теңге бөлініп, 14 жұмыс орны ашылды.
135 адам кәсіптік мамандықтар алу үшін оқуға жіберілді. Олардың 120-ы оқуын аяқтап, 101 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 3 мекемемен келісім шарт негізінде 80 адам жолданды. Осы орындарға жіберілген 80 адам тұрақты жұмысқа орналасты, бұл шараға бөлінген 9600,0 мың теңге толығымен игерілді. Жастар іс тәжірибесіне 26 жас маман жіберілді. Осы шараларға бөлінген 2400,0 мың теңге толығымен игерілді.
Достарыңызбен бөлісу: |