2010 жылғы 1 қаңтарда өнеркәсіп өнімін өндіретін 11 кәсіпорын есепте тұр, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 10 кәсіпорын болды



Дата29.02.2016
өлшемі43.52 Kb.
#31700
ӨНЕРКӘСІП.

2010 жылғы 1 қаңтарда өнеркәсіп өнімін өндіретін 11 кәсіпорын есепте тұр, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 10 кәсіпорын болды.

«Тұрар» ЖШС ағымдағы жылы ұсақданалы бетон бұйымдарын (көбік блоктарын) өндірісін іске қосты, сонымен қатар құрылыс блоктарын «Успеновское» ШҚ мен «Шың» ЖШС өндіруде.

2009 жылдың 12 айында ауданда 1982,7 млн. теңге сомаға өнеркәсіп өнімі өндірілді. Табиғи көлемінің индексі 100,7 %.

Үстіміздегі жылы аудандағы өңдеу өнеркәсібінің саласында инвестициялық жоба іске асырылуда:

1. «Безбабный В.И.» ШҚ өсімдік майын өндіру шағын зауыты, жылдық өндіріс күші 850 тонна. Жобаның құны 125 млн. тенге, оның 100 млн. теңгесі «ДАМУ» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы, 25 млн. тенге өз қаражаты. Инвестициялық жоба аяқталды, объектті пайдалануға енгізу жұмыстары жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланды. 10 жаңа жұмыс орын құрылды.

2. «Трояна» ЖШС диірмені, күші тәулігіне 38 тонна ұн, 12 жұмыс орнын ашу күтілуде. Жобаның құны 50 млн. теңге. Қаржыландыру өз қаражатының есебінен жүзеге асырылуда. Объект жөніндегі жұмыстар аяқталу сатысында, іске қосу және объектті пайдалануға енгізу жөніндегі құжаттарды рәсімдеу жұмыстары өткізілуде.

Қазіргі уақытта 2010 жылға арналған инвестициялық жобалар тізіміне енгізу жұмысы өткізілуде. Екі жоба бойынша тапсырыстар қабылданды: «Жанахай» ШҚ өсімдік майын өндіру шағын зауыты және «Алтын Жаз-2004» ЖШС құрылыс блоктарын өндіру цехы, құжаттаманы жиналуда және өңделуде. Аталмыш жобаларды іске асыру өнеркәсіп өндірісінің көлемдерін арттырады, негізгі капиталға құйылатын инвестициялар көлеміне және халықтың жұмыспен қамтылуына әсер етеді.

КӘСІПКЕРЛІК.

Қиын экономикалық жағдайға қарамастан, аудандағы кәсіпкерлік тұрақты дамып келеді.

2010 жылғы 1 қаңтарға ауданда заңды тұлға нысанында 42 шағын кәсіпкерлік субъекті қызмет етуде, өткен жылдың осындай кезеңінде олардың саны 44 болды. Жұмыспен қамтылғандар саны үстіміздегі жылы 207 адам, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 218 көрсетті. Тауарлар өндіру шамалы төмендеді (1,7%): 561,7 млн. тенге, өткен жылы 571,2 млн. тенге. Себебі тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің кейбір түрлеріне бағалардың төмендеуі, сонымен қатар 5 кәсіпорынның активтер құнының орта бизнес деңгейіне дейін төмендеуі.

Ағымдағы жылдың 12 айында қызмет көрсету саласында 8 кәсіпкерлік объект пайдалануға енгізілді, жалпы ауданы 574 ш.м., онда 13 жаңа жұмыс орны құрылды. Шағын кәсіпкерлік субъектілері барлығы 103 жұмыс орнын құрды.

2010 жылға 8 жаңа объект енгізу жоспарлануда, жобалық құны 12,5 млн. тенге.

Кәсіпкерлікті дамыту саласындағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі: әкімшілік кедергілерді азайту, шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу ресурстарына қол жеткізуін оңтайландыру, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде тәжірибе-бағытты зерттеулер және зерттемелер, семинарлар мен тренингтер өткізу.

Осыған байланысты жаңа мемлекеттік және мемлекеттік емес, оның ішінде шетелдік несие ұйымдарды тарту жөнінде жұмыстар атқарылуда. Бизнес-жоспарларды, жобалардың технико-экономикалық негіздемелерін құрастыру және оларды одан әрі дамыту жөнінде көмек көрсетілуде.

Үстіміздегі жылы «ДАМУ» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы облыстық бюджеттен шағын бизнесті несиелеуге 50,0 млн. тенге бөлінді. Біздің аудан бойынша екі кәсіпкерге бизнесті дамытуға 4,5 млн. теңге шамасында көмек берілді: Пешков селосында Батт Я. ШҚ ет өнімін қайта өңдеу цехына жабдықтар сатып алуға (1,5 млн. тенге) және Новошумное селосында Абилев К. ШҚ мал шаруашылығын дамытуға (3,0 млн. тенге). Осы қорда айналым құралын толықтыруға (ұн сатып алуға) Пантюхина С.А. ЖК нан пісіруді кеңейту үшін 400 мың теңге (пешті «Сельхозтехника» ЖШС жалдайды) берілді.

Аталмыш оператор арқылы ауыл тұрғындарына қосалқы шаруашылығын дамытуға және ауылда бизнес ашу үшін шағын несиелер берілуде. Сондай-ақ, «Капитал» несие серіктестігі жаңа ғимарат енгізді, бұл кәсіпкерлерге де, тұрғындарға да қаржы қорларына қол жеткізуді оңтайландырады. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту аясында «Союз кредит» ШНҰ филиалы ашылды. ШНҰ Федоров селосы, Ленин көшесі, 14 (Алғабас ғимараты).

Халықты кәсіпкерлік саласындағы проблемалар, жаңалықтар мен жетістіктер жайында хабарлау үшін аудандық «Федоровские новости» газетінде «Кәсіпкерлік бөлімі хабарлайды...» ақпараттық бет ашылды, ақпарат аудан әкімінің сайтына тұрақты жарияланады.

Шағын кәсіпкерлік дамытуды насихаттау, бизнес құру және жүргізуде консультативтік көмек көрсету мақсатында «ДАМУ» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы әзірленді, осы аяда 23-24 қарашада ауданның кәсіпкерлері мен тұрғындарымен кәсіпкердің қызметінде соқтығатын негізгі проблемалар жөнінде 2-күндік курстар өткізілді. Келешекте аталмыш курстар қатысушылардың ниетін есепке ала отырып үнемі өткізу жоспарлануда.

«Федоров ауданының



кәсіпкерлік бөлімі» ММ бастығы Д. Белик

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет