2010 жылғы 1 сәуірдегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата22.06.2016
өлшемі58.6 Kb.
#153468


2010 жылғы 1 сәуірдегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2010 жылдың 1 сәуір айында облыс бюджетіне 34989,5 млн.теңге болжаммен 33755,0 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 23958,5 млн.теңге сомасында субвенция мен нысаналы трансферттер түсті.



Меншік кірістер 105,6%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады.

2010 жылдың 3 айында болжам орманды пайдаланғаны үшін төлем (50,2%), қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем (82,2%), азаматтарға пәтерлерді сатудан түскен түсімдер (89,6%) және жер телімдерін сатудан түскен түсімдер (79,6%) басқа, барлық кірістер көздері бойынша жоспар орындалды.

Облыстық бюджетке 2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3644,1 млн.теңге болжаммен 3675,8 млн.теңге меншік кірістері немесе 100,9%-ға орындалды.



Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 31483,6 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 27694,8 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 3788,8 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білімі беруіне 8748,1 млн.теңге немесе 97,2% жұмсалды, оның ішінде:

мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 424,4 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 6313,9 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 5878,3 млн.теңге, анайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге - 236,5 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге - 119,2 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 762,8 млн.теңге.

Ағымдағы жылдың 3 айында білім беру жүйесін ақпараттандыруға 46,1 млн.теңге жұмсалды.

2010 жылы облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 189,5 млн.теңге жұмсалды, ол 95,9%-ды құрады.

Облыстың денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға 107,8 млн.теңге жұмсалды, осының есебінен Бородулиха ауданы Бородулиха ауылындағы және Аягөз ауданы Акши ауылындағы мектеп құрылысы бойынша жұмыстар жалғастырылды. 3 бала бақшаны одан әрі салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жүргізілуде: Курчатов қаласындағы 100 орында, Аягөз қаласындағы 200 орынды, Шемониха қаласындағы 280 орынды және Зайсан қаласындағы 600 орныды интернаты бар орта мектеп құрылысы.

Мәдениет және спорт объектілерін дамыту мақсатында облыстық бюджетте Өскемен қаласындағы 800 орынды қазақ драма театрының құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеуге, Семей қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Үржар ауданы Алакөл көлінің жағалауында бюджеттік ұйымдарының демалу базасының инфрақұрылымы жалғастырылыа жатыр, Зырян ауданы Новая-Бухтарма кентіндегі спорт модулінің қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталуда. Жалпы осы іс-шараларды өткізуге қарастырылған 159,4 млн.теңгенің 99,1 млн.теңге көлемінде қаражаттар жұмсалды.

Ішкі істер органдарының объектілерін дамыту үшін өңірлерде Семей және Зырян қалаларында уақытша ұстақтау изоляторының құрылысына жобалық құжаттарды әзірлеу іс-шаралары аяқталуда. Экологиялық жағдайлар мен қоршаған ортаны қорғауды жақсарту үшін Жарма ауданында пестицидтер көму бойынша полигонын салуға және Семей қаласының ағынды суды биологиялық тазалау құрылыстары бар тазалау құрылысты қайта жаңарту және кеңейтуге жобалық құжаттарды әзірлеу аяқталуда.

Есеп беру кезеңінде Зырян ауданы Серебрянск қаласының бюджет саласының объектілеріне жылумен жабдықтауды дамытуға 68,0 млн.теңге қарастырылды, тиісті конкурстық рәсімдер өткізілді, құрылыс-монтажды жұмыстар ағымдағы жылдың сәуір айында басталады.

Облыстың автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеуге 216,7 млн.теңге, әуе және теміржол тасымалдауға - 37,5 млн.теңге жұмсалды. Демалып жатқан халыққа жақсы көліктік инфрақұрылымын құру мақсатында «Голубой залив» демалу базасына кірме автожолын қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжат әзірлену бойынша жұмытар басталды, сәуір айында дайыфндық жұмыстарын жүзеге асыру үшін аванс аударылды.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен ағымдағы жылы білім, денсаулық сақтау, спорт, сумен жабдықтау, жол, жылу энергетика жүйесі объектілерін дамыту үшін қаражаттар жұмсау жоспарлануда, одан әрі тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы, агроөнеркәсіп кешенін іске асыруға қаражат жоспарлануды. Сондай-ақ этникалық көшіп келушілерді ұтымды қоныстандыру және жайғастыру мен кіріктіруде көмек көрсету болып табылатын «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін салу қарастырылды.

Республикалық бюджеттен берілген аталған нысаналы трансферттердің жалпы көлемі 24,8 млрд.теңгені құрайды. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 3,6 млрд.теңге игерілді, жоспар бойынша 5,1 млрд.теңге. Катонқарағай, Үржар, Жарма аудандырындағы мектептері мен Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектебінің, Көкпекті және Катонқарағай аудандарындағы аудандық аурухананың, Өскемен қаласындағы Қан және сәулелі терапия орталықтарының құрылыстары жаслғастырылуда, бұл одан әрі тиісті аумақтардағы әлеуметтік саланы жақсарту және дамытуға әсерін тигізеді.

«Ауыз су» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстың төрт ауданында сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту бойынша іс-шаралар басталды, оның ішінде Аягөза, Бесқарағай, Бородулиха және Тарбағатай аудандарында, осыған есеп беру кезеңінде 51,2 млн.теңге жұмсалды.

Болашақта көлік инфрақұрылымын дамыту және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту үшін «Риддер қаласының айналма жолы» учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатр, оған 57,8 млн.теңге жұмсалды.

Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 550,2 млн.теңге пайдаланды, Өскемен және Семей қалалары қамтылды. Сонымен қатар, осы бағдарлама шеңберінде одан әрі ипотекалық кредит беру жүйесін іске асыру үшін тұрғын үйлер салынып жатыр. Сондай-ақ, халықтың ерекше қажет ететін топтарын қамтамасыз ету үшін коммуналдық тұрғын үйлер.

Агроөнеркәсіп кешенін қолдау мақсатында, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға және өнімдерінің өнімділігін арттыру, ауыз суды жеткізу бойынша қызметтерді төлеу үшін республикалық бюджеттен берілген субсидия есебінен 342,9 млн.теңге жұмсалды.

Семей қаласының жылумен жабдықтау жүйесін дамыту үшін 1 240,0 млн.теңге жұмсалды, оның есебінен 2009 жылы басталған 2 қазандыққа арналған су ысытқыш қазандығының құрылысы бойынша жұмыстар жалғастырылды.



2010 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, 36298,8 млн.теңге облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 18/237-IV шешімімен облыстық бюджетте бекітілген, оның ішінде 20553,6 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 15745,2 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 2877,5 млн.теңге тұрғын үй құрылысы мен оны сатып алуға кредиттер.

2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 6177,1 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылды, 2010 жылдың 1 сәуірінде республикалық бағдарламалар әкімшілерінен нақты 5192,1 теңге түсті, оның ішінде есеп беру кезеңінде 4481,0 млн.теңге немесе республикалық бюджеттен бөлінгеннің 83,3 %-ы игерілді.

Жалпы облыс бойынша нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша игеру 68,2%, толық пайдаланылмай қалған қаражат сомасы 699,9 млн.теңгені құрады; дамытуға арналған нысаналы трансферттер бойынша 99,6%, қалдық 11,2 млн.теңге.



Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі мен ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге –108,4 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамсыз ету және кеңейтуге 95,4 млн.теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға – 199,9 млн.теңге, денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға – 1147,5 млн.теңге,жылу энергетикалық жүйесін дамытуға – 1240,0 млн.теңге жұмсалды.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет