Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы « » ___________ № ____ бұйрығымен
бекітілген
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
-
дерекқор – тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің оларды берушілерді туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәліметтер;
-
институт – жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты;
-
қағаздағы құжаттың электрондық көшірмесі - тиісті түпнұсқа қағаздағы құжаттың ақпаратын (деректемелердің мәліметтерін) электрондық цифрлық нысанда толық баяндайтын және осы құжатты растауға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;
-
портал – «Қазақстандық қамту» интернет-порталы ақпараттық жүйесі;
-
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер (берушілер) - отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен қызметтерді отандық берушілер;
-
электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.
2. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібі
3. Дерекқорды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес институт қалыптастырады және жүргізеді.
4. Дерекқор www.ks.gov.kz мекенжайы бойынша порталда орналастырылады.
5. Дерекқор мыналарды қамтиды:
1) берушілер көрсететін жұмыстар және қызметтер;
2) Қазақстанда шығарылған «CT-KZ» нысанындағы сертификаттар берілген тауарлар;
3) отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен қызметтерді отандық берушілердің тізбесі;
4) отандық әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру бөлігінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардның берушілерге қолдау көрсетуіне арналған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер.
6. Дерекқорға енгізу үшін беруші:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берушінің сауалнамасын электрондық түрде толтырады;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойныша тауарлар туралы ақпаратты және/немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты электрондық түрде толтырады;
3) тауарлар үшін:
егер өнім сәйкестіктің міндетті бағалануына (расталуына) жататын болса, өнімнің сәйкес келуін бағалау (растау) туралы құжатты (сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация, өнімді тіркеу туралы куәлік және басқасы) қоса береді;
«Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына сәйкес шығарылған немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған тауарларға берілетін «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификатты қоса береді (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10947 тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда № 95 (28573) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
4) жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің берушілері үшін:
заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді тіркеу/қайта тіркеу фактісін куәландыратын құжат;
егер осындай жұмыс өндірісі немесе осындай қызмет/қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі болып табылады деген шартпен, берушінің дерекқорға енгізуге үміттенетін жұмыстар өндірісіне/қызмет көрсетуге лицензияны қоса береді;
мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде қоса береді;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілердің жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдалану туралы ақпаратты толтырады.
7. Дерекқор жүргізу мыналарды қамтиды:
1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер және олардың берушілері туралы мәліметтерді дерекқорға енгізу;
2) отандық берушілер ұсынған деректерге сәйкес дерекқорға енгізілген мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту), сондай-ақ, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және оларды берушілерді дерекқордан алып тастау;
3) дерекқорды порталға орналастыру.
8. Институт:
1) берушіні тіркеу туралы ақпаратты алған сәттен бастап он күнге дейінгі мерзімде олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
2) тексеру нәтижелері бойынша екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде:
ұсынылған ақпарат осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, дерекқорға берушінің тіркелгенін растайды;
ақпарат толық немесе тиісінше ұсынылмаған жағдайда, берушіге сауалнамада көрсетілген электрондық мекенжайға дерекқорға енгізу туралы дәлелді бас тарту жібереді.
9. Дерекқорға енгізілген тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардың берушілері туралы мәліметтерді өзектілендіруді/жаңартуды беруші тұрақты кейде жүргізеді.
10. Осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көзделген өзгертілген мәліметтерді беруші осындай өзгерістер түскен куннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей дерекқорға енгізеді.
11. Дерекқордан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және оларды берушілерді он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Институт мынадай жағдайларда алып тастауды жүзеге асырады:
1) берушінің қызметін тоқтатылғаны/уақытша тоқтатыла тұрғаны туралы ақпарат алынғаннан кейін;
2) берушінің өзінің бастамасы бойынша;
3) дерекқорда тіркеуге негіз болып табылған өзектілендірілген/жаңартылған құжаттар және мәліметтер, олардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылмаған жағдайда;
4) дерекқорға тіркеуге негіз болып табылған жалған мәліметтер ұсыну фактілері айқындалған жағдайда.
12. Осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген жағдайда, институт берушіге сауалнамада көрсетілген электрондық мекенжайға оны дерекқордан алып тастау туралы хабарламаны жібереді.
13. Заңды және (немесе) жеке тұлғаларға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді дерекқорға тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық кәуландырушы орталықта электрондық цифрлық қолтаңба алу керек немесе тіркеу куәліктерінің тіркеліміне енгізу қажет, заңды және (немесе) жеке тұлғаны дерекқорда тіркеу қажет.
14. Тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы бекітілген және электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ақпарат дерекқорда орналастырылады.
Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Берушінің сауалнамасы
1.
|
Заңды/жеке тұлғаның* мемлекеттік тілдегі атауы
|
|
2.
|
Заңды/жеке тұлғаның* орыс тіліндегі атауы
|
|
3.
|
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан
|
|
4.
|
БСН/ЖСН*
|
|
5.
|
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің/анықтаманың нөмірі *
|
|
6.
|
Тіркеу/қайта тіркеу күні*
|
|
Нақты мекенжайы
|
7.
|
Елді мекен*
|
|
8
|
Көше, үй, кеңсе мемлекеттік тілде*
|
|
9
|
Көше, үй, кеңсе орыс тілінде*
|
|
10
|
Телефон (облыстың кодын қоса алғанда)*
|
|
11
|
Факс (облыстың кодын қоса алғанда)*
|
|
12
|
Web-сайт
|
|
13
|
ЭҚЖЖ қызмет түрлері мемлекеттік тілде*
|
|
14
|
ЭҚЖЖ қызмет түрлері орыс тілінде*
|
|
15
|
Жобалық жылдық өдірістік қуаттылық заттай көріністе *
|
|
16
|
Персонал саны, (саны)
|
|
17
|
Қазақстандық кадрлар (саны)*
|
|
18
|
Байланысушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы*
|
|
19
|
Байланысушы тұлғаның телефоны (облыс кодын қоса)*
|
|
20
|
Берушінің және байланысушы тұлғаның электрондық мекенжайы*
|
|
21
|
Электрондық поштаға хабарлама алуға келісім*
|
|
Ескертпе:
* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушісі
Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Тауарлар туралы ақпарат
1
|
ЭҚТ ӨЖ бойынша тауар коды (6 нышан деңгейінде)*
|
|
2
|
МӨБЖ кодына сәйкес өлшем бірлігі*
|
|
3
|
Тауардың мемлекеттік тілдегі атауы және қысқаша сипаттамасы *
|
|
4
|
Тауардың орыс тіліндегі атауы және қысқаша сипаттамасы *
|
|
5
|
Тауар өндіруші лицензиясының нөмірі және қолданылу мерзімі
|
|
6
|
Тауарлардың белгіленген стандарттарға (МСТ, ҚР СТ, ҚРСТ ИСО, API,ASTM) сәйкестігі мемлекеттік тілде
|
|
7
|
Тауарлардың белгіленген стандарттарға (МСТ, ҚР СТ, ҚРСТ ИСО, API, ASTM) сәйкестігі орыс тілінде
|
|
8
|
CT-KZ сертификатының нөмірі*
|
|
9
|
CT-KZ Сертификатының берілген күні *
|
|
10
|
CT-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық қамту (%) *
|
|
11
|
Өзге сертификаттар мен қорытындылар
|
|
12
|
Өнімге сапа кепілдігі (өндіруші кепілдігі және жұмыстардың кепілдік мерзімдері)*
|
|
Ескертпе:
* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭҚТ ӨЖ – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші;
МӨБЖ – мемлекетаралық өлшем бірліктері және есепшоттар жіктеуіші;
МЕМСТ – мемлекеттік стандарт;
ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты;
ИСО – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым, ИСО (International Organization for Standardization, ISO):
API – Американдық мұнай институтының стандарты (American Petroleum Institute, API)
ASTM – ASTM International (American Society for Testing and Materials) Материалдарға, өнімдерге, жүйелерге және қызметтерге арналған стандарттарды әзірлеуші және шығарушы америкалық халықаралық ерікті ұйым.
Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Жұмыстар, қызметтер туралы ақпарат
1
|
ЭҚТ ӨЖ бойынша орындалатын (көрсетілетін) жұмыстардың (қызметтердің) коды*
|
|
2
|
Жұмыстың (қызметтің) мемлекеттік тілдегі атауы және қысқаша сипаттамасы*
|
|
3
|
Жұмыстың (қызметтің) орыс тіліндегі атауы және қысқаша сипаттамасы *
|
|
4
|
Орындалатын (көрсетілетін) жұмыстағы (қызметтегі) жергілікті қамту үлесі, %*
|
|
5
|
Лицензияның нөмірі және қолданылу мерзімі
|
|
6
|
Жұмыс (көрсетілетін қызметтер) нәтижелеріне кепілдік мерзімі
|
|
7
|
Жұмыстардың/ көрсетілетін қызметтердің сапалық және пайдалану сипаттамалары туралы қосымша ақпарат
|
|
8
|
Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат
|
|
Ескертпе:
* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭҚТ ӨЖ – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші
Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді беруші туралы ақпарат
1
|
Жұмыскерлердің жалпы саны:*
|
|
2
|
оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері:*
|
|
3
|
оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденті еместері:*
|
|
Ескертпе:
* Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар
Достарыңызбен бөлісу: |