Негізгі экономикалық бағыт



Дата13.06.2016
өлшемі168.55 Kb.
#131437
2008 жылғы 1 қаңтар есебі бойынша елді мекендерде 40849 адам тұрады. 2008 жылдың қаңтар-сәуір айлар аралығында 185 адам туып, 204 адам өлген. Табиғи халықтың  азаюы-19 адамнан құралды.

Негізгі  экономикалық  бағыт:



  • кен рудалы өнеркәсіп;

  • ауылшаруашылық өндірісі.

«Жезкент ГОК»ААҚ кен рудалы кәсіпорыны аудан өнеркәсібі болып табылады. 2008 жылдың қаңтар-маусым аралық өндіріс өнімі мынаны құрастырады: кен шығару-745,84 мың тонна, 2007 жылға қарағанда 624,22 мың тоннаға қарсы, кенді өндіру-747,95 мың тонна, алдыңғы жылға қарағанда 624,22мың тоннаға қарсы, мыс өндірісі мыс концентратында 33244,54тоннаға қарсы 26455,36 тонна 2007 жылға қарағанда, мырыш өндірісі мырыш  концентратында-25915,87 тоннаға қарсы 19096,06 тонна 2007жылы.
Сонымен қатар, аудан өнеркәсібі кәсіпорын өндіру жүйесімен жабдықталған, онда азық өндеу цехы, сонымен қатар 5 диірмен, 10 май зауыты, 2 шұжық цехы, 2 сүт цехы, 1 ірімшік цехы, 2 жармалағыш, 1 кондитерлік цехы бар.

1 маусым 2008жылғы жағдай бойынша, барлық шаруашылық категориясында ІҚМ-42360 бас және 99,1% алдыңғы жыл мерзімі бойынша, сиыр- 14485 бас(98,4%), шошқа- 13371 бас (103,4%), қой мен ешкі-34767 бас (107,5%), аттар-4160 бас (101,2%), құстар -82765 бас (97,8%) тіркелген.


Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы аудан шаруашылығында мал және құсты тірідей сою салмағы – 2389,3 тоннаға (109,7% 2007 жылдық мезгілмен ұқсас), сауылған сүт-14029,5 тонна (98,9%), алынған жұмыртқа саны-2547,5 мың (100,7%) дана.
2008 жылғы қаңтар-мамыр айларының инвестициялық ең басты капитал-1686753 мың теңгені құрастырды, соның ішінде мемлекеттік бюджеттік есеп тәсілі бойынша-7133 мың теңге, жергілікті бюджет-11203 мың теңге, меншікті амал-1668417 мың теңге құрайды.

2008 жылғы қаңтар-сәуірдегі орта айлық еңбекақы-42485теңгені құрайды, соның ішінде 115,8% 2007 жылғы қаңтар-сәуір айларының еңбекақысын  құрайды.

Аудандық шағын бизнеске: 529 дүкен мен киосктер, 11 АЗС, 3 СТО, 11 дәріхана, 19 шаштараз, 2 тіс емдеу кабинеті, 4 асхана және бар, 2 бөлшектер базары, 2 тігін цехы жатады.

Аудандық білім өрісі 36 жалпы білім беретін мекемеден тұрады.

Мәдениет мекемесінің жүйесі бұлай көрінеді: 8 клубты мекеме, 19 кітапхана, 1 спорт кешені.

2008 жылдың қаңтар-сәуір айларында 1956 үстінгі демалу жолымен күшті жұқпалы аурулар тіркелген, соның ішінде 10 тұмау, 5- күшті ішек аурулары, 9-қышыма.

2008 жылдың қаңтар-сәуір айларында тіркелген қылмыстар саны-77, соның ішінде ауыры -10.
Кіріс бойынша ауданның нақтыланған бюджеті  2008 жылдың 1 шілдесіне 905400,0 мың теңге құрады, 939676,6 мың теңге түсті, 103,8 % орындалды. Оның ішінде жеке меншік кіріс жоспар бойынша 198276,0 мың теңге түскені 232552,6 мың теңге немесе  жоспардан 117,3 %, 707124,0 мың теңге сомасында ресми трансферттер түсті, жоспар бойынша 707124,0 мың теңге, орындалу 100,0 %.

 Шығын бойынша аудан бюджеті    91,1 %  орындалды, төлем бойынша нақтыланған жоспармен 912189,7 мың теңге, орындалғаны 830687 мың теңге.



 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша 72281,1 мың теңгеге орындалды, жоспар бойынша 82032 мың теңге немесе  88,1  %.
Ауданда  мемлекеттік қызметшілердің 94 бірлік санымен 19 селолық округ бар, әкім аппаратында – 15 бірлік, мәслихатта – 7 бірлік, қаржы бөлімінде –8 бірлік, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде – 7 бірлік.

 «Қорғаныс» бойыншашығын 60,6 % орындалған, нақтыланған жоспар бойынша 2290 мың теңге орындалғаны 1387,8 мың теңге.

«Білім беру» бойынша шығындар 502000,7 мың теңге сомасын құрады жоспар бойынша 509476 мың теңге, 98,5 %  құрайды.

Ауданның Жезкент кенттінде 115 оқушысы бар музыка мектебі (фортепьяно сыныбы бойынша, домбыра, баян, халық аспаптары сыныбы бойынша,) қызмет көрсетеді.


Бородулиха ауылында 95 бала саны бар мектепке дейінгі балаларға арналған бір мекеме қызмет көрсетеді. Онда 5 топ оның ішінде 2 мемлекеттік тілді оқыту тобы, онда 28,25 штат саны жұмыс істейді.
Ауданда 36 мектеп бар, барлығы селолық.
Бастауыш – 4
Толық емес – орта – 6
Орта – 26
Аудандағы 36 мектептің 28 шағын кешенді болып табылады, ол жалпы
мектеп санының 77,7 % құрайды, онда 6173 оқушы оқиды.

Бірінші жарты жылдықта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивті сабақ жүйесін енгізуге республикалық бюджет есебінен мектептердің қызметін қамтамасыз етуге 3198 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, электрондық үкімет шегінде адами капиталдың дамуына 2319 мың теңге сомасында бюджеттік қаражаттар бөлінді.


Білім беру мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 9040 мың теңге сомасында Н.Островский атындағы орта мектепке, Новопокровка атындағы орта мектепке оқушыларды алып келу үшін автобус сатып алуға бөлінген қаражат толығымен игерілді. Балабақшаға 3240,0 мың теңге сомасында жабдық сатып алынды.
Мектептерді күрделі жөндеуге 24194 мың теңге бағытталды.
 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» шығындар 89,2 % орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 57488 мың теңге орындалғаны 51295,3 мың теңге.
Жұмыстылық және әлеуметтік бағдараламалар бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 12 бірлігі ұсталады.
2008 жылдың  6 айында қоғамдық жұмысқа 266 адам, оқуға 21 адам жіберілді. 21 – алушыларға медициналық куәландыру, тамақтану, тұру, жол ақысы шығының орны толтырылды.
Ауылдық жерлерде тұратын білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениеттің 908 мамандарына отын сатып алуға 1000 теңге көлемінде көмек көрсетілген.
959 алушыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 243 алушыларға тұрғын үй көмегі көрсетілген.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік төлем көрсетілген:

  • күнкөрісі төмен отбасынан шыққан жалпы білім беретін мектептердің

түлектеріне, жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ШҚО бойынша ЖОО оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек – 4 студенттерге – жатақханада тұруы және стинепдия төленді.

  • 306 алушыларға - азаматтардың жекеленген санаттарына коммуналдық

қызмет шығындарын өтеуге материалдық көмек,
- 18 алушыларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік төлем бөлінді.

  • 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне байланысты 156 алушыларға төлем жасалды. 

  • Балаларды қорғау күніне облыстық бюджеттен – 131 алушыларға

  • Балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға жергілікті

бюджет есебінен – 91 алушыларға. 
18 жасқа дейінгі балаларға 859 алушыларға немесе 401 отбасына жәрдемақы төленді.
Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек – балаларға 31 алушыларға материалдық көмек көрсетілген..
 «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» бойынша шығындар 67,3 % орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 167144 мың теңге орындалғаны 112535,6 мың теңге.

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» бойыншашығындар 97,4 %  орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 26711 мың теңге орындалғаны 26024,6  мың теңге.

Ауданда Мәдениет үй және 5 ауылдық клуб қызмет етеді, оның ішінде Переменовка ауылында, Буркотов ауылында, Коростел ауылында, Михайличенково ауылында, Ивановка ауылында. Жұмысшылардың жалпы саны – 19 штаттық бірлік, олардың 5 штаттық бірлік ауылдық клубтар бойынша бөлінген.
Ауданда 19 кітапхана жұмыс істейді жұмысшылардың жалпы саны 21 – штаттық бірлік. Оның ішінде 14,0 бірлік кітапханашылар, олардың 9,5 бірлік ауылдық  кітапханашылар.
Ауданда мемлекеттік тілін оқыту орталығы КМҚК ашылды, 1700 мың теңге сомасына мультимедиялық кабинет сатып алынды.
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 3 бірлігі ұсталады, ауданының ішкі саясат бөлімінде  мемлекеттік қызметшілердің 4 бірлігі және бір автомобиль  ұсталады, спорт және дене шынықтыру бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі 3 адам.
«Ауыл шаруышылығы» шығындары  94,7 % игерілді, нақтыланған жоспар бойынша 9507  мың теңге орындалғаны 9002,2 мың теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы бөлімінінде  мемлекеттік қызметшілердің 9 бірлігі бар. 
Жер қатынастары бөлімінде  мемлекеттік қызметшілердің  4 бірлігі және бір автомобиль ұсталады.
 «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» шығындар  94,2  % орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 1874 мың теңге орындалғаны 1765,4 мың теңгені құрады. Құрылыс бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 3 бірлігі ұсталады.
 «Көлік және коммуникация»  бойыншашығындар 98,7 % орындалған, нақтыланған жоспар бойынша 52329 мың теңге орындалғаны 51672,8 мың теңге, оның ішінде жергілікті маңызы бар елді мекендерде көшелердің және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 47372,5 мың теңге.
«Басқалар»шығындар 81,3 %  орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 3309 мың теңге орындалғаны  2691,8 мың теңге.
Тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 4 бірілігі және бір автомобиль ұсталады,

«Ресми трансферттер»бойынша 452.006.000 «Қолданылмаған (толық қолданылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару» бағдарламасы бойынша жоспарымен 29,7 мың теңге, орындалғаны 29,7 мың теңге, орындалу пайызы 100 %.


2008 жылғы 1 маусымда еңбек нарығында бақыланған жұмыссыздар саны, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 3 %-ға төмендеп, 199 адамды құрады. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 103 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл жылдық тапсырманың 61 %-ын құрайды.
Екінші тоқсанында 125 адам жұмысқа орналастырылды, азаматтардың өтініштеріне қатысты барлық сан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 65 %-ы құрады.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 125 жұмыссыз тартылды, 4 жұмыссыз кейіннен жұмысқа орналастырылумен «аспаз» мамандығы бойынша оқу курсынан өтті, 8 адам «газэлектросваркілеуші» мамандығы бойынша кәсіби оқуға жіберілді.
3 адам жастар тәжірибесін аяқтады, олардың ішінде екуі «заңгер» мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылды, қаржыгер, салық қызметінің маманы, заңгер мамандықтары бойынша 3 жұмыссыз жастар тәжірибесіне жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына – 2 адам жұмысқа орналастырылды.
Жергілікті бюджет қаражатынан 956 алушыларға 6066,9 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 853 балаға 2779,6 мың теңге 18 жасқа дейінгі балаларға мемлкеттік жәрдемақы, 134 отбасына 1620,0 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді, жергілікті басқарушы органдардың шешімімен жеке санаттағы азаматтарға 91,0 мың теңге сомасында, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Балаларды қорғау күніне әлеуметтік көмек көрсетілді, ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы 8 маманға 8,0 мың теңге сомасында, ҰОС-ның 63-жылдығы қарсаңында 856 азаматқа 759,5 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді.
Облыстық бюджет қаражатынан үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 31 мүгедек балаларға 960,5 мың теңге сомасында материалдық қамсыздандыру төленді. Балаларды қорғау күні қарсаңында бірге тұратын 4 немесе одан да көп балалары бар көп балалы аналарға 1310 мың теңге сомасында бір жолғы матриалдық көмек көрсетілді, кейбір жеке санаттағы азаматтарға (ҰОСЕА-не, ООСМ-не және оларға теңестірілген тұлғаларға)  коммуналдық қызымет шығыстары өтемақысына 3257,8 мың теңге матриалдық көмек көрсетілді.
Астананың 10-жылдық мерекесі қарсаңында 69 ҰОС-на қатысушыларға және мүгедектеріне мерейтой медальдары тапсырылды, ардагерлердің біреуі Астана қаласындағы астананың 10-жылдық мерекесіне қатысты.
Мүгедектерді оңалту мақсатында «Уба» және «Мойылды» санаторилеріне 11 жолдама, 6 кресло-коляск, 10 телефакс (соның ішінде 3 мүгедек балаларға) бөлінді, 31 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен, 11-протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.
ҚХР-нан көшіп келген оралмандардың 4 отбасы квота бойынша 3048,0 мың теңге сомасында мемлекеттік төлемақы алды. 2008 жылғы екінші тоқсанда ҚХР-нан Дмитриевка селосына 3 отбасы көшіп келді, адамдар саны 15,  қазіргі уақытта оларға оралмандардың мәртебесін анықтау және көшіп келу квотасына енгізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және жайластыру бойынша атқарушы органдар тараптарынан көмек көрсетілуде.
1941 жылғы 21 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызымет еткен) тұлғалардың өтілін растау үшін 15 іс қаралған 5 отырыс өткізілді.
Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы ақшалай өтемақы алуға 1057 іс макеттері ресімделді. 688 адамдарға арнаулы СИ шоттарын жабуға тізімдер берілді. 15 азаматқа - БЖАӨ-ны алғандығын, алмағандығын растау үшін, 3 азаматқа – ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендердің жеңілдік алу құқығын растайтын анықтамалар берілді.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спортты дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша, іс-шаралар жоспарын орындау барысында, ауданда келесі жұмыстар атқарылды:


4 ақпанда  Бородулиха ауылында волейболдан мемлекеттік қызметкерлер арасында аудан біріншілігі өткізілді, онда 40 адам қатысты.
5 сәуірде аудан әкімінің жүлдесіне 12 Халықтық ойындар көлемінде, волейболдан ерлер және әйелдер командасы арасында  зоналық біріншілік өтті, онда 9 әйелдер командасы, 16 ерлер командасы, жалпы қатысушылар саны – 250 адам.
24 сәуірде  Бородулиха ауылындағы БЖСМ, үлкен жасөспірімдер арасында футболдан ашық біріншілік өткізілді.
25 сәуірде Бел-Ағаш ауылында жеңіл атлетикадан БЖСМ біріншілігі өткізілді.
3-12 мамырда Бородулиха ауылындағы БЖСМ, волейболдан ерлер арасында оқу-жаттығу жиыны.
4-8 мамырда  Бесқарағай ауданы Б.Владимировка ауылында волейболдан облыстық зоналық біріншілікке қатысуы.
9 мамырда Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күұніне арналған гир спорты мен қазақша күрестен Бородулиха ауылындағы ипподромда аудан біріншілігі өткізілді.
13-17 мамыр аралығында Бородулиха ауылында волейболдан ерлер арасында облыстық зоналық біріншілік.
17 мамыр Переменовка, Бородулиха, Песчанка, Зенковка ауылдарында футболдан зоналық аудан біріншілік.
17-26 мамыр аралығында Зенковка ауылында футболдан оқу-жаттығу жиыны.
27-31 мамырда Жарма ауданы Георгиевка ауылында, ауданның футболдан облыстық зоналық біріншілікке қатысуы.
8 маусымда аудан әкімінің жүлдесіне оқушылар арасында, Бел-Ағаш ауылында келесі бағдарламада аудандық спартакиада өткізілді: шағын футбол, волейбол, қазақша күрес.
13-15 маусым аралығында Өскемен қаласында, бағдарламадағы спорттың 21 түрінен, 85 адам  ВКО әкім жүлдесіне облыстық спартакиадаға қатысты  

Ауданның елді мекендерінде көркейту, көгалдандыру және санитариялық тазалау бойынша екі айлық  өткізу аяқталды. Екі айлық қорытындысы жүргізіліп, «Бородулиха ауданының ең жақсы селолық округ» конкурсының жеңімпазы анықталды.


2008-2009 жылдардың жаңа жылу беру кезеңіне дайындық бойынша штаб құрылды. Ауданда әлкуметтік мәдени орындарға, денсаулдық сақтау, білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлердің  жылу беру жүйесін жуу, шатырын, құбырларын жөндеу, қазандықтарына ағымдағы жөндеу жүргізу:  түтіндіктерді тазалау, қазандықтарды айналдыра қалау, жылу беру жүйелерін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сәуір айында жергілікті маңызды автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмысы басталды. Ұзындығы 96 шақырымына гравийн жолдарына жөндеуді жоспарлау жүргізілді. Ұзындығы 65 шақырымына  автомобиль жолдарының шұқырын қара жабумен жөндеу орындалды. Барлығы 7961 мың теңге соммасында жұмыс орындалды. Тізілімге сәйкес «Дмитриевка – Вавилоновка – Шемонаиха» 49-57  шақырым автомобиль жолдарының учаскесіне орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. 23 914 мың теңгеге жұмыс орындалды.
26 маусым күні Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өткізіліп, аудан әкімі Т.Т. Әбілмажінов аудан тұрғындары мен барлық жиналғандарды осы айтулы мерекемен құттықтады. Аудан әкімі Темірғали Текебасұлы Әбілмажінов пен аудандық маслихаттың хатшысы Болат Қусайынұлы Аргумбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ауданның еңбек сіңірген азаматтарына «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарын табыс етті.
Салтанатты жиынның соңы астанамыздың мерейтойына арналған аудандық мәдениет үйы мен Семей қаласынан келген «Ғибрат шоу» өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.   
6 шілдеде астананың мерейтойына  арналған  халықтық  мерекеге  ұласты.  Астананың  10 жылдық  мерейтойына  арналған   ауылшаруашылық жәрмеңкесі   ұйымдастырылып,  аудандық  көркемөнерпаздар  байқауының  қортындысы  шығарылды.    Áàðëûқ àóûëäûқ îêðóãòåðäå  Астананың  10 жылдық   ìåðåêåñiíå îðàé,  äәñòүðëi  ñàéûñòàð,  êåøòåð,  ôåñòèâàëüäàð  æîñïàð  áîéûíøà  iñêå  àñûðûëäû. Осындай игілікті іске шаруа  қожалықтарының басшылары мен селолық  округтің   әкімдері   атсалысты.   Әсіресе,  көркемөнерпаздардың  Дмитриевка  селолық  округінен  келген   әжелер тобының  орындаған  астана  туралы  көңілді  ән- жырлары  мен  билері  көпшіліктің көңілінен шығып, жиналған  қауымды  ерекше  сезімге  бөледі. “Ойна гармонь”  атты  концерттік  бағдарламаға 5 селолық  округтің  өнерпаз  тұрғындары  қатынасты.  Концерттік  бағдарлама  қатынасқандар  2   номинация   бойынша өз  өнерлерін  көрсетті.

  • Халық  әндерін  орындау . 

  • Аспаптар  бойынша  өнер  көрсету.

Өздерінің  орындау  шеберліктері бойынша Жерновка  селолық  округінен  келген  Малько  Сергей  мен  Конапатский  Алексей, Ленин  селолық  округінен  Крикнина  Анжела, Новошульба  округінен   Борзов  Николай ерекше көзге  түсіп ,  жеңіп  шыққандарға   бағалы  сыйлықтар мен мақтау  қағаздары  табыс  етілді. Орталық  алаңда   спорт  жарыстары   ұйымдастырылып,  қазақша  күрес, дзюдо, таэквондадан  жастар өз өнерлерін  көрсетті.   Барлық   êiòàïõàíàëàðäà  Астананың 10 жылдығына  îðàé   êiòàï көрмелері мен   øîëулар, мерекелік  іс- шаралар  өткізілді. Аудандық  кітапханада   “Сүйікті Астана”  атты  сурет  көрмесі ұйымдастырылды. Фотосүйер  қауым Астананың ең көрікті  сұлу  жерлеріндегі суреттерін  көрсеткен. Осы  жұмыстардың  барлығында  фотоөнерін  сүйетіндерге тамаша  әсер  қалдырды. Сағат 21.00-де  “Ғибрат шоу” өнерпаздарының мерекелік концерті мен көңілді отшашуға ұласты.  Осындай  мерекелік  іс-шаралар  қоғамдық – саясаттың  тұрақтылығы  мен   еліміздің  әëåìäåãi   өçiíiң  ëàéûқòû  îðíûí  êөðñåòóде ерекшелігін  паш  етті.  
Ауданда Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеуде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде белгілі жұмыстар атқарылуда.
Мемлекеттік мейрамдар күні аясында Мемлекеттік рәміздер күні мен Астана қаласының 10 жылдығына Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолданылуын, азаматтарды патриоттыққа тәрбиелеуде   және оны насихаттау жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
1- сәуір АМҮ алаңында Күлкі күніне арналған іс - шара өтті. Жастар әр түрлі конкурстарға қатысып, жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлығы 90 адам қатысты.
5-7 сәірде Н.Островский атындағы және Комаров атындағы орта мектептерде «Есірткіге жол жоқ! Тек, қана салауатты өмір салты үшін!» деген атпен акция өтті. Салауатты өмір салтын жүргізу керектігін  қатысушылрға түсіндіру, терең ойлауға, аудиовизуалдық  материалдарды көрсету жолымен есірткі және нашақорлыққа деген теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында фильм көрсетілді. Көрсетілімнен кейін фильм  жан - жақты талқыланды. Содан кейін балалар арасында «Бас тарту» атты ойын өткізілді, бұл ойынның мақсаты қатысушыларға өзіне сенуді дағдыландыру, таңдау кезінде аргументті түрде бас тарта білу болып табылады. Ойын барысында әр топқа  ситуациялық  жағдайлар ұсынылды, балалар ойынға белсенді қатысып, өздерінің есірткіге теріс көзқараспен қарайтындарын білдірді.
15 - сәуір  Жезкент кентінде  Жезкент кентінің №1,№2  және Переменовка ауылының орта мектебі командаларының арасында «Сәлеммен, елордамыз Астанаға!» атты тақырыпта КВН өтті.
1 - мамыр  Қазақстан халықтарының бірлігі күні  Бородулиха ауылында  елорданың 10 жылдығына арналған факел шеруі өтті. Өз белсенділіктерімен көзге түскендер арасында «Нұр Отан» партиясының мүшелері, жастар, жас спортсмендер, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері болды. Новашүлба селолық округінде қалыптасқан дәстүр бойынша мерекелік             іс - шара  ауылдың маңында орналасқан палатадан жасалған қалашық іспеттес ауылда, киіз үйлер тігіліп, мерекелік сауда ұйымдастырылды. Новошүлба округі Қазақстанда тұратын әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрін көрсетті. Конкурста үзіліс арасында үміт артқан ауыр атлеттермен және жас тэквондистер де өнерлерін ортаға салды. Мерекелікк концерт соңында   спорттық ат жарысы болды. Оған бородулихалықтардан басқа  Екібастұз, Семей, Шемонайхадан келген қонақтар да қатысты.
6-мамыр  Отан қорғаушылар күні Новопокровка орта мектебінде аумақтық патриоттық өлеңдер байқауы  өткізілді. Ауданның 4 мектебінен 4 команда қатысты. «Астана туралы викториналық сұрақ» бөлімінде қатысушылар елордамыз  туралы өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Іс - шараның мақсаты оқушыларды патриотық сезімге және өз Отанына деген сүйіспеншілікке   тәрбиелеу, өткен тарихымызға ыждахатпен қарау.
2008 жылдың 7 - мамыр күні  аудандық Мәдениет үйінде 2008 жылдың көктеміне әскер қатарына шақырылған жастарды салтанатты түрде шығарып салу кеші өтті. Ұлы Отан соғысы ардагерлері, аудан әкімі  және   ата -  аналар атынан әскер қатарына шақырылғандарға ақ тілектер айтылып, салтанатты түрде шақыру қағазы мен сыйлықтар берілді.
9 - мамыр Жеңіс күні  67 Ұлы Отан соғысы ардагерлрін, тылдағы еңбеккерлерді құттықтау өтті. 20   Ұлы Отан соғысы ардагерлріне салтанатты түрде «10 жыл Астана» медалі және сыйлықтар берілді.
Спорттық атты іс - шаралары, атап айтқанда «Жорға-Жарыс» елорданың мерейтойына арналды. Өткізілген іс - шаралар аудандық «Пульс района»  газетінің 2008 жылғы 16 - мамырдағы №16 санында кеңінен баяндалып, «СТР» телекөрсетілімінде көрсетілді.
Астананың 10 жылдығына арналған «Таза бейсенбі» атты экологиялық акцияға бес мыңға жуық адам қаысты. Іс - шара бұқаралық ақпарат құралдарында, «Пульс района» газетінде, «Хабар», «СТР» телеканалдары бойынша көрсетілді.
Ауданның кітапханалрында «Болашақтың қаласы - Астана», «10 жылдағы Астана портреті!», «Қазақстанның егемендігі - Қазақстан Республикасының рәміздерінде», «Тәуелсіздік рәміздері» атты тақырыпта  Астананың мерейтойына, сонымен қатар мемлекеттік рәміздер күніне арналған тұрақты қолданыстағы басылымдардың көрмесі ресімделген, кітапхана оқырмандарымен «Саяси тәуелсіздігіміздің символдары - Ту, Елтаңба, Әнұран» атты тақырыпта сұхбат өткізілді.
25 - мамырдан 25 - маусымға дейін ақпараттық - насихаттау тобының мүшелері селолық округтерге шығып, Қазақстан Республикасының мемелкетттік рәміздерін қолдану және насихаттау жөнінде дәрістерін оқыды.
Аудандық «Пульс района»   газетінде «Ерліктің ұлылығы ешқашан өшпес!», «Сабырлы, байсалды майдангер», «Біздің жерлестеріміз», «Неткен бай жеріміз!», «Президент жолдауы аясында», «Қазақстан - 2030», «Айналып өтпеген сұм соғыс», «Қазақстан халқтарының бірлігі күні», «Ұлы Жеңіс күнінде», «Астана туралы сөз», «Еліміздің болашағы – жастар!», «Қазақстан, тек қана алға!» деген айдарлармен мақалалар баслып шығуда.
Ауданның бүкіл білім беру ұйымдарында ағымдағы жылдың мамыр айында «Астана  менің намысым» атты тақырыпта суреттер конкурсы, сонымен қатар «Қазақстанның жүрегі - Астана» атты тақырыптағы шығармаға 720 оқушы қатысты. Мектептердің өлкетану мұражайларында елорданының тарихы бойынша стендтер ресімделді, «Менің елордам - Астана» атты тақырыпта қозғалмалы фотокөрме ауданның 3 селолық округтерінде болып өтті. «Менің елордам - Астана» атты тақырыпта денсаулық сактау мекемесінің ұжымында, ардагерлер ұйымдарында оқушылар сөз сөйледі, «Отанымыздың жүрегі - Астана» атты викторинаға 126 оқушы қатысты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қабылдағанына 16 жыл толуына орай, ағымдағы жылдың  мамырдың 26-сы «Менің  Қазақстаным» атты жастар шеруі өтті.  Аудан орталығының көшелрімен  320 адамнан асатын жастар белсенділері қолдарына ту, шарларын алып Мәдениет үйіне де келіп жетті. «Менің Отаным Қазақстан!»,  «Қазақстан, тек қана алға!»,  «Біз Қазақстанның, Отанымыздың болашағымыз!» атты ұрандар алыстан шығып жатты. Аудандық Мәдениет үйі алаңында жастар Қазақстан Республикасының Әнұраны айтылып, Қазақстан Республикасының Туы көкке көтерілді. Көгілдір аспанға әр түрлі шарлар жіберілді. Содан кейін, Бородулиха ауылының жалпы білім беретін мектептрінің оқушылары құрбыларының алдында өз өнерлерін көрсетті. Кешке қарай жастарға мерекелік би кеші ұйымдастырылды.
Семей қласында ауыл еңбеккерлерімен елорданың мерейтойына арналған 4 жәрмеңке өткізілді. Мұнда ауылшаруашылық өнімдері 14 млн.теңге сомасында сатылды.
4 - маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнінде аудан орталығының көшелері, селолық округтердің  орталық алаңдары мереке күніне орай безендірілді. Сағат 11:00-де Бородулиха ауылының ЖӨСМ-де селолық округердің командалары арасында футбол, волейболдан жарыс өтті. Сағат 18:00-де аудандық Мәдениет үйі алаңында  Қазақстан Республикасының  мемлкеттік рәміздерінің қабылдануына 16 жыл толуына орай, салтанатты түрде «Бұл біздің Әнұранымыз!» атты жастар акциясы өті. Барлығы 300 адам қатысты. Олардың арасында «Нұр Отан» ХДП мүшелері, «Жас Отан» жастар қанаты, жас спортсмендер, және басқа да белсенді жастардың өкілдері болды. 20:00-де аудандық Мәдениет үйі алаңында жастарға «Тәуелсіздік шежіресі» атты фильм көрсетілді. Мереке жастар би  кешімен аяқталды.
25 - маусым аудандық Мәдениет үйінде «Бородулиха аруы-2008» байқауы өтті. Бородулиха ауданынан  байқауға алты қыз қатысты. Құрмет атағын және армандаған тәждерін алу үшін конкурсқа қатысушылар 4 турдан: ұлттық костюмде шығу, көркемдік нөмір ұсыну, пікірлесуде ақыл-парасаттылығы және  шеберлігімен көзге көріну, кешкі  сән киімі үлгілерін көрсетуден өту керек болды. Сұлу жас қыздарымыздың барлығы «Ару» атағына лайық еді.
Бірақ, қазылар алқасы ауызға үріп салғандай ең әдемі қыз – Юлия Карташованы таңдады. Юлияға «Бородулиха аруы-2008» атанған соң, Бородулиха ауданы атынан Өскемен қаласында өтетін  «Шығыс Аруы» конкурсына қатысу күтіп тұр.

Ішкі саясат бөлімімен 26- маусымда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, аудан орталығында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған екі іс - шара болып өтті.


48 адам қатысумен сағат 10.00-де аудан орталығында болып өтті. Новошүлба ауылының  балалар үйінде нашақорлыққа қарсы акция, ойындар, концерттік бағдарламалар көрсетілді, содан кейін балаларға торт және тәтті тоқашпен шай берілді. Барлығы 72 адам қатысты.

26 маусым сағат 16.00-де  аудандық Мәдениет үйінде Астананың 10 жылдығына арналған мерекелік отырыс болып өтті. Аудан әкімі Т.Т.Әбілмәжінов өз баяндамасын оқып, аудандық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» ХДП төрағасы Б.Қ.Аргумбаев, аудандық ақсақалдар Кеңесінің төрағасы  Е.А.Соловьевпен Н.Островский атындағы орта мектебінің мұғалімі Ж.С.Жұманбаева сөз сөйледі.


Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне  және ауданнның белсенді еңбек сіңірген азаматтарына «10 жыл Астана» медалі берілді.
Жиналысқа қатысушылар саны 350 адамнан асты. Ресми бөлімнен кейін мерекелік концерт болды.
Осы іс - шараны өткізудің мақсаты - жас азаматтарды ауданның әлеуметік - экономикалық өміріне тарту, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, жастарды салауатты өмір салтына қалыптастыру, балалар мен жастар бірлестіктерін дамыту, шығармашылық өзіндік дамыту, жастар арсында нашақорлық пен құқықбұзушылықты алдын алу болып табылады.

Бородулиха ауданында республика бюджеті трансферті есебінен ішкі поселкелік су құбырын қалпына келтіру жүргізілді (екінші кезекте) Бородулиха ауылында  ұзындығы 16,8  шаршы метрдің сметалық бағасы 225,120 мил. теңге. Құрылысты «Семмелиорация» АТП ЖШС жүргізеді. Құрылыстың конкурстық бағасы 220,720 мил. тенге. 2008 жылға 122,5 мил. теңге бөлінді, өтем ақы 2008 жылдың сәуір айында жоспарланған. Құбыр төсетішіне полиэтиленді құбыр жүргізіледі. 16 шақырым құбыр қойылды. 65 млн теңге игерілді. Қайта құрудың аяқталуы ағымдағы жылдың төртінші тоқсанда.


Бородулиха ауылында (бірінші кезекте) су шығару және сумен қамту жүйесін қайта құру бойынша ашық конкурс жүргізілді сметалық бағасы 47751 мың теңге, 2007 жылғы қаржыландыру жоспарына сәйкес 10870 мың теңге игерілді. Ағымдағы жылда 36877 мың теңге игеру жоспарланған, осы нысанда қайта құру үшін жергілікті бюджет есебінен 2008 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады, 6490 мың теңге соммасында өтем ақы жүргізілген, жыл басында барлығы 15143 мың теңге игерілді. Дмитриевка және Коростели ауылдарының су құбыры жүйесін қайта құру бойынша ашық конкурс жүргізіліп жатыр, ағымдағы жылдың игеруімен әр нысанға 25 млн теңгеден бөлінеді. Бородулиха ауылында ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында аяқтаумен төрт пәтерлі тұрғын -үй құрылысына 17 млн теңгеге келісім шарт жасалды.  

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет